3 1-тарау. МӘнерлеп оқУ


Балаларға шығарма оқу ерекшелігі



бет55/126
Дата29.11.2022
өлшемі5,95 Mb.
#160312
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   126
Байланысты:
Мәнерлеп оқу КІТАП

3.7. Балаларға шығарма оқу ерекшелігі

Мектеп жасына дейінгі балалардың есту қабілеті біркелкі жетілмейді, өсе келе дамиды. Кітап оқу арқылы олардың естуін дамытып, тілін ширатуға болады. Тәрбиеші баланың сөзді ұғу қабілетін де, әңгіме кезінде белгілі бір мерзімге дейін сөзге зейін қоюын да ескеруі қажет.


Сәбилер тобындағы балдырғанда зейіндерінің біртіндеп даму шамасына лайық ертегі, әңгіме, өлең-тақпақтың мазмұнына өздігінен құлақ қоя бастайды да, қызығып тыңдайды, естігендерін жадында сақтай бастайды. 5-6 жасқа келген балдырғандар өздеріне арналған сабаққа өз еркінше көңіл қойып тыңдап, естігенінен ұққанын басқаларға не өз тобындағы құрбыларына айтып бере алатындай болады.
Тәрбиеші балаларға лайықты әңгіме, ертегі, тақпақтарды мәнерлеп оқумен ғана шектелмей, сонымен бірге балаларды шығарманы қабылдап ұғуға да даярлау қажет. Оқылған әңгіме, ертегі, өлеңдерден алған әсерін байқауы тиіс.
Балақайларға көркем туындыны үзбей оқып, егер оқу уақыты ұзақтау болса, онда белгілі бір ой аяқталған жеріне дейін келіп, үзіліс жасауға болады.
Тәрбиеші шығарманы оқи отырып, балалардың қабылдауы мен зейінін назарынан тыс қалдырмауы тиіс. Егер балалардың көңілі алаңдай бастаса, тәсілді дереу өзгертіп, сұрақ беріп, оқып отырған затты не бейнесін көрсетіп, образды нақтылап, балалардың көңілін аударуға әрекет жасаған дұрыс.
Сөйленген сөзге қосымша ажар беріп, әр түрлі сезім күйін көрсету үшін, тәрбиеші әңгіме оқығанда балалардың алдында тұрып, оқығанды естіртумен қатар бет-пішімін, мимикасын, ым-ишарасын байқату қажет. Әрине, мимика мен ым-ишара сөз мәнеріне жатпағанмен, балалардың оқылған шығармаға қызығушылығын арттырады.
Мимика – көркем сөз оқушының ой-сезімімен байланысты көрінетін бет құбылысы. Ым-ишара да қосымша мәнерлеу тәсілі болып саналады. Көркем сөз орындауышы бұны сөз сөйлеп тұрған кезінде оқиғаның мәнді жерін айқындай түсу үшін пайдаланады. Мимика мен ым-ишара ауызекі сөйлегенде әсерлі шығады. Шығарманы оқып болған соң, балалардың алған әсері жөнінде әңгіме жүргізу – сабаққа қойылатын талаптардың негізгі бір бөлігі. Өйткені әңгімені ықыласпен тыңдаған балдырғандар алған әсерлерін іштеріне сақтамайды, әдетте олар әңгіме аяқталысымен ойларын бірден айтатыны белгілі. Тәрбиеші балалардың ойын тыңдап алған соң, өз пікірін қосады, қорытындылайды, әңгіме не туралы айтылғанын балаларға нақтылап береді.
Балалардың ынтасы бір мәселелерге ауса, сол туралы не соған ұқсас бір жайтқа әңгіме оқып беруді сұрайды. Бұл тілекті балдырғандардың өздерін қоршаған тіршілік жайлы түсініктерінің қалыптаса бастауы, білуге ұмтылу әрекетінің жеделдеуі екенін аңғаруға болады. Көркем шығарманы ұға бастауының өзі-ақ баланың жаңалыққа талпынуын, суреттелген картиналарды ойша көз алдына елестететінін білдіреді.
Мәнерлеп оқу тәртібі:
1. Балаларды оқығанды тыңдауға дайындау. Бұған жататындар балаларды алдын ала психологиялық тұрғыдан дайындау, естігенін ұғатындай жағдай жасау, оларды ұйымдастыру.
2. Балаларға шығарманы оқу. Оқу кезінде көркем туындының образын нақтылай түсуге немесе жинақтай қорытындылауға иллюстрация, сурет, таблица тағы осындай көрнекі құралдар қолданылады.
3. Оқылған шығарма мазмұны бойынша пікір алысу, әңгімелесу. Бұған жататындар: балалардың өздерінің пікір айтуы, тәрбиешіге қоятын сұрақтары, оның қайтаратын жауабы, мазмұндап айтып беруі, оқылған мәтін бойынша балалардың творчестволық жұмыстары (сурет, бейне, жабыстыру, әңгіменің аяғын жалғастыру, т.б).
4. Көркем шығармада суреттелген өмір шындығының елесі жайлы балалардың түсінігін қорытындылау. Қорытындыны оқылған әңгіме, өлең бойынша тәрбиеші қойған сұрағына балалардың жауап берулері немесе тақырыпты аша түсу үшін тәрбиешінің толықтыру әңгімесі арқылы жасауға болады.
Қорыта келгенде, балаларға көркем шығарманың көркемдігін сақтай отырып, дауыс ырғағының барлық мүмкіндігін пайдалана оқып, әрі бала назарын өзіне аудара білу – үлкен өнер.
Бүгінгі таңда жұрттың бәрі білімді, саутты. Бірақ, баланы оқытуды кез келген саутты адамға жүктемейді. Сауаттылырдың сауаттысы, білімді, арнаулы білімді мамандарға тапсырады. Сондықтан әрбір тәрбиеші-педагог бала оқытуды үлкен өнер деп бағалап, өзі де өнерлі болуы керек.


Жаттығулар

1. Мына әңгімені дауыс ырғағын дұрыс қойып, балаларды басқарып оқудың үлгісін көрсетіп оқыңдар.




Балалар мен ғалым

Екі бала келе жатып, бір кітап тауып алыпты. Бірінші бала:



  • Бұл кітап менікі, неге десең, мен сенен бұрын көрдім, - дейді.

Екінші бала:

  • Жоқ, бұл кітап менікі, неге десең, мен сенен бұрын жерден көтеріп алдым, - дейді.

Екі баланың таласының үстінен шыққан ғалым оларға:

  • Сендер хат танисыңдар ма? – депті. Балалардың екеуі де шынын айтып:

  • Жоқ, хат танымаймыз, - дейді. Сонда ғалым:

  • Кітап сендерге неге керек? Бұл кітапты мен алайын. Қайсың бұрын оқу үйренсеңдер, соған беремін, - депті.

(С.Көбеев)
2. Мәнерлеп оқымас бұрын әңгіме жүргізуге алдын-ала қойылатын сұрақтарды құраңдар. Берілген мәтіндерді оқымас бұрын көрнекілік суреттерін көрсетіп қысқаша түсінік әңгіме даярлаңдар. Содан кейін балақайларға оқып беріңдер.


Аязда

Тиін онша қонақжай аң емес. Әрқайсысы жеке-жеке, ұяларында өз бетінше өмір сүреді. Бір-бірінің үйіне барып, араласу былай тұрсын, егер тиін байқамай біреуінің ұясына кіріп кетті ме, бәлеге қалғаны. Оны ұядан түйгіштеп қуып шығады.


Күннің жылы уағында тиіннің мінезі ылғи осылай. Ал суық түскен мезгілде тиіннің мінезі күрт өзгереді. Олар қысқы аязда жеке тұрып, суыққа төзе алмайтындарын сезеді. Сондықтан олар топ-топ болып, қосылып алады. Бұл кезде тиіндерден асқан тату-тәтті топты табу қиын. Суық түндерде бес-алтыдан бірігіп, бір ұяда жатады. Бір-біріне тығылысып, жатып алады да, шөп-шаламмен ұяның аузын бітеп тастайды. Сөйтіп, қыстың ұзақ аязды түндерін өткізеді. Сыртта алай-түлей болып тұрса да, қақаған сары аязда да, тиіндер былқ етпей жата береді. Міне, тиіндер қауымының ынтымақтастық қауымы осындай.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет