3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ



бет11/20
Дата19.12.2016
өлшемі5,03 Mb.
#4105
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20

Оз төрге отағасым Ойсылқара,

Құрдасы әлімсақтың ойшыл, дана'



(Қ Шаңғытбаев )

Тамаша ғой! Осы жолдардағы отағасыны, яки бұдан да гөрі ескілеу Ойсылқара мен әлімсақты “осы күндендірудің” тіпті де қажеті жоқ. Қысқасы, кенеулі сөздерді көнертпеген жөн.

Мүмкін қадарынша, архаизмдерден молырак хабардар болу тек қалам иелері ғана емес, жалпы әдебиет сүйетін, өз халқының арғы-бергі мәдениетін қадірлейтін жұрттың бәріне керек. Біз, әрине, кез келген сауатты кісі Орхон жазуларындағы жырларды түп нұсқасынан оқып түсінсін, я болмаса “Қодекс-куманикус” пен “Қудатғу біліктегі” ежелгі ұғымдарды ежіктей алатын болсын демейміз, Ең жеңілі, төмендегі тәрізді, кәдімгі ақпа-төкпе жырау толғауына толығырақ тұшыну үшін де кейбір көне сөздердің қорғасындай ауыр салмағы мен сап таза мағынасын саралап түсіну шарт:

Алп, алп басқан, алп басқан Жағасына қыршын біткен тал

Арабы торым өзіңсің. еді,—

Жазылы, алтын, қол кескен Жапырағын жайқалтып

Алдаспаным өзіңсің, Терек етсе, тәңірі етті,

Еділден шыққан сызашық Тебінгінің астынан

Біз көргенде тебінгіге Ала балта суырысып,

жетер-жетпес су еді, Тепсінісіп келгенде.

Телегейдей сайқалтып, Тең атаның ұлы едің,—

Жарқыраған бернеді Дәрежеңді артық етсе, тәңірі

Теңіз етсе, тәңірі етті, етті'

(Шалгез )

Суреткердің, сөз қорын молайтып, тілін байытар тағы бір қайнар бұлақ — н е о л о г и з м (грекше пеоs — жаңа, Іogos —сөз) — ж а л п ы қ о ғ а м д ы қ д а м у м е н с а б а қ т а с т ы ң н а н т у ғ а н с о н ы м а ғ ы н а л ы с ө з -д е р . Бұл — толассыз болып отыратын

215

құбылыс. Біздің дәуіріміздің ғылым мен техникадағы ұшан теңіз жаңалықтары тілде бұрын болмаған жаңа атаулар әкеледі. Оларды әдебиетте де солай, жаңаша атамасқа болмайды. Мысал үшін Ғ. Мүстафиннің “Қарағанды” романынан бірер үзінді келтірейік:



Мейрам бой жазуға вагоннан тусті. Күн қоңыр адырдан асып кетіпті, сәулесі сонау биіктердің басында ғана қалған. Станция тау бөктерінде. Алысырақ, жазықта үйір-үйір мал, жаңа қоныс колхоз қоралары қарауытады. Аңшы ма, тығылған кулак па, сонау тауда тас арасынан әлдекімнің басы қылтыңдайды... Ауыл, станция, поезд араласқан кең далаға көз жіберіп тұрып,— қазақ далас қайнап жатыр,— деді Мейрам.

Тағы да осы романнан:



Комбайн жайындағы булардың белгілі таласына Жанәбіл мен Щербаков үйренген. Сөзге араласпай, ашық шахтаның әр көршісіне құныға қарап келеді. Қырық-отыз вагонды бір-ақ тіркеп, поезд забойда тұр, екі экскаватор екі тустан тиеп жатыр.

Міне, осы үзінділердегі вагон, станция, колхоз, кулак,поезд, комбайн, шахта, забой, экскаватор деген сөздердің бәрі — неологизмдер — қазақ тілінде бұрын болмаған,'Октябрьден кейін ғана енген сөздер. Бұл сөздерде, бір

жағынан, техникаға байланысты профессионалдық сипат та бар. Асылы, әдебиетте оның тіл көркемдігіне зақым келтірер техницизм, профеосионализм деген түрлеріне онша әуес болудың керегі жоқ. Бірақ “Қарағанды” сөкілді жұмысшылар өмірінен жазылған шығармаларда шыли қазақы халде қалу тым қиын; жоғарыдағыдай сөздерді орнымен қолданып, әр нәрсені өз атымен атау әбден дұрыс.

Жаңа сөздердің әр тілде оңай тұрақтап, жарасымды орын тебетін түрлері — сол тілде бұрыннан бар сөздер негізінде жасалған неологизмдер: тілші, ұшқыш, екпінді, өндіріс, үгітші, тыңайтқыш, хатшы, үйірме, оқулық т. б. Бұлар қазіргі қазақ тіліндегі қашаннан келе жатқан сөздермен жіксіз жаласып, жақсы үйлесім табады.

Тіл халықтікі. Жазушы тілді халықтан үйренеді. Сөйте тұра жазушы халыққа тіл үйретуге де тиіс. М. Горький бір кезде жаңа, социалистік мәдениет жасау міндеттерін талдап түсіндіре келіп, жазушылар алдында тіл ұстартар тың сөздер туғызу міндеті де тұрғанын атап айтқанды. Бұл мәселеге кезінде М. Әуезов айрықша мән берген болатын, қазір I. Жарылғапов бір-қыдыру еңбек сіңіріп

216


жур. Оның мороженое, шампанское, остановка деген тәрізді сөздерді балмуздақ, аққайнар, аялдама деп аударуы немесе басылу, оқушы, көруші деген сөздердің өзін басылым, оқырман, көрермен деп жетілдіруі — сәтті әре-кет. .

Неологизмдердің бір алуаны интернационалдық сөздер және терминдер екені белгілі: марксизм, ленинизм, революция, коммуна, интернат, партия, комсомол, пионер, совет, коллектив, социализм, капитан, эскадрон, маршал т. б. Бұлар қазақ әдебиетінде сонау Абай тұсынан, әсіресе Сәкен өлеңдерінен бермен қарай орайлы жерінде қолданылып келе жатыр. Интернационалдық сөздерді колдану үлгісін Сейфуллиннің “Альбатросынан” тіпті айқын көруге болады.

Кейде кейбір тың сөз көр.ер көзге шет сөздермен шектесіп жатуы да мүмкін. Ал орынсыз 'қолданылған шет сөз — неологизм емес, варваризм.

Жаһилдер ғалым сөзін тындамаған,

Шарғиға мықтап белін байламаған

Бұлбұлдар фаруаз айтып сайрар көлде,

Шығарар хапаларын бар көңілде.

Махрұм ете көрме раббым қадар,

Жат етіп әр уақытта жазам ғазал.



(Н. Наушабаев.)

Осындағы жаһил (дінсіз), шарғи (дін),фаруаз (наз), махрүм (құр), раббым қадар (құдіреті күшті құдай), ғазал (өлең) деген сөздердің қазақшасын алған қандай оңды болар еді, бірақ жарты ғасыр бұрын өткен Нұржан ақынға мұны айту, әрине, қиын.

Тілді жөнсіз шұбарлауға В. И. Ленин де қарсы болған: “Біз орыс тілін бүлдіріп жүрміз. Шет сөздерді орынсыз 'қолданып жүрміз. Оларды теріс 'қолданып жүрміз. Мін немесе кемшілік, яки олқылық деуге болатын жерде дефект деудің керегі не?..”

“Қалауын тапса, қар жанады” дегендей, орнымен қолданған жағдайда бай-тақ Қазақстанның кейбір өлкелерінде ғана түсінікті жекелеген ж е р г і л і к т і с ө з д е р д е өзіне лайық қызмет атқаратыны даусыз. Оларға диалектизм (грекше diаекtоs — оқшау тіл) деп ат қойып, айдар тағу керек пе, жоқ па, ол — екінші мәселе,бірақ, әйтеуір, әдеби қаһарманның сөйлеу ерекшелігін танытып, мінезін даралау үшін, ол өмір сүрген ортадағы

217

жергілікті сөздерді жазушы батыл пайдаланғаны жөн, Мұхтар Әуезов өзінің “Білекке білегінде” Оңтүстік Қазақстанның жергілікті сөздерін кейіпкерлер аузына әдейі салған еді,содан азғана үзінді келтірейік:



— Сен тағын, тағын бастадың ба?! Қанша үрмет қысам да бомай-ақ қойдың ғой, жүдә! Сен албасты! Секеңдеген шәйтән. раңғы үйге жалғыз өзіңді қамап қояйын ба шыли. Көзіңді бозар. тып...— деп Мақпал біраз қабағын түйіп, өтірік ашуланған боп қарап тұрды. Сөздері әсер ететін емес. Тамсанды да, аяғын екі-үш басып:— Қараң қағыр, қоясың ба, жоқ па? Тұр ғой, міні, мыналар адамша тып-тыныш... Әлде жын ұрды ма сені, түге?..

— Үй... тілеуің құрсын, өлде маған... Секеңдеген албасты... Наяты... Неткен бүліксің сен... Құдай ұрып?!

— Үй... Сарамас... Буазына не бересін. тентектің!... Жәйің осы.. Осы... Бұдан артық қаяққа апарам сені? Оттығың бар. Бедең әні! — деп ішінен: — Байлап қойсам ба екен, жүдә?..

Бұл арада жазушы өз қаһарманының сөйлеу ерекшелігі арқылы мінез ерекшелігін ашып, дәл осы сәттегі ойын, сезімін аңғартып, көпке бейтаныстау қызық қылық пен соны сөздерден тың 'айшық, өзгеше орам жасап отыр. Жергілікті сөздерді орнымен пайдалану дегеніміз — осы.

Біз жоғарыда термин сөздерді интернационалдық сөздермен қатар қойдық. Оның себебі бар: терминдер де, интернационалдық сөздер сияқты, әр тілдің ұлттық шекарасын оңай аттап, бар халыққа ортақ, түсінікті күйге, түсе алады. Жалғыз-ақ, термин сөздерде ұлттық бояу, ерекшелік болмаған соң ба, кім білсін, эмоциялық жылу,' көңіл ұйытар әсер бола бермейді. Мағынасы нақты, тұрақты болғанмен, терминдер — бір түрлі қатқыл, ағаш, не темір секілді біраз салқындау сөздер. Сондықтан кейбір публицистикалық очерктерде 'болмаса, нағыз көркем шығармаларда жазушылар термин қолдану жағына тым сараң. Оның есесіне әдеби шығармаларда и д и о м а л а р (грекше іdіота —айырықша айшық) жиі ұшырайды.

Идиома терминге қарама-қарсы: терминдер бір тілден бір тілге оп-оңай көше салатын болса, идиомаларды өз тілінен өзге тілге аудару—қиынның қиыны; кейде тіпті! мүмкін емес. Түйенің үлкені көпірден таяқ жейді деген қазақ тіліндегі айрықша айшықты өзге тілге сөзбе-сөз аударса, күлкі болар еді ғой. Сондай-ақ орыстың выеденного яйца не стоит дегенін аудару да мағынасыздыққа апарар еді. Сондықтан бір тілдегі идиоманың екінші тіл-

218

ден тек идиомальгқ баламын іздеп табудан өзге аудару жолы жоқ.



Жә, біздің -аңғартқымыз келетіні бұл ғана емес.

Біздің аңғартқымыз келетіні — и д и о м а л ар — ә р т і л д і ң а й р ы қ ш а а й ш ы ғ ы ғ а н а е м е с, а л т ы н а л қ а с ы; әр тілдің бір алуан байлығы, інжу-маржаны, көркі. Бұларды тек орнымен, шашпай-төкпей, ұқыпты пайдалана білу керек. Өйткені идиомалар өмірдің өзінде оп-оңай айтыла бермейді, көне кісілер аузынан, онда да шешендік сарапқа түсер айтыс-тартысты, даушарлы жерде, пиғылдар шарпысып, тіл безелер тұста шығады.

Идиомаларды сөз зергерлері ретін тауып әр жанрда да қолданып келеді. Бұл ретте, М. Әуезовтің “Еңлік — Кебек” трагедиясындағы билер айтысы — әдеби қаһарман тіліндегі айрықша айшықтың асқан үлгісі:

Еспембет. Уай, тобықтының баласы... шаялығыңды қылдың ба, білегі жуандығыңды кылдық ба? Алалы жылқы, ақтылы қойьш жосылтып алдың. Ата қонысынан іргесін аудардың. Ел-жұртты шұбырттың. Айрандай аптап, күбідей пісіп жүргенінде ай дер әже, кой дер кожа болған жоқ. Ағайын, ұзынға өшті, кысқаға кекті емес-

сің...

К ө б е й. Еспембет, сөзің шын Ұзында өшті, кысқада кекті ағайын емеспін... Даудың қарасын көбейтем деп кұлындағы сақау, құнандағы "тісеуді осы сөздің үстіне әкеліп үйгенің лайықсыз.



Еспембет. Мен тұщы етіме ащы таяқ тиді деп отырмын. Шолақ байталдың құйрығындай тобықты, өктемдігің асты деймін. Тасқын судай кемеріңнен асьш отырсың. сен.

К ө б е й. Еспембет, кеден-кеден болды, кедергі неден болды деп отырсың... Қой асығын қолыңа ал, қолайыңа жақса-сақа кой. Жақпаса, билігіңді өзің айт. Сапты аяққа ас құйып, сабынан қарауыл қарайтын болсаң, мен билік айтпаймын.

Осындағы билерге тән сұмдық шешендік пен сұңғылалықтың бір шеті олардың татаусыз төгілген сөйлеу тіліндегі айрықша 'айшықтарда жатқанын дәлелдеудің қажеті қанша?..

Жазушының сөз қоры мен тіл 'байлығының кейбір сыры, міне, осындай.

АЖАРЛАУ

Тіл байлығын игеру, сөз қорын молайту 'бір бар да, сол бай тіл мен мол сөзді әдеби шығармада суреткерлік шеберлікпен 'қолдану бір бар. Сөзді көп білетің адамның

219

бәрі жазушы емес. Суретікер мен сөз арасындағы қарым- қатыстың сыры басқа, сиппаты бөлек.



Ә д е б и т і л — ж'а й т і л е м е с, к ө р к е м т і л, демек, с ұ л у с ө з. Ал осы тіл көркемдігі, сөз сұлулығы дегеннің өзін қалай түсіну керек?

Баяғы ауыз әдебиетінің барлық кезеңінде тіл көркемдігі көбінесе түрлі-түсті бояу болған да, сөз сұлулығы — маңыраған мақал-мәтелде жатқан. Ділмар шешендік пен ұтқыр биліктер де тыңдаушысын төкпе мазмұнға лайық еспе пішіндегі әр түрлі жылтырауықтармен еліктіріп әкетіп отырған. Бірақ жазба әдебиет тіліндегі көркемдік бұлай емес екені өткен ғасырдың өзінде-ақ анық еді:

Бұрынғы ескі биді тұрсам барлап,

Макалдап айтады екен, сөз қосарлап

Ақындары ақылсыз, надан келіп,

Көр-жерді өлең қыпты жоқтан қармап,—

деген Абайдың шынайы, шыншыл әдебиеттегі “іші алтын, сырты күміс сөз жақсысы” туралы ұғымы өзіне дейінгі түсініктерден мүлде бөлек те, сөз иелеріне қояр талабы мүлде басқа болатын.

Сөз айттым “әзірет Әлі айдаһарсыз”,

Мұнда жоқ “алтын иек, сары ала кыз”,

дей келіп, ұлы ақын өзінің ендігі эететикалық программасын ап-ашық және үзілді-кесілді ұсынды:

Ескі бише отырман бос мақалдап,

Ескі ақынша мал үшін тұрман зарлап.

Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел,

Сендерге де келейін енді аяңдап.

Иә, жаңа әдебиеттегі т і л к ө р к е м д і г і м е н с ө з с ұ л у л ы ғ ы ж ас - а н д ы ж а л т-ж ұ л т т а, к ү л д і б а л а м б о я у д а е м е с, с ө з д і ң т а-б и ғ и л ы ғ ы м е н қ а р а п а й ы м д ы ғ ы н д а, н а қ т ы л ы ғ ы м е н т а- з а л ы ғ ы н д а ж ат а д ы.

Ең алдымен әр сөз тек өз орнында ғана тұруға тиіс. Сонда бір сөйлемдегі бірнеше сөз өз ара бір-біріне сәуле түсіріседі де, әр сөздің бұрынғы мағынасына жаңадан тың мағына 'қосылып, бәрі бірігіп танытар шындық та су жаңа сұлу шыраймен мөлдірей қалады. Ал мағына

220

тың, мазмұн мөлдір болса, оның оқырмаиға етер әсері де өзгеше:



Күз аспаны күнгірт, бұлыңғыр Ауада дымқыл сыз бар. Таң салкыны қазір күздің суық желіне айналған Маңайда қызарып солған қурайлар көп көрінеді. Бүрінен айрылған тобылғы да қуқыл реңді Ұзарып сарғайған селеу мен бозғыл көде, жусан — бәрі де жел лебінен қалтырайды Бас шұлғып, елбең қағады Қара жел қуған каңбақ кең жазықта көп бұлыңдап, тынымсыз кезіп, жосып өтеді. (М. Әуезов.)

Мұндай сұлу сурет бүкіл дүние жүзілік әдебиетте де сирек. Байқап қарасақ, осындағы мінсіз сұлулықтың күллі сыры әр сөздің қарапайымдығында, тазалырында, нақтылығында, дәлдігінде; басы артық бір сөз жоқ, орнын таппаған сөз тағы жоқ, әр сөз ешқандай жасанды бояусыз тап-таза, тұп-тұнық табиғи ажарымен балбұл жанып, жасаңғырап көрінеді. Автор да соншалық табиғи, еркін, қолдан көрініс жасап қиналып жаткан жоқ, көз алдындағы

көріністі дәлме-дәл сөздермен мөлдіретіп айтып беріп қана отырғандай: Күз аспаны күңгірт, - бұлыңғыр, ауада дымқыл сыз бар... Ал әсер дегеніңіз ұшан-теңіз: төбемізден бұлыңғыр аспан төнеді, бетімізге дымқыл сыз тиеді, төңірегіміз түгел жел лебімен қалтырайды, бас шулғып, елбең қағады, енді бірде, міне, біздің маңдай алдымыздағы кең жазықта қара жел қуған қақ-бақ көп бұлыңдап, тынымсыз кезіп, жосып өтеді. Не деген дәлдік, табиғилық! Біз бір ауық қағаз бетінде сөзбен кестеленген сурет емес, түп-тура тірі табиғаттың өзіне үңіліп қалғандай күйдеміз. Орнын тапқан әр сөздің, сайып келсек, бар сөздің контекстегі көркі әрқашан осындай болмақ.

“Еңлік—Кебек” трагедиясының басталуы есіңізде ме: “Көкей кесті”,— деп толғанады ғой Абыз,— “Көкей кесті” күй не дейсің? Уа, не қыл дейсің? Тынбаған көңіл, талмаған көкей... (жымиып), күшік!.. (Қобызына жағын сүйеп, ырғала толғанып.) Паки пәруәрдігер!.. Бе-еу!..” Осыны оқығанда жай адам артист болып кете жаздайды.. Жә, түгел талдамай-ақ қоялық, осындағы күшік деген бір ғана сөз немесе уа деген одағай, яки беу деген безіл неге ғана адамның жан дуниесін жұлқып-жұлқып қалады? Неге адам бойындағы бүкіл сезімнің бар пернесін бір-ақ басып, адамды ғажап күйге, күйді ғажап адамға айналдырып, толғантып әкетеді?..

221

Бәрі сол, жоғарыда айтқанымыздай, суреткер әр сөздің табиғи орнын таба білсе, сезімге ұрады, “сиқырлы” сыр толғай жөнеледі. Ал сезім мен сырдан тыс бірде бір сөз мағынасы жоқ және болмақ емес, тек соның орңын таба білу керек. Әдеби шығармада орынсыз тұрған сөз өмірде ойнамайды. Мысал үшін өзге емес, дәл әлгі щебердің өзі жазған бір очерктен үзінді келтірейік:



Бүгін таң атқалы үшінші тәулік те толды Үздіксіз ауыр, щабан, мимырт жүріс әлі аяқталған жоқ. Тек тасбақадай тырбаңып бір қалыпты шакыр-шұқыр, тарсыл-күрсіл салып, айдалада жалғыз әлектенген “ДТ-54” тракторын көресің.. Сондай бейнетті меңіреу кешудің тағы бір қиын өрін майталман батыр трактор жаңа ғана бар пәрменімен жеңіп шықты. (“Туркстан солай туған”.)

Осында мимырт деген сөзден басқа орнымен ойнап тұрған сөз жоққа жақын. Неге таң атқалы, неге тәулік те, неге толды? Өзге тілден осылай сірестіре аударып жатпай-ақ, карапайым һәм табиғи “Бүгін үшінші күн”,— деп одан әрі тағы да үздіксіз (?) деп өзге тілде ойламай- ақ, ауыр, шабан мимырт жүріс... деп жалғастыра бе мей ме? Тіпті жүріс аяқталған жоқ дегені де жөнді қазақша секілді емес. Ал майталман батыр трактор деген жерге келгенде орнын таппаған сөз мүлде мағынасыздыққа ауысатынын, майталман, батыр деген тамаша сөздердің бар мәннен бір-ақ айрылып, темірге матадан тілген жамау сөкілденіп тұрғанын көріп: “Апырмай, ұлы шебердің мұнысы несі?!” — демеске мүмкіндігіміз жоқ

Әрине, Мұхаңды сынап мұратқа жеткіміз 'келген мимырт пиғылымыз жоқ. Бірақ жоғарыдағы пікірді әдейі айтып отырмыз.

Неге десеңіз, Мүхтар Әуезов секілді сөз зергерінің өзінен кейінгіге өзгеше мектеп болғандай ұланғайыр тіл байлығын тексеру өзгелердің тілін жүдету үшін емес, ұстарту мақсатымен ұштастырылуы шарт. Сонда ұлы жазушының түпсіз терең сөз мұхитына сүңги жүзіп жүріп шын мәніндегі інжу-маржанын ғана іздеп табуымы қастерлеуіміз, өзгелерге үлгі етіп ұсынуымыз қажет. Он- дай қасиетті байлық Әуезовте ұшан-теңіз. Әйтпесе, жоғарғы мысал секілді жекелеген саяз тұсты терең, солғындау түсті сұлу деп лепірсек, жазушының тіл байлығы жайлы жұртшылық үғымына қиянат жасаймыз көрер көзге өтірік айтқан боламыз және сол арқылы жас қаламгерлерді шеберлікке емес, олақтыққа мегзеймізі Бұл зиянды нәрсе, бұлай ету жөн емес, бірақ, жасыраты

222

ны жоқ, кейбір дүбара эдебиетшілер, амал нешік, осылай етіп жүр. Бұған өкінбеске болмайды.



Қысқасы, сөз сұлулығы оның қарапайымдығы мен табиғилығында; дей тұрғанмен, әдеби тілде әдебиетші қолымен жасалатын әр түрлі ажарлаулар болатынын тағы естен шығармау керек.

Әр сөз адамның 'көңіл күйімен тығыз байланысты, сондықтан “әр сөздің айтылуына қарай мың мағынасы бар” (Чехов). Бұл арада әр сөзге ажар беріп, оның мағынасына толықтыратын ең қарапайым тәсіл — интонация (латынша іпіопаге—дауыс ырғағы), яки әр сөздің айтылу мәнері. Мұның өзі көркем шығарманы оқығанда ғана емес, жазу үстінде де қатты ескеріледі. Әсіресе жа-зушы кейіпкерлерді сөйлеткенде, оның әр сөзін көңіл күйіне лайық мәнерде айтқызып, оған өзі қалаған сыр ана емес, сымбат та береді.

Ха-ха-ха! Құнарсыз өлке деп кім айтты? (С. Шаймерденов).

Кейіпкер осы сөзді қалай және қандай көңіл күйімен айтты? Авторлық ремаркасыз-ақ түсінуге болады.

...Немістер атакаға шықты. Жалмұхаммед Бозжанов келді.

— Брудный'—деді ол тұра қалып —Сен мұнда не қып жатырсың? А?

— Ол ұйықтап жатыр. Тимегін оған,— дегенімде:

— Сізде, жолдас комбат, ешқандай мейірім жоқ екен ғой' — деп, ол маған зекірді.— Өлімді қалай ұйқы деп тұрсыз?

— Оны мен өлтіргем жоқ! Соғыс өлтірді. Қінәлағыш болсаң, соғысты кінәлағын...

— Кешіріңіз, ағатай! Абайсызда айтып қалдым.. (Бауыржан Момышұлы.)

Осындағы екі адамның өз ара сөйлеу мәнеріне қарап әр сөздің ажарын көріп, мағынасын ұғып, сол арқылы әр кейіпікердің көңіл күйін біліп, ақыр аяғын-да әрқайсысының мінезін тануға болады. Жау шабуылдап келеді. Безек қағып Бозжанов жүр. Брудный өліп жатыр. Оны Бозжанов аңғармай қалып, әуелі Ау, тұрсай-шы! дей жаздаса, Момышұлы міз бақпастан Ұйықтап жатыр, тимегін дейді. Анау енді ғана ұғып, комбатқа мейірімсіз деп күйіп-піссе, мынау Мен өлтіргем жоқ, құдай болсақ, жауды жазғыр деп түнжыраған үстіне тұнжырай түседі. Бір жерде бірнеше сезім, қар'ама-қарсы бірнеше күй алай-түлей бас қооқан: ыза мен кек, ашу мен абыржу, қайсарлық пен зіл...— бәрі бар. Осынша

223


мағына мен мәністің тең жарымын сөзбен қатар сөйлеу мәнері, дауыс ырғағы толықтырып тұрғандай.

Дауыс ырғағы әсіресе өлеңді шығармаларда айрықша міндет атқарады. Өлеңді енжар жазуға болмайтыны секілді селқос окуға да болмайды.

Бакқан

Жау


Жан-

Жақ.


Туы

Ала,


Көк,

Ақ.


Қызыл

Ер,


Күзет,

Бак!


Тисе,

Жау


Ақ-

мак


Көздеп

Ат,


Дәл,

Нақ!


Сергек

Тұр,


Сақ-

Сақ!..


(С. Сейфуллин)

Бұл өлеңді әшейін желдіртіп оқып шығуға болмайды. Автордың әр сөзді әр жолға бөліп, бас әріппен жазуының өзінде ерекше интонациялық мән бар; тіпті жан-жақ, ақмақ деген сөздердің өзін •буындап бөліп әкетіп, әр буынын әр жолға жазады, бұл да тегін емес: әр сөзге автор арнаулы ырғақ, леп, тыныс, марштағы әскери колоннаның жер солқылдатқан нығыз аяқ дыбысын беріп сол арқылы әр сөзге қорғасындай ауыр салмақ бітіріп әр сөздің мағынасын тереңдетіп отыр.

Ура!

Колхоз, совхоз



өндірістер, ұйымдар

тура


бетін Мәскеуге

қойған..

— Қума-қума! —

деп жан айтпайды.

224

Сөздері:


жарыс,

қу


жет,

оз,


Тума

Совет


ұлы боп

артын алсаң

жарыста —

дуда!..


(С. Мұқанов.)

Мұнда .ақын өлең ұйқастарының (ура, тура, қума-қума, тума, дуда) өзін әр жерге шаша сіңіріп жіберіп, әр жолдағы сөз мағынасы мен әр шумақтағы мазмұнды дауыс ырғағының билігінде қалдырады. Сонда осы өлеңді өзгеше интонациямен нәшіне келтіре оқысақ, біздің ойымызда ұғым, көңілімізде сыр, көкірегімізде сезім ғана емес, көз алдымызда қызық сурет пайда болады. Сөздер дауыс ырғағы арқылы, міне, осылай ажарланады.

Әдеби тілге дауыс ырғағы емес-ау, тіпті дыбыс қайталаулар арқылы да әжептәуір ажар бітіруге болады. Бұл тәсіл екі түрлі: аллитерация (латынша аb-lipffега — дыбыстас) — б і р ы ң ғ а й д а у ы с с ы з ды б.ы с т а р д ы қ а й- т а л а у және а с с о н а н с (французша аssопапсе — үндес) — б і р ы ң ғ а й д а у ыс т ы д ы б ы с т а р д ы қ а й т а л а у. Бұлар поэзияда да, прозада да кездесіп отырады. Әрқайсысының үлгісі ретінде жеке-жеке"мысал келтіріп жатпай-ак, Қасым Аманжоловтың:

Ираншахқа мұңың шақпа, Низами'

Біздің шақта гүл құшақта, Низами!

деген өкі жол өлеңін оқысақ, осында ылғи ш әрпін қайталайтын аллитерация да, а әрпін қайталайтын ассонанс та бар. Өлеңге аллитерация мен ассонанс дарытқан ажар мен әсер сондай, тіпті осы жолдарды қазақша түсінбейтін аудитория да бір сәт қызыға таңырқап, тыңдап қалуы мүмкін.

Жалғыз-ақ, бұл тәсілдерге тым ден қойып, көбірек дыбыс қуалап кетуден сақ болу керек. Ондай әрекет әдебиеттегі әшейін пішінді ғана жылтыратып, мазмұнды сүйылтып жіберуі ықтимал.

225


Сөздің реңін, әдеби тілді ажарлау жайын әңгіме еткен жағдайда айқындау мен теңеуге арнайы тоқтау қажет.

Асылы, білімділер әр нәрсені терең ойлап, толғап барып, асықпай әділ шешуге 'бейім болса, білімсіздер не нәрсені болса да оп-оңай, шолтаң еткізіп, шорт кесуге құмар ғой. Әдебиет айналасындағы кейбір дилетанттар әдеби тілді ажарлауға атымен қарсы; олардың шолақ кесігінше, айқындау, теңеу дегендер немесе құбылту мен айшықтаудың барлық түрі түгел ескіргей; оларды колдану — анахронизм — ауыз әдебиетіне қайта оралу.

Жоқ, олай емес. Бұл тәсілдердің қай-қайсысын болса да орнымен, шебер қолдану өте-мөте қажет.

Айталық, айқындау, яғни эпитет (грекше ерііһеіоп — қосымша)—з а т т ы ң, қ ұ б ы л ы с т ы ң а й р ы қ ш а с и п а т ы н, с а п а с ы н а н ы қ т а й т ы н с у р етт і сө з. Эпитетсіз тіпті аңтарыңды анықтау, суреттеп отырған нәрсеңді нақтылау қиын. Әрине, бұрын-соңды сан мәртебе қолданылып, бояуы оңған, ығыр болған эпитеттерді қайталай берудің керегі жоқ. Мысалы, эпитет жөнінде сөз бола қалса, әрқашан үлгі ретінде Абайдың:



Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан;

Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан,—

деген жолдарын немесе Асқар Тоқмағамбетовтың:

Жұп-жұмыр жұмысшының білегі бар,

Тап-таза таптық ойы, тілегі бар.

Қып-қызыл Ленин туы бір қолында,

Бір қолда балға, орақ, күрегі бар,—

деген шумағын майсақтата жөнелеміз. Талас жоқ, кезінде бұл эпитеттердің (сұр, түсі суық, дымқыл немесе жұп- жұмыр, тап-таза, қып-қызыл) өлеңге тың ажар, тым тәуір әсер дарытқаны рас-ты. Алайда осыларды дәл қазір қайта тізбектеп жатсақ, біздің сөзімізге ажар да, әсер де бітпеген 'болар еді. Өйткені бұлар көп айтылды, көп қолданылды. Бұдан шығатын 'қорытынды — эпитеттен біржола -бас тарту емес, оны тыңнан табу, жаңадан жасау, бұрынғыларды қайталай бермей, өзінше нұсқалы түрлерін туғызу. Сонда суреткер тіліне жаңа рең, жас ажар 'бітеді. Сонда бұл — ауыз әдебиетіне қайтып оралу емес, жақсы дәстүрді жаңашылдықпен жалғастыру,

226


жаңрырту; бұл арқылы суреткер айтар сөзін ғана емес, өзін, өзінің творчестволық бетін бірге айқындамақ.

Қолыма от сиялы қалам алдым,

Жалтақтап айналама қарамадым ..

(X. Ерғалиев.)

Осындағы от сия қандай тың, қандай әсерлі? Жаңа эпитет табу керек дегенде біз ақындарды осындай ізденулерге мегзеп отырмыз.

Мыналар — әшейін “бос мақалдайтын бұрынғы ескі ақындар” емес, әрқашан “жаңалыққа жаны құштар”, дәл бүгінгі күндерімізді құлпырта жырлаған немесе жырлап жүрген жаңа, жас жүйріктер; эпитет жайлы жо-ғарыда айтқан пікірімізді дәлелдеу үшін өзгелер емес, осыларды оқып қарайық:

Көктемнің. балғын кезі еді,



Әнші құс көкте ағылған.

Жемнің, де жасыл өзегі



Көгілдір мұнар жамылған.

(С. Жиенбаев.)

Мың сәуле бар: кел, кел деп, шақыратын,

Бір сәуле бар қасымда отыратын.

Мың кітап бар ешқашан оқылмайтын

Бір кітап бар күн сайын оқылатын.

(Т. Молдағалиев )

Бейбіт күннін. өзі күрес мылтықсыз,

Онда да жұрт жатады атып мүлтіксіз.



(Қ. Мырзалиев )

Тентек үн кетіп еді дауылдап бір,

Аңқиып әр жерде бір ауыз қапты.



(Ж. Нәжімеденов )

Мен бүгін сонау көгілдір көлге сағынып ұшып барамын,

Бірге қак қанат қасымнан қалмай, сағынып көрген қарағым.

Жалғасын сен айт бұл асқақ әннің, жабылып кетсем егер мен



Ғұлама жылдар судырлатқанда парағын.

(Т. Айбергенов )

Алдымен, осынау жаңашыл, жақсы ақындардың бірде-бірі айтар ойын айқындаудан, яғни эпитеттен аттонын ала қашпаған (қашса да құтыла алмас еді!), керісінше, әдемі эпитеттің әр түрін әдейі іздеп тауып, орнымен ой-ната қолданған. Содан соң, бұлар қолданган эпитеттер

227

өлеңге көне емес, жаңа, көмескі емес, айқын мағына бітірген, сөздегі суретті дәлдеп, ойдың ықпалын күшейткен. Мысалы, көзбе-көз оқ шығарып, қылыш сермемесе де амалын тауып, қарсыласын мүлтіксіз көздеп кұлатып жататын бейбіт күннің жатып атарлары мен бұқпа “батырларын” айта қалғандай ұтықты, дәл бейнелеген Мырзалиев пен ақынның асқақ жырын ғажайып ғұлама жылдардың шежірелі беттерінде сөйлеп тұрған сырға балап, осынау сыр жылдар парағы аударылғанда жабылып кетуі мүмкін екенін тыңнан тауып айту арқылы өлімнің өзін сылқым образға айналдырған Айбергенов өлеңдеріндегі су жаңа нұскалылықты эпитет көлегейлеп, көрсетпей тұрған жоқ, ;қайта айқындап, аша түсіп тұр. Ол — ол ма, байыптаңқырап қарасақ, тіпті әр эпитет өзі тұрған жерге не сұлу сипат, не соны сыр дарытқан: Сағидың көктемі балғын, құсы энші, өзегі жасыл болса Төлегеннің көлі көгілдір, әні асқақ, жылдары ғұлама да Қадыр айтып отырған майдан мылтықсыз, атыс мүлтік сіз; Жұмекен дауылдаған күй үнін — тентек үн деп оны ұйып тыңдаған залды жаппай аңқиып ашық қалған ауыз дар арқылы оқырманның көз алдына елестетсе, мың не бір деген қарапайым сандарға соншалық терең мағына.бітіріп, бір шумаққа бір құшақ мазмұн берген Тұманбайдың эпитет қолдану машығы тіпті қызық.



Өлеңді шығармаларда осындай роль ойнайтын эпитет баяғыдан белгілі көркем қара сөз туындыларын айтпағанда, қазіргі жаңа, жас прозаның өзінде қаншалық көбейіп, қалайша жаңғырып, жасарып кеткен десеңізші! ^

Жасыл жапырақты қалың ағаштың арасынан түскен күн көше жиегіне кесте төгіп тұрғандай.. (М. Сүндетов)

Қоңыр күз болатын. Ак, жауын себелеп тұр. Жол лайсаң. Алтай өңірінің ең бір жүдең шағы, көңілсіз шағы (Қ. Ысқақов.) ^

Ала жаздай нәр тамбаған ала дөңде ауыл отыр. Алды-артында иек артпа қырқа-қыраң жоқ, тұп-тұлдыр жазық. Тек теріскей көк-жиектен инедей шаншылып сағым зорайтқан қарауыл төбе бұлаңытады (Ә.. Кекілбаев.)

Эпитет үш үзіндіге де айрықша өң беріп, өмір суреттерін дәл өрнектеуге кызмет етіп тұр. Мұндай өң, рең болмаған жерде суреткердің тілі де көрер көзге солғын тартқан болар еді.

228

Әдеби тілге үстеме мағына беріп, оның көркіне көрік қосатын, сол арқылы әдеби шығарманың мазмұнын құнарландырып, пішінін ажарландыратын көркемдеу құралдарының бірі — теңеу (орысша срав-нение). М ұ н д а с у р е т к е р з а т т ы ң, қ ұ б ы л ы с т ы ң е р е к ш е



б е л г і л е р і н к ө р с е т п е й-ақ, о н ы б а с қ а з а т п е н, қ ұ б ы л ы с –п е н с ал ы с т ы р а с у р е т т е йд і. Сонда бұлар туралы оқырман түсінігі айкындалу үстіне тереңдейді де, өнер туындысының эстетикальгқ әсері күшейе түседі.

Қайыңдар күмістің сом бақанындай,

Жиі терек әскердің қатарындай,

Бұтақтар жапырағы сылдыраған

Өзбектің батсайы шапанындай.

(С. Мүқанов )

Шұғыла шалған кешкі бұлттай, Жалғыз өзі тұрды бойлап;

Толқын шашта оттар ойнап Тұрды ұқсап, тұрды кейде,

Өрт топанын кешіп, Нұхтай От ұстаған Прометейге.



(Қ Аманжолов )

Шаншылып Алатаудың ұршығындай,

Шабыттың шырқап биік ыршуындай,

Шолып тұр шартарапты Абай шыны,

Шытырман, жақпар-жақпар жыр шыңындай

(Ж. Молдағалиев )

Шілдеде қандай момақан, Бірнеше жұмсақ алақан

Толқының майда мақпалдай. Көтеріп бара жатқандай

... (Р. Қайырбеков )

Қай теңеуді алмайық, суреттеліп отырған нәрсені не құбылысты тура біздің көз алдымызға әкеліп, олар туралы дәл, нақты ұғым қалыптастырады. Бұл ретте теңеу белгісіз затты белгілі затқа айналдырып, шығармадағы авторлық идеяға қолма-қол көркемдік шешім тауып тұрғандай.

Әдебиет зерттеушілері айқындау мен ауыстырудың ұлғайған, күрделі түрі болатынын, мәселен, Сәбиттің меңіреу, мылқау, қимылсыз, мүлгіген, мәңгі даланың деп келетін өлеңіндегі қатар тұрған бес эпитет—күрделі эпитет болса, Абайдың Дем алысыүскірік, аяз бен қар дегендегі қатар_тұрған үш метафора (ауыстыру жайына біз кейін тоқталамыз.— 3. Д.) —күрделі метафора екенін дәлелдейді. Бұл дұрыс. Бірақ олардық бірде-

229


бірі теңеудің де ұлғайған, яки күрделі түрі болатынын айтқан жоқ. Бұл дұрыс өмес.

Жоғарыда төрт ақыннан мысалға алынған төрт шумақ өлеңдегі теңеу-лерге қайта оралсақ, бұлардың ішің-де қайыңды бақанмен, толқынды мақпалмен салыстырған жай теңеулермен қатар, бүтін бір құбылысты бірне-ше сөзбен бір бөлек ұғымға көшіріп тұрған күрделі теңеулер де бар екенін көреміз: Қасым Абдолла ақынның өрт ішінде лаулаған ғаламат кескінін көзге елестету үшін бір ғана зат емес, бүтін бір ұғымды тұтасымен теңеуге айналдырып, Тұрды ұқсап, тұрды ол кейде от ұстаған Прометейге десе, Ғафу да суда жүзген адамның майда толқын құшағындағы қалпын, қалпын емес-ау түйсігін бір сөзге сыйғыза алмай, теңеуін бірнеше сөзбен ұлғайта бере бірнеше жұмсақ алақан көтеріп бара жатқандай деп, тамаша образ жа-сап тоқтайды. Бұлардың қай-қайсысы да —теңеудің ұлғайған, күрделі т ү р і

Айқындау сияқты, теңеудің де құны сонылығында, ойламаған жерден өзгеше өрнектер жасап, құлпырып, ойнап тұруында, орнымен қолданылуында жатады. Кезінде осы талап тұрғысынан жасалған-ды, Тайыр ақынның:

Желектей желпіп желіңді,

Желқомдай жырттым жеріңді,

Түбіттей түтіп бұлтыңды,

Таспадай тілдім толқынды,

Бағынбай енді нең қалды? —

деген отты жолдарындағы келісті, кенен теңеулер әлі күнге дейін қасиетін жояр түрі жоқ.

ҚҰБЫЛТУ


Әдеби тілді ажарлау аз, құбылту керек. Әдеби тілдің әсемдігі ғана емес, әсерлілігі үшін де орасан қажет тәсіл — қ ұ б ы л т у, яки т р о п (грекше tгороs - иін, иірім)— с ө з д е р д і т у р а м а ғ ы н а с ы н д а е м е с, бұ р --м а м а ғ ы н а с ы н д а қ о л д а н у, ш ы н д ы қ т ы б е й н е л е п, к е й д е т і п т і п е р д е л е п т а н ы т у о й д ы ө з г е р т і п, к е й д е т і п т і ө ң- і н а й н а л д ы р ы п а й т у. Бұл ретте әдеби тілді ажарлау оны құбылту-дың алғашқы кезеңі — ең қарапайым түрі деуге болар еді.

230


Задында, суреткер колындағы сөз суретші қолындағы бояу секілді, иінін тауып мың құбылтуға болады. Құбылған сөз әсерлілік үстіне адам баласы-ның танымын байытпақ;'бір сөз бір-ақ нәрсені танытса, оны түрлендіре құбылту арқылы тіршіліктің сан алуан сырын тануға болады. Демек, троптың ең басты мәні таным тарапында жатыр.

Өмірде мақсатсыз ешбір әрекет жоқ. Мұны білген жағдайда ажарлау секілді құбылту да суреткердің идеялық мақсатына, эстетикалық мұратына қызмет ететін тәсіл екенін тәптіштеп жату артық. Мұны айтып отырған себебіміз,кейбір әдебиет төориясын толғайтын кітаптарда эпитет пен теңеу, метафора мен метонимия әр жазушының таптық көзқарасына лайық, таптық идеясына сәйкес пайдаланылатыны ұзақ-ұзақ әңгіме етіледі. Біздіңше, бұл — ерсі нәрсе. Кез келген сөздің шалғайын серпіп қарап, астында қандай таптық идея жатқанын іздей беру ретсіз. Бұл, керек десеңіз, тілдің жұртқа мәлім таптан тыс табиғатына шәлкес әрекет.

Құбылтудың (троптың) түрлері көп. Әдеби тілдегі ең басты құбылтулар-дың бірі — а у ы с т ы р у, яки м е т а ф о р а (грекше теtарһога — көшіру)— с ө з м ә н і н ө ң д е н д і р е ө з г е р т і п а й т у,с у р е т т е л і п о ты р -ғ а н з а т т ы н е құ б ы л ы с т ы а й қ ы н д а й т ү с у ү ш і н, а ж а р – л а н д ы р а т ү с у ү ш і н о л а р д ы ө з д е р і н е ұ қ с а с ө з г е з а т қ а н е қ ұ б ы л ы с қ а б а л а у; с ө й т і п, с у р е т т е л і п о т ы р ғ а н з а т -т ы ң н е қ ұ б ы л ы с т ы ң, м а ғ ы н а с ы н ү с т е у, м а з м ұ н ы н т е р -е ң д е т і п, ә с е р і н к ү ш е й т у.

Гималай — көктің кіндігі.

Гималай — жердің түндігі.

(I. Жансүгіров.)

Қыр төсінде мөлдір айдын — ақ, сынап,

Жиегінде жасыл кірпік — жас құрақ.

(Ә. Сэрсенбаев.)

Әйнегі — күн, шатыры — аспан,

Кең дала... Төсі — толқыған егін.

Көлдері көкке күмістер шашқан,

Қазақстан — Республикам менің!

(Д. Әбілев.)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет