3 7 I тарау. Қазақ терминологиясы және оның зерттелуі мен дамуы


а) дау, қаулы, атақ, дәреже, қылмыс, тонау, жала, нұсқау, қарау, асырау, қорғау, өсиет, тексеру, құжат, құқық т.б. ә)



бет4/5
Дата15.09.2017
өлшемі1,18 Mb.
#32759
1   2   3   4   5

а) дау, қаулы, атақ, дәреже, қылмыс, тонау, жала, нұсқау, қарау, асырау, қорғау, өсиет, тексеру, құжат, құқық т.б.

ә) қорғаушы, асыраушы, тергеуші, тонаушы, жалақор , қылмыскер, даугер, тексеруші, заңгер, айғақты, күәгер, талапкер, азаматтық, зиянкестік, кінәлілік, айыптлық, иелену, парақорлық, болжам, салттық, тапсырма т.б.

Күрделі құрамды терминдерге мысалдар а) жатақхана, алыпсатарлық, сенімхат, т.б. ә) сенімхаттың мерзімі, Кеңес үкіметі, ортақ міндеттеме, қылмыс құрамы, қылмысқа қатысу, ортақ талап, бірлескен қызмет (бұл – совместная деятельность сөзінің аудармасы ретінде алынған . Дұрысы: "бірлескен әрекет” болу керек, б) қызметтік тұрғын жайлар, орман қорғау жүйесі, туу туралы куәлік, бау өсіру серіктігі, в) суды өз бетімен пайдалану , лауазымды адамның атағын өз бетімен иелену, өз бетімен пішен шабу, сот ісін жүргізуге қатысушы тілмәш, жасы толмаған адам жөніндегі үкімнің орындалуына кейінге қалдыру т.б.

Заң терминдерінің жасалуының енді бір көзі кірме сөздердің терминдік мән алуы не болмаса басқа тілдердегі дайын термндердің қазақ тілінде де солай қызметте жұмсалуы болып табылады. Осы негізінде қалыптасқан заң терминдері орыс тілінен, орыс тілдері арқылы да батыс европа тілдерінен және араб, иран тілерінен келген, қытай тілінен ауысқан заң терминдері де бар. Мысалы заң сөзі қазақ тіліне қытай тілінен ауысса, виндикация, виза, браконьер, атташ, арбирт, баланс, т.б. орыс тілінен енген терминдер. Енді бір тоб заң терминдері араб, иран, тілерінен ауысқан: заңдық ұғымды білдіретін мизам, жамиғат, куә, мүдде, арыз, қарар, рәсім сөздер қазақ тілінен ертеден-ақ белгілі. Мысалы: рәсім тілімізге екі мағынада енген болу керек: сурет –сызылған жоспар, жоба және ереже, дәстүр, салт, /25.51/. Осының соңғысы (ереже, дәстүр, салт) құқықтық мағынада жасалған. Араб тілінен ауысқан даулет сөзінің де бір мағынасы бар да,”айқап” қолданған мемлекет, мемлелеттік даулет думасы мағыналары енбей қалған”, - дейді Ө.Айтбеав. Мұнда да соңғы мағынасы заңдық ұғымды білдіріп тұр. Осы арада ескертетін бір жай қытай, араб тілдерінен енген заң терминдері басқа тілдерден ауысқан терминдердей емес, қазақ тіліне сіңісіп кеткен, олардың көбісін қазақтың төл сөздерінен айырып алудың өзі қиын. Бұлардың бірқатарының қолданылу аясы тарылып архаизмдене бастаған. Мысалы, бұл күнде ”заң” сөзінің тілімізге бір кезде қытай тілінен ауысқанын арнайы зерттеу арқылы ғана біліп отырамыз. Өйткені оның ана тілімізге сіңісіп кеткендігі сонша – ол негізгі сөздік қорға өтіп, жаң ұғымды білдіретін неологизмдер жасауға ұйытқы болды (заң –заңдық заңгер, заңшыл, заңқой, заңды, заңдылық, ата заң, әділ заң, қылмыстық заң, ұлы заң, т.б)

Сонымен бірге, тіліміздегі төл атаулар сияқты бұл да терминдік ұғымды білдіретін мағынасынан бөлек мәнде жалпыхалықтық лексикадан орын алған және жиі қолданылады (”оның айтқаны біз үшін заң”, - дегенді ”заң шығарушы органдар” – дегендегі ”заң” сөздерін салыстырсақ). Сондай-ақ аоаб тілінен енген , құқықтық ұғымда жұмсалып жүрген "куә”, "күнә”, "кінә” сөздері жайында да осыны айтуға болады. Осының өзі тілімізге шығыс тілдерінен ауысып келген кірме терминдердің батыс тілдерінен кірген сөздерден бұрын келгендігін көрсетеді. Бұл кезде ана тіліміздің заң терминдерінің қатарына араб, иран сөздерінің ауысуы тоқталғаны белгілі. Бұл туралы Ө.Айтбаев былай дейді: ”Ал араб, иран тілдерінің ықпалы бұдан мүлде өзгеше. Бұл халықтар мен қазақ халқының арасында тікелей қарым-қатынас болған жоқ. Әрине кейбір рулардың ерте замандарда бұл халықтармен байланысы болғанымен кейінгі кезеңде, тіпті ортағасырлық дәуірде, қазақтың халық болып қалыптасқан кезінен бері тікелей қарым-қатынастың болмағаны айқын. Араб, иран тілдерінің қазақ тіліне тигізетін әсері тікелей сөз алу емес, ол екі түрлі : бірі – қазақ халқы жеке жұрт болып бөлінбей тұрған кездегі тигізетін әсер-ықпалының қалдығы немесе орта ғасырдағы түркі әдеби тілінің әсері екендігі – кейінгі кезеңдерде көбіне дін, діни оқумен байланысты көрші отырған түркі халықтарының тілдері арқылы сіңісіп байырғы сөздер қатарына қосылды.”/27. 42/. Сөйтіп араб,иран тілдерінен енген терминдердің ана тілімізде төл сөзіндей болып сіңісіп кетуінің екі түрлі себебін айтуға болады: бірі – олардың тілімізге өте ертеде кіруі болса, екіншісі – бұл сөздердің ана тілімізге тікелей ауыспай, басқа түркі тілдері арқылы ауысуы.

Заң терминдерінің қалыптасу және даму жолдары әлеуметтік өмірдегі болып жатқан әр түрлі экономикалық, мәдениет, тұрмыстық, құқықтық өзгерістермен байланысты екендігі анықталды.

Қазақ тіліндегі заң терминдер жүйесінің ғылыми термин ретінде қалыптасуын, зертелуін кеңес дәуірімен байланыстыра отырып, оның бастауының өзі ерте дәуірлерде болғандығын көруге болады.

Қазан төңкерісіне дейін қазақ тілі лексикасында заңдық ұғымды білдіретін сөздер болды, дегенмен, олар ана тіліміздің лексикалық құрамынан белгілі жүйеге негізделген терминдік топ құра алмады, оған әлеуметтік жағдайда жоқ еді. Яғни, қүұқықтық мекемелер, ғылым мен құқықтық оқу орындары.

Қазақ термиологиясының басқа саласы сияқты заң терминдерінің де ерекше қарқынмен қалыптасып дамуы Қазан төңкерісінен кейін бооды деуге болады. Оған сол кездегі ел өмірінде болған тарихи жағдайлардың әсері зор болды.

Қазақ терминологиясының заңдылықтары мен негізгі принциптерін жасауда тіл мамандарының үлкен маңызы болды.

Тіл бүгінгі деңгейіне жету жолы оның тарихына толығу, толысудың әрбір кезеңіне лайықты із қалдырып, сан түрлі жолдармен дамығандығын көреміз. Демек, қазақ термиологиясының қалыптасу жүйесі және даму тарихы әр түрлі кезеңдерді басынан кешірген деп айта аламыз.



Заң терминдерінің лексика - грамматикалық табиғаты

3.1. Лексикалық табиғаты

Заң терминдерінің лексика-грамматикалық ерекшеліктері туралы оған қатыстыт бір қатар мәселелерді талдау жасау арқылы белгілі бір қорытынды жасауға боады. Олардың ең негізгілері мыналар: осы топқа кіретін атаулардың затқа , құбылысқа және солар туралы терминдік ұғымға қатысын ашып, осы негізде жіктеу (классификациялау); заң терминдерінің жалпыхалықтық лексикадан алатын орны, осы негізде мағыналық жағынан толығу не болмаса тарылу; заңдық ұғымды білдіретін ұғымды сөздердің басқа салалық терминдерге қатысты (ұқсастығы мен ерекшелігі); көп мағыналық омонимділік, синонимділік, антонимділік қасиеттер, олардың заң терминіне қатысы; образдылық ауыспалы мағыналылық сияқты лексикалық мағыналардың заңды ұғымды білдіруге қатысы т.б.

Заң терминдері де тіліміздің лексикалық құрамындағы кез-келген сөздер сияқты шындық дүниедегі заттар мен құбылыстар жайындағы ұйымдардың атауы болғандықтан олардың мағыналары сол ұғымдардан таралады. Бірақ олар құқықтық ғылымның білдіретін фунцияда жиі қолданып барып тұрақталуының негізінде ұзақ абстракциялану процесін басынан өткізген мағыналарды білдіреді. Сондықтан да ол сөздер терминдік мәнге ие болғанда, бастапқы мағыналарынан алшақтап жалпылық қасиетімен ерекшелеген жаңа мағынада қолданылады. ”Терминдер моносемиялы болады” дегенде, оны осы тұрғыда түсіну керек. Мысалы, сот процесінде қылмыстының ісін жеңілдету бағытында жұмыс жүргізетін құқық қорғау органының қызметкеріне ”қорғаушы” деген терминдік атау берілген. Бұл сөз қазақ тілі лексикалық құрамындағы басқа да стильдік топтарда қолданылады: ”Қайраттың ”қорғаушысы” бүгін ерекше қимыл көрсетті, соның арқасында олардың қақпасына бір де доп өткен жоқ”, - дегенде, ”қорғаушы” – спорттық ұғымды білдіретін касіби атау, ал ”Жаудан Москваны қорғаудағы қазақстандықтардың жанқиярлық ерлігі мәңгі есте қалады”, - дегендегі ”қорғаудағы” сөзі жалпыхалықтық лексикадағы көп сөздердің бірі ретінде ”ерлік” сөзін анықтап тұр, арнайы лексиканың ешбіреуіне жатпайды. Сондықтан талданып отырған сөз "адвокат” ұғымын білдіргенде ғана термин болып саналады, осы функцияда ғана заңдық ұғымның атауы ретінде оның моносемантикалылығын мойындаймыз. "Кемсіту” сөзі "дискреминация” атауының болмысы ретінде "адамдардың ұлтына, нәсіліне қарап алалау құқығын шектеу” деген ұғымда заң терминдерінің қызметін атқарып келеді. Бұл сөз де тек осы мәнде ғана терминдік қызмет атқара алады. /26.47/. Ал осы сөз жалпыхалықтық лексикада басқа мағыналарда да қолданыла береді (ерден ердің кемдігі жоқ. Оны кластас оқушыларының бәрі кемсітуші еді т.б. ). Тағы бір мысал: Ана тілімізде барлық байлық ұғымын білдіретін "қор” деген сөз бар. Бұл жалпыхалықтық лексикада омонимдік сипаттағы сөз. ( Асқар бұл күнде "қорланып қалды" , - дегенде байыды деген ұғымды бірдірсе,"Қор болды-ау жаным", -дегенде бейшара болдым-ау, абыройым қалмады-ау тектес мәнде жұмсалады). Ал осы сөз кейінгі кезде "белгілі бір мақсат үшін белгіленген ақша немесе материалдық құралдар. Бір нарсенің негізгі қоры – (валюта қоры, тұрғын үй қоры т.б. )" мағынасында заң терминдерінің қызметін атқара бастады. Соңғы мағынасының дараланып моносемиялануының нәтижесінде осы қызметте омонимдік қасиетінен арылды. Осы негізде кейінгі кезде көптеген жаңа сөздер пайда бола бастады. "Қонаев қоры", "Төле би қоры", "Балалар қоры", "Райымбек қоры" т.б.

Сонымен, заңдық ұғымды білдіретін сөздер өз бастауын жағынан абстракцияланады. Мысалы, ұлттық мемлекетіміздің құрылуымен байланысты келген көптеген құқықтық ұғымдарды білдіру үшін, атаулар керек болғанда, оларды ең алдымен төл лексикамыздың мүмкіншілігінен іздейміз. Сөйтіп, мағынасы сол ұғымға сәйкес не жуық келетін сөздерге жаңа терминдік ұғымды телиміз. Терминдердің жасалуы саналы түрде болады дегенде, осылар ескеріледі. Олардың терминдік мағынада өту жолдары әртүрлі: бірқатар көпмағыналы сөздердің бір мағынасының абстракциялануынан жасалса, енді бір тобы дара мағыналы сөздердің мағынасының өзгеруінен пайда болады. Мысалы, "сезікті" сөзі "қылмыс істеді деген сезіктен ұсталған адам және айып тағылмастан бұрын бұлтартпау шарасы қолданылған адам" , - деген мағынада заң термині қызметін атқарса, "қауіптену" мағынасында жалпыхалықтық лексикада да жиі қолданылады: неден сезіктендің, орныңнан атып тұрдың ғой? Неден қорықтың балам, мен ешнәрсені сезіп тұрған жоқпын? "Сезікті секірер" (мәтел). Осыған көңілім күптігендей болады да тұрады" деген мысалдарда " сезікті, қорықтың көңілім күптігей болу" сөздері синонимдес, "қауіптену" мағынасында қолданылған ал екінші сөйлемдегі " сезіп" атауы, "тұрған жоқпын", сөздерімен тіркесіп "білген жоқпын", "түсініп тұрған жоқпын", тіркестерінің мәнімен сәйкес келеді. Демек, бұл сөз белгілі жағдайда құқықтық ұғымды білдіру үшін қолданылғанда ған заң термині бола алады және соңғы қызметті "қауіптену", "солац шығар-ау деп ойлау" мағынасының негізінде пайда болады. Осы арада айта кететін бір жай – сөздің бір мағынасы терминдік мағына алғанда, жаңа ұғымды білдіргендіктен басқа мағыналарының бүтіндей дараланып өз алдына дербес сөз ретінде танылады. Олай болса, сөздің термин болып қалыптасуымен бірге дүниеге жаңа сөз келеді де, тіліміздің лексикалық қорын байытады. Енді бір қатар сөздер терминге өткеннен кейін тек сол мағынада ғана жұмсалады. Мысалы, "кешірім" деген заң термині бар. Оның мәнін заң терминдерің сөздігінде (1986 жылы шыққын) былай түсіндіреді. "Помилование – кешірім . Сотталған адамға тағайындалған жазаны жеңілдету немесе оның сотталды деген атағын жою туралы акті. Кешірім беруді СССР Жоғарғы кеңесті Призидиумы мен Қазақ ССР кеңесі Президиумы жүзеге асырады ". /26. 166./ Бұл күнде "кешірім сөзінің басқа мәні жоқ, осы мағынамен шектелген . Қазір заң терминніне айналған "беттестіру" де тек терминдік мәнде жұмсалатын болды. Ол жалпыхалықтық лексидада сирек қолданылады. Оның мағынасы: "Куәлардың жауаптарында қайшылық болған реттерде тергеуші немесе анықтама жүргізуші адам оларды беттестіріп, жауап алуға құқылы. Беттестіру бұрын жауап алған екі куә арасында ғана болады". Осы әрекетті "беттестіру" дейді. /26.92-150/.



Заң терминдері де лексикалақ қордың басқа стильдік топтарының құрамындағы атаулар сияқты жаңа сөздермен толығып не болмаса терминдік мәннен ажырап, қолданыстан шығып, қалып отырады. Яғни, бұл саладағы терминдер құрамында да сөздердің архаизмденуі және неологизмдердің пайда болуы – үйреншікті құбылыс. Мұндай өзгерістерге әртүрлі тарихи-әлеуметтік оқиғалар, бұл оқиғаға берілген әрқилы баға мен қоғамдық пікірлер түрткі болады. Бір кезде адамдар арасындағы қатанасты жүйелі түрде жүргізуші, әділет нормасын сақтап қорғаушы, қылмыстыға жазалау үкімін шығаратындар билер болғанын айтқанбыз, ол кезде "би "сөзі архаизмденіп, оның қызметін атқарып отырған сөз ( сот) құрамына енді. Бұрын әділеттілік нормасын бұзған адамдарды "күнәкәр" деп тауып, оны ислам дінінің ережелеріне сәйкес жазлайтын. Оның істеген ісін "күнә" дейтін. Бұл екеуі де араб тілінен келген кірме сөздер (күнәкәр, күнә). Олар ана тілімізге құқықтық ұғымды білдіретін заң терминінің қызметінде қабылданған болатын. Кейін бұлардың орнына "айып, айыпкер, қылмыс, қылмысты" сөздері қабылданып, "күнә, күнәкар" атаулары архаизмденді". Жалпыхалықтық лексикамен терминдік лексиканың арақатынасында мынадай жағдайлар да болады: алғашында заң терминнің мағынасын білдіретін сөз кейін өзі білдіретін ұғымның күрделенуіне қоғамдық тұрмыстан шығып қалуының салдарынан архаизмденуі мүмкін. Ал осы сөз бірнеше уақыттан кейін сол бастапқы қызметін қайта атқаратын болып, тілімізге қайтадан оралатын жағдайы да болды. Осы күнде қолданысқа қайта енген "әкім" сөзі осыған дәлел. Бұл қазақтың төл сөзі емес араб тілінен енген: "әкім – 1) басқарушы, губернатор, бастық; 2) ауыс, үстемдік етуші, билеуші; 3) судья, арбитр" , /60.112/ Бұл сөз ккеңес дәуірінде атқарушы органдарды басқаша атаудың нәтижесінде қолданыстан шығып қалған болатын. Кейін одақтық басқару тарап, әр республиканың егемендікке қолы жеткенде, еліміздің жергілікті жерлеріндегі атқарушы органдарын білдіретін құқықтық ұғымды осы әкім сөзі білдіретін болды: обылыс әкімі, аудан әкімі, қала әкімі. Бұл сөз ана тілімізге қайтып оралғанда, бұрынғы мағынасын дәлме-дәл қайталамайды: оның қазіргі мәні бастапқыдан әлде қайда күрделі. Сондықтан ол енді ел билеудің мүлдем басқа сападағы түрін білдіреді; Президенттік басқарудың жергілікті жерлеріндегі бұтағын білдіретін заң термині. Келтірген күнә, күнәкәр, әкім сөздері тілімізге араб тілінен енген кірме сөздер екенін айттық. Заң терминдерінің құрамы, сонымен шығу төркіні екі бағытта болды: біріншісі – қазақтың төл сөзіне саналы түрде терминдік мағына беру де, екіншісі – басқа тілден ауысқан кірме сөздерді терминдік қызметте қолдану. Осы кейінгі жолмен пайда болған заң терминдері қатарына орыс тілінен енген не орыс тілі арқылы басқа да батыс елдерінен ауысқан атаулар да біраз бар: бюрократизм, вакансия, бюллетень, вексель, виндикация, депутат, диверсия, демарш, документ, идентификация кодекс т.б. осы сияқты сөздер бұл күнде заң терминдері қатарынан тұрақты орын алған. Айта кететін бір жай, оған терминдік мән беру тенденциясы бар. Бұл – құптарлық бағыт. Тек асыра сілтеп алмауымыз керек. Мәселен, бұл күнде "командировка" сөзін " іссапар", "гимнді" "әнұран", "гербті" "елтаңба" дейтін болдық, өте орынды, ұғымды, дәл, толық мәнін білдіретін баламалар. Керісінше, кез-келген интернационалдық терминдерді аударудың жолы осы екен деп, қазақшалай беру де жарамайды. Оны тілді тұтынушылар қабылдамай қоюы да мүмкін. Тағы бір кемістік терминді әр түрлі тәржімелеудің салдарынан бір ұғымды бірнеше сөз жарыса білдіріп жүрген жағдай бар. Мысалы, "семья" деген заң терминдері бар ( кең мағынада саяси – әлеуметтік мәнді білдіретін атау), осыны қазақшалаушылар көбейіп, отбасы, жанұя, түтік, ошақ сөздері арқылы беріліп келеді. Төртеуі де қолданыста, әрбір мерзімді баспасөз осы сөздерден өз қалағанын алады. Осындай алақұлалық соңғы кезде көбейіп кетті. Олар терминкомның шешімі "де құлаққа аспайды, өйткені бұл мекеме осы сөздердің ішінен "отбасы" атауын ғана термин ретінде бекіткенін білеміз. Бір ұғымды білдіретін қылмыскер, қылмысты, айыпкер, айыпты сөздерінің заң сөздігінде термин қызметінде біріншісі ғана алынған. Бірақ практикада осының кез-келгенін қолданылып жүр. Шындығында бұл сөздердің мағыналары бір-біріне жуық болмағанымен, айырмашылықтары да бар: "айыпкер " үстінен "қылмысты" іс қозғалып, ол сотта қаралып жатқан адам деген ұғымды бірдірсе, істеген қылмысты мойнына қойып, сотта жазасын алған кісі ұғымын білдірсе керек. Осы сөздерге кейінгі шыққан заң терминдерінің сөздігінде мынандай анықтама берілген: "Обвиняемый – айыпкер. Қылмыс істеді деп айып тағылған адам" /26.123/."Преступник - қылмыскер". Қоғамдық немесе мемлекеттік құрылысқа, шаруашылыққа әлеуметтік жүйесіне, әлеуметтік мүлікке азаматтардың өз басына, саяси, еңбек, мүлік және басқа құқықтарға қол сұғуға бағытталған, қоғамға қауіпті, сондай-ақ қылмыстық заңда көрсетілген құқық тәртібін бұзған, қоғамда басқа да сондай іс-әрекет жасаған адам. Бұдан шыққан "қылмыскер" мен "айыпкер" екеуі екі түрлі ұғымды білдіретін заң термині, олар синонимдік қатар түзе алмайды. Осы арада айта кететін бір жай – "қылмыскер" мен "қылмысты" сөздерінің мағынасы туралы. Бұл екі сөздің мағыналарының арасына да тепе-теңдік белгісін қоюға болмайды. Біріншіден, қылмыскер ертерек субстантивтенген. Сондықтан қылмысты сөзі оған қарағанда сын есімдік қызметте жиірек қолданылады: "Қылмыскер адам" тіркесінен гөрі "қылмысты адам" тіркесі тілдік нормаға сәйкес келеді. Екіншіден, қылмыскер сөзінің білдіретін мәні қылмысты атауынан басқаша. Біріншісі, бұрын бірнеше рет қылмыс жасап, елге белгілі кәнігі баукеспе (орысшасы - "уголовник", рецидивист) деген мәнде айтылса, екіншісі, бұрын қылмыс жасап қолға түспеген, осы жолғы ғана істеген заңнан тыс әрекетімен белгілі болып отырған кісіні аңғартады. Сөз мағынасының осындай сырттай байқала бермейтін, тереңірек бойлауды қажет ететін бұралаңдары көп болады. Қазақ тілі заң терминдерін жасағанда, мұны міндетті түрде ескеріп отыру керек.

Жалпыхалықтық лексикадағы сөздер әр түрлі функционалдық стильде ғылыми әдебиеттерде қолданылып жатса, екінші бір жағдайда басқа мағынада қолданылып, жалпыхалықтық лексиканы байытуы, соның құрамына өтуі де кездесіп отырады.



Мысалдар: "Бұл кісі біздің үйдің прокуроры" деген сөйлемдегі прокурор сөзі заң термині болу қызметінде жұмсалып тұрған жоқ, бұл арада сол үйдің басшысы, отбасында шешуші роль атқаратын кісі", - деген мағынада қолданылып тұр. Осындай бұрын тіркеспейтін тілдік ортада, басқа сөздердің қоршауында келіп, ауыспалы мәнде жиі қолданылуының нәтижесінде жаңа мағынаға ие болып, жалпыхалықтық лексикаға өткенде терминдік қасиетін жоғалтады. "Прокурор" сөзінің соңғы мағынада қолданылуында осы байқалады:

1. Оның мағынасы ауысқан ( заң қызметкері деген ұғым емес, үйдің иесі, әйелі деген ұғымды білдіреді);

2. Экспрссивтік-эмоционалдық мағынада айтылған, яғни сөзге логикалыұ екпін түсіріп, көтеріңкі дауыспен айтылады да, мағынасында ерекше бір әсерлілік тыңдаушыға ерекше көңіл қоярлық қасиет пайда болған. Мұндай көпмағыналылық, экспрессивтік – эмоционалдылық терминдерде болмайтын, олардың табиғатына жат қасиет. Сондай-ақ "адвокат" сөзі де – заң термирні. "Адвокат - ақтаушы. Адвокаттар коллегиясының мүшесі". Оған жоғарғы білімі бар және заң мамандығы бойынша кем дегенде екі жылдық стажы бар. Мұндай көпмағыналық, экспрессивтік-эмоционалдық терминдерде болмайтын, олардың табиғатына жат қасиет. Сондай-ақ "адвокат" сөзі де – заң термині. Авокат – ақтаушы. Адовокаттаро коллегиясының мүшесі". Оған жоғары стажы бар СССР азаматтары қабылданды" Қазір осы сөз де кейде заңдық мамандықты білдіру қабілеттінен басқа мәнде жұмсалады. Ол да бастапқы мағынасынан ауысып, келтірінді мәнде жұмсалады. Ол бастапқы мағынасынан ауысып, келтірінді мәнде жұмсалған жағдайда болады. Мысалы: "Бұл арада сенің араласатын жөнің жоқ, балалар өзі шешіпті. Оларға сенің адвокататтығыңның қажеті болмай қалды", - дегендегі адвокат сөзі арашашылығың, жанашырлығың, қолданушылығың сияқты атаулардың білдіретін мағынасын білдіреді. Сөйтіп, адвокат сөзі де осы қолданыста бейтарап лексикадағы соңғы сөздердің синонимдік қатарына қосылады. Сондықтан да бұл сөздің кейінгі мағынада заң терминдерінің табиғатына жат көпмағыналылық, ауыспалы мағыналылық қасиеттерге ие болып және экспрессивті-эмоционалдық мәнді білдіріп жүр. "Куә " сөзі де заң термині: "Свидетель - куә". Қылмыстық немесе азаматтық іс бойынша өзіне белгілі мән-жайлар туралы жауап бере алатын адам" /26.212/. Осы сөз де бұл күнде жалпыхалықтық лексикада кең мағынада айтылып терминдік қызметтен басқа мағынада да қолданыла береді.

Мысалдар: "Күнә" сөзі. Зәбір көргенді, куәларды қазбалап сұрап алып, заң бойынша үкім шығаруға тырысты. (М.Қаратаев). 2. Бұған бүкіл ауыл куә. Келестің жұмсақ толқындары куә, Кеңсай да куә, аспандағы жұлдыздар да куә. Бірінші сөйлемде куә сөзі ұғымды білдірсе, екінші сөйлемдегі олай емес, қылмысты дәлелдейтін адам ұғымында қолданылып тұрған жоқ, жалпы болған істі дәлелдеуші деген ұғымды білдіреді және дәлелдеуші міндетін бұл арада бүкіл бір ел адамдары да, табиғат та атқарады. "Күнә бол жаным, куә бол айым, куә бол Алатауым", - дегенде тауды куәлікке шақырады. Бұл арадағы куә сөзін де заң термині деуге келмейді.

"Жала" сөзі де термин болып саналады: "Клевета - жала". Қазақ ССР-інің қылмыстық кодексі бойынша ауызша жазба түрінде адамның абыройын түсіретін көрінеу өтірік-өсек тарату, не болмаса ауыр қылмыс істеді деп айыптап, жал жабу қылмыс болады. Сөйтіп, қылмыстың түрі ретінде заң терминдерінің қатарынан орын емес, тұрмыстағы жай ғайбаттау, біреудің сыртынан айтылған жеңіл өсек те жала делінді. Соңғысы терминдік мәнде емес, жалпыхалықтық лексикадағы сөз болғандықтан "өтірік", "өсек", "жалаған" сөздерімен сәйкес келіп синонимдік қатар түзеді. Бұл орым тілінедегі "сплетня" деген сөздің мағынасынбереді.

Осы сөздің негізінде пайда болған "жалақор" сөзі де – заң термині, қылмыстық бір түрін көрсететін ұғым атауы ретінде "Қылмысты істер кодексінде" жазылған. Нақақтан біреуге жала жапқан немесе жауапқа тартылған адам деген ұғымды білдіреді. Осы сөз бұл күнде тек заңдық ұғымды ғана білдіріп қоймайды, сонымен бірге, жалпылексикадағы "өтірікші", "бәлеқор" сөздерімен сәйкес мәнде жұмсалып, солармен синонимдеседі. Мысалы: Абайдың үстінен неше алуан қылмыстармен айыпталған жалақор, жалған арыздар түсті.(М.Әуезов, "Әр жылдар ойлары") Мәселе түсінікті болса керек, - деп Аманқұлов қорыта бастады. Бұл жігіттің өзі тәртіп бұзғанымен қоймай, жалақор да екен". /28/ Сонымен заң терминдері оның мағыналары бір жағынан және екінші жағынан терминдік мәндегі сөздер жалпылама лексикадағы сөздермен ьолығып жатса, екінші жағынан терминдік мәндегі сөздер жалпылама лексикаға өтіп, заңдық ұғымды білдіру қызметінен айырылып қалды. Демек, лексиканың басқа салаларында болып жататын өзгерістер заң терминдері құрамында да болады және олар сөз құрамының кез-келген стильдік тармақтарымен қарым-қатынаста болады, солар арқылы дамиды. Сондықтан оны ана тіліміздің лексикалық қорынан бөліп қарау мүмкін емес, ол да лексикалық қордың құқықтық ұғымында қолданылатын, осы қызметі арқылы басқа салаларынан ерекшеленетін функционалдық бір тармағы болып табылады.

Құқықтық ұғымдар әр түрлі болғандықтын олардың атауы терминдер де өз ішінде бірнеше топтарға бөлінеді. Мысалы, қылмысты істер құқығы, азаматтық құқық, мемлекеттік құқық, әкімгершілік құқығы т.б. заң ғылымдарының атын білдірсе, жалақор, парақор, жемқор, рецидивист қылмыс түрінің атын білдіреді. Ал судья, прокурор, адвокат, тергеуші, заң қызметкерлерінің лауазымдары туралы ұғымдарды білдіретін сөздер. Сот, прокуратура, заң консультациясы, милиция, әділет министрлігі, әділет басқармасы, соттың орындаушысы, т.б. заңдық мекемелер заңдық қорғау органдары туралы ұғымдардың атауы болып табылады. Осы атаулардың әрқайсысы ішкі мәніне қарай өзара тармақтанып кетеді. "Заң ғылымы" деген ұғымға бұрын "қылмыстық құқық", "азаматтық құқық", "мемлекеттік құқық" тармақтары енетін болса, бұл күнде оның көлемі әлдеқайда кеңіген, бұл құрамға көптеген жаңа ұғымдар қосылған және де заң терминдерінің білдіретін мағыналары жалпыдан жалқыға қарай тарала береді: жала – жалақор – бәлеқор –өсекші –өтірікші т.б. Осындағы "жала" сөзі қылмыстың атынг білдірсе, "жалақор" мен "арызқой" сөздері жалақор адамның әрекетінің түрін аңғартады, "өтірікші" мен "өсекші" сөздері де солай, олар соңғы сөздердің мағынасын нақтылай, дарлай түседі. Жалпыдан жалқыға қарай жылжыған сайын сөздердің терминдік мәні төмендей береді, сөйтіп, ақырында олар жалпыхалықтық лексикаға немесе арнайы лексиканың басқа түріне ауысуы мүмкін. Мысалы, жанжал, жалақор заң термині ретінде танылған сөз болса, одан кейінгі сөздердің осы қызметі біртіндеп төменде берген: "бәлеқор", мен "арызқой" сөздерінде құқықтық мән бәсеңдеп, терминдік қызметі өше бастағаны байқалса да, адамдар арасындағы қатынастар нормасын бұзып тұрған, әрекеті қылмыс болмаса да, соған жақындап қалған адам мінезі білінеді т.б.

Тек пен түрдің ара қатынасын заң терминдерінің барлық аласынан байқауға болады. Мысалы, кез-келген қылмыстың түрін білдіретін сөздердің әрқайсысын жеке-дара қарастырғанда, оның өзіне тән құрылымдық бөлшектері болатындығы, олар да терминдік мәнге ие екендігі мәлім: магазин тоналды дейік – қылмыс . Осыны зерттеу үшін заң қызметкерлері мынандай әрекеттер жүргізеді: қылмыс жасалған жерді мұқият зерттейді, қылмыстың болған уақытын айқындайды, оны көрген адамдардан, жәбірленушіден жауап алады, заттай, басқа да айғақтар материалдарды жинайды, қылмысты істеуші, оны жасау себебі жайында жорамал жасады, тоналған заттардың жалпы көлемін айқындайды. Осы ұғымдар мен әрекеттердің аттары бар. Олар "қылмыстың обьектісі", "қылмыстың субъектісі", қылмыс жасаған жер", "қылмыстың жасалу себебі", "қылмыс жасалған уақыт", "қылмысқа байланысты куәгерлер", "жәбірленуші", "қылмысты дәлелдейтін айғақты заттар". Бұл терминдік мәндегі сөздер мен сөз тіркестері болып табылады және кез-келген қылмысты зерттеуде осы терминдер қолданылады. Бұл терминдердің жиынтық аты "қылмыстық істі зерттеу" делінсе, оның мағынасының келтірілген ұғым атауларына қатысы тектің түрге қатысындай.

Заң терминдерінің мағыналарын айтқанда терминдердің басқа салалары сияқты моносемантизм мұнда да олардың негізгі ерекшеліктерінің бірі екендіктері ескеріледі. Дегенмен, қазақ тіліндегі лексиканың бұл саласына жататын сөздерге де сөз құрамына басқа стильдік тармақтарында ұшырасатын синонимдік, антонимдік, омонимдік белгілер кездесе береді. Мысалы, "тергеуші" , "жауап алушы" сөздері мәндес. Осындағы бірінші сөз бұл кезде заң термині болып қалыптасқан "Следователь – тергеуші"

"Прокуратураның тергеушісі ", іскі істер органының тергеушісі, мемлекеттік қауыпсіздігі органдарының тергеушісі қылмысты істер бойынша алдын-ала тергеу жұмысын жүргізеді. /26.217/. Солай бола тұра, кейде көркем әдебиеттерде, қылмысты істерді не болмаса азаматтық істерді жүргізген құжаттарда "тергеуші" сөзінің орнына "іс жүргізуші", "жауап алушы" сөздерінің бірін қолданушылық кездесіп қалады. "Анықтау" , "зерттеу", "дәлелдеу", "ашу", "айқындау" сөздері де мағыналары бір-біріне жуық синоним сөздер болып есептеледі. Осы қатардағы "анықтау" заңдық ұғымды білдіреді. "дознание – анықтау. Қылмысты алдын ала тергеуге байланысты әрекеттердің бірі". /26.55/. Осы сөздердің синонимдес екніне мынандай дәлел айтуға болады: қазақша – орысша сөздерде бұл сөздер туралы берілген түсініктерді келтірсек: "анықтау - выяснять", определять, уточнять; ең алдымен анықтап алу керек – сначала уточнять; анықтаудың қажеті жоқ – нет необходимости выяснении./26. 34/.



"Дәлел – аргумент доказательство, довод, основания, мотивировка". Осыларды салыстырғанда бұл сөздердің бір-бірімен синонимдестігі білінеді. Ал "айғақ" та , "дәлел" де заңдық ұғымдарды білтіреді, сондықтан заң терминдері: "улика - дәлел. Қылмысты істер жүргізу заңдарында кездесетін ұғым. "Айғақты қараңыз. "Дәлел" сөзі түсіндірме сөздікте былай берілген: "Дәлел зат, себеп, сылтау, айғақ. Ерекше халықшыл бағыты үшін, өнер, еңбегі үшін Абайды бағалаушы халық саны сол тұстың өзінде де көбейіп қалғанына осы дәлел еді. Сөзім сол – мейлің жандыр, мейлің өлтір! Қисық десең, кәнеки дәлел келтір. Осы сөйлемде туындаған "дәлелдеме", "айғақтама" деген атаулар бар. Олар да заңдық ұғымды білдіреді.

Заң терминдерінің, онымен синонимдік қатар түзетін атаулардың жасалу жолдары әр түрлі болады. 1) заңдық ұғымды білдіретін ана тіліміздің төл атауларының қызметін басқа тілден енген кірме сөздер де атқаруы мүмкін. Сонда ол осы мәндегі төл сөздермен синонимдік қатар түзеді. Мысалы, "кәсіптің түрі" деген ұғымды білдіретін не жалпы мамандық ұғымын білдіретін кірме сөз "квалификация" –бұл күнде осы мәндегі заң термині қызметінде жиі қолданылып жүр. Ертедегі "би" сөзі кейін көрші елдің тілінен "сот"сөзі келіп, осы екі сөз бір ұғымды қатарласа, жарыса атқаратын болды да ақырында осы мәнді "сот" сөзі жеке білдіретін болды. "Жол", " жарғы " < "заң" сөзі атқаратын болды. 2) Ана тілімізде синонимдік мәнде қолданылып жүрген сөздердің бірі кейінірек заңдық ұғымды білдіретін болып, біртіндеп заң терминдерінің қатарына қосылуы мүмкін. Сөйте тұра, ол алғашқы өзімен бір синонимдік қатардағы сөздерден көпке дейін мағыналық байланысын үзбейді. Мысалы, Болғанбаев "арандату", "ұрындыру" сөздерін бір синонимдік қатарда қарастырады да, мына мысалдарды келтіреді: Ойының болса айт, мені бекерге арандатпа! Кейде әдейі өздері түртіп, бір пәлеге ұрындырып, одан тағы өздеріқұтқарып алған боп та бауырына тартады. Осындағы "арандату" сөзі кейінгі кезде заңдық ұғымды білдіретін терминге айналды. Бұған тағы да мына мысалдарды келтіруге болады. "үкімет, өкімет", ана тілімізде кесік, кесім, шешім, үкімет сөздері – бір синонимдік қатардағы сөздер т.б

Кейде заң терминдері қатарынан кейбір сөздердің жалпыхалықтық лексикаға өтіп отыратын жағдайлары да болады. Мысалы, "тергеу" заң термині бар: следователь – тергеуші. Прокуратураның тергеушісі, ішкі істер органының тергеушісі, мемлекет қауіпсіздігі органдарының тергеушісі, қылмысты істер бойынша алдын-ала тергеу жұмысын жүргізеді./26.215/ "Бұл бала біздің үйдің тергеушісі; кімнің не істегенін, қайда жүргенін тергеп, біліп отырады", - дегенде "тергеуші" сөзі құқықтық ұғымды білдірмейді, отбасының бір мүшесінің әдетін әр нәрсені біліп отыруға құштарлығын білдіреді. Бұл сөздің соңғы мағынасы оның ауыспалы мәнде қолданылуынан пайда болған. Енді бір сөз "тапсырма". Ол "Қазақша – оысша сөздікте" былай берілген. "Тапсырма – задание, поручение". Көп мағыналы сөз. Осы атаудың "поручение" деген мағынасының негізінде жаңа термин пайда болды. Ол заңдылық ұғымды білдіреді де, бастапқы мағыналарымен парадигма құрайды. Сөйтіп, жаңа омонимдік қатар пайда болды. Бұл сөздің заң термині қызметіндегі мағынасы: поручение – тапсырма. Тапсырма шарты бойынша сенім алушы сенім берушінің атынан немесе соның атынан белгілі бір заңды әректтерді жасауға міндеттенеді. Егер заңда немесе шартта ақы төлеу белгіленген болса, сенім беруші сенім алушыға ақы төлеуге міндетті. Келесі сөз "делдал" сөзі. Соның бір мағынасы заңдық ұғымды білдіріп, заң терминдерінің қатарынан орын алған. Бұл сөзге 10 томдық түсіндірме сөздікте №3 томында мынандай анықтама берген: "Делдал", зат.1.Екі адамның арсын келістіру үшін жүретін кісі. Терминдік мәні мынандай: "Посредник" – делдал. Келістіруші кісі немесе ұйым.

Заң термині қызметінде жұмсалып жүрген сөздердің көпмағыналылығы, омонимділігі, синонимділігі, эмоционалдылығы, негізінен, терминдік мәндегі сөздер мен лексикамыздың басқа стильдік тармағына жататын сөздердің аралығында ған ұшырасады. Олардың өзі екі түрлі жағдайда көрінеді: бірде көпмағыналы сөздердің бір мағынасының негізінде заңдық ұғымды білдіретін атау қалыптасса, енді бірде заң термині жолында халықтың сөйлеу тілінде әртүрлі экстралингвистикалық себептердің әсерінен ауыспалы мағынада қолданылып барып, қосымша мағынаға ие болады. Сөйтіп, терминдік лексикадағы сөздер мен оның пайда болған мағынасының арасында қатынастар – көпмағыналылық не омонимдік қатанастар пайда болады. Осыны дәлдейтін бір қатар мысалдар келтірдім. Терминдік ұғымды білдіретін сөздер құрамында антонимдік қатынастар да болады: жәбірленуші – жәбірленуші, айыпкер – айыпталушы, ақталушы – қаралаушы, қылмысты – тергеуші.



    1. Грамматикалық табиғаты

Қазіргі заң терминдерінің негізгі үш түрлі жолмен жасалғандығын көруге болады. а) күнделікті қолданылып жүрген заң терминдерінің күрделенуі, яғни ұғымның сөз тіркестері мен күрделі сөз, үйірлі мүшелерімен берілуі; ә) бұрын қолданылған сөздердің мағыналық өзгерістері арқылы; б) басқа тілден енген термин сөздер арқылы. Екі немесе одан да көп сөздерден құралған терминдер бірнеше мағыналық байланыста болады:




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет