3 1-тарау. МӘнерлеп оқУ



бет4/126
Дата29.11.2022
өлшемі5,95 Mb.
#160312
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   126
Байланысты:
Мәнерлеп оқу КІТАП
4В Музыка 22.11.22, Қазақ халық музыкасының тарихы

1-тарау

М әнерлеп оқу


1.1. Мектепке дейінгі бала тәрбиесіндегі көркем сөздің рөлі

Мектепке дейінгі жастан бастап баланың болашақ тұлға, өз елінің азаматы ретінде негізі қаланады.


Балдырғандар көркем әдебиетпен үлкендердің ауызекі әңгімелеп беруі, оқуы арқылы танысады.
Қызықты әңгіме, ертегі, өлең, тақпақтарды мақамдап айту – халық творчествосын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізудің дәстүрлі тәсілі. Ауыз әдебиетінің шығармаларын ертедегі әйгілі жыраулар, ертегішілер өздері жатқа айтып қана қоймай, жас жеткіншектерге де үйретіп, оларды баулыған. Сөйтіп халық педагогикасы болашақ ұландар тәрбиесін «баланы жастан» деген қағидамен, «өнер алды - қызыл тіл» деп жеткіншектердің сыр сандығына сала берген. Бұған айғақ нәрестенің жерге шыр етіп түскен шағынан құлағына сіңірген өмір әліппесі – бесік жырынан бастап, кәмелеттік жасқа жеткенше, ана тілінің сазын көкейіне құйған, тілін ширатқан, ақыл, өнеге үйретіп, бағыттама сілтеген ауыз әдебиетінің үлгілері.
Балаларға арналған халық өлеңдерінде дүниеге жаңа келген жас нәрестенің болашағын ойлап, қолдан келер мүмкіншіліктерін соның жолына бағыштауға тырысады. «Бесік жыры» деген өлеңде:

Әлди-әлди, ақ бөпем,


Ақ бесікке жат, бөпем,
Қонақ келсе, қой бөпем.
Қой тоқтысын сой, бөпем,
Құйрығына той бөпем! -

деп жырлайды. Мұнда балаға деген жүректі жарып шыққан шынайы ыстық ықылас, оның болашақта азамат болып шықсын деген игі тілек паш етіледі.


Халық тәлімі жас ұланға баланың бүлдіршін кезінен-ақ көпшіл, ынтымақшыл, мейірімді, ізетті болуына, көңіл бөлген, өнеге көрсеткен. Баладан адамгершілігі мол, ел азаматы болуын тілеген. Қара жүрек қатал болмауын ата-ана балаға жасынан зердесіне құйып, ұқтыруға тырысып баққан. Баланы әлпештеп өсіру, ақ бесікке салып, аялы алақанмен бағып-қағу, мәпелеп ер жеткізу – мәңгі қамқоршысы болу ата-ананың қасиетті борышы деп білген. Бала ата-ананың бауыр еті, жүрегі деп бағалаған. Нәресетенің дүниеге келуін үлкен қуаныш көрген, оның келешегінен үлкен үміт күткен ата-ана:

Бармақтары майысып,


Түрлі ою ойысып,
Ұста болар ма екенсің?!-

деп игі тілектер тілейді, өнеге, еңбекке баулиды. Баласы өнерімен, талабымен елдің алды болсын деп армандайды.


Таңдайларың тақылдап,


Сөйлегенде сөз бермей,
Шешен болар ма екенсің? –

деп, бесіктегі бөбектің сегіз қырлы, бір сырлы, жұртты аузына қаратқан шешен болып өсуін көксейді. Бірақ халық баланы өз бейім-қабілетіне қарай икемдеп тәрбиелеу керек екенін де назардан тыс қалдырмайды.


Бесік жыры ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа ұласумен қатар бала жұбату, тәрбиелеуде заман талабына сай мазмұны толықтырылып, жаңғырып та отырады. Оған жаңа мазмұнды шумақтар да қосылады.
Айналайын, балдырған,
Қылығың мейір қандырған.
Күйші болар ма екенсің?
Өнердің отын жандырған.
Сырын тыңда даланың,
Жырын жатта ағаның,
Күйіңмен тербеп балбырат,
Туған жердің алабын, -

сияқты жолдар талапқа сай жаңарған, түрленген.


Қорыта айтқанда, бесік жыры мәңгі өмір сүрмекші, дами бермекші. Бесік жыры балалар фольклорындағы халық ауыз әдебиетінің алтын дәні, жыр, өлеңнің бірінші бастамасы бола тұрып, сәби құлағына ең тұңғыш рет ана сүтімен енген ана тілінің әуезді үні, әндетіп айтылатын жырының алғашқы әуені, сазы.
Халық «Баланы - бастан» деген даналық қағиданы негізге ала отырып, естияр болғанша, яғни бес жасқа келгенше, дұрыс тәлім-тәрбие, өнегеге үйретуге зор мән берген. Сәбиге деген арнауларын, ой, тәжірибелерін, көбінесе ән-жырға қосып айтқан. Осыдан барып ана тілінің сан түрлі әуезіне құлақ түргізіп, эстетикалық сезімін дамытқан.
Аяғы жаңа шығып келе жатқан нәрестені өз бетімен жүруге жаттықтыруда тақпақты өлеңге қосып әндетіп айтып, еліктіріп, аяғын апыл-тапыл басқанына нәрестені де мәз етіп, өзі де қуаныш сезіміне бөленген. Ол «Тұсау кесу жыры» деп аталады:

Қаз-қаз, балам, қаз балам,


Қадам бассаң мәз болам.
Күрмеуіңді шешейік,
Тұсауыңды кесейік.

Бұл сәбиге айтылған аналық тілеу құлаққа жылы тиетін нәзік үн, әсем сазбен айтылады.


Қаз-қаз балам, қаз балам,


Тақымыңды жаз, балам.
Қадамыңа қарайық,
Басқаныңды санайық.

Сәби есейген сайын оған қойылатын тілек, талаптар да күрделене бастайды. Баланы біртіндеп өзін қоршаған ортамен, еңбекпен таныстырып, оны көрсете жүріп неге зер салу керектігін аңғартады. Өмір сабағын үйрете жүріп, оларға қатаң талаптар да қойылады. Бірақ мұның бәрі баланы ойната, бойын сергіте, көңілдендіре жүріп құлақтарына құйылады. Сөйтіп, өнегелі, сөз көкейіне ұялайды, оның келешегіне рухани азық болады.




Тәй-тәй

Тәй-тәй балам, тәй балам,


Жүре қойшы жәй балам.
Қарыс сүйем қаз бастың,
Қадамыңнан айналдым.

Өс-өс балам, өсе бер,


Батыр бол – балуан білекті,
Батыл бол – таймас жүректі
Аяғыңды созайық,
Саусағыңды созайық.
Етті болсын балтырың,
Епті боп өс, жарқыным.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет