3 1-тарау. МӘнерлеп оқУ



бет56/126
Дата29.11.2022
өлшемі5,95 Mb.
#160312
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   126
Байланысты:
Мәнерлеп оқу КІТАП

Тырналар

Айна көлдері жарқырап, туған жер көрікті. Тырналар қанаттарын жеңіл қағады. Бәйкен ынтыға қарап тұр. Екі көзі жасаурап, тебіреніп кетеді. Алдыңғы тырна сапарластарына бұрылып: «Бауырларым, кәне, туған жер үстінен бір айналып, биікке ұшалық. Адамдар бізді биіктен көріп, қуансын»- деп айтқанда, тізбектелген тырналар төбеден қалықтап ұшып, бір айнала бергенде, қарт жаңа көрінді.


- Есен-сау жеттіңдер ме, сағыныш құстары. Дариға-ай, көктем де келген-ау, - деді.
Бал мен мұз

Саматқа көшеден балмұздақ әпердім.



  • Мынаның аты қалай, аға? – деді ол.

  • Балмұздақ.

Саматтың ауылдан келгенін ұмытып, күнде жеп жүрген нәрсесіндей көріппін. Самат ойланып қалды.

  • Жей ғой, айналайын, тәтті – дедім қызықтырып. Самат татып көрді:

  • Бал мен мұз. Сонда бал мен мұзды араластырған ба, қалай? – деп сұрады Самат.

Содан бері балмұздақ көрсем, Саматтың «Бал мен мұз» деген сөзі есіме түсіп, жымиямын.
(Әбді Шынбатыров)


Жасырынбақ



Мен көзімді жұмдым. Майра келесі бөлмеге барып теледидардың қалқасына жасырынды. Байқамаған болып жанынан өтіп кеттім де:

  • Майра, қайдасың? – дедім.

  • Мінеки, - деп Майра қалқадан шыға келді. – Енді сен жасырын, -деп көзін жұмды.

Мен дәліздегі оны-пұны қоятын шағын бөлмеге жасырындым. Майра іздей бастады. Таппады.

  • Папа...- деді дауыстап. Мен жәй ғана «ау» деп қоям.

  • Папа, - дейді тағы да.

  • Ау...

Майра бірнеше рет айғайлады. Бірақ менің дауысымның қайдан шығып жатқанын ажырата алмай жүр. Мүлдем шыдамы біткен болуы керек:

  • Папа, мен сені шақырып жатырмын, - деді айқайлап.

(Жақсылық Сәтібеков)
Жауап

Қуаныш ауылдан келген атасы мен әжесіне ойыншықтарын, салған суреттерін көрсетіп мәз.


Ал, балам, енді бері кел, - деді атасы аппақ сақалын сипалап, - әңгімелесейік. Қуаныш атасының алдына отырды.

  • Кімнің баласысың? Әкең кім?

  • Атамның баласымын, әкем атам ғой.

  • Шешем-апам ғой. Ал оның аты Қуаныш атасының құлағына сыбырлады,- Еңлік. Немересінің сөзіне риза болған атасы кекілін сипап, маңдайынан сүйді.

  • Ал мына отырғандар кімдер? – деді атасы. Қуаныштың әкесі мен шешесін көрсетіп...

  • Ә, ол менің папам ғой – деді де, іле-шала: ал мынау, мамам, - деп шешесінің мойнына асыла кетті.

(Балташ Данабеков)

3. Өлең мәтініне қысқаша түсініктеме құрастырыңдар да, балалармен әңгіме жүргізуге сұрақтар даярлаңдар.




Күз

Ұшты талдан жапырақ


Сары көбелек секілді.
Аспанда жай шатырлап,
Тамшы жерде секірді.
Барын беріп халыққа,
Жұмыстан соң қалжырап,
Дала ұқсайды алқапқа.
(Нұрхан Жанаев)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет