3 1-тарау. МӘнерлеп оқУ



бет85/126
Дата29.11.2022
өлшемі5,95 Mb.
#160312
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   126
Байланысты:
Мәнерлеп оқу КІТАП

Құстар сайрайды


Сабақтың мақсаты: кеңістікті бағдарлай отырып үзік сызықтарды салуды бекіту. Құстар үнін тыңдау арқылы қуанышты көңіл-күй туғызу, оны өз іс-әрекеттерінде бере білуге дағдыландыру.
Көрнекіліктер: бірнеше құстардың суреті, әр балаға арналған қағазда құстардың қиып жапсырылған суреті, үн таспа (құстар үні жазылған), бояу, жіңішке ұшталған таяқшалар немесе қылқалам, су.
Сабақтың барысы: тәрбиеші бірнеше құстардың суретін көрсетіп таныстырады (көкек, бұлбұл, т.б.) Үнтаспаға жазылған құстар үнін тыңдатады. «Құстардың сайрағаны сендерге ұнай ма?» Балалар өз ойларын айтуы мүмкін. Тәрбиеші міндетті түрдң баланың ойын тыңдауы керек. «Енді біз, бүгінгі сабақта құстардың сайрағанын бейнелеп көрейік. Сендердің араларыңда торғайлар сайрағысы келіп тұмсықтарын ашып тұр, бірақ дыбысы бізге естілмейді. Ол естілу үшін мынадай дыбыстарды бейнелейміз», тақтаға үзік сызықтарды балапанның тұмсығынан бастап «шиқ-шиқ», деп солдан оңға қарай тарата сызады. Балаларға өздерінің алдарындағы балапандарын сайратуды ұсынады. Бәрі тәрбиешімен бірге сызықтар жүргізеді. Балаларды кеңістікте сызықтарды дұрыс түсіре білулеріне назар аударады. Олар жұмысқа кіріскен кезде үнтаспадағы құстар үнін қосады, балалар құстардың сайрағанын естігендей сезінеді. Балалар жұмыстарын жинап алып талдау жасайды да, музыкалық дидактикалық ойын ұйымдастырады. «Ненің дауысы?» Музыкамен құстар дауысының жоғары-төмен немесе санына байланысты басқыштарға шығып түседі. Қимыл-қозғалыс жасайды. Ескерту: егер үнтаспа немесе күйтабақ болмаса ойыншық шиқылдайтын құстар және су құйып үрлегенде дыбыс шығаратын ойыншық құстарды пайдалануға болады.


Сәбилердің екінші тобында бейнелеу өнеріне баулу әдістемесі.
Сәбилердің екінші тобында алдыңғы топтағы алған бейнелеу өнерінің іскерлік-дағдылары сурет салу, жапсыру, және мүсіндеу кезіндегі тәрбие міндеттері біртіндеп күрделене түседі. Бұл жаста балалардың қабылдауы, ойлауы, есте сақтауы біршама жетіліп дами түседі.
Балалар тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруда алдымен айнала қоршаған ортадан, өмірден, болмыстан және өнер туындыларынан көргендерін, байқағандарын бейнелеу іс-әрекеті арқылы бере білуге дағдыландырады. Іс-әрекетпен айналысу барысында бейнелеудің мәнерлеу құралдарын меңгеріп қажетті құрал-жабдықтармен жұмыс істеуге үйренеді. Бұл жастағы балалардың өмірінің ерекшелігі де сабақтарды ойынмен байланыстыру болып табылады. Мұндағы басты маңызды әдіс-тәсіл үлкендермен бірлескен іс-әреке барысы. Олар түрлі-түсті суреттерді, көркемөнер шығармаларын тамашалайды, ойыншықтардың, түр-түсінің ашықтығын байқай білуге (құрылысын, пішінін) үйренеді.
Балалармен алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: көркем шығармаларды оқып беру, шағын мүсіндерді, иллюстрацияларды қарау өте маңызды. Сабақ соңын ойынға айналдыру өз іс-әрекетінің нәтижесін көруде тиімді тәсіл. Мысалы: бауырсақ домалайтын жолға жолақ қағаз беру, кімнің бауырсағы көңілді, немесе балапандарды орналастыратын көк шалғынды декорация, жасаған жұмыстарын салатын ыдыстар, тағы басқа талдау жүргізген кезде баланың көңіл-күйін көтеріп, қуантады, стетикалық әсер алады. Тапсырманы тиянақты дұрыс орындағандар мадақталады, жұмыстың мазмұнына көңіл бөлінеді. Жолдастарының сәтті шыққан жұмыстарына назар аудару қажет. Олардың ерікті тақырыпта мүсіндеулеріне мін берген жөн. Мұнда баланың қиялын дамыту, өздері меңгерген дағдыларды өз еркінше пайдалануы үшін үнемі дербес көркемөнер бұрыштарында арнайы ойластырылған жұмыстар ұйымдастырылуы керек. Бұл негізгі дағдыларды меңгерген соң өзкізіледі, егер жұмыс жасауда балаға қиындық кездесетін болса көмектесу міндеті қойылады.
Тәрбиеші көрнекіліктерді баланың қабылдауына, ұғымына қарай тиімді пайдалануы қажет. Баланың сөздік қорына бейнелеу өнері арқылы қосылатын кейбір сөздерді талдап түсіндіру талап етіледі. Ол естиярлар тобында қайталанып тиянақтыланады. Мысалы: наркөз, шаңырақ, шығыршық т.б
Балалардың білім деңгейі, іскерлік дағдылары дидактикалық ойындар арқылы тиянақталады. Олар: «Қандай түс?», «Кім тез жинайды?», «Моншақтар тіземіз», «Біздің ыдыстарымыз», «Бейнені құрастыр», «Әдемі гүлдер т.б»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет