№3 басылым орнына



бет2/5
Дата31.01.2018
өлшемі0,87 Mb.
#36778
1   2   3   4   5

Бақылау сұрақтары:

  1. Әдеби өңдеу

  2. Журналист шығармашылығындағы тапқырлық, сенімділік

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Основы творческой деятельности журналиста. Редактор құраст. Корконосенко С.Г. СПб.:2000

2. Корконосенко С.Г. Введение в журналистику. Уч. Пособие. Кишинев:1990

3. Любосветов В. Основы журналистики.М.:1984


5-Дәріс. Журналистік этика

Журналистің кәсіби ерекшелігі оган көптеген әлеуметтік жауапкершілігі жүктейді. Этика – деген адамгершілік келбетті айқындайтын моральді тәртіпті талап ететін ғылым салаларының мінез – құлқы мен олардың сана – сезім ерекшеліктерімен, қоғамдағы ережелері, формалары, заңдары, талаптары орындау өзгешелігімен, сондай – ақ қоғам пікірімен айқындалады.Журналистік этика қазіргі кездегі журналистік мамандды игерген әрбір азаматқа өзіндік кәсіби талап – тілектерді қояды.Журналистік этика ұғымын 2 мағынасы бар:

  1. Ж.Э. тар мағынасында – журналистің адамгершілігі, ізеттігі, инабаттылығы т.б. қасиеттерімен айқындалады.

  2. Ж.Э. Кең мағынада – журналистің шыншылдық және обьективтілік принциптеріне тікелей байланысты, яғни ж.э нормаларын сақтау делінген – шындық фактілерді жазу, ақиқар өмір құбылысын бейнелеу, өтірік, дәлелсіз өсекке, жала жабу шындық фактілерді бұрмалап жазуға жол бермеу болып саналады.

Ж.Э журналистік қызметтің көптеген жағдайда көрініс тауып отырады. Мысалы, журналист пен аудитория арасындағы байланысты журналист информация көздерін пайдалануда, шығарманың кейіпкерімен тілдескенде материалдың авторын, редакторын, ұжым мүшелерін, әріптестерімен қарым-қатынасын түсіндіруде журналистік этика нормалары сақталуы қажет. БАҚ туралы заңда журналистік әтиканың мәселелері сөз және баспасөз бостандығы арқылы жүзеге асады. Сондай-ақ 32-бапта Біз және БАҚ туралы заңды бұзғандығы үшін жауапкершілік белгіленген. Сөз бостандығы теріс пайдалану шындыққа сай келген жеке азаматтың немесе ұйымдардың ар-ожданы мен қадір-қасиетіне кір келтірген мәліметтер тарату Ақпарат құралы сот-а ықпал етуі ҚР заңына сәйкес қылмыстық немесе өзге жауапкершілікке әкеп соқтырады. 42-бабында: моральдік заңдарда былай делінген: БАҚ азаматтарының ар-ожданы; қадіріне кір келтірген шындыққа сай келмеген немесе мүліктік емес нұқсан келтірген мәліметтер тарату азаматтарға келтірген моральдік зиянды сол шешім бойынша БАҚ және кінәлі лауызымды адамдар өтейді.

Ж.Э бұзбау мақсатында ақиқат дерек жинау үшін:

1. Факт жинаудың ашық түрі.

2. Информациялық байланысқа түсудің жабық түрі.

Журналистика этикасын айтпас бұрын этиканың өзіне тоқталып кетеді. Этика – грек тілінен енген термин сөз. Мағынасы – салт-дәстүр, әдет-ғұрып, жол-жорағы, ырым, үрдіс. Зерттеу объектісі – мораль қазақша баламалары әбептілік, инабаттылық, имандылық, адамгершілік, ізгілік, сыпаылық. Ал осы журналистің кәсіби моральдық, этикалық принциптері деген қалай талданады. Ол үшін а) халықтығы, ә) бұқаралығы, б) шыншылдық, объективтілік. Яғни, журналистің жеке басының этикасы жалпы принципінен туындайды екен. Принцип – латын сөзі – негіз, қағида, ереже немесе бір нәрсенің бастауы.



  1. Журналист өз ұжымына, өз басылымына адал қызмет етуі тиіс.

  2. Журналист өз сөзіне, өз ой-пікіріне жауапкершілікпен қараумен қатар халықтың да ой-пікіріне жауапкершілікпен қарау керек.

  3. Журналистің алдында әрдайым аудитория үшін не істеу керек? Бұл шығармам аудиторияға қажет пе? Олардың арман-мүддесін қолдаймын ба? делінген этикалық сұрақтар тұру керек.

  4. Факт мәліметтері көп, ақиқат шындығы әбден жеріне жете зерттеліп, жан-жақты ойластырылған материалды ғана аудиторияға ұсынуды толық моральдік этикалық құқы бар.

  5. егер материалдың фактісіне күдігі, күмәні болса, онда журналист ол материалды кейінге қалдыруы тиіс.

  6. Журналист біреуді қаралап та, өтірік мақтап, мадақтап та жазуға құқы жоқ. Ондай жағдайда журналист аудитория алдында жауапты.

Объектілерді зерттеу, адамдармен әңгімелесу барысында болмашы елеусіз, дөрікіліктен шындық ашылмай қалуы мүмкін, журналист мұндай жағдайда дөрекілік туғызбауға тырысуы қажет.

Этика тұрғысынан объектілерді зерттеудің факт, мәлімет жинаудың екі түрі бар: ашық және жасырын т. зерттеу.

Материалдан, деректерден ашық түрде жинау тәсілінде – журналист белгілі органдарға барып, шаруасын ашық айтуы тиіс. Көптеген жағдайда шындық ашылмай жатады. Ондайда журналист олардың тілін тауып алған мәлімет, деректерге басымен жауап беретіндерге сөз арасында әдеппен еске алуы тиіс. Ал объекті зерттеудің жасырын түрі немесе құпия түрін адамдар білмейді. Мұндайда журналист такси айдаушы, сатушы, жол серіктері болуы мүмкін. Бірақ, қандай жағдайда әдеп, этикадан озбауы керек.

Мәлімет алу барысында журналист шындыққа көзі жетпейінше, ішкі қарсылығында мәселеге қосылатын, қосылмайтынын да білдіруі тиіс. Қандай жағдай болмасын, кіммен сөйлеспесін журналист алдында отырған адамның кей жағдайда салт-дәстүрін ескеріп, жеке басының кемшілігін көзге шұқымай, керісінше оны мұқият тыңдауға, дауыс көтермеуге, денсаулық жағдайын ескеру керек. Әдепті журналист (мысалы мен сияқты) мәлімет алу барысында адамдарды қалдырмау үшін қай жерде, қандай уақытта әңгімелескеніміз дұрыс болады деп олардың өзімен ақылдасады. Қажет болған жағдайда уақыт белгілейді. Оған дейін ойын жинақтайды, көтерер мәселесәне толықтай дайындалады. Адамдардың ішкі істеріне араласу да журналисттік әдепке жат.

Жасырын тексеру барысында журналист өзін қалай ұстау керек, мұның да өз әдеп, нормасы бар. Журналист алынған мәліметтің барлығы да материалда тексеріледі, қамтылады деп уәде беруін беріп, кейін ойланып қалуы мүмкін. Ондай жағдайда уәдесін жұтпау үшін, адам, жер, су атауларын өзгертіп, фактілерді толық қамтуға болады.



Журналист біреудің сілтеуімен, біреудің иек қағыуымен жазбай, өз жүрегінің қалауымен өз көзімен көрген нәрсесін жазу керек. Кім туралы жазса да журналист мақалын кейіпкеріне көрсетіп алғаны абзал.

Цитат (дәйекті сөз) – қа өте қатты мұқият болған жөн. Журналист көңілшек бломауы тиіс. Әрбір материал жазу барысында өз т мамандығына құллай беріліп, адал жұмыс істеуі керек. Хабарға ойдан ештеңе қоспау керек. Жинаған материалын көбінесе құпия ұстауы керек. Ғылымда көркем өнерді қабылдау, қабылдаушының қыр-сырымен айналысатын рецептивті эстетика саласы қалыптасуда. Қабылдаушының (оқушы, тыңдаушы, көрермен) шығарманы қалай қабылдайтыны, қабылдау механизмдері, шығарманың қабылдаушыға қалай әсер ететіндігі, сол кезеңде іске асатын процестер, қабылдаушылардың әлеуметтегі типтерін жіктеу, ажырату, анықтау мәселелері рецептивті эстетиканың зерттеу нысаны болып табылады. Қабылдаудың әлеуметтік-психологиялық мәселелерін зерттеу, бір ғана мәдениетте өнерді қабылдаудың түрлі типтері өмір сүретіндігін көрсетеді. Қазіргі заманғы зерттеулер өнерді тұтынудың уәждерін (мотивтерін) ажыратуға, анықтауға мүмкіндік жасайды. 1988 жылы Ресей Мемлекеттік Өнертану институты мен Білім академиясының социологтарының бірлесе отырып жасаған зерттеулерінен, төрт топтан тұратын қабылдаушылардың типологиясы анықталған. Бірінші топқа, мәселелерді шешуді көздеуге бағытталған қабылдаушы (25-27%), екінші топқа, әдептілікке бағытталған қабылдаушы (14-15%), үшінші топқа, гедонисті бағытталған қабылдаушы (40% жоғары) және соңғы төртінші топқа, эстетикалы бағытталған қабылдаушы (16% шамасында) жатады. Бірінші, (мәселелерді шешуге бағытталған топқа) топ қабылдаушылары өнерден өз өмірлік тәжірибелерін арттыруды, байытуды көздейтіндер, өз өмірінде кездесе бермейтін жарқын әсерлерді іздеу, басқа біреулердің орнына өзін қойып көру сынды сезімдер аясындағылар. Екінші, (әдептілікке бағытталған) топты бірінші кезекте қиын кезеңдерде, қиын жағдайларда өзін қалай ұстау керектігі, мәселеден қалай шығу керектігін көрсететін үлгі, модельдердің іс-әрекеттері қызықтырады. Бұл топ өкілдерінің өнерге құмарлығы адамгершілік, әдептілік қатынастарында байыпты тұрақтылықты табу, қарым-қатынас жасаудың қыр-сырын меңгеруіден туындайды. Үшінші, (гедонисті бағытталған) топ - қабылдаушылардың ең көп бөлігін құрайды. Бұл публика, өнерден ләззат, сауық-сайран, қызық күтетін топ. Бұл өзінің өмірінде күнделікті кездесе бермейтін қызықтардың орнын толтыратын, демалуына, көңіл көтеруіне, жауыр еткен не көңіл-күйін түсіретін ауыр мәселелерден шығуды іздейтіндер. Бұл топтағы тұтынушылар өнер өздерінен ешнәрсе талап етпей, өзімен-өзі жеңіл күйде, ойлануға мәжбүрлемей өтуін қалайды. Төртінші, (эстетикалы бағытталған) топ қабылдаушысы өнер тілін жақсы түсінетін, өнер туындыларына байланысты көптеген көркемдік түрлерді, стильдерді білетін және әр өнер туындысына өзіне қажетті межемен келуші, бағалаушы. Эстетикалы бағытталған қабылдаушының танымдық, әдептілік те, гедонистік те қажеттіліктері бар болғанымен, ол әрқашан ең алдымен көркем мәтін қажет етіп тұрған мәселелерге, не айтқысы келіп тұрғандығына басты назар аударады. Ол көркем қабылдау актін, әлдебір прагматикалық мәселелерді шешу деп емес,  өз алдына, өзінің құндылығы бар мақсатты акт деп есептейді. Осындай бақылаулардан, зерттеулерден шығатын қорытынды: өнер туындысы әр адамға оның одан қаншалықты дәрежеде ала алатынына байланысты бере алады. Қабылдаушының түрлі жіктерге бөлінуі заңдылық. Қалың көпшіліктің бәрі эстетикалы бағытталған қабылдаушы болуы мүмкін емес. Алайда қай қоғамда болмасын, автор алдында өз қабылдаушыларын тәрбиелелеу, рухани-моральдық, біліми, эстетикалық, саяси-экономикалық танымдарының өсуіне, жетілуіне ықпал ету мәселесі тұрады. Өнердің табиғаты да осыған жетелейді.
Бақылау сұрақтары:

1. БАҚ туралы заңнан журналистік этика туралы бабын конспектілеу.

2. Этика тұрғысынан объектілерді зерттеу

3. Журналистік этика ұғымы



Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. 1. «Заң газеті» 27-қараша, 1996 жыл.

2.С.Сейфуллин «Тар жол тайғақ кешу» кітабынан «Баспасөз туралы» мақаласын конспектілеу

3. М. Дулатов Шығ. Мен «Баспасөз үмесі» мак. Конспект

4. М. Әуезов «Қазақстанның қалам қайраткеріне» мақала конспект

ІІ. А) Берік Бейсенұлы Ш. Мұртазамен сұхбат.»Мен енжарлықтан қорқам» «Жас Алаш» 24.02.01.

Ә) Ф.Оңғарсынова «Ана тілімізде сөйлеуге неге қорланамыз» «Ег.Қаз- н» 23.02.01.

Б) «Қасиетсіздік» «Егемен Қазақстан» 23.02.01.

Ғ.Мүсірепов «Журналистік этика жайлы» «Ег.Қазақсан» 31 қазан 1997

Қ.Р.Мәдниет туралы заңы «Ег. Қаз – н» 28.12.96ж.


6-Дәріс. Журналистика –қоғамдық-саяси және ақпараттық қызметтің саласы

Қоғамдық пікір: жалпы мінездеме. Қоғамдық пікір функциялары. Қазіргі кезеңдегі Қазақстандағы қоғамдық пікірдің көріну ерекшеліктері.

БАҚ-тың қоғамдық пікір қалыптастырудағы рөлі. Қазақстандағы қоғамдық пікірдің қазіргі жағдайы.

Журналистика принциптері.

Принциптер – журналистік қызметтің теориялық-методологиялық негізі. Шыншылдық пен объективтілік – баспасөзге қойылатын жаңа талаптар кезеңіндегі негізгі принциптер. Журналистикадағы жалпыадамзаттық принциптер: халықтығы, интернационализм, гуманизм. Баспасөздің партиялылығы туралы пікірлер.

Баспасөзбен журналистік қызметтің бостандығы.

Журналистика қызмет бостандығының проблемалары. «Баспасөз бостандығы» ұранының нақты тарихи мәні. Баспасөз бостандығы – саяси бостандықтардың бірі. Баспасөз бостандығының әлеуметтік-тарихи, экономикалық және заңдық қырлары.

Баспасөз бостандығы туралы түсінік. «Қажеттілік», «жауапкершілік» және «бостандық» ұғымдарының арасындағы байланыс. Баспасөз туралы заң және баспасөз бостандығы. Баспасөз бостандығы және тәуелсіз баспасөз.

Журналистік қызметтік нәтижелік проблемалары.

Журналистиканың жоғарғы нәтижелілігі. Журналистиканың тиімділігі мен пәрменділігі туралы түсінік. Нәтижеліліктің өлшемдері. Нәтижеліліктің екі түрі. Журналистиканың қызмет ету проблемалары.

Ақпараттық материал «Не болды, кім жасады, қашан, қалай, неге, енді болмақ?»деген негізгі алты сұраққа қысқа, түсінікті жауап береді. Газетке жаңа келген журналистті тығырыққа тірейтін нәрсе – жазатын тақырып, жаңалық табу. «Мәссаған!» дегізетін ақпаратты қиналмастан табудың рецепті бар болса, журналист мамандық болудан қалар еді. Өйткені, журналистикадағы негізгі проблеманың өзі де осы.

Қоғамды ақпаратпен қамтамасыз ету журналистиканың міндеті. Өйткені, кез келген қоғам мүшесі үкіметте, парламентте, жергілікті басқару органдарында немесе елдің өзге аймақтарында не болып жатқанын өздігінен барып біле алмайды. Сондықтан, өз мақалаларыңда ақпаратты алып отырған ақпарат көзіне нақты сілтеме жасауды естен шығармаған жөн. Америкалық журналист Маргарэт Фрини сілтеме жасауда және мақалаға белгілі бір адамның пікірін қосарда мына бір ережеге сүйенуге шақырады:



  1. Ақпаратты қайдан алдың?

  2. Бұл фактіні саған кім айтты?

  3. Сен айтқан ақпараттың шындыққа сай екендігін оқырманың қалай біледі?

  4. Берілген ақпаратты тағы да тексеріп ал! Екінші ақпарат көзінен не болмаса, үшінші ақпарат көзінен нақтылап алуға тырыс. Бәлкім, бұл ақпарат негізсіз шығар?

Ақпараттың маңыздылығы сол – сенің жазған мақалаңнан ақпарат алу арқылы, оқырман әрі қарай шешім қабылдауға мүмкіндік алады.

Ақпарат жинау үшін журналиске толып жатқан органдардың, ұйымдардың, компаниялардың, лауазымды қызметкерлердің, танымал адамдардың телефон нөмірлерінің тізімі қажет. Ақпаратпен айналысатын тілші төтенше оқиғаны өзгелерден бұрын білудің сан түрлі жолдарын табуы керек. Ол маңызды мәлімет беретін адамдармен үнемі қарым-қатынаста болады. Журналистің «ақпарат берушілер жүйесі» осылай қалыптасады. Сонымен, ең басты ақпарат көзі – адамдар. Яғни мәселені білетін, қатысы бар немесе жағдайды көзімен көрген кісілердің аузынан шыққан фразалар. Негізгі ақпарат қалтарыста, сөйлеушінің сөз арасында айта салған мәліметтерінде жатуы мүмкін.

Ақпаратты мүмкіндігінше мол етіп жинау керек. Оқиға орнынан келген соң журналист ақпаратты іріктеп, талдауға кіріседі. Тастауға қимай, тапқан фактіңіздің бәрін тықпалай берсеңіз, материалыңыз оқырманды жалықтырады. Ақпарат дайындалып болғаннан кейін материалдың құрылысын жоспарлау керек. Жалпы айтқанда, бұл – фактілердің берілу реті. Бірақ материалдың сәтті шығуы оның құрылымына байланысты.

Ақпаратты аса қажет етудің өте бір жақсы мысалын көркем шығармадан, Әбіш Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романынан кездестіруге болады. Онда Әмір Темір өз құрметіне ханымының салдырған мұнарасын көргеннен кейін, оны салған шеберді зынданға тастап, әрі қарай, қала халқына оның ханымы мен шебер жайлы әлдебір ақпарат таралып кетпеді ме деп алаңдауы, ақпарат жинау үшін қалаға, базар маңына, жұрт жиналатын жерлерге жансыз жіберіп, ұзақты күнді кеш қылып, хабар күтетіні өте әдемі көрсетілген. Бұл әрине, көркем шығарма. Бірақ, ақпараттың алар орнынан хабар береді.

Яғни, бұл мысал да ақпараттың аса маңыздылығын суреттейді. Ақпаратпен қаруланған адам, ақпаратсыз адамның жанында көш ілгері тұратыны белгілі. Бірақ, ол ақпараттың анық-қанығы тексерілген болуы шарт. Бізде, өкініштісі сол, әзірше ақпараттан бұрын журналистің өзіндік ойы жүреді.

Бақылау сұрақтары:


  1. Журналистиканың қоғамды ақпаратпен қамтамасыз етуі

  2. Ақпараттық блоктар дегеніміз не?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Основы творческой деятельности журналиста. Редактор құраст. Корконосенко С.Г. СПб.:2000

2.Корконосенко С.Г. Введение в журналистику. Уч. Пособие. Кишинев:1990

3. Любосветов В. Основы журналистики.М.:1984



7-Дәріс. Журналистік қызметтің құқықтық негіздері

Журналистика: авторлық құқық және әдеп әлемі.

Авто‑гректің «өзін» деген сөзінен шыққан.Авторлық құқық дегеніміз‑ шығармаларды пайдалану тәртібін реттеуге арналған құқық рәміздердің жиынтығы.

Авторлық құқық қызметі: авторлық шарт, авторлық қаламақы(ганарар), авторлық құқық, авторлық куәлік болып бір неше салаға бөлінеді.

Авторлық шарт дегеніміз‑ автор мен немесе мүрагерлермен баспа арасындағы өзара шарт.Келісім шарт жазбаша түрде болады. Авторлық шарттың 2түрі бар:

1Шығарманы пайдалануға беретіні туралы.

2Авторлық рұқсатнама.

1-де автордың шығармашылығына қол тимейді, яғни өңделмейді, қортындыланбайды.

2-де радлоинсинировка, киноинсинировка жасау үшін автордан рұхсат сұрайды.

Авторлық қаламақы: авторлық қаламақы мөлшерін республикалық өкмет белгілейді.Егер заңда қаламақы мөлшері белгіленбесе онда шартта көрсетілген мөлшермен төленеді.

Шығармаларды пайдалану тәртібін реттеуге арналған құқық рәсімдерінің жиынтығы пайда болады.Мысалы: автор қайтыс болса, оның шығармасы 25 жылдан кейін мемлекет қарауына өткізіледі.Автор келісімінсіз оның шығармасына өзгерістер енгізуге толықтырулар, илюстрациялар жасауға рұхсат етілмейді.

Авторлық куәлік: бұл өнертабыс иесіне автор өзінің авторлық құқын осы куәлік арқылы қорғайды.

1996ж (ВААП) ҚР‑ң авторлық және сабақтас құқықтар жөнінде мем лекеттік агентік болып өзгреді.Авторды қорғайтын авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заң.

Агенттіктің міндеті, мақсаты айналып келгенде көзді, көзі жоқ қаламгерлер мен өнер адамының қаламақы, еңбекақыларын қадағалау соңғы кездегі ақын жазушылардың шығармашылығын тегін орындап сахнаға шығып жүргендер, сондай‑ақ компазиторлар әндерін таспаға түсіріп т.т көбейтіп кетті.Олардың біразы ұсталып авторлық құқық заңдылық арқылы шара қолданып баспасөз беттеріне жазыла бастады.

Қазақстанда Тәуелсіз пресса 1994 жылдың жазында пайда болды. Ол кезде жекеменшік телекомпаниялар, радиостанциялар, газет, журналдар шыға бастады. Сол жылдары “Коммерсантъ” шетел кәсіпкерінің “Кеңес Одағында хабарды заңды ретінде ала алмайсың, тек басқа жолмен ғана аласың” деген, онысы рас болды. Содан бері он жылдан астам уақыт өтті, бірақ БАҚ қазірде осы ойда. Мәлімет алу мүмкін емес, мәліметтерді тек бір батылдық істер жасап, қауіпті жағдайларда алуға болады. Бұл құпия, коммерциялық және қызметтік хабарлар емес, жай күнделікті, қоғамға маңызды мәліметтер алу үшін. Мемлекеттік органдарда және коммерциялық құрылымдарда пресса қызметкерлерінен (пресс-служба) керекті мәліметтер алуға мүмкін емес. Себебі олардың хабарлауға басшыларының сәйкес бұйрығы бар, ал басшылардан, лауазымды адамдардан фактілер алуға қиын. Олар қорқады, журналистермен байланыс жасамайды. Мысалы, ойлап өз орнынан басшыларды таба алмайды, жазбаша түрінде жазған сұрақтарға жауапсыз қалдырады. Ақырғы жылдарда БАҚ-мен байланыс жасауы реттеуші азаматтық, құқықтық және әкімшілік нормалары қолдана бастады. Олар практика жүзінде күнделікті пайдалана бастады. Әрине, журналистика мамандық қызметін қорғау нормаларында бар, соның ішінде мәліметтер алу. Сонда да мәліметтер алу және жариялау қазіргі таңда бизнес қана емес, ол азаматтардың мәліметтерді алуға құқықтылығы. Ол Бұқаралық ақпарат құралдары туралы “Қазақстан Республикасының 18, 2, 2.1, 20 баптарында және конституцияның 20 бабында жазылған. Бұл заңға сәйкес мемлекеттік органдар және жеке меншіктік формасына қарамастан басқа да ұйымдар бұқаралық ақпарат құралдарына мемлекеттік құпиядан басқа мәліметтер беруге міндетті. Мәліметтерді алуға құқығы бар, сұраудағы мәліметтерді бермеген себепте тиісті органдарға немесе лауазымды адамға, содан соң сотқа шығам жазуға құқығы бар.

Журналистке міндеттелген құқығы лауазымды адамдар үшін де сәйкес міндетті. Қоғамға маңызды мәліметтерді журналистерге бермеген себепте мемлекеттік органның лауазымды адамы “Мемлекеттік қызмет туралы” 9-б. (3 т.) заңын бұзу туралы өзінің негізгі міндеттері: азаматтар мен заңды тұлғалардың құқын қамтамасыз ету мен қорғауын” бұзады.

Өз қызметін пайдаланып, журналист өміріне қауіпті мысалы, аппаратура құралдарын бұзу, киімін жырту, ұрып-соғу т.б. 180 сағаттық жұмысқа немесе 3 жылға сотталып, өз лауазымынан босатылуға дейін барады.

Заңды түрде журналист маманының қызметіне кедергі болатын, цензурадан басқа, бұқаралық ақпараттық қызметін заңсыз тоқтату және уақытша тоқтату, мәліметтерді алуда редакцияның сұрауы бойынша құқығы бұзылған кезде, басшылар өз жұмыскерлеріне тілшілеріне мәліметтер беруге тыйым салынғандары жатады. Лауазымы жоғары адамдар өз істерімен үлгі береді. Мысалы, қыркүйек айында Қазақстан Республикасының премьер-министрдің мемлекеттің БАҚ – басшыларымен кездесу болып өтті. Кейбір газеттердің тілшілерін оған қатыстырмай қойды. Пресс-служба, тек бас редакторларды шақырдың деді. Әкімнің пресс-хатшысы “Мен сіздердің газеттеріңізді оқымаймын...” деген екен. БАҚ өтірік мәліметтер бергені үшін әкімшілік міндеттер бар: Әкімшілік құқық бұзу туралы Кодекстің 3476 т. – азаматтар үшін 15 көлемінде, лауазымды адамдарға 25 айлық көрсеткіштер көлеміне дейін айыппұл төленеді. “Журналистерді заңды қызметтеріне кедергі жасаған үшін” 352 статья бойынша – кінәлі адамдар 50 айлық көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейді. Заңды түрде нормалар көрсетілген, ал практика түрінде оларды қолдану әлі жоқ. Мысалы: Алматы соты бойынша осындай істер әлі қаралмаған, кімде-кім сотқа шағым жазғаны болса, істер қарастырылмай созылып, содан соң, негізінен екі жақтың келісімге келгендіктен жабылған.

Журналистердің құқықтық қорғауы бар, бірақ олардың күштері жоқ. Мысалы, тілші коммуналдық қызмет көрсетуде тарифтің неге көтерілгені туралы мәліметтер алғысы келді. Алматы қалалық антимонополия департаменті жағдайды түсіндіруге міндеттеме берді, бірақ оны орындаған жоқ. Жазбаша түрде түсініктеме беруге ұсындық. Жауабын бекітуге Астанаға жіберілді – республикалық агенттіктің басшылығының жаңа ережелеріне сәйкес. Мәліметтер дайындалғанша бұл істер жабылды, ал осындай жағдайлар көп.

Біз неліктен өз құқығымызды қорғау үшін прокуратураға, сотқа барамыз? Әр адам ішкі істер органдар, соттар мен прокуратура жұмысымен кездескен кезде, оларға осы ұйымдардың істейтін жұмыстары заңға сәйкес талап ететіндері көп машықтандырмайды. Практика жүзінде заң екінші жаққа кетті, көп қызметкерлер үшін бастықтың бұйрығы – ең маңызды, ол даусыз белгілі нәрсе. Соттарда журналист қауымын жақсы көрмейді. Себебі, соттың өздері адамдар, олар да шешім қабылдау кезінде қате жіберулері мүмкін. Ал журналистер бұл фактілерді оларға проблема шығарып жарыққа шығарулары мүмкін.

Соған қарамастан, соттың және құқық қорғау ұйымдар жақсы болса дегіміз келеді, басқа құрылымдар бізде жоқ. Идилия ретінде қарастырмай, нақты адамдар ретінде қаралуы керек. Сондықтан журналистер мен редакторлар соттарда өз құқықтарын заңды жолмен шешулері қажет.

Бүгінгі таңдағыдай соттар осындай жағдайларда осындай істерден қорықпай сот практикасында қарастырады, ал қызметі лауазымды адамдар өз істеріне қоғамдық маңызды мәліметтер беруде заңға сәйкес талап етуде.

Өз күштерін газет, журналдар беттерінде, журналистердің шағымдары бойынша қарастырылатын істерді қолдау үшін эфирді пайдалану керек. Осындай қызмет етуді стратегияны қолдану керек. Содан соң ғана қазіргі нормалардың тиімділігі немесе қарастыруды талап ететіні, түсіндіру туралы айтуға болады. Қазір Қазақстан Республикасының құқық қорғау кодексі, Әкімшілік Кодексін қайта қарастыруды талап етеді. Мысалы, журналист маманы қызметкерлеріне кедергі жасауда, Әкімшілдік құқық бұзушылық жағында айырмашылығы жоқ. Журналистерді қызметтік лауазымы жоғары адамдармен бірге жағдай жасаған кезде, заңның өзгеруінде, жаңа қабылданған нормаларды талап етуде ғана бірдей болады. Ал қазір әр қайсымыз әр түрлі ауыр категорияда тұрмыз.



Журналист өмірінің қауіпсіздігін қорғау жолдары

Барлығымыз білеміз, журналистердің бүкіл ғұмырын өз кәсібіне өлшеусіз арнап жүрген адамдардың өмірі өте қауіпті. Бізге айтатындар – олар да жерде жүрген бір пенде, олар да қайтыс болады. Олардың өлімін жұмыстарымен байланыстыруға болмайды. Олар – өмірде шапшаң терезеден секіреді, автокөліктің дөңгелегінің астына түседі, сол керек емес уақытта жолдан өтеді, снайпердің оғына ілінеді, жұмыс орнында жарылыс болады – деп. Журналист маманы болу – өте қауіпті кәсіп. Журналистерді өлтіру, жарақаттандыруда істер қозғалмайды, қозғалса аяғына дейін айыпталушыны таба алмайды. Істер жабылмай қалады да, қылмыскер анықталмай қалады. Ондай да болады, сөзсіз. Кейде біреуді қолынан ұстап алады, бірақ қылмыскерді емес басқа қатысты емес адамдарды ұстайды. Мысалы, Евгений Мойнингер “Обозрение” газетінің бас редакторын өлтіргені үшін, содан соттың шешімі бойынша босатылған, бірақ 6 жыл түрмеде отырған. “Сендерге қылмыскер рөлінде біреу керек пе, жоқ па?” – деп ренжігендері де бар. Бірақ ешқашан өлтірушіні таба алмайды. Құқық қозғаушылар қылмыскерлерді іздемейтіндеріне біз үйренгенбіз. Осылай “Советская Калмыния” газетінің газетінің бас редакторы Лариса Юдинаны 1998 жылы және “Новая газетадан” Игорь Домниковты 2000 жылы өлтіріп, “Вечерний Казань” газетінің бас редакторының 19 жасар ұлы Хазбулат Шамсутдиновты 2006 жылы ұрлап алған кезінде де болған. Бұл тізімді әлі де жалғастыруға болады, бірақ ешқашан анықтаушылар өлтірушінің артында кім тұрғанын анықтамаған. Казань қаласындағы адамды ұрлау туралы жағдайда барлық орындаушы мен ұйымдастырушылар анықтаушылардың қасында болған, бірақ кезекті түрде берілген мәліметтер өзгертіліп, іс жабылды. Домников “Новая газета” тілшінің өміріне қауіпті жасаған үшін қылмыскер ретінде болатын адам қорықпай, тығылмай сот болып жатқан залда куәгер ретінде отырған.

Ресей генпрокуратурасына 2004-2007 жылдар аралығында 238 журналистер, БАҚ-тағы қылмыстық өлтіру, өртеу, ұру-соғу туралы мәліметтер жинап берілген. Бірақ, тек бес жағдайлар бойынша қылмыстық істер ашылып, қылмыскерлер сотталды. Құқық қорғаушылардың бұл туралы мәліметтері басқа шығар, олар бізбен бөліспейді. Тағы айта кетейік – 238 істен тек 5-уі ғана ашылды. Осыған қосатын “Мое побережье” Хабаровский край, Ванино қаласының газетінің бас редакторы Татьяна Седыхтың хатынан үзінді: “Үш жыл ішінде маған және менің отбасыма қатысты қылмысты істер ашылмай жатыр. Менің үйімді, автокөлігімді өртеді, редакция құралдарын және барлық газет тиражын жойды, қызымның мүлігін ұрлады. Баспа күні уақытша пәтеріме кіргізген таныс адамдарды ұрған. Газетті таратуға кедергі жасайды. Редакция орналасқан ғимаратты екі рет тартып алғылары келді. Кеше кешке қарай, итімді шығарып жүргенде машинамен оқыстан басып кете жаздады. Біреулерге менің Ванинода тұрып, оның өмірі туралы әңгімелеуім ұнамайды. Бірақ мен осы жерден кетпеймін. Мен партия мүшесі емеспін, бірақ Ресейдің барлық партия өкілдеріне айтатыным – менімен болған оқиғалар мемлекетте болып жатқан істерге көздері ашылып, ойландыруға әкелсін”, - дейді.

Прокурор қызметкерлеріне Татьяна Седых ісі туралы сұраныс жіберілді. Жауап тосайық. Генпрокуратураның бұрын берілген жауаптарынан басқа болса керек. Ол не деген? Себебі: 2004 жылдың 23 қаңтарында редактордың үйі мен автокөлігін өртеген кезде генпрокуратура былай жауап берді: 7 мамыр 2004 жыл: “Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Барлық жағдайлар анықталуда”. 6 тамыз 2004 жыл: “Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Барлық жағдайлар анықталуда”. 9 қараша 2004 жыл: “Тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр”. 8 ақпан 2005 жыл: “Айыпталушы адамдарды анықтамаған жағдайда тергеу жұмыстары уақытша тоқтатылды”. “1992 жылдан бастап біз 219 журналистердің қайтыс болуын анықтадық” дейді. Ал, 2007 жылдың 4 айында – 5 журналистердің өлімі. Не үшін Ресейде журналистерді өлтіреді. Оны осы журналистердің қандай тақырыпқа істер жүргізгендері мәлім.

Вячеслав Звонарев Курск қаласының “Такт” телекомпаниясының редакторы, 1997 жылы 12 ақпанда өлтірілген, жергілікті бастықтардың үлкен коттедждер салуы туралы телебағдарлама дайындаған.

Николай Мозолин “Новый Петербург” газетінің тілшісі, сол жылдың наурыз айында белгісіз біреулердің ұруынан қайтыс болды. Халықаралық балаларды асырап алу мәселесі туралы материалдар жариялады.

Валерий Кривошеев Липецк қаласындағы “Комсомольская правда” газетінің меншікті тілшісі, 1997 жылдың қыркүйек айында белгісіз біреулердің қолынан қайтыс болды. Мемлекеттік лауазымды басшылардың саяжай салуын зерттеген.

Анатолий Левин-Уткин “Юридический Петербург сегодня” газетінің бас редакторының көмекшісі, 1998 жылдың 24 тамызында басына зақым келтірген үшін ауруханада қайтыс болды. Газетке Санкт-Петербургтегі банктердің сыбайластығы туралы материалдар туралы жазған.

Алексей Сидоров “Тольяттинское обозрение” газетінің бас редакторы 2003 жылдың 9 қазанында қылмыс пен сыбайластық туралы жазғаны үшін қаза тапты.

Юрий Бугров “Провинциальный телеграф” газетінің редакторы қылмыскерлер проблемасы туралы жазған үшін 2003 жылы 30 қазанда өлтіріледі.

Бірақ, құқықсақтаушылардың сөзімен барлық жағдайларда журналистердің өлімі жай қылмыстық іс ретінде қаралады. Көбінесе, милиция қызметкерлері кінәлі адамдарды таба алмай, журналистикаға мүлде байланысты емес дейді. Барлық айтулары болған оқиғадан кейін айтылады. Болған іске олар көздерін жабады. Жасалған мониторинг бойынша, барлық журналистердің өміріне қауіпті емес, тек зерттейтін, үкіметті айыптайтын журналистер ғана өлімге ұшырайды.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет