3 1-тарау. МӘнерлеп оқУ


Балалар бақшасы мен мектеп байланысының формалары



бет74/126
Дата29.11.2022
өлшемі5,95 Mb.
#160312
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   126
Байланысты:
Мәнерлеп оқу КІТАП

5.2. Балалар бақшасы мен мектеп байланысының формалары.

Мектепке дейінгі мекемелердің тәжірибесінде балалар бақшасы мен мектеп байланысының белгілі тәжірибесі қалыптасқан. Бұл байланысты орнатудың екі жолын бөліп көрсетеді: балалар бақшасы мен мектептің педагогтар ұжымдарының тығыз байланысы және мектеп жасына дейінгі балалар мен бірінші сынып оқушыларының тікелей жақындасуы.


Тәрбиешілер мектептің бастауыш сыныптарындағы оқу-тәрбие жұмысының мазмұнымен және өзіндік ерекшелігімен танысады, сөйтіп балалардың даму перспективасын анықтайды және оның мектеп талап ететін дәрежеде болуын қамтамасыз етеді. Өз тарапынан, мұғалімдер де балалалардың метепке дейін алған білімі және тәжірибесіне сүйену үшін балалар бақшасындағы жүзеге асырылған тәрбиелеу, жалпыға білім беру жұмысының мазмұны туралы мағлұмат алады.
Бұл педагогтар ұжымдарының арасындағы байланыс формалары алуан түрлі:
Бірінші сынып бағдарламасы мен «Балалар бақшасындағы тәрбие бағдарламасын» бірлесіп талқылау және зерттеп үйрену, олардың сабақтастығын терең түсіну;
Мұғалімдерді мектепке дайындайтын топтағы жұмыс формаларымен, сондай-ақ балалардың мектепке дейінгі ересек шақтың аяғына қарай алған білімінің, іскерлігінің дәрежесімен таныстыру; осы мақсатпен бастауыш сыныптар педагогтарының балалар бақшасындағы сабақтарға жылдың басында, ортасында және аяғында қатысқаны, мектеп жасына дейінгі балаларды қадағалап отырғаны, олардың ішіндегі жекелеген балалармен әңгімелескені, мектепке дайындайтын топтардағы жұмыстың қорытындылары бойынша балалар бақшасында өткізілетін педагогикалық кеңестерге қатысқаны жөн;
өз шәкірттерінің жаңа ұжымда өзін қалай көрсеткенін, бірінші сыныптың бағдарламасын қалай меңгергенін, қандай қиыншылықтарға кездескенін білу үшін мектептегі оқытудың алғашқы айларында тәрбиешінің өз шәкірттерін қадағалауы; бірінші сынып оқушыларының үлгерім қорытындысы бойынша өткізілетін педагогикалық кеңеске қатысуы;
метепке дейінгі балалардың метепке жан-жақты дайындалу проблемалары бойынша конференциялар мен педагогикалық оқулар өткізу; педагогикалық және психологиялық әдебиет жаңалықтарын бірлесіп талқылау, мектепке дейінгі мекекмелер мен мектептердің балаларды мектепке оқытуға бірлесіп дайындау жөніндегі жұмысының озат тәжірибесімен танысу.
Балалар бақшалары мен мектептердің осындай байланыстары нәтижесінде олар өзара түсінісетін болады. Тәрбиешілер мектептің талаптарын, балаларды оқуға дайындау міндеттерін сезінеді де табысты орындайды. Ал мұғалімдер, өз тарапынан балалар бақшасының міндеттеріне, оның жұмысының мазмұны мен әдістеріне тереңірек үңілетін болады, мұның өзі олардың тәрбиелік ықпал ету әдістерін сабақтастыруға мүмкіндік береді.
Мектепке дайындайтын топтағы балалар мен мектеп оқушыларының арасындағы байланыс оқу жылы бойына үзілмейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет