3 1-тарау. МӘнерлеп оқУ


Қоршаған ортамен таныстыру және сөздердің қалыптасуы



бет78/126
Дата29.11.2022
өлшемі5,95 Mb.
#160312
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   126
Байланысты:
Мәнерлеп оқу КІТАП

5.4. Қоршаған ортамен таныстыру және сөздердің қалыптасуы

Балалардың өз бетімен алған білімдері көбіне бей-берекет, жүйесіз, кездейсоқ болып келеді. Көптеген балалар білімнің едәуір қорына ие бола отырып, тіпті 6-7 жастың өзінде жиынтық ұғымдарды меңгере алмайды, аса қарапайым құбылыстардың арасындағы байланыс пен тәуелділікті өз бетімен анықтай алмайды. Түрлі жастағы балаларға арналған білім көлемін, олардың сипатын және бір топтан екінші топқа қарай күрделіленуін анықтау, яғни балаларды айналадағылармен таныстыру жөніндегі бағдарламаны жасау педагогикалық зерттеулердің аса маңызды міндеті болып табылады.


Балалар игеретін білімдердің мазмұнының өзі тәрбиелік сипатта болуға тиіс. Балалар бақшасы бағдарламасы мектеп жасына дейінгі балаларда табиғатқа деген сүйіспеншілікті, өсімдіктерге, жәндіктерге қамқорлық қатынасы тәрбиелейтін табиғат туралы білімдердің қалыптасуын, еңбектің қандай түрлерін болса да қадыр тұтып, сол еңбек нәтижелеріне қамқорлық көзқарас туғызуға тәрбиелейтін ересек адамның еңбегі туралы білімді беруді көздейді.
Бағдарламада көрсетілген білімдер мектепке дейінгі балалардың бәріне түсінікті. Бұл білімдер бір топтан екінші топқа өткен сайын күрделеніп, егжей-тегжейленіп, жалпылана түседі. Мысалы, балалар бақшасының барлық топтарында балалар жол көлігімен танысады, бірақ сәбилер тобында олар қалалық жол көлігінің негізгі түрлерін айырып, олардың қандай жұмысқа пайдаланатынын білуге тиісті болса, мектепке дайындайтын топта жол көлігінің қаладағы түрлерін де, алыс жолға жүретіндерін де, онда істейтін адамдардың еңбек ерекшеліктері мен қоғамдық көлікті пайдалану тәртібін білуге, әр түрлі көлік құралдарын өзара салыстыра білуге тиіс.
Білім нақты болуы қажет. Балаларда Отанымыз туралы ұғымды қалыптастыру үшін тәрбиеші оларға еліміздің әр түрлі халықтары, олардың әдет-ғұрыптары, шұғылданатын еңбек түрлері, олар тұрып жатқан табиғат жағдайлары туралы кітаптар оқып, әңгімелер өткізеді.
Балалар игеруге тиісті білімдердің екі категориясын айырып көрсетуге болады: қарапайым білімдер (бұларды игеру үшін тәжірибеде арнайы оқытудың керегі жоқ, тек ересектердің балалармен өткізетін жай қарым-қатынасы, ойындар, бақылаулар жетіп жатыр және неғұрлым күрделі білімдер, бұларды оқыту процесінде ғана игеруге болады, «балалар бақшасында тәрбиелеу бағдарламасында», «Айналадағыны бағдарлауды ұлғайту және тіл дамыту» (күнделікті өмірде) және «Айналадағылармен таныстыру және тіл дамыту» (оқыту процесінде) деген бөлімдер бар).
Балалардың білім қорын дәйекті түрде ұлғайту, оларды ретке келтіру, нақтылау, жүйелеу оқытушының міндеті болып табылады. Бала төңірегіндегі заттар, олардың қолданылуы, кейбір сапасы (түрі, көлемі, формасы) және қасиеттері (соғылу, сыну, үзілу, төгілу және т.б.) жайлы, оның қандай материалдан жасалғаны туралы айқын түсінік алуы керек. Сондай-ақ ол кейбір табиғат құбылыстары, олардың өзара байланыстары мен заңдылықтары (жыл мезгіліне тән белгілері және осы белгілердің өзара байланысы кейбір хайуанаттардың өздеріне тән ерекшеліктері және олардың осы хайуанаттардың өмір салтымен байланыстылығы) жайлы білім алады.
Мектепке дейінгі балаларды олар түсіне алатын қоғамдық құбылыстармен және оқиғалармен, адамдардың еңбегімен, жалпы халықтық мерекелермен, Қазақстан Республикасының астанасы – Астанамен, біздің елімізде өмір сүретін көпұлтты халықтардың салт-дәстүрлерімен таныстырылады.
Балақайларға айналамен таныстыру сабағы өткізіледі. Сонымен қатар айналаны бағдарлауды күшейту және сөздерді қалыптастыру үшін құрамды бөлік сияқты сөйлеу тілін дамыту үшін комбинацияланған (біріктірілген) сабақ та өткізіледі.
Айналамен танысу процесінде сөзді дамыту – бұл балаға көрсетілген зат туралы, олардың сапасын сипаттап меңгерту, сонымен қатар қоғамдық өмірде және табиғатта пайда болуын түсіндіру. Сол арқылы баланың сөздік қорын көбейтіп, ойлау қабілетін арттыруға көп көмегін тигізеді.
Баланың айнала қоршаған ортадан алған әсерлерін қабылдауы, оның жақсы қасиеттірі мен заттың жалпы бейнесі туралы түсініктері негізінде қиялдау қабілеті, мінез-құлық ерекшеліктері, бояулардың, сызықтардың әсерлілігін игеруі, сурет салуы, мүсіндеуде, жапсыру мен құрастыруда ойлағандарын нақтылы түрде бейнелеуге бейімдейді. Балалар бақшасында балақайларға өзінің айналасында тұрған заттармен таныстыру олардың сөздік қорының дамуына көп әсерін тигізеді. Сонымен қатар заттардың заттардың бөліктерін және маңызды құрамын ажыратуға үйретеді (көйлекте – жаға, жең, түймелер), сырты ұқсас бұймдар (ас қасығы мен шай қасығы, тальто мен тон) т.б. «Бала бақшада оқыту мен тәрбиелеу бағдарламасында» қойылған міндеттерге сәйкес, балалардың көкөніс туралы ұғымын кеңейтіп жетілдіреді (сыртқы пішімі мен дәмі, көкөністің бірін пісірмей жеуге болатынын, ал енді біреулерін пісіріп жеу керектігін түсіндіреді), қозғалатын заттар туралы (кез келген автокөліктің кабинасы, дөңгелек рөл бар екенін, жеңіл автокөліктер мен автобустар – жүк тасу үшін керек екенін айтып түсіндіреді.
Өзін қоршаған ортамен таныстыру, балақайлардың тіл байлығын арттырып, сөздік қорының көбеюіне көп көмегін тигізеді. Сонымен қатар, алты түсті атау (негізгі жасыл, қызыл, қара, ақ, сары, көк). Заттарды бірге көріп талқылау, заттардың өлшемдерін меңгертеді (үлкен-орташа-кішкентай), формасын (дөңгелек, шар секілді), жоғарғы жағы (тегіс, жайпақ), температурасы (салқын, жылы, ыстық).
Айналадағылар туралы балалар көптеген сұрақтар береді. Сұрақтар – балалардың білуге құштарлығының көрсеткіші, олар айналадағыларға деген белсенді танымдық қатынасты білдіреді. Сұрақ қоя білу баланың қандай да бір құбылысты байқауға, қандай да бір құбылыстардың екінші құбылыстармен байланысын анықтауға қабілетті екенін көрсетеді.
Көп білетін балалар сұрақты көбірек қояды. Бұл түсінікті де, өйткені білетіндері мен білмейтіндері қақтығысып қалған кезде сұрақ көбірек туады. Ересек балалардың сұрақтары олардың ынтасының белгілі бір бағыт алғанын, білімге деген құштарлығының қалыптасуын, жаңа бір нәрсені білуге ұмтылушылығын көрсетеді.
Баланың жасына қарай оның қоятын сұрағының сипаты да өзгереді. Баланың екі жас шамасына келгенде алғашқы қоятын сұрақтары бағдарлау сипатында және қоршаған заттар жөнінде болады. Бала заттардың атын және оның неге керек екендігін білуді құмартады: «Мынау не? Бұл кім? Неге?». Көбінесе алғашқы сұрақтардың анық танымдық бағыты болмайды.
Таным сұрақтары жинақталған білім негізінде туындайды. 4-5 жасқа келіп, түсінік қоры көбейгенде ол өзі тікелей қабылдап тұрғанымен байланысы жоқ сұрақтар қояды. Балаларда құбылыстар арасындағы себеп-салдар байланыстарына қызығу пайда болады. Олар «неге?» деген сұрақты жиі береді.
Бала сұрақтары алуан түрлі: айналадағы заттар, олардың неге керектігі және сапасы туралы, табиғат туралы, техника туралы, дүние және адамның пайда болуы туралы, адамдар және олардың қылықтары туралы, қоғамдық құбылычтар мен оқиғалар туралы болып келеді. Олар жауап беруді талап етеді. Баланың сұрақтарына жауап беру керек, бірақ жауапты тек даяр күйінде беруге болмайды, өйткені ол өз бетімен ойлауға дамытпайды. Егер бала біраз ойланып, үлкендердің немесе құрдастарының көмегімен өзі жауап таба алатын болса, даяр жауап беруге асықпаған жөн.
Баланың сұрақтарына немкетті қарауға, сол сияқты оларға күлуге болмайды. Олардың баланың ақыл-ойын дамытуда маңызы үлкен: олар баланың ой-өрісін кеңейтеді, ойлауын дамытады, білім алуға деген тұрақты құштарлықты қалыптастырады.
Берілген уақытта шаршағандық сезілсе, бой сергіту сәтін өткізу тиімді. Бірақ, өткізілетін сергіту сәті іс-әрекеттен, мазмұннан, сабақ тақырыбынан алшақ болмау керек. Керісінше, айналысып отырған істі бекітетін, тиянақтайтын, қайталап еске түсіретін, қимыл-қозғалыс жасау арқылы денесін, қол, аяқ, саусақ бұлшық еттерін икемге келтіру барысында баланың бастапқа ойы бұзылмай, бастаған жұмысын аяғына дейін аяқтап шығуға көмегін тигізетіндей жағдайда өткізілгені жөн. Сабақ тақырыптарына сәйкес жүргізілетін бірнеше бой сергіту сәттерінің мәтінін ұсынамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет