5. Гүлдердің суретін салғанда:
Біз гүлдерше өсеміз (жүрелеп отырып, қолды алға ұстап, біртіндеп
баяу көтеріледі)
Жапырағы жайқалған, (екі қолымен қатарластыра ауада жапырақты
бейнелейді)
Сабақтары салалы (екі қолымен кезек-кезек түзу сызықпен гүлдің
сабақтарын жүргізу)
Желге ырғалып шайқалған (қолды жоғары көтеріп, денесімен бірге
шайқалады)
6. Алманың суретін салуда:
Алма баққа барайық (орындарынан тұрып, сол орнында жүру)
Алма жинап алайық, (екі қолымен кезектестіріп ағаш басынан
алманы үзіп алуды көрсетеді)
Ең үлкенін дәмдісін (қос қолдарымен көрсетіп, дәмді дегенде
бастарын шайқайды)
Әжемізге сыйлайық. (әр бала кімге сыйлағысы келетінін айтып,
алманы ұсынады)
ҚОСЫМША
Сабақ жоспарының үлгілері
Жаңа бағдарламада баланың айналаны сезім арқылы қабылдауы, көркемөнер туындылары жайында алғашқы қарапайым түсініктер беру және бейнелеу өнерінің мәнерлеу құралдарымен меңгеру барысында іскерлік дағдыларын қалыптастыру мақсаты қойылады. Балаларға берілетін білім деңгейі мен іскерлік дағдыларын меңгерту мақсатында арнайы ұйымдастырылатын тәрбие кезеңінде бейнелеу өнері тіл дамыту, музыка, математика, дене тәрбиесі және еңбекпен т.б. сабақтастырыла жүргізіледі. Бұл жұмыста алған дағдылары ұдайы қайталанып, жетілдіріп, күнделікті іс-әрекет барысында жүйелі жалғасын табуы қажет. Сәбилер тобында мақсатты серуендер мен саяхаттар ұйымдастыру арқылы жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін, өзгерістерін бақылай білуге үйретеді. Айналасындағы өсімдіктер, жануарлар, құстар тіршілігі жайында мағлұмат беріледі. Адамдардың өмірі, еңбек әрекеті, тұтынатын бұйымдар, тұратын мекен-жайы туралы көрсетіп әңгімелесу. Көркемөнер туындылары бойынша шағын көлемді мүсіндер, көркем суреттер, әдемі безендірілген кітапшалар, түрлі-түсті әдемі ойыншықтарды ұстап, көріп, қасиетімен таныстырылып неден жасалғаны, көлемі, пішіні, құрылысы жайлы түсінік қалыптастырылады.
Балақайлардың бірінші тобында
Достарыңызбен бөлісу: |