3 1-тарау. МӘнерлеп оқУ



бет65/126
Дата29.11.2022
өлшемі5,95 Mb.
#160312
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   126
Байланысты:
Мәнерлеп оқу КІТАП

4.5. Білім жүйелілігі

Ақыл-ой тәрбиесінің міндеттерінің бірі – білімдерді жүйелендіру.


Жүйелі болу арқасында адам білімдері неғұрлым ықпалды, қунақты келеді, адам оларды тәжірибелік немесе таным міндеттерін шешуде жедел пайдалана алады. К.Д.Ушинский: «Заттардың өз мәнінен шыққан, әрине ақылға сыйымды жүйе ғана өз білімімізді толық билеуге мүмкіндік береді. Үздік-үздік байланыссыз білімдерге толы бас ішіндегісінің бәрі ыбырсып жатқан, қожасының өзі ештеңе іздеп таба алмайтын қойма сияқты, ал жүйесі бар да білімі жоқ дүкен сияқты» - деп жазды. Игерілген білім жүйелілігі баланың ақыл-ой әрекетін ширата түседі, өйткені жүйенің өзі аналитикалық-синтетикалық ой жүгірту әрекетінің нәтижесінде қалыптасады және жаңа білімдерді неғұрлым тез де саналы түрде игеруді қамтамасыз етеді.
Мектепке дейінгі балаларда білім жүйесі түйсіну, яғни сезімдік- тәжірибе дәрежесінде, сондай-ақ неғұрлым жоғары – теориялық, ұғымдар формасы дәрежесінде қалыптасады. Мысалы, мектепке дейінгі бала жыл маусымдарына тән белгілермен танысады, мұндай мәліметтердің жиналуы түсіну дәрежесіндегі білімдер жүйесі болып табылады. Бала заттардың түсін, формасын, көлемін, қасиеті мен сапасын айырады және әрқайсысын оның өзіне тән сапасына қарай сипаттай алады. Ол заттардың қасиеттері мен сапасы туралы түсініктер жүйесін игереді.
Мектепке дейінгі балаларда қоғамдық құбылыстар мен оқиғалар туралы жалпы түсінік қалыптасады. Мысалы, еңбектің алуан түрін сан рет байқаудың нәтижесінде балада ересектер еңбегі туралы түсініктер жүйесі қалыптасады.
Мектепке дейінгі балалар кейбір білімді неғұрлым жоғары – ұғым, яғни сөзбен айтылған заттар мен болмыс құбылыстарының жалпы және мәнді белгілері жөніндегі білімдерді жоғары дәрежеде де игереді.
Мысалы, қарапайым математика негіздерін үйренгенде балалар сандардың құрылу заңдылықтарын, олардың өзара кейбір байланыстарын (сан единицалардан тұрады, ең үлкен сан бұрынғы санға единицаларды қосудан шығады, сан санап шығатын заттардың мөлшеріне, тұрған орнына және т.б. байланысты емес); табиғатпен танысқанда – табиғат құбылыстарының жеке заңдылықтарын (табиғаттағы маусымдық өзгерістердің күн жарығы мен жылуына байланыстылығын, малдың сыртқы түрінің олардың тіршілік салтына, өсімдіктің өсуінің жағдайы мен күтіміне байланысты екендігін және т.б.) біледі.
Балаларда білім жүйесі өзгермей тұрмайды. Ол оқыту процесі мен өмір тәрбиесінің жиналуына қарай үнемі тереңдеп, ұлғайып отырады. Тәрбиеші оны қалыптастыруға дәйекті қызмет етеді. Мысалы, сәбилер тобында ол балалардың назарын жыл маусымының неғұрлым жекелеген айқын белгілеріне аударады, ортаңғы топта – негізгі тән белгілерін айырып көрсетуге үйретеді, ересектер тобында – маусымдық өзгерістердің дәйектілігі, олардың қайталау заңдылығы, жанды және өлі табиғат құбылыстары арасындағы байланыстар туралы білімді қалыптастырады.
Ересектер мен мектепке дайындайтын топтардың балалары қоғамдық құбылыстардың өздері түсіне алатындары туралы, мысалы, үлкендердің еңбегі туралы білімдер жүйесін игеруі тиіс. Олар әрбір адамның еңбек ететінін, еңбек адамдар үшін, қоғам үшін жасалатынын, еңбектің ұжымдық сипатта екенін, еңбекте адамдардың бірімен-бірі байланысты екенін білуге қажет. Бұл қорытынды ойға бала еңбектің алуан түрін бақылау нәтижесінде білім жиналу негізінде жетеді. Мектепке дейінгі бала кейбір заңдылықтарды түсінуге тиіс: біз пайдаланатын заттардың бәрі адамның еңбегімен істеледі, әрбір адам пайдалы бір нәрсе жасау үшін қызмет етеді, еңбек – бұл күш жұмсау, қиыншылықтарды жеңу, қиыншылықты бір адам емес, көп адам болып бірге істегенде жеңу оңайырақ, еңбектің нәтижесі әр адамның өз міндеттеріне қалай қарайтынына байланысты: машиналар, техника еңбекті жеңілдетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет