3 7 I тарау. Қазақ терминологиясы және оның зерттелуі мен дамуы



бет2/5
Дата15.09.2017
өлшемі1,18 Mb.
#32759
1   2   3   4   5

Екінші кезең – 30 - 40 жылдар арасы. Бұл кезеңде – интернационалдық терминдер мен орыс атауларын тілімізге түпнұсқадағы пішінін бұзбай, сол қалпында қабылдау болатын. Алфавитімізге тіл табиғатына тән емес дыбыстар енгізілді, бөтен префикс пен жалғаулар енді. Емле ережелері осы бағытта құрастырылды.

Үшінші кезең – 40 - 50 жылдар аралығы. Негізінен термиологиялық лексикамызды интернационалдыру, орыстандыру бағыты жүріп жатты.

Төртінші кезең – 50 - 70 жылдар аралығы. Бұл қазақ зиялыларының соғыстан кейінгі жылдары еңсе көтеріп рухани дүниемізді зерделей бастаған дәуірі. Тіл байлығымыздың қадіріне жете бастаған сәт есебінде бағаланды.

Бесінші кезең – 70 - 90 жылдардың екінші жартысы. Бұл жылдардағы қоғамдық өзгерістерге байланысты бұл кезеңді үш бөлікке бөліп қараймыз.

  • Бірінші – тоқырау жылдары атанып, тарихқа енген Брежнев заманы.

  • Екіншісі – қайта құру.

  • Үшіншісі – Кеңес одағының құлап, Тәуелсіз мемлекеттер достастығының пайда болған заманға сәйкес туындаған тіл қозғалысы.

Бұл құбылыстың әрқайсысының тілде қалдырған өзіндік ізі бар. Әсіресе, мемлекеттік тілімізге, оның ішінде қазақ терминологиясының қалыптасуы мен дамуына жасаған ықпалы ұшан-теңіз деп айтамыз"./13.64-66/

Академик Ә.Қайдаровтың "Қазақ термиологиясына жаңаша көзқарас" деген еңбегінде қайта түлеу үстіндегі әдеби тіліміздің болашақ даму үрдістерін белгілеуде шешуші рөл атқаратын бір саласы – қазақ термиологиясының толғақты мәселелерді жаңаша қарастырып, оны қпалыптастырудың жаңа принциптері ұсынылады. Ә.Қайдаров мынандай келелі пікір айтады: "Егеменді ел, тәуілсіз мемлекеттің басты белгілерінің (атрибуттарының) бірі – мемлекеттік тіл десек, оның негізгі тіректерінің бірі – термиологияны жан-жақты дамытуға, реттеуге, қалыптастыруға, кеңінен қолдануға сол мемлекеттің өзі қамқорлық жасауы керек. Салалық терминдер мен атауларды жаңадан жасауда, өзгертуде, ауыстыруда ең алдымен қазақ тілінің төл бұрыннан қалыптасқан байырғы лексикалық байлығын сарқа пайдалану. Бұл – термин саласында бұрыннан келе жатқан негізгі де дәстүрлі принцип. Бірақ термиология мәселесінің бүгінде күн тәртібіне қайта қойылуына себеп болып отырған да осы негізгі принциптің іс жүзінде орындалмай, бұрмаланып келуі ".

Терминология саласындағы жарты ғасырдан астам тәжірибемізде біз қазақ тілінің байлығын біршама пайдаландық, бірақ сарқа пайдалана алмадық. Оның көптеген себептері де болды. Ең басты себеп – заман үрдісі, тіл саясаты мен идеология ықпалы, орыс тілінің аз ұлттар тіліне жасаған үстемдігі мен өктемдігі. Екінші себеп, еліміздегі ұлт, ұлыс тілдері өздерінің дамудан кенжелеп қалуына байланысты ғылым тілі болып орыс тілімен терезесі тең тұра алмайды деген пікірдің орталықта да, жергілікті мамандар арасында да қалыптасуы " – дейді ./1.9-10/

Олай болса, біз 70 жылдың ішінде термин жасауда ана тіліміздің барша байлығын сарқа пайдалану керек деген принципке жете мән бермегендігімізден деп айтуға болады. Сондықтан да бүгінде бұл мәселе жаңа серпіліс алып отырған бұқаралық үрдіс екені мәлім болып отыр.

Өмірзақ Айтұлының 1997 жылы жарық көрген "Қазақ сөзі (Қазақ терминологиясының негіздері)" атты монографиясының тарихи дерек ретіндегі орнгын ерекше атауға болады.

Бұл көлемді әрі мазмұны жағынан ғылыми деректерге толы монографиялық еңбекте қазақ термиологиясының жүз жылға таяу даму тарихы жүйелі де деректі зерттелінген. Әдеби тілдің, оның ішінде ғылыми тілдің өркендеуіне септігін тигізген терминдік жүйе, бұрын-соңды айтылған келелі пікірлер, болжамдар сарапқа салына отырып, салиқалы ой-пікірлері зерттеушіні елітіп, тартып отырады. Автор өзінің термин жасау жөніндегі көзқарасын анық байқатумен қатар, еңбектің соңында 1927 жылдан бастап, 1997 жылдар арасында термин туралы еңбектер мен сөздіктердің тізімін (16) көрсеткен.

Сондай-ақ, еңбекте терминді зерттеудің қазіргі жайы тілінде термин қалыптастырудың негізгі кезеңдері, терминжасам мәселесі, аударманың орны сияқты келелі, ауқымды проблемалардыңды теориялық жағынан кең әрі ғылыми дәлелді зерттейді білген.

Шерәлі Біләловтың "Ұлттық ғылым тілі негізіндерін қалыптастыру"(математика саласы бойынша) деген тақырыпта жазған докторлық диссертациясында (1997) «Ұлттық ғылым тілі» атты ғылыми ұғым сөздік айналымға енгізіліп, оның концептуальдық, мағыналық, лексикалық, саяси-әлеуметтік мәні бірінші рет ғылыми тұрғыда зерттелген.

Автор бұл еңбегінде ұлттық ғылым тілі А.Байтұрсыновтан бастау алған алғандығы, оның негізін салушы да сол кісі болғандығына талдау жасай келіп, ұлттық ғылым тілі даму барысындағы принципті қайшылықтардың әлеуметтік астары, логикалық жүйесі, ғылымилығының деңгейі кезеңдік ғылыми әдебиетті, қалыптасқан термин жасау принциптерін талдау арқылы дұрыс ғылыми тұжырымдар жасаған.

Сондай-ақ, тілдің танымдық, кумулятивтік, бейнелеушілік, ой құралындық қызметтерін талдап, жинақтау арқылы ғылым тілінің ұлт тілінде жасалу қажеттілігін ғылыми дәлелдеумен қатар, негіздемесін жасаған.

"Аударма – мағынаны бір тілдік кеңістіктен екінші тілдік кеңістікке көшіру, ал атау – сөз ұғымының (мағынаның) заттық бейнелеу нәтижесі" тезисі негізінде ғылыми аударма жасау принциптері мен тәсілдері, оны үйлестіру (гармонизациялау) мәселелері жан-жақты қарастырылады./17.10-11/ Бұл монографиялық ғылыми еңбектің теориялық мәнінің зор екендігін атап айтуға тиіспіз.

Бұл күнде қазақ тіліндегі терминдер барлық ғалымдар саласында жүйеленген, жинақталып сөздіктерге енген. Қазір көптеген ғалымдар бойынша терминдердің түсіндірме, аударма (орыс-қазақша) сөздіктері бар.

Кейінгі жылдары қазақ тілі мамандары ғылымның жеке-жеке салалары бойынша терминдерді зерттеп, олардың теориялық және практикалық жақтарына талдаулар жүргізуде.

Қазақстан Республикасының Ғылым мен Академиясы Тіл білімі институты жанындағы сөздіктер бөлімі де терминдерді зерттеуде бірқатар жұмыстар істеді, зерттеу мақалалар жинақтарын шығарды, терминдік сөздіктер жасау тәжірибесіне ғылыми тұрғыдан талдау жасаумен айналысуда.

Азаматтар мен қызметтегі лауазым иелерінің жаңа Ата заң талабы бойынша жұмыс істеп өмір сүруі – құқықтық мемлекеттің қалыптасуының негізгі шарты болып табылады.

Қазақстан Республикасы осы бір өтпелі кезеңде заң мамандарын ана тілінде оқытып-үйретуді қолға ала бастады. Бұл жолда айтарлықтай қиыншылықтар да жоқ емес. Солардың бірі – заңтану пәндері бойынша оқу құралдары мен оқулықтардың тапшылығынан да деп айтуғаболады.

"Мемлекет және құқық теориясы" пәні бойынша жасалған заң атауларының сөздіктері барған сайын баспа беттерінен жарық көріне бастады.

Соның бірі 1996 жылы «Жеті жарғы» баспасынан А.Ибраеваның «Заң терминдерінің қазақша-орысша және орысша-қазақша қысқаша түсіндірме сөздігі» жарық көрді. Сөздіктің мазмұнынан бүгінгі таңда қолданылып жүрген қазақша-орысша оқулықтар, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен басқа да шығып жатқан заң туралы әдебиеттердегі заңдық аталымдар (терминдер) толық қамтылғандығын көреміз, сөздік екі бөлімнен тұрады.



  • Бірінші бөлімде заңтану саласында жиі қолданылып жүрген заңдық атауларға орын беріледі.

  • Екінші бөлімде терминдердің терминдердің орналасуы жалпы сөйлем құрау тәсілімен жасалған.

«Мемлекет және құқық теориясы» пәні бойынша аса маңызды деп саналатын заңдық ұғымдарға қысқаша анықтама-түсінік беріліп отырылды. Мысалы: аналогия-ұқсастық, аренда-жалдау, жалға алу, вариант-нұсқа, вотум-тоқтам, гипотеза-жорамал, гносиология-түп-тұқиян ілімі (ата-текілімі), /18.3-4/

Автор жоғарғы оқу орындарының оқулықтары мен оқу құралдарында жиі қолданылып жүрген, халық арасында қалыптасқан баламаларды жинап, қазақ жастарының ана тілінде білім алуына зор мүмкіншілік жасаған деп айтуға болады.

Заң ғылымының докторы, профессор С.Байсаловтың басшылығымен 1986 жылы «Қазақстан» баспасынан «Заң терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі» жарық көрді. Сөздік юстиция, сот, прокуратура қызметкерлерінің практикалық жұмыста қолдануына, сондай-ақ, құқықты оқып-үйренетін жоғаоғы және орта арнаулы оқу орындарының студенттеріне, мектеп пен кәсіптік-техникалық училишелер оқушылырына, көпшілік оқырмандарға арналып жазылған. Сөздікте көптеген құқықтық ұғымдар толық қамтылған. Заң терминдерін түсіндіру қолданылып жүрген заңдарға сәйкестендіріліп, соларда бар анықтамаларға негізделіп берілген. Сондай-ақ, сөздікте көптеген құқықтық ұғымдар қамтылады. Оларға жан-жақты түсінік беріледі. Мысалы: алиби – қылмыс жасалған кезде айыпкердің ол жерде болмай, басқа бір жерде болуы, оның қылмысқа қатысы жоқтығының дәлелі. Азаматтығы жоқтық (безгражданства) – қандай да болсын бір мемлекеттің азаматтығына жатпау. Неке (брак) – еркек пен әйелдің материалдық есепқойлықтан аулақ, өзара сүйіспеншілік, сыйластық сезімдеріне негізделген ерікті ынтымағы.

Қызмет бабындағы қылмыс (должностное преступление) – өкімет орнын немесе қызмет бабын пайдаланып қиянат жасау, лауазымды адамның әрекетсіздігі немесе салақтығы, пара алу, парақорлыққа делдал болу, пара беру, қызмет жөніндегі подлог, өкіметтің беделін түсіру.

1995 жылы «Жеті жарғы» баспасынан Қайрат Сапарғалиевтің «Заң терминдерінің түсіндірме сөздігі» жарық көрді.

Сөздіктің практикалық маңызы бар. Сөздікте күнделікті заң тәжірибесінде жиі қолданылатын терминдер барынша қамтылған. Еліміздің егемендік алуына байланысты жаңа мазмұнға ие болған, тілімізге соны құқықтық ұғымдарға толық талдау жасалынған ұмыт болған төл құқықтық ұғымдарға да орын берілген.

Егеменді мемлекет болғаннан кейін жаңа заңдар қабылданды. Біраз жаңа құқықтық түсініктер, терминдер айналымға ене бастады. Кейбір бұрынғы терминдер жаңартылып, жаңа мәнге ие болды. Сөздікте негізінен тәуелсіз мемлекет болғаннан кейін қабылданған заңдарға қолданылған түсініктер, терминдер молынан қамтылған. Әсіресе, 1995 жылғы 30 тамыздағы республикалық референдумда қабылданған Қазақстанның Республикасының Конституциясындағы терминдерге, түсініктерге ерекше көңіл бөлінген.

Әрине, сөздік күнделікті қолданыстағы барлық құқықтық терминдерді қамти алмаған. Автор заңдарда, мемлекет органдарының қызметінде жиі қолданылатын құқықтық терминдерге түсінік берген. Мысалы: акцепт – шарт жасау туралы жауабы акцепт деп танылады. Акцепт толық әрі бұлтарыссыз болуға тиіс.



Науқастық қағаз (больничный листок) – еңбекші жұмысқа уақытша қабілетсіз болғанда берілетін құжат. Оны тек қана денсаулық сақтау мекемелерінің дәрігерлері береді. Еңбекке қабілетсіздік ішімдікке байланысты болса, тек анықтама беріледі. Жәрдем тек науқастық қағаз арқылы төленеді.

Болжам (версия) – алдын-ала тергеуде, анықтама жүргізуде және сот тергеуінде қылмысты ашу мақсатында керекті дәлелдемелер іздеу үшін қолданылады.

Қос азаматтық (двойное гражданство) – екі мемлекеттің азаматы болу. Қақақстан Конституциясы қос азаматтыққа негізінен жол бермейді. Тек Конституцияда және Қазақстанның мемлекетаралық шарттарында көзделген жағдайларда қос азаматтық танылады.

Адамның өз басына ешкімнің тимеуі – соттың қаулысы немесе прокурордың руқсаты болмайынша ешбір адамды қамауға алуға болмайды.

1995 жылы «Жеті жарғы» баспасынан Н.Дулатбековтың «Заң терминдерінің қазақша – орысша және орысша – қазақша сөздігі» жарық көрді. Сөздікте қолданылуы қиындық келтіріп жүрген бірсыпыра заң терминдеріне екі тілде түсінік берілген. Бұл сөздіктің студенттер, заңгерлерге тигізер пайдасы зор. Сөздіктің басты ерекшелігі – ғылымның соңғы жетістіктеріне негізделуі, қазақша баламаларының басымдылығы, cондай-ақ жаңа қалыптасып келе жатқан терминдердің енгізілуі құптарлық жай. Мысалы: акционер, арбитр, азаматтық даугер, бетесеп, жеке есеп (лицевой счет), бизнес мектеп (бизнес школа), болғам (версия), бопса (шантаж), борышқор (должник), борышкер (неплательшик), біртұтас билік (единоволастие), құнды қағаз (валюта), жаппай қыру (геноцид), қағаз ақша (банкнота), құқық (право), қылмыснама (криминология). /18. 7-42/

Ұлт тілінің мүмкіншіліктері – термин жасаудың негізгі көзі болғанымен, терминдердің толығуы орыс және интернационлдық сөздер арқылы да жүзеге асқандығын, олардың басым көпшілігі қазақ тілінің заңдылықтарына бағындырылып, қолданылғанына көз жеткізуге болады. Сөйтіп, қоғамның, мәдениеттің, ғылымның дамуына сәйкес тілімізге еніп жатқан жаңа атауларды қолдану принципі бұл уақытта белгілі бір жүйеге түспегендігін көреміз.

Терминдер деп ғылым мен техника, саясат пен дипломатиядағы, мәдениет пен өнерге байланысты ұғымдарды білдіретін арнайы атауларды айтамыз. Терминдер жүйесі лингвистикалық термиология бөлімінде қарастырылады. Терминдерге тән, оларды лексиканың басқа қатарынан ажырататын өзіне ғана тән белгілері бар. Олар мыналар: 1) терминдер жүйесі жалпы әдеби тілдің ғылыми тілі деп аталатын функционалдық бөлшегіне жатады. Сондықтан терминдер ғылыми ортада қолданылып, ғылыми әдебиеттерде пайдаланылады. Бұл терминдердің функционалдық ерекшелігі. Егер терминдік атау осы функционалдық ортадан шығып, басқа стильдік топта қолданылса, термин болудан қалады; 2) терминдер лексикалық семантикасы жағынан жеке ұғымға байланып берілгендіктен дара мағыналы болады, терминдергекөпмағыналық, синонимдік, антонимділік және экспрессивті-образдылық қасиеттер болмау керек; 3) терминдер жалпы сөздерден таңбалылықтың басқа түріне жатуымен де сараланады, өйткені мұнда таңба мен таңбаланушы арасын бір ғана мағына байланыстырады. Сондықтан термин мен ол білдіретін ұғымдардың арасында басқа сөздерде бола бермейтін сәйкестік бар. Бұл әсіресе интернационалдық терминдерде айқын көрінеді. Осы сәйкестік тілдік таңбаға өзгеше таңбалық беогі қосып, оны терминге айналдырады.

Сөйтіп, терминдердің табиғатын түсіну үшін олардың функционалдық, құрылым-генетикалық, лексика-семантикалық, морфологиялық, сөз тудырудағы және нормативті-стильдік белгілерін жан-жақты зерттеу қажет болады.

Терминдерді екі сферада (қарастыратын, көрінетін жерлерін айтып отырмыз) кездестіреміз: осы уақытқа дейін жүйелі жинақталған сөздіктерде ( салалық терминдердің жай сөздігі, түсіндірме сөздігі, аударма сөздігі т.б) және көрінетін жері (ғылыми мақалалар, монографикалық еңбектер т.б). Осы қорлар тіл мамндарының терминдер туралы зерттеулерінің негізгі материалдары болуға тиіс. Терминдер тұйық құбылыс емес дедік. Өйткені олар жалпы ұлттық әдеби тілдің бөлшегі ретінде жалпыхалықтық негізде дамиды, сол лексикаға өту арқылы оны байытады, грамматикалық механизмдерді де содан алады. Сондықтан тіл маманы терминдерді зерттегенде, оның негізгі көзі болып табылатын жалпыхалықтық тілді еш уақытта естен шығармау керек, оның қыр-сырын біліп, ондағы терсминдік ұғымды білдіру мүмкіншілігі бар атауларды ажырата білу керек. Мысалы, қазақ тілінде "тетік деген сөз бар. Ол әрбір істің орнын тауып, оның дәл орындалу мүмкіншілігін тауып ("көзін тауып”) орындалу деген мағынаны білдіреді ( "істің тетігін табу”). Қазіргі кезде осы сөз терминдік ұғымды да, жалпы лексикадағы көптеген мағыналарды да білдіреді. Терминдік ұғымда "деталь” мағынасындағы механика ғылымына ( "деталь машины") қатысты ұғым атауы болса, жалпы мәеде көптеген микросемдерді білдіреді. Сондықтан осы сөздің көпмағыналылығына қарамай, дефициттік (жеке ұғымға теліну) қасиетін еске алу керек. Терминді түсіну, оны реттеу мәселесі де осы ерекшелік негізінде құрылуға тиісті.

Осыдан келіп терминдерді саналы түрде нормалау мәселесі туады. Ал нормалау деген мәселе кең мағынасында (терминдерді нормалауды айтып отырмын) бірқатар ғылымдарда қарастырылды: терминдерді лингвистикалық тұрғыдан нормалаумен бірге мазмұндық нормалау логилық тұрғыдан нормалау сияқты жайларды еске алу қажет болады. Мәселен, мазмұндық жағынан нормалау дегенді терминнің мәні мен ол арқылы көрінетін дефиницияның дәлме-дәл сәйкестігі, термин мен ұғымның, шындық дүнгиедегі құбылыстың сәйкестігі деп түсіну керек. Ал логикалық норманы термин жүйесіндегі сөздердің ғылым мен техникалық ұғымдарды білдірудегі ұғымдардың иерархиялық жүйелерін дәл көрсетуі деп ұғынамыз./19.5/ Мысалы заң терминологиясында "сот процесі" деген ұғым және оның атауы (термин) бар. Ол – лингвистикалық тұрғыдан тетік ұғым. Осы ұғымның құрамында осы ұғымды ашатын басқа да микроұғымдар бар: "Жәбірленуші" (человек который причинил какое-либо урон другому человеку), ”жәбірленуші" ("потерпевший"), "күәгер", "қылмыс істеген жер" (место совершения преступления), "қылмыс істеген орны", "халық соты", "заседательдер", "айыптаушы", "қорғаушы", "төте дәлелдеме", "жанама дәлелдеме" т.б. Осы ұғымдарды білдіретін термин сөздерді ұғымдарға қатысы жағынан жүйелеп көрсетсек, әрқайсысы үлкен бір сатының ( бұл арада сот процесі) әр баспалдағынан өз орындарын алар еді. Осы сияқты терминдердің ғылыми-техникалық ұғымдарды көрсетудегі даралаудан жинақтаушылық бағытын көрсететін иерархиялық баспалдақтарды ескеріп топтастыру оларды логикалық тұрғыдан нормалау болып табылады.

Терминдерді нормалау дегенде ең алдымен оларды ретке келтіру (тәртіптеу) сұрыптау, белгілі бір қалыпқа түсіру мәселелері ескеріледі. Бұның өзі екі аспектіде қаралуы тиіс: жалпытілділік және нормативтік.

Нормаларды тәртіптеудің жалпытілділік белгілері деген ұғымға мыналар кіреді: ұлттық терминологияның қалыптасу негізі (көзі) зерттеу, соы бағалау; терминдегі лексика семантикалық процесті зерттеу, соны реттеу.

Терминдерді түсінудегі, реттеудегі нормативтік белгілері деген ұғымға терминдердің пайда болуы мен оның қолданылуына әсер еткен жағдайлар, терминдердің ғылым тілінде және осы ғылым өкілдерінің ауызекі кәсіптік қарым-қатынасында қолданылу ерекшелігі кіреді.

Қайсыбір ғылым саласының термині болмасын, оларды жүйелеу, тәртіпке келтіріп, белгілі бір үлгіде қолдану жайында ұсыныс жасау үшін ең алдымен терминді түсінудегі осы екі белгіні жалпытілділік және нормативтік критерийді – негізге алу керек.

Термин сөздерді лексиканың басқа топтарынан ажырататын басқа да құрылымдық ерекшеліктері бар. Ол терминді жасау үшін тілдік механизмдерді таңдап алу негізінде пайда болған. Сондықтан олар терминдер жүйесін нормалаудың негізгі принциптері болып табылады. Тіл мамандары оның үш түрін атап жүр: өзектілік принципі, мақсаттылық принципі, аналогиялық принципі.

Өзектілік принципі мынадан көрінеді. Кейбір тілдік механизм жаңа ғылыми-техникалық ұғымды білдіру қажеттігінен жиі қолданылатын болады, маңызданады. Ол механизм ұлттық болуы да, интернационалдық болуы да мүмкін, көне болуы да, жаңа болуы да мүмкін. Сондықтан бұл актуальдық-экстралингвистикалық актуальдылық, жаңа ұғымды білдіру қажеттігінен туған актуальдылық. Мысалы: айыпкер (заң термині), тәлімгер (педагогикалық термин), жиһангер (географиялық термин), қаламгер (әдебиет термин) сөздерін термин етіп тұрған -гер жұрнағы – көне жұрнақ және ол қазақ тілінің төл жұрнағы емес, шығыс тілінен ауысып келген қосыаша. Осыған қарамай, жаңа ғылыми ұғымның қажеттігін өтеуде бұл қосымша өнімді қолданылып, активтене түсті.

Ғылыми-техникалық ұғымдарды атаудың қажеттігінен осы күнде қазақ тілінде тұйық етістік формаларының субстантивтеніп, терминдік атауға айналу тенденциясы активтене түскен. Мысалы: қарсылық білдіру, некені тіркеу, ақтау, тергеу, (заң терминдері) т.б. осыны дәлелдейді. Бұрыннан бар көне жұрнақ -ым, -ім қосымшасының активтенуі де осы терминологиялық қажеттілікпен байланысты. Мысалы, білім, қысым, өнім, сот шешімі, шешім, сөздік құрам т.б.

Терминдер, терминдер жүйесі, жалпы терминология мәселесі тілдің лексикалық құрамындағы бүтін бір проблема ретінде көптен бері зерттелініп келгендігін дәлелдеді. Оларды зерттеп, құрастыруда тіл мамандары да, логиктер де, басқа да ғылым салаларының өкілдері біршама еңбектерін арнады.

Заң терминдерінің қалыптасу және даму жолдары

2.1 1917 жылғы Қазан төңкерісіне дейінгі қазақ тіліндегі заңдық, құқықтық ұғымдарды білдіретін атаулар

Терминдік даралық сипат алған сөздер мен сөз тәіркестері бейнелей айтқанда тарихи кезеңдер мөріндей боп табылған тілдік фактілер" екені дау туғызбайтын шындық. Қазақ тіліндегі заң терминдерінің қалыптасуы мен даму тарихын айқындау мақсатымен жүргізілген жұмыс үстінде біздің де осы қағиданың дұрыстығына көзіміз жетті.

Осы кезде қолданылмай жүрген, бұрын қолданылған әртүрлі праволық ұғымдар атауынан тарихтың ізін, әрекездегі әлеуметтік жағдайды байқаймыз,и праволық ұғымдарды таңдаудағы адам ойының эволюциясын көреміз. Бірер ғана мысал: бір кезде жәбір-жапа шеккен, шағым айтушы адамды "даугер" десе, бұл күнде "жәбірленуші" дейді. Сондай-ақ, праволық істі жүргізушілерді "би", "қазы","сот"деп әр кезде әрқалай атағаны да белілі тарихи-әлеуметтік кезеңінің ізі іспеттес.Әр кездің, әр әлеуметтік формацияның праволық қатынастарының, материалдық базисінің, қорғаушысы екені белгілі. ақиқат.Мәселен, Қазан революциясы жеңісінің бірі бұрын егізде болған

байланысты әйел бостандығын қорғаудың бір проволық көрінісі ретінде қылмыстың ең бір әлеуметтік мәні бар түрі " қалыңмал" алушылықпен күрес басталды.Ал бұрын қазақтың әдет-ғұрып заңында "қалыңмал" ісі қолдауын тауып,оған қарсы шығушыларды жазалайтын еді.Бұдан "қалыңмал" сөзінің екі кезеңіндегі қарама-қарсы екі түрлі мәні айқындалады.Тұрмыстық қылмыстардағы "айыпкер" сөзінің де осы күнгі мағынасы мен бұрынғы мағынасы сәйкес келе бермейді.1917 жылғы Қазан революциясына дейін бесік кертпе бойынша атастырылған адамға бармай, өзі қалаған, сұйген жігітіне қосылу жолында ашық күреске шыққан әйелді "айыпер" ретінде жазаласа,кейін Кеңестік қылмыс заңдары бойынша керісінше жас әйел баланы өз еркінен тыс некеге итермелеген ата-ананы да,туған-туысқаны да, некеге тұратын ерді де "айыпкер" ретінде жазаға тартады. Бұдан біз "айыпкер" сөзінің де , онымен байланысты "жаза" ұғымының да әр бір тарихи кезеңде білдіретін мағыналарының әр-түрлі болғанын байқаймыз.

Осы кезге дейін бізге мәлім болып келген заң терминдерінің шығу тегі, жасалу жолдары да түрлі-түрлі болып келгенін білеміз.Бірқатар терминдер жалпы түркілік негізде жасалса, енді біреулері қазақтың жалпыхалықтық төл лексикасының негізінде, ал бірсыпырасы басқа тілден ауысқан кірме сөздердің терминдік қызмет атқарып қалыптауынан пайда болды.Әкімгершілік ұғымды білдіретін "хан" ,"тархан" ,"бек" сөздері көне түркі дәуірінен белглі. "Жала" ,"құн" ,"айғақ" сиақты қылмыстық провоға қатысты сөздер – байырғы қазақ тілінде бар атаулар. Ал "адвокат", "куә", "шара", "айып" сөздері – басқа тілден ауысқан кірме атаулар.

Осындай пайда болу төркіні әртүрлі сөздердің де қай-қайсысының термин ретінде қалыптасу жолы,өз тарихы бар.Ол жоғарыда айтқандай дүниенің әлеуметтік тынысымен ,халық шежіресімен астасып жатады. Терминдік лексиканы зерттеушінің негізгі міндеттерінің бірі ең алдымен осы мәселені ескеру болып табылады. Сондықтан да біз сөз етіп отырған тақырыпты екі жағынан қарастырмақпын.



  • Заң терминдерінің қалыптасу кезеңдері;

  • Заң терминдерінің шығу төркіні (генезисі).

Қазақ тіліндегі заң терминдерінің лексикалық жүйе ретінде қалыптасуы елімізде заң ғылымының өрістей дамуымен тікелей байланысты. "Заң саласында республикамыздағы алғашқы зерттеулер заң оқу орындарының қалыптасуымен байланысты. 1926 жылы Қызылорда қаласында (сол кездегі республика астанасы) заң курстары ашылып, кешікпей екі жылдық заң мектептебіне айналуынан басталды. 1934 жылы Алматыда Кеңес құрылысы институты ашылды. Бұл заң жөніндегі бірінші жоғары оқу орны еді 1955 жылы заң факультеті болып, С.М.Киров атындағы Қазатың мемлекеттік университетінің құрамына енді. Қазір Әл-Фараби атындағы Қазақтың мемлекеттік Ұлттық университетінің жанынан 1997 жылдан бастап экономика және құқық институты болып қайта құрылды. Сондай-ақ қазақ мемлекеттік Заң университеті өз алдына шаңырақ көтерді." Бұл күндері заңға, құқыққа байланысты зерттеулер осы университетің жанында, Қарағанды мемлекеттік университеті мен Қарағанды Жоғары милиция мектебінде жүргізіледі. Ал Қазақ ССР Ғылым академиясының жанында осындай зерттеулер жұмысымен айналасатын арнайы ғылыми орталық (институт) жұмыс істейді. Осы мекемелердің ғалымдары заңдық, құқықтық институттар жөніндегі өз зерттеулерінде ғылыми ұғымдарды білдіретін атауларды барынша пайданалып келеді. Қазір заңдық, құқықтық ұғымдарды білдіретін атаулар – қазақ тілі лексикасы саласынан терминдік дәрежеде қалыптасқан жүйелі орынға ие. Осы айтқандардан қазақ тіліндегі заң терминдерді арнайы лексикалар тобынан өзінің қалыптаскан жүйе ретіндегі орнын Қазан ревалюциясынан кейін ғана тапқанын байқаймыз.Бірақ бұл айтқандардан құқылық ұғымдарға байланысты атаулар қазақ топырағында революциядан бұрын болған жоқ деген ой тумаса керек. Еліміздің өткен тарихын зерттеуші ғалымдардың айтуынша Қазақстан жерінде көне дәірдің өзінде ірі-ірі патриархалдық-феодалдық мемлекеттің бірлестіктердің болғандығын айтады. Мысалы, Батыс түрік қағанаты, Қараханиттер династиясы, қарлұқтар династиясы, Түргештер мемлекеті, Оғыз мемлекеті, Ақ орда кейінгі қазақ жүздерінің хандықтары – осының айғағы. Мемлекет бар жерде құқықтық институттарының болатын белгілі. Олай болса зерттеліп, ғылыми жүйеге түспесе де, заңдық, құқықтық ұғымды білдіретін атаулардың көпшілігі ана тілімізде одан әрі жалпы түркілік дәуірдегі түркі рулары мен тайпаларының тілінде бұрынан бар, қолданылып келген сөздер болып табылады. "Дала уәлаяты", "Түркістан уәлаяты" газеттерінде "төре", "ұлық", "қуғыншы", "жоқшы", "кесу","жауапкер", "іс", "қорғаушы", "кепілге алу", "куәгер","ықтияр",(право) "жаза", "билік" (решение), "ағару" (оправдание), "мойнына алу"(признание) т.б сөздердің құқықтық ұғымдардың атауы ретінде кең қолданғанын алғашқы қазақ баспасөзінің тілін зерттеуші Б.Әбілқасымов өз еңбектерінде дәйім айтып келеді. Осының өзі де қазақ тілі заң терминологиясы өз бастауын әріден алптындығына дәлел бола алады.

Сонымен қазақ тіліндегі заң терминдер жүйесінің ғылыми термин ретінде қалыптасуын, зерттелуін Кеңес дәуірімен байланыстыра отырып, оның бастауының, шығар көзінің ерте дәуірде жатқандығын айту ләзім. Осының ескеріп, заң терминдерінің пайда болып, арнайы ұғымдарды білдіретін атау ретінде қалыптасуы мен даму тарихын ең алдымен шартты түрде екіге бөліп отырамыз.



  1. Қазан революциясына дейінгі тіліміздегі құқықтық атаулардың

жай-күйі;

  1. Кеңес дәуірінде тіліміздегі заң терминдерің жай-күйі;

Қазақстанның бұрынғы тарихында әлеуметтік өміріндегі келелі-келелі оқиғалар болып жатты; Алтын орданың кейінгі Ақ орданың ыдырауы; Қазақ жерінде жеке-жеке хандықтардың; жоңғар шапқыншылығы; қазақ елінің Россия империясына қосылуы, соның нәтижесінде хандық әкімшіліктің рөлі төмендеп, ағасұлтандыққа жол беруі; XIX ғасырдың 60 –жылдарындағы жүргізілген сот реформасы т.б осы сияқты саяси әлеуметтік оқиғалар қазақ елінің бұрынан келе жатқан әдет – ғұрып заңына қосымша өз тәртібін өз ережелерін әкімшілік құқықтық атаулар қалыптасты. Демек, Кеңес дәуіріне денйінгі кездің өзінде тілімізде заң жүйесін білдіретін сөздерің сол уақыттағы әлеуметтік оқиғаларға байланысты жеке-жеке пайда болу тарихы, кезеңдері бар. Мысалы, 1731 жылғы оқиғаға дейінгі, яғни Қазақстанның Россияға қосылуының басталуына дейінгі, уақыт еліміздің экономикалық саяси- әлеуметтік қарым-қатынасында әкімгершілік, құқықтық жүйесінде өзіне тән, кейінгі дәуірге ұқсамайтын ерекшеліктерімен даралатын кез болып табылады. Сондай-ақ Россия империясы құрамындағы кездің өзі де 1867-68 жылдарда жүргізілген Сібір қазақтарының билеу туралы, сот реформасы туралы т.б патша реформаларына дейінгі мерзімде Қазақстанның әлеуметтік өміріндегі өзгерістердің бірі болды. Демек, қазақтың заң термиологиясының тарихына шолу жасағанда, осындай қоғамдық факторларды ескермеуге болмайды. Осы тарихи белестер қазақ тілі лексикалогиясындағы құқықтық атаулардың пайда болуын айқындайтын кезеңдер болып табылады.Қазақтың әдет-ғұрып құқығы өте ертеден келе жатыр. Бірақ ол дәл қәзіргідей кітапқа жазылып, жүйеге түспесе де ұрпақтан-ұрпаққа ауызша тарап, оның қағидалары "билер сөздері" деп аталатын шешендік нақыл сөздер мен мақалдар-мәтелдер түрінде сақталған. Осы күнгі бірнеше тарихи белестерден өтіп, халқымыздың құқықтық заң терминологиясының алғашқы элементтері бастауы осы қағидаларында жатыр.

Қазақ жеріндегі қоғамдық құрылыстың жіктеле бастаған кезінен ұзақ замандар бойы заң патриархалдық-феодалдық қоғамның қондырмасы ретінде қызмет етеді. Әдет-ғұрып заңы қазақ феодалдарының, қанаушылардың еркін білдіреді. Дәуірге сай антогонистік топттарға-бір жағынан хандар мен сұлтандар, феодалдар мен ру басы ақсүйектер билер мен байлар, батырлар, екінші жағынан солардың тепкісінде езілген көшпелі шаруалар жартылай көшпелі малшылар, егіншілер қауымына-бөлінген заманда бұл - заңды да еді. Феодалдық аристократияның жоғарғы тобы сұлтандар, хандар болды. Олар Шыңғысхан ұрпақтары еді. Сұлтандар хан билігі жыл сайын өткізілетін жиындарына өкілеттілікпен қатысып отырды. Олардың ұлысқа, жұртқа теориялық үлеске жайылымды жерге иелік етуге құқысы болатын.

Қазақтың әдет-ғұрып заңында билердің рөлі күшті болды."Би" деген термин – көне түркілік "бек" сөзінің кейінірек өзгерген түрі. Өйткені "Сөз соңындағы көне түркілік "г","й"-ге айналған.Көне түркілік "бек", "ег" қазақ тілінде "й", "ібій" түрінде дыбысталады яғни, "бег" >"би", (ег>ій). Бұл сөз әуел баста "басқарушы " "көсем" деген мағыналарының негізінде жаңа мағынасы "праволық іс жүргізуші кісі" деген ұғымды білдіретін мағынасы да өрбісе керек. Қазақ тарихында билер – үлкен ру басылар, қоғамда сұлтандар сославиесінен кейінгі екінші орындағы адамдар егер ақсүйектердің артықшылығы байлығы мен шыққан тегі болса, билер қарадан шығып өзінің ақылдылығымен, парасаттылығымен, сөзге шешенділігімен, әдет-ғұрып, заңын жақсы білетіндігімен, қоғам өмірін толық түсініп ұғумен көрнекті болған. Сонымен "би” сөзінің мағынасы "шешен","ақылгой" "кеңесші деген ұғымдарды да білдірген. Осы соңғы мағынасы бұл сөздің праволық функцияны атқаратын "адам" адам деген қызметінде жұмсалуына негіз болған. Сонымен билер бір кезде ел басқару жұмысында билік айту, әр түрлі дау-шар сияқты құқықтық мәселелелерді шешуді де қоса атқарса керек. Билердің ықпалы олар басқарған рулардың көптігі-аздығына күшіне байлығына бұрынғы шыққан тегіне, жас мөлшеріне қарай айқындалған. Өзіне қарасты рулар шеңберінде олар әкімшілдік пен сот билігін жүргізе алды.

Хандықта құқықтық істі басқаратын арнаулы органдарды болмағандықтан, адамның қоғамдағы мінез-құлық нормаларын көптеген патриархтық ережелер негізінде әдет-ғұрып нормаларын көптеген патриархтық ережелер негізінде әдет-ғұрып және шариғатпен байланысты болса, ережелер негізінде сот үкімін сұлтан, би,ақсақалдар шығарып отырған. Сонымен, академик С.Зимановтың айтуынша, қазақ билері мынандай әлеуметтік міндет атқарған:



  1. Үлкен феодалдық билік;

  2. Көшпенді ел басшысы;

  3. Сот.

Билердің көпшілігі ірі феодалдар еді. Қалыптасқан әдет-ғұрып бойынша үкім шығарушы би жауапкерден алынатын мал-мүліктің оннан бір бөлігін билік шығарғаны үшін өзі алуға құқылы болды. Бұл тәртіп оларды байыған үстіне байытты. Билер соттың қазақ халқы тұрмысындағы мәні айырықша. Ол ел басқарудағы жетекші формалардың бірі болды, сондықтан да үлкен құқық пен нормаларды пайдаланды. Билер сотының бір ерекшелігі – билерді сайлаумен не үкімет тарапынан бекітумен қойған жоқ, бұл орында өзінің әдет-ғұрып заңдарын жетік білуімен, шешендігімен халыққа танылған адамдар отырды. Өзінің әділдігімен, халықты аузына қаратқан шешендігімен қара халықтан шыққан кейбір билердің аты ел аузында қалып қойды. Бірақ билердің барлығы олай болған жоқ. Олар үстем тап өкілі болғандықтан, негізінен өз табының жоғын жоқтады.

Қазақтың әдет-ғұрып нормаларын күннен-күнге нығая түсіп келе жатқан феодалдық құрылыс қажеттігін өтеу нормаларымен сәйкестендіру қажеттігі туды, үстем тап өкілдерінің мұқтаждығын қорғайтын заң жүйелері керек болды. XYII ғасырдың аяқ кезінде жарық көрген Тәуке хан заң жүйесі осы қажеттіктен туындаған болатын. Бұл заңдар "Жеті жарғы" деген атпен мәлім. "Жеті ереже" деген мағынаны береді. Онда орта ғасырдағы қазақ қоғамының патриархалдық-феодалдық ережелерінің негізгі принциптері мен нормалары баяндалады."Қазақ мемлекеті мен құқығының қалыптасу тарихында Тәукенің «Жеті жарғысы» жазылуы прогрессивтік маңызды рөл атқарды. «Жеті жарғы» қылмыстық істер мен азаматтық құқықтық нормаларды және әдет заңдарын мейлінше біріктірді," – деп жазды Т.Күлтелеев бұл туралы. Тәуке хан «Жеті жарғыны» шығаруда Шыңғыс ханның Яссасының кейбір жақтарын пайдаланды, қазақ қоғамында әлі де өз маңызын жоғалтпаған дәстүрлі әдет-ғұрып нормаларын да қабылдады. Бұлардың бәрі, әрине, хан ісінің талаптарына сәйкес келетіндей етіп өңделді. Заңда негізінен қазақ қоғамының XVII ғасырдағы әскери-саяси және әлеуметтік өмірінің мұқтаждарына жауап беретін ережелер енді. Сондықтан бұл заң Тәуке бастаған патриархалдық-феодалдық хан үкіметінің қондырмасы болды, соны құқықтық жағынан қорғады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет