3 1-тарау. МӘнерлеп оқУ



бет13/126
Дата29.11.2022
өлшемі5,95 Mb.
#160312
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   126
Байланысты:
Мәнерлеп оқу КІТАП
4В Музыка 22.11.22, Қазақ халық музыкасының тарихы
Балалардан кішімін...

Жаздың жайнаған бір әдемі күнінде Жамбыл ата бақтың көлеңкесінде дем алып отыр еді, жанына әдеби хатшысы, ақын Тайыр Жароков келді.



  • Жәке, бір жерде отыра бергеніңіз болмайды. Беліңіз талады, тізеңізге сарысу жиналады. Аяңдап ары-бері жүрелік! – деді Тайыр еңкейіп, Жамбыл атаның құлағына естірте дауыстап.

  • Ұқтым, Тайыр балам, онда қолтығымнан демеп жібер! – деп ақын ата таяғына сүйеніп, талпына берді. Тайыр аға қарияның қолтығынан сүйемелдеп, орнынан тұрғызды.

Екеуі бақты аралап, аяңдап келеді.

  • Жәке, кешегі бір сөзіңіздің мәнін ашпадыңыз ғой! – деді Тайыр аға.

  • Тайыр балам, кәрі кісі ұмытшақ келеді. Ол қай сөз еді?

  • Кеше сіз сөз арасында: «Мен өзімнің өкшемді басып, тете өскен қарттардың бәрінен үлкенмін. Ал жас балалардың барлығынан кішімін» - дедіңіз. Сол сөзді түсіндірсеңіз.

Жамбыл ата Тайырдың бетіне қадала қарап, жымиып қойды.

  • Әй, тілегіңе жеткір, Тайыр балам-ай! Сенің көзің ашық, көкірегің сара-ау! Айтайын! – деп, Жамбыл ата Тайыр ағаның жауырынынан қақты.

Екеуі бір алма ағашының көлеңкесіне келіп отырды.

  • Мен өзімнің өкшемді басып, тете өскен қарттардың бәрінен үлкенмін деп, тек жасымның үлкендігін айтып отырғам жоқ. Өмірдің мен шыққан биігіне әлгі қарттардың көтерілуі қиын-ақ. Мен бақытты адаммын! Осыдан жиырма жыл бұрын, яғни Ұлы Октябрь дүниені дүр сілкінткенде, мен жетпіс бір жаста едім. Кешегі заманды көрдім. Зар жылаған халықтың көз жасы көлдей еді. Соқыр тұмандай тұмшалаған сол заманның түнегін Ұлы Октябрь, ұлы Ленин шұғыласы сыпырып тастады. Менің қолым да бақытқа жетті. Тоқсан жасқа келгенде, менің жырым жер жүзіне жайылды. Еңбегімді елім бағалады. Тоқсан жасқа келгенде, мұндай бақытқа бөлену қартайған адамдардың қолына түсе бермейді деп ойлаймын. Қарттардың бәрінен үлкенмін дегенім осы еді, - деді Жамбыл ата.

  • Жас балалардың бәрінен кішімін дегеніңіз қалай?

  • Оны да айтайын, сәл сабыр ет. Бақты біраз аралайық. Жамбыл ата мен Тайыр аға бақты аралап ұзап барады. Қатар тізілген биік теректің көлеңкесінде төрт-бес жасар бірнеше бала ойнап отыр екен. Жамбыл ата балаларды таяғымен нұсқап:

  • Міне, мыналар – жайнаған бақшаның гүлдері. Бұларды менен үлкен дегенім былай, Тайыр балам: осы бүлдіршіндердің ішінен ертеңгі күні Мұхтар інім сияқты білімпаз, дарынды жазушы, Күләш қызым сықылды өнері жұрттан асқан әнші шықпасына кім кепіл. Олар менен де көп білетін, көп көретін болады. Әлгі сөздің мәні осылай еді, шырағым! – деп,Жамбыл ата алаңсыз ойнап отырған бөбектерге күле қарап қалған еді.



(М.Етекбаев




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет