3 1-тарау. МӘнерлеп оқУ



бет69/126
Дата29.11.2022
өлшемі5,95 Mb.
#160312
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   126
Байланысты:
Мәнерлеп оқу КІТАП

Ауызша айту әдістері. Көрнекі әдістер сөзбен тығыз байланысты, көрсету түсіндірумен сүйемелденеді. Түсіндіру арқасында балалардың қабылдауы анықталады. Мектепке дейінгі балаларды оқытуда көрсету мен түсіндіру әрқашан бірдей орын ала бермейді. Кейде көрсету көбірек орын алады, ал екінші жағдайларда түсіндіру негізгі орынға ие болады. Бұл балалардың жасына, олардың қимылды немесе жаттығуды игеру дәрежесіне байланысты. Көрсетудің орнын бірте-бірте сөзбен түсіндіру ала бастайды, тәрбиеші қимылды қалай орындау керегін айтады немесе жай естеріне салады. Ол үнемі түсіндіру тәсілдерін пайдаланып отырады, оқу басталарда тапсырманың мазмұнын түсіндіреді, көрсету барысында әрбір қимылға түсінік береді. Түсіндіру айқын, балаларға ұғымды, әсерлі болуы керек.
Балалардың есеюіне қарай олардың, құбылыстар арасындағы байланыс пен тәуелділік бейнеленетін білімді игеруіне барған сайын көп көңіл бөлінетіндігіне байланысты түсіндірудің рөлі арта береді. Бұл күрделі білім болғандықтан тәрбиеші материалды түсіндіре отырып, оған бірте-бірте әкеледі.
Әңгіме. Айналада болып жатқан құбылыстар, оқиғалар жөнінде, табиғат туралы жаңа білім мен мәліметтерді балаларға хабарлау үшін тәрбиеші өз әңгімесін пайдаланады. Бұл адамның жеке әсері туралы («Мен хайуанаттар бағына қалай бардым?», «Мен теледидардан не көрдім?», «Балалар құс фермасына экскурсияға қалай барды?»), - қоғамдық оқиғалар туралы да әңгімелер болуы мүмкін.
Әңгіме айқын логикалық құрылымды, мазмұнды, қызғылықты, көркем әсерлі болуы керек. Әңгімеде тәрбиеші әзіл-қалжың келтіріп отырса, ол тіпті жақсы. Бұл баланың ақылына ғана емес, сезіміне де әсер етеді.
Балаларды әңгіме айтуға үйретуде оларға үлгі беріледі (сурет, берілген тақырып бойынша, әңгіменің аяғын өздері ойлап айту кезінде). Тәрбиеші әңгіменің мазмұнын балаларға түсінікті әдеби тілмен беруге тиіс. Әңгіменің үлгісін даярлау тәрбиешінің мұқият ойластыруын талап етеді.
Оқу. Балалармен жұмыс жүргізуде көркем әдебиет оқу және әңгімелеп беру үлкен орын алады. Балаларды көркем әдебиетпен таныстыру, жаңа білім беру қажетті эмоциялы көңіл күй: шаттық, мақтаныш, қуаныш, шабыт туғызу үшін тәрбиеші оларға әңгіме, өлең, ертегі оқиды.
Егер балалар өлең жаттаса, педагог оны өзі жатқа білуі керек. Халық ертегілерін де оның өзіне тән ерекшеліктерін бере отырып, жатқа айтқан жақсы. Тәрбиеші көркем әдебиет оқуға шеберленуі керек. Бұл шығарманың идеялық мазмұнын терең түсінуге, кейіпкердің бейнесін жақсы сезінуге көмектеседі.
Әңгіме өткізу – ауызша айтудың негізгі әдістерінің бірі. Бұрын дайындалған сұрақтардың көмегімен тәрбиеші балалардың танымдық іс-әрекетін шыңдай түседі: білетіндерін анықтайды, жауаптарын түзеп, дәлелдейді, жаңа мәліметтер береді, жай ойлануға үйретеді. Пікір алысу балалардың жаңа білімдерді игеруі, оладың ой-өрісінің дамуы мен білімге ұмтылуы үшін жақсы жағдай туғызады.
Оқытуда балаларға сұрақтар қою кеңінен қолданылады. Олар балалар білімінің дұрыстығын тексеруге көмектеседі. Сұрақтар балаларға түсінікті болуы керек, бұл сұрақтар материалды еске түсіруді ғана емес, сонымен қатар ойлануды талап ететіндей болғаны жөн. Балалар заттар мен құбылыстарды өзара салыстыруға себеп-салдар байланыстарын айыруға тиіс. «Сен неліктен мына суретте күз бейнеленген деп ойлайсың?», «Ертегі кейіпкерлерінің сендерге қайсысы ұнады және неліктен?» Сұрақ дұрыс қойылса, балалар оған толық жауап беруге тырысады, ал кейде оны екі-үш сөйлеммен қысқаша әңгімелейді, сөйтіп айтылғандарды дәлелдегендей болады. Бір сыдырғы жауап беруді талап ететін сұрақтар ойландырмай-ақ, қажетті жауапты табуға алып барады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет