3 1-тарау. МӘнерлеп оқУ



бет67/126
Дата29.11.2022
өлшемі5,95 Mb.
#160312
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   126
Байланысты:
Мәнерлеп оқу КІТАП

Заттарды көрсету оқытудың көп таралған тәсілдерінің бірі болып табылады: балалар қуыршақ киімдерін, ойыншық жиһаздар мен нағыз жиһаздарды, ыдыстарды, үй ішінде тұтынылатын заттарды, еңбек құралдарын, сурет салу, мүсін жасау, құрастыру жабдықтарын көреді.
Тәрбиеші заттарды бәріне жақсы көрінетіндей етіп көрсетеді, ол туралы қысқа да, айқын айтып береді. Ол сәби балаларға: «Қараңыздар, мынау кішкене қылқалам, біз онымен сурет саламыз. Ол ұзын (көрсетеді), оның ұшы қыл (көрсетеді), олар үлпілдеп тұр. Қылқаламды бояуға малып аламыз да суретті саламыз» - дейді.
Заттарды көрсеткенде балалардың назарын заттың әр түрлі жастарына, қасиеттеріне белгілі бір зат туралы шашыраңқы білімді біртұтас түсінікке біріктіру тәрбиешінің жетекшілік рөлі болып табылады.
Суреттерді, иллюстрацияларды көрсету баланың тілін дамыту, айналамен таныстыру жөніндегі жұмыстарда жиі пайдаланылады. Суреттің артықшылығы сол, балалар бақшасы жағдайында байқауға мүмкін болмайтын заттарды, құбылыстарды (мысалы, тағы аңдарды), осы суреттер арқылы көрсетуге болады. Суретте қандай да бір оқиғаға: «Жаңа келген қыз», «Қысқы серуен» және т.б. берілуі мүмкін. Сөйтіп суреттердің балаларға жаңа білім беруде олардың бұрын кездеспеген дүние құбылыстарымен таныстыруды, алған білімдерін еске түсіріп, нығайтуда үлкен мүмкіндіктері бар.
Барлық балаларға бірдей көрсету үшін сурет үлкен, ал оған бейнеленген заттар – ірі де айқын болуға тиіс.
Тәрбиеші алдымен балаларға суреттің басты мазмұнын анықтауды, онда ненің бейнеленгенін айтуды ұсынады, содан соң балалардың назарын оның егжей-тегжейлеріне, бөлшектеріне аударады. Ол суретте балаларға бұрын таныс емес жаңа немесе олардың тәжірибесінде бұрын болған нәрсе бейнеленгенін есепке алады: бірінші жағдайда, балалардың іс-тәжірибесіне сүйене отырып, педагог суреттің мазмұнын өзі түсіндіреді, екінші жағдайда, сурет мазмұнын олардың өздеріне айтады. Суреттерді көру кезінде сөздің, түсіндірудің атқаратын рөлі ерекше. Тәрбиеші балалардың назарын бағыттап, суреттегі бар нәрселерді әдейілеп айтып, керекті бір нәрселерді ерекше көруге жұмылдырады.
Үлгі көрсетубейнелеу қызметіне, құрастыруға үйрету кезінде пайдаланылатын тәсілдердің бірі. Суреттер, аппликация, құрастырмалы ұсақ-түйек заттар үлгі бола алады. Үлгі ірі көлемді, ашық, тартымды боялған, артық майда-шүйдесіз болуы тиіс.
Кейде мектепке дейінгі балалардың творчестволық жұмысқа деген ынтасын ояту үшін тәрбиеші оларға бірнеше үлгілер көрсетеді, сөйтіп, орындалу процесі, мысалы, сәндік сурет жөніндегі творчестволық тапсырмаларды орындау кезінде, алуан түрлі болуы мүмкін екенін атап өтеді.
Үлгі бойынша жұмыс істеуге үйрету кезінде оны ең алдымен қарап, балалармен бірге талдау қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет