3-билет Азаматтық қорғаныс туралы заң қашан қабылданды?


Терінің жұқпалы аурулары,жұғу жолдары және белгілері



бет3/11
Дата04.11.2023
өлшемі38,33 Kb.
#189622
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
обж рк

3. Терінің жұқпалы аурулары,жұғу жолдары және белгілері

Терінің ең көп тараған ауруларына безеу, қышыма қотыр және саңырауқұлақтар тудыратын аурулар жатады.Тері ауруларын қарайтын медицина бөлімі дерматология деп аталады. Тері ауруларымен айналысатын дәрігерді дерматолог деп атайды.


Безеу көбінесе 14–16 жастағы балаларда болады. Бұл – жыныстық жетілудің уақытша қосымша әсері. Май бездерінің шығаратын өзегі бітеледі де, оған ауру тудыратын микробтар түсіп, қабынады. Айналасындағы тері тығыздалып, қызарады да кішкентай түйін пайда болады, ол жиі іріңдейді. Олар уақытша пайда болады, бірақ терінің көп бөлігіне жайылып ауыруы мүмкін. Безеу бетті, кеудені, арқаның жоғары бөлігін зақымдайды
Безеудің алдын алу үшін теріні таза ұстап, май бездерінің өзегі бітеліп қалмауы үшін бетті үнемі сабынмен жуу керек. Ыстық және суық сумен алма-кезек жуыну жақсы көмектеседі. Өте ащы, тәтті, дәмдеуіштер (бұрыш, қалампыр, т.б.) қосылған тамақты жеуден, кофе, какао, қою шай ішуден бас тарту қажет. Асқынған жағдайда дерматолог дәрігерге көріну керек
Саңырауқұлақтар тудыратын аурулар тері ауруларының үлкен тобын құрайды. Бұл микроорганизмдер денені, бас, аяқ немесе қолды зақымдайды, бірақ көбінесе аяқтың башпайлары зақымдалуы мүмкін. Уақыт өте келе аяқ басының зақымдалған терісі терең жарылып, процесс тырнаққа өтуі мүмкін. Сонымен қатар саңырауқұлақты инфекция табан сүйелінің дамуына себепші болады. Бұл косметикалық кемшілік қана емес, жұқпалы вирус ауруы болып табылады.
Саңырауқұлақтар тудыратын аурулар аллергиялық реакциялардың дамуына себепші болуы немесе аллергиялық ауруларды, мысалы, бронх демікпесін асқындыруы да мүмкін.
Саңырауқұлақтар тудыратын аурулар адамнан адамға оңай беріледі. Бұл, әсіресе иммунитеті нашар қала тұрғындары үшін өзекті мәселе. Аяқты қысатын аяқкиім кию, қоғамдық моншаға, бассейнге түсу саңырауқұлақтар тудыратын аурулардың таралуына себепші болуы мүмкін. Жоғары ылғалдылық кезінде саңырауқұлақ теріге бөгетсіз енеді. Саңырауқұлақтар тудыратын аурулардың алдын алу

  • Аяқты бактерияға қарсы сабынмен жуып, жақсылап сүрту;

  • Жазда ашық аяқкиім кию;

  • Синтетикалық материалдан жасалған аяқкиім кимеу

  • Кроссовкамен ұзақ уақыт жүрмеу;

  • Басқа адамның киімін кимеу.

Бұл ауруды қышыма қотыр кенесі (қотыр кенесі) тудырады. Қотыр кенесі нәзік, жұмсақ тері жабынын зақымдап, ішке, арқаға жайылады. Ол адамның терісіне жұққан бойда, өзіне орын "қаза" бастайды. Ұрғашысы сол өзі "мекендеген" тұсқа жұмыртқа салады. Үш-төрт күннен кейін онысы құртқа (личинка) айналады. Мұндай жұқпалы ауру өздігінен жазылып кетпейді. Міндетті түрде дәрігердің көмегі қажет.[6]Ауру белгілері – аталған жерде тоқтаусыз қышу пайда болады. Қышыма қотыр ауру адамнан тұрмыстық заттар, есік тұтқасы, қол алысып амандасқан кезде және т.б жағдайда жұғатын жұқпалы ауру болып табылады. Қышыма қоотырдың алдын алудың бастапқы шарасы – гигиена сақтау.


Ауру қоздырушылары ауада және заттардың бетінде ұзақ уақыт тіршілік етеді. Сондықтан үй-жайды зарарсыздандыратын сұйықтық (мысалы, хлораминді) қолданып, заттардың беткі жағын, есіктің тұтқаларын, еденді ылғал шүберекпен сүрту керек.
Тері зақымданған кезде кесілген жерді және басқа жараларды антисептикалық заттармен өңдеу керек.
Жұқпаның кейбір қоздырушылары ауруды дамытпай, теріде (сілемейлі қабықта, тісте) ұзақ уақыт тіршілік етуі мүмкін. Егер ағза әлсіресе, оның қорғаныш күші төмендейді.Осы кезде қоздырушылар агрессиялық кезге өтіп, ауру дамуы мүмкін. Яғни жекебас гигиенасынан басқа жалпы ағза саулығын сақтау керек. Иммунитеттің әлсіреуіне қандай да бір аурумен ауру, авитаминоз, антибиотиктерді бақылаусыз қабылдау себеп болуы мүмкін.
Иммунитетті жалпы нығайту, дұрыс тамақтану, жекебас гигиенасы ержелерін сақтау – тері жұқпаларынынң алдын алу шарасы болып табылады



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет