3 1-тарау. МӘнерлеп оқУ


Ерікті тақырыпта сурет салуда қолданылатын бой сергіту сәттеріне арналған жаттығулар



бет79/126
Дата29.11.2022
өлшемі5,95 Mb.
#160312
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   126
Байланысты:
Мәнерлеп оқу КІТАП

1. Ерікті тақырыпта сурет салуда қолданылатын бой сергіту сәттеріне арналған жаттығулар:
а) Ал балалар тұрайық (орындарынан тұрады)
Алақанды ұрайық (алақан соғады)
Оңға қарай иіліп (қолын беліне қойып иілу)
Солға қарай иіліп, (солға қарай)
Бір отырып, бір тұрып (қолды алға созып, отырып тұрады)
Біз тынығып алайық. (еңкейіп екі қолын сілкілеп, демалып тыныстау)

ә) Орнымыздан тұрайық (орындарынан тұрады)


Белімізді жазайық (қолдарын белге қойып, айналдыру)
Жоғары-төмен қарайық (бастарын көтеріп жоғары төмен қарау)
Оңға, оңға түзу тұр (оңға екі рет қисаю, түзелу)
Солға, солға түзу тұр (солға екі рет қисаю, түзелу
Бойымызға күш жинап (қолды шынтақтан бүгіп иыққа әкелу)
Біз демалып қалайық (еңкейіп терең тыныстау)


2. Заттық тақырыптарды бейнелеу сәтінде:
Қылқаламды қояйық.
Орнымыздан тұрайық.
Қолымызды созайық (алға, жанына созады)
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп
Белімізіді жазайық.
Айналаға қарайық,
Отырайық, тұрайық.
Біз тынығып алайық.
Тынығып біз болған соң
Әсем сурет салайық.


3. Мүсіндеу жұмыстары кезіндегі бой сергіту сәті:
Қане, қане тұрайық
Үлкен шеңбер құрайық.
Тұрсақ енді шеңберге,
Алақанды ұрайық.
Оң жақтағы балаға (бір-біріне екі алақан түйістіреді)
Сол жақтағы балаға.
Шапалақта, шапалақ
Шапалақта, шапалақ
Бишілерше бұралып (би қимылын көрсету)
Дөңгелене билеңдер (орындарында айналады)
Домбыраны қолға алып (алғанын бейнелеу)
Күйшілерше шертейік (домбыра шертеді)
Әсем әуен сазымен,
Өнерді біз жалғайық.

Тәрбиеші баяу үнтаспа қосады, балалар іс-әрекеттерін жалғастырады.


4. Құрастыру іс-әрекеттерімен шұғылдануда:


Көрсетейік кел шығып


Құрлысшымыз біз «шынық» (қолды иыққа қойып, қайта жазу)
Биік-биік үйлерді (қолдарымен биіктікті көрсетеді
Қалаймыз біз құлшынып (кірпіштерді қойғандай болады
Құралдарды қолға алып (жерден құралдар алғандай)
Сылап, сырлап қолданып (сырлап жатқанды бейнелеу)
Үйлер көпір мұнара
Дайын болар тез ара.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет