3 1-тарау. МӘнерлеп оқУ



бет84/126
Дата29.11.2022
өлшемі5,95 Mb.
#160312
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   126
Байланысты:
Мәнерлеп оқу КІТАП

Қардағы іздер


Сабақтың мақсаты: қағазға қылқаламмен дақ түсіре білуді үйрету. Бояумен ұқыпты жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру. Жануарлардың қимыл-қозғалысын және іздерін қарға түсіріп жаттығу.
Көрнекіліктер: ақ қағаз, қаңыр, көк түсті бояу (гуаш), қылқалам. «Қыс көрінісі» суреті, аңдардың ойыншықтары.
Сабақтың барысы: тәрбиеші серуен кезінде қардағы аңдардың, иттердің, құстардың іздерін көріп бақылағандарын және өздері де қарға із түсіріп, көргендерін еске түсіреді. Аюдың қорбаңдап жүретінін, қоянның секіріп жүретінін, құстардың жем шоқып жегенін әңгімелейді. Міне, сендерің алдарыңда ақ қағаз «Қар жамылған дала». Қане осы ақ қардың үстіне бояумен із түсіріп көрейік.
Ақ қарда ешқандай із түспеген. Әлі ешкімде, еш нәрсе де жүрмеген. Қылқаламды бояуға батырып, қағазға дақ түсіреді, із түсті. Тағы бірнешеуін көрсетеді, көп іздер пайда болды. Бұл ненің ізіне ұқсайды? Аюдың немесе адамның. Ойыншық аңдарды қағаз бетінде жүргізіп ойнату, соңынан із түсіру. Балалар жұмыстарын аяқтай бастағанда музыка әуенімен аңдардың қимыл-қозғалысын орындарынан тұрып бейнелеп көрсетеді. Қайтадан орындарына отырған соң, қылқалам ұшын қатты баспай кішкене дақ түсіре қоянның ізін салады. Балалардың жұмыс барысында ұқыпты жұмыс істеулері қадағаланады. Кейбір балаларға жеке нұсқаулар беріледі. Басшылық жасалып, жақсы жұмыстар мадақталып, сабақ қорытындыланады.


Таба нан


Сабақтың мақсаты: Ұлттық тағамдар жайында түсінік беру. Жалпақтау тәсілін меңгеру, ұқыпты жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, саусақ қимыл-қозғалыстарын жетілдіру.
Көрнекіліктер: саз балшық, тақтайша, әженің немересімен отырған суреті, нанның суреті немесе муляж. Ойыншық бұрышын ойынға ыңғайлы етіп дайындау.
Сабақтың барысы: кимешек киген ұлттық киімдегі әжесі немересімен бірге сырмақ тігіп отырған суретті көрсетіп әңгімелесу. Ұлттық бұйымдарға да назар аударту. Түр-түстерін сұрау. Әсемдігіне, әдемілігіне көңіл бөлу. Бірде әжесі немересіне таба нан пісіріп берді. Сондай дәмді нан. Таба нан қандай болады, білесіңдер ме? Балалар нандардың түрін атайды. Енді әжесінің немересіне пісіріп берген таба нанын біз жасап көрейік.
Тәрбиеші тапсырмасы бойынша кесек балшықтан үзіп алып, алақан арасына салып айналдырып домалақтайды. Оны басып жалпақтайды. Егер балалар жасау тәсілін меңгерсе бірнешеуін жасау ұсынылады. Балалар жұмыстарын аяқтай бастаған кезде, әжесі таба нанды қалай дайындады екен, соны әңгімелеп беру. Әже алдымен ұнды алып қос уыстап ыдысқа салады (тәрбиеші көрсетеді, балалар бірге жасайды). Мөлшердегі ұн болған соң оған су дайындайды. Суды созып сапырып құйғандай етіп көрсетеді, суға тұз салады, саусақтарымен шымшып, оны қасықпен араластырып тұзды ерітеді, дайын болғанда ұнға құйып илейді, илегенді екі алақанымен бейнелейді (бой сергіту сәтін аяқтайды). Осылайша дайындап болған соң таба нан пішінін келтіреді. Қане тағы бір-бір таба нан жасап көрейік, дайын болған соң қуыршақтарға сыйға тартамыз. Сабақты бекітіп, қорытындылап, ойын бұрышында «Қуыршақты тамақтандырамыз» дидактикалық ойыны жалғасады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет