3 1-тарау. МӘнерлеп оқУ


Оқу – оқытуды ұйымдастыру формасы



бет72/126
Дата29.11.2022
өлшемі5,95 Mb.
#160312
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   126
Байланысты:
Мәнерлеп оқу КІТАП

4.7. Оқу – оқытуды ұйымдастыру формасы

Тәрбиеші балаларды оқытуды күнделікті өмірде жүзеге асырып отырады: күні бойы олардың білімін толықтырады, әр түрлі: мәдени-гигиеналық, мінез-құлық мәдениеті, сөйлеу тілі, есептеу, қимыл және т.б. іскерлік пен дағдысын қалыптастырады. Бірақ оқытудағы басты рөл оқуға беріледі.


Оқу – бұл балалар бақшасында оқытуды ұйымдастыру формасы. Ол барлық мектепке дейінгі балалар үшін міндетті олар үшін сабақтың бағдарламалық мазмұны белгіленген, күн тәртібінде оны өткізуге тұрақты уақыт бөлінген, белгілі бір ұзақтығы көрсетілген. Оқу тәрбиешінің басшылығымен өтеді, ол балаларға жаңа білім береді, білетіндерін дәлдеп, бір жүйеге салады, тәжірибелік іс-әрекеттерді ұйымдастырады,оның барысында балалар алған жаңа білімді нығайтып алуан түрлі іскерлікке, дағдыға үйретіледі. Оқу материалдары бірте-бірте күрделене береді.
Балалар бақшасындағы оқудың балаларды мектепке дайындауда үлкен маңызы бар. Оқу үстінде балалар оқу іс-әрекеті дағдыларына, жинақы, ұйымшыл болуға үйренеді. Оларда тұрақты зейін, назарын бір нәрсеге аудару, ерік-күш қабілеті өсіп жетіледі. Жүйелі оқыту үстінде таным құштарлығы қалыптасады.
Экскурсиялар, сурет салу, мүсін жасау, құрастыру жөніндегі жұмыстарды бірігіп орындау, қимыл дамыту және музыка оқуларында жалпы ойындар мен би билеуге біріктіру, көркем әдебиетті оқудан алған әсері бойынша бірлесіп қайғыру – осының бәрі тату балалар ұжымын құруға көмектеседі және сол ұжымда өмір сүріп, жұмыс істеуге қалыптастырады.
Оқу сағаттарында оқыту процесінде балалардың мектепке, білімге ынтасы тәрбиеленеді, дұрыс мінез-құлық дағдысы, жауапкершілік сезімі, орындаушылық қабілеті, төзімділігі, еңбектену әдеті қалыптасады.
Балалар бақшасында тіл дамыту, төңіректегі ортамен танысу, қарапайым математикалық түсініктерді дамыту, сурет салу мүсін жасау, құрау, құрастыру, дене шынықтыру, музыкалық сабақтар өткізіледі. Оқыту балалардың активті іс-әрекетімен, өз қимыл нәтижелеріне жетуге ұмтылуымен, ұзақ уақыт ерік назар аударуымен байланысты. Оның дене және ақыл-ой күштерін едәуір жұмылдыруын талап етеді. Осыларды ескере отырып, оқу көлемін, оқу сағатының ұзақтығын күн тәртібіндегі орнын дұрыс белгілеуге бағдарламаның әр түрлі бөлімдерінің жиілігіне, уақтылы жүргізілуіне үлкен сақтықпен қарау керек.
Оқуды күннің алғашқы жартысында өткізген дұрыс: бұл кезде балалар ақыл-ойға түскен салмақты жеңіл көтереді, күн жарығы жақсы түседі. Әрбір бөлімдегі оқу сағаты, оның ұзақтығы жас шамасына қарай бөлінген әр топтар балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, «Балалар бақшасында тәрбиелеу бағдарламасында» белгіленген.
Сәбилерді оқуға ынталандыру үшін тәрбиеші кейде қызықтыру, таңдандыру, құпиялау тәсілдерін пайдаланады. «Тыңдаңыздар, біреу есікті қағып тұр! Бұл қонаққа келген қуыршақ» - оқу сағаты осылай басталады, мұнда балалар киімдер және олардың неге пайдаланатыны туралы білетіндері пысықталып, бір жүйеге келтіріледі.
Сабақта балаларға жаңа білім, тапсырмаларды орындауға нұсқау беріледі, қиналғандарға көмек ұйымдастырылады, жұмыстың ұжымдық формалары жеке-дара түрімен ұштастырылады.
Барлық балалар жұмысты ойдағыдай орындауы үшін тәрбиеші алуан түрлі әдістер мен тәсілдерді пайдаланады. Мектепке дейінгі балалардың түсініп, есте сақтауға тиісті нәрселерді сөзбен түсіндірген жөн. Сондықтан балаларға белгілі бір қағидаларды (мысалы, санап үйренуде, құрастыруда, сурет салуда олардың не істейтінін, қандай ізділікпен қай материалды пайдаланатынын) айтып өтуіне мүмкіндік беру керек.
Сабақтың барысында педагог жұмысқа балалардың бәрі белсене қатысуын, тапсырманы жеткілікті тез қарқынмен орындай отырып, аяқтап үлгеруін қадағалап отырады. Егер тапсырма жұмысты әр баланың жеке орындауымен (сурет салу, мүсін жасау, құрастыру) байланысты бұлардың қарқыны әр түрлі болса, сабақ аяқталуға бірнеше минут қалғанда тәрбиеші жұмысты бітіру керек екендігі жөнінде ескертеді.
Сабақты аяқтай келіп, тәрбиеші қорытынды жасайды: балалармен бірге отырып, орындалған жұмысты талдайды, балалардың оқуға қатысуына баға береді, кейде бағдарламаның осы бөлімі бойынша келесі жолы олардың немен шұғылданатынын айтады. Балалардың оқу іс-әрекетін игеруі көбінесе олардың білімі мен іскерліктерін дұрыс бағалауға байланысты.
Балалардың жұмыс нәтижесін оларға қойылған дидактикалық міндеттермен салыстырып бағалаудың тәрбиелік маңызы бар. Жай мақтау емес, балалардың алдында «дұрыс» немесе «дұрыс емес» деп берілген баға неғұрлым құнды, өйткені ол баланың орындаған жұмысына талдау жасалған соң айтылады. Баға неғұрлым егжей-тегжейлі берілсе, ол балаға соғұрлым көбірек көмектеседі, баланың назарын жұмыстың сапасына аударады: әңгіме толық болды ма, жоқ па, қайталап айтқанда қай жері қалып қойды, қай сөйлемдер дұрыс құрылмады, баланың сөйлеген сөзінің қай сәттері мәнерлі шықпады. Немесе, мысалы, балалардың суреттеріне баға берген кезде тәрбиеші сурет қағаз дұрыс орналасқан ба, оның мөлшері берілген мөлшерге сәйкес келе ме, берілген нұсқаулар ескерілді ме, қажетті бөлшектердің бәрі бейнеленді ме, бейнелеу кезінде прапорциялар сақталды ма, бояу түстері дұрыс таңдап алынған ба және т.б. атап көрсетеді. Мұндай баға педагогтың балаларға келесі жолы «Өткенде сенің суретті кішкентай етіп салғаның есіңде ме, бүгін үлкен, қағаздың бетін түгел алатындай етіп салуға тырыс», - деп ескертуіне негіз болады.
Оқу сағатының барысында тәрбиеші жұмыстың кейбір сәттеріне баға беруіне болады, осының негізінде қорытынды баға беріледі. Баланың жұмыстарын жүйелі бағалап отыру мектепке дейінгі балаларды педагогтың ескертулерін дұрыс түсінуге, сондай-ақ өзінің және жолдастарының жіберген қателіктерін байқай білуге тәрбиелейді, яғни ақыл-ойдың сыншылдығы қалыптасады.
Тәрбиелік жағынан алғанда оқу үстінде тәртіп талаптарын орындаудың әдетке айналуының үлкен маңызы бар. Оқу үстінде мінез-құлық әдетінің қалыптасуы ықпал жасаудың өз мәні жағынан әр түрлі екі формасы болады. Бірде тәрбиелік ықпал тек беделге, талапқа сүйенеді, екіншісі белгілі бір қажеттердің дамуына байланысты (есту және істеу үшін тыңдау керек, ал істеу қызықты). Сырт белгілері жағынан мінез-құлықтың айырмасы жоқ, бірақ ішкі мотиві жағынан олардың айырмасы үлкен. Бірінші жағдайда, бұл әдетке айналған тәртіпке бағынудың нәтижесі, екінші жағдайда бұл оқытудың әсері нәтижесінде пайда болған оқу іс-әрекеті дамуының белгілері.
Оқу үстінде мінез-құлық ережелері орындалуы әдетке айналуының баланы мектепке даярлауда үлкен маңызы бар және мектепте оқытуға эмоционалды-этикалық және ерік жағынан дайын болудың құрамдас бөлігі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет