3 1-тарау. МӘнерлеп оқУ



бет57/126
Дата29.11.2022
өлшемі5,95 Mb.
#160312
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   126
Байланысты:
Мәнерлеп оқу КІТАП

Жапырақтар

Қыстың жақын қалғанын,


Жапырақтар білгендей.
Желмен ұшып барады,
Жерге қонып үлгермей.

Жапырақтар жамырап,


Сайға барып бекінді.
Анасынан ажырап,
Қалған бала секілді.
(Тұманбай Молдағалиев)
4. Мәтінді оқып шығыңдар да, әңгіменің негізгі ойын анықтаңдар. Шығарманы дауыстап оқып беріңдер.


Бір уыс мақта

Бір кішкентай қыз әкесінің шапанын жамап отыр екен, шешесі қасында отырып ақыл айтты:



  • Балам, дүниедегі жаратылған жанды-жансыздардың ешқайсысының да керексіз болып, жерде қалатыны болмайды, - деді. Сол сөзді айтып отырғанда, қыз бала киімін жамап болып жердегі мақтаның қиқымын терезеден лақтырып далаға тастады:

  • Әже, осы қиқымның еш нәрсеге керегі бола қоймас,- деп.

Шешесі:

  • Балам, ол жерде қалмайды- деді.

Осылайша сөйлесіп, терезеден қарап отырса, манағы мақтаны жел көтеріп ұшырады, мұны бір торғай көтеріп мақтаны тұмсығымен тістеп қана алып ұшып кетеді. Қыз әжесіне:

  • Манағы мақтаның қиқымын бір торғай алып кетті, оны не қылады? – деп сұрады. Әжесі айтты:

  • Көрдің бе, балам, күн айналмай-ақ манағы айтқан сөздің келгенін. Ол кішкентай мақтаны торғай ұясына төсеп, балаларына мамық етеді,-деді.



(Ыбырай Алтынсарин)


3.8. Әңгіме айтып беру

Әңгіме айту мен шығарманы мәнерлеп оқып беру бір-бірімен тығыз байланысты. Тәрбиеші бағдарламалық материалдарды ғана әңгімелеп қоймайды, балалармен жүргізілетін сабақ үстінде, сабақтан тыс жұмыстарының бәрінде қолданатын негізгі құралы – сөзі, сөйлеуі.


Баланың оқу ынтасын арттырып, қызықтырып баурап алатыны да тәлім-тәрбие, білім беретін құралы да, баланың жан дүниесін жадыратып, басынан сипап, арқасынан қағатын құралы да сөзі. Олай болса мұғалімнің, тәрбиешінің өзінің сөйлеу мәдениеті дамыған, ойы орамды, қажетті жерінде керегіне қолдана алатындай сөздік қоры бай болуы керек.
Тәрбиешінің әңгіме айтып беруі
Тәрбиеші балалармен күнделікті араласып сабақ жүгізгенде, қыдыртқанда, экскурсияға апарғанда, ойын сағатында оларды айналадағы өмірмен таныстырады. Өздері пайдаланып жүрген заттар, табиғат құбылыстары, өсімдік пен хайуанаттар, адамдар, олардың еңбектері, Отан, мерекелер жайында балаларға арнап кітап, кино, муыка шығарып жатқан жазушылар мен суретшілер туралы әңгіме айтады.
Тәрбиешінің әңгімесі де көркем әңгімеге ұқсас болуға тиіс. Ертеден-ақ әңгіме деп ауызекі айтылатын хабарлама түрін атаған. Әңгімені бір-ақ кісі айтады да, қалғандары тыңдайды.
Әңгіме көлемі шағын әдеби шығарманың жанрына жатады. Қатысушыларының саны да аз болады. Сюжеті біртіндеп өрбиді. Әңгіме өзегі өмір оқиғасына, эпизодына құрылады. Шытырман оқиғалар болмайды. Іс-әрекет азғана мерзім ішінде өтеді, композициясы жеңіл келеді.
Балаға үш жасынан бастап ауызша айтылатын әңгіменің осындай ерекшелігі олардың қабылдауы мен түсінігіне лайық және қажетті дидактикалық әдіс болмақ.
Тәрбиеші әңгімесінің ерекшелігі
Тәрбиешінің әңгімесі балалардың жас ерекшелігіне қарай әр жастағыларға арналып құрылады. Үш-төрт жастағы балдырғандарға айтылатын әңгіме мейлінше қысқа және сәбилердің өмір тәжірибесімен ұштасуы керек. Айталық, ойыншықпен ойнау жайлы қалай әңгімелеуге болады?
Мысал
Жазғытұрым, әкесі Ернарға ойыншық кеме сатып әкелді. Ойыншық кеме ақ, мұржасы қызыл еді. Ернар қатты қуанды. Тез киінді де көшеге жүгіріп шықты. Кемесін ағып жатқан бұлаққа жүзгізіп қоя берді. Бұлақ қатты ағып жатқан еді. Ернардың кемесі де тез жүзіп кетті. Ернар бұлақты жағалай жүгіріп, қуанғаннан қолын шапалақтап, достарына: - «Қараңдаршы, қараңдаршы, ойыншығым нағыз кеме сияқты», - деп жүр.
Ойыншық кеме балаларға ұнады. Олар кезек-кезек суға жіберіп ойнады.
Бала есейген сайын оның танымы, тәжірибесі молая бастайды, соған орай тәрбиешінің әңгімесі мазмұны жағынан күрделеніп, көлемі ұлғаяды.
Бес жасқа шыққан балаға төрт түлік малдың төлі, үй хайуанаты жайлы мына сияқты әңгіме құрап айтуға болады.
«Қойдағы ағайым маған ақ лақ әкеп берді. Туғанына екі-ақ күн болған екен. Өзі кішкене, сүп-сүйкімді. Кешкісін аузына күміс қасықпен сүт құйдым. Тыпырлап ішпей, сүт төгіліп қалды. Таңертең де ішкізе алмадым. Ертеңіне аштықтан әлсіреп «мә...ә» деген даусы әрең шықты. Өліп қалады екен деп қорықтым. Содан кейін шишаға сүт құйып, аузына емізік кигізіп, лақтың аузына салдым. Бірақ резинканың иісінен бе, емізікті ембей, аузынан шығарып тастай берді.
Ақыры қарны әбден ашқан болуы керек, еме бастады. Бірте-бірте емізікке әбден үйренді. Сөйтіп лағым мезгілімен маңырап, сүт сұрайтын болды. Ол шишаны анасы деп түсінеді, емгенде тұмсығымен түртіп-түртіп жібереді де, құйыршығын шошаң-шошаң еткізеді. Тойып алған соң, «мәһә-һә» деп дауыстайды да секіріп-секіріп ойнақтай жөнеледі. Үй жағалауына шығып жүреді. Бірақ бір күні секірем деп құлап түсті. Содан бері байқап жүретін болды.
Қорадағы кішкене балалар ойнауға шыққанда, монтиып қарап тұрады. Олар шақырса, бірге қосылып жүгіреді, шыр көбелек айналып ойнайды, артқы аяғын көтереді, құйыршығын шошаңдатады, секіреді, сүзеді. Балалар да, өзі де мәз-мейрам...
Мен жұмыстан қайтқанда, алдымнан ойнақтап шығады. Артқы екі аяғына тұрып секіреді. Етегімді тістелейді, сүзіп ойнайды. Үйге кірісімен «мәһә-һә» деп дыбыстап сүт сұрайды. Сүтке тойып алады да менімен ойнағысы келеді. Артымнан қалмайды. Басынан сипасам, бетімнен иіскелейді. Басымен сүзгілеп еркелейді».
Әңгіме айту – творчестволық жұмыс. Тәрбиеші жақсы әңгімеші болу үшін оның бақылап байқағаны, көрген-білгенінен түйгені, білімі мол болу керек, сөйлеу мәдениетін игерген болуы тиіс.
Әңгімені тек айналадағы болып жатқан өмір жаңалықтарын хабарлап қою жеткіліксіз. Әңгімеші тыңдаушыларына (балдырғандарға) эмоциялық әсер етуі керек. Әңгімедегі іс-әрекетке, оқиғаға өз көзқарасын, көңіл күйіңді білдірумен тынбай тыңдаушыларыңды да бірге еліктіріп, әгімеге араластырып отыруды көздеу керек.
Әңгімеші хабарлап отырған жайтқа өз көзқарасын дәл тауып, тап басып айтқан сөзімен, сөз саптауымен, интонациясымен білдіреді.
Баланың түсінігіне сай мазмұнды және еліктіретін қызықты әңгіме құрау үшін, жалпы мәдениеттілікпен қатар тәрбиешінің ой-өрісі кең, еңбекқор, тапқырлығы да болуы шарт.
Тапқырлықтың өзіне қоятын жоғары талаптың үлгісін ұлы жазушы Л.Н.Толстойдан көруге болады. Балдырғандарға жазған қысқа әңгімелерін ол 8-10 реттен түзетіп қайта жазатын болған. Мысалы, Л.Н.Толстойдың «Мысықай» әңгімесінің мына эпизоды соншалықты әсерлі суреттелген.
Олар кенеттен біреулердің: «Қайт! Қайт! – деп қатты айқайлаған дауысын естіді. Қарап еді, шауып келе жатқан аңшыны көрді: иттері шоқиып отырған мысықайды көре сала талағалы жүгіріп келеді. Ал миғұла мысықай қашып кетудің орнына мелшиіп отырып алып, арқасын күжірейтіп, иттерге қарап қалыпты.
Катя иттен қорқып, бақырып қаша жөнелді. Ал Вася көре сала мысықайға қарай аяғы жерге тимей жүгіріп, иттермен қатарласа келіп жетті.
Иттер мысықайды таламақшы еді, бірақ Вася оның үстіне етпетімен жата қалып, иттерден қорғап қалды».
Бұл эпизод шап-шағын, бірақ картинаны суреттеуі қандай нақтылы, айқын, драматизмге толы.
Ұлы жазушы осындағы «миғұла» деген эпитетті мысықайды сөгіп қолданып отырған жоқ, басында балаларға солай көрінуі де ықтимал. Бірақ бұл сөзді ұлы жазушы кіп-кішкентай, қорғансыз бейшара мысықайға жаны ашыған үрейді білдіру үшін жұмсаған. Әңгімеде Катя мен Васяның істері салыстырылып қарама-қарсы суреттеледі. Бірақ жазушы ешқайсысын мақтамайды да, даттамайды да. Мұнда ол кейіпкерлердің іс-әрекетін тыңдаушылар өздері бағаласын деген емеурін білдіреді.
Л.Н.Толстойдың өзі қысқа әрі нұсқа тағы бір әңгімесі:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет