3-билет Азаматтық қорғаныс туралы заң қашан қабылданды?


-билет 1) Гидрологиялық төтенше жағдайлар



бет6/11
Дата04.11.2023
өлшемі38,33 Kb.
#189622
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
обж рк

18-билет
1) Гидрологиялық төтенше жағдайлар
Апаттық тасқын - қирау мен құрбандыққа алып келетін, көлемі жағынан көрнекті, қайталануы жағынан сирек тасқын. Апаттық тасқын түсінігі, сондай — ақ салдары қиратуға алып келген су тасуға да қатысты қолданылады.
Цунами – су асты және жағалаулардағы жер сілкінісі кезінде пайда болатын теңіз толқындары. Қазақстан үшін орын алуы екіталай құбылыс, алайда Каспий теңізі айлағында орын алу мүмкіндігін естен шығаруға болмайды.
Қар көшкіні – адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін, экономика нысандарына және қоршаған табиғи ортаға шығын келтіретін, жылдам әрі кенеттен болатын қардың және (немесе) мұздың таудың тік баурайымен қозғалуы.


2) Химиялық қарудың клиникалық зақымдау белгілері
Улағыш заттар (УЗ) химиялық қарудың негізін құрайды.
Химиялық қарудың әсерінен адамдар мен малдардың жаппай
зақымдануы жүрген аумақ химиялық апат ошағы деп аталады.
Химиялық авария деп – химиялық қауіпті объектілердегі
болған аварияларды айтады.
Олардың әсері:
- адамдар шығынына немесе зақымына, ауыл шаруашылық
өсімдіктері мен жануарлар зақымы;
- қоршаған ортаның химиялық ластануына алып келеді
Химиялық саладағы апаттар 2 категорияға бөлінеді:
- жарылыс салдарынан технологиялық тізбектің және
инженерлік қондырғылардың бұзылуы;
- апат салдарынан қосымша технологиялық және негізгі
қондырғылардың зақымдануы.
Химиялық апаттардың топталуы.
1. Жеке апат - зақымдайтын УЗ атмосфераға
тасталмайды.
2. Обьектідегі апат - зияндығы жоғары УЗ санитарлық қорғау
зонасының радиусынан аспайды.
3. Жергілікті апат - зияндығы жоғары УЗ қоймасының
қирауынан туындайды.
4. Региональді апат - зияндығы жоғары УЗ көлемді
мөлшерде сыртқа тасталады.
5. Глобальді апат - үлкен қауіпті өндірістегі химиялық
зияндылығы жоғары УЗ сақталатын барлық қоймалардың
толық қирауының салдарынан болады
Химиялық зақымдану кезінде ауаны, жер астын, жабық квартираларды, парктерді, скверлерді химиялық тұнбалар тұрып
қалып ластап, улайтындығын қатты ескеру қажет. Сондықтан құтқару жұмыстары аяқталысымен, өңдеу жұмыстарымен айналысады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет