3-билет Азаматтық қорғаныс туралы заң қашан қабылданды?


билет 1.Метеорологиялық төтенше жағдайларды ата?



бет4/11
Дата04.11.2023
өлшемі38,33 Kb.
#189622
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
обж рк

17 билет


1.Метеорологиялық төтенше жағдайларды ата?
Метеорологиялық (боран, дауыл, циклон, қарақұйын,
қатты ыстық, құрғақшалық, аяз, найзағайдан болған өрт).
Боран — күшті желдің (жылд. 15 м/с-тан астам) әсерінен топырақтың, құмның, қиыршықтастың, қардың ұйтқып соғуы
Дауыл — теңізде күшті толқындар көтеретін, құрлықта бірталай апаттарға себеп болатын өте күшті жел (жылдамдығы >20 м/с). Әдетте, дауыл қарқынды циклондардың өтуімен тығыз байланыста дамиды.
Циклон (гр. cyclon — айналушы, айналым) — атмосфераның қысымы төменгі аймағы.
Құйын, атмосферадағы құйын – диаметрі ондаған метрден (су айдынында) жүздеген, мыңдаған километрге дейін (құрлықта) жететін қандай да бір ось бойынша жүретін ауаның айналмалы қозғалысы; ауаның жер бетінен топырақты, қарды немесе суды дөңгелете көтеріп, екпінді қозғалуы.


2.Электрлік магниттік импульс дегеніміз не?

Электрлік магниттік импульс - жарылыстан кейін электрлік және
магниттік алаңның пайда болуына алып келеді. Бұндай алаңның көлемі
бірнеше мыңдаған шаршы километр аумақ болуы мүмкін, ол
жарылыстың қуатына тікелей байланысты. Электрлік магниттік импульс
үлкен антеналы өте сезімтал электрондық элементтерді күйдіріп
жібереді, приборларды, конденсаторларды, ваакумды қондырғыларды
және т.с.с. электрондық қондырғыларды істен шығарады.

3.Қан тоқтату,жгут салу?


Жгут салу. Жгут салу техникасы


1. Зақымдалған қолдың жарасынан жоғары жгут салып, максимальды күшпен созу керек.
2. Жгуттың бірінші турын бекітіп, кәрі жілік артериясында пульс болмауына көз жеткізу.
3 .Жгуттың келесі турларын аз күшпен тартып салу.
4 .Жгут айналасына бекіткіш ілмекті салу.
5. Ілмекті тартып жгуттың бос шетіне енгізу.
6 . Ілмек резинасы астына жгутты салу уақыты жазылған қағазды қыстыру
Тіндердің өлімін болдырмас үшін әрбір 15 минут сайын жгутты босаңсытып тұру қажет
Бұл әдіс әсіресе қызыл қан тамырының қан ағуын тоқтатуда негізгі әдіс болып есептеледі. Қызыл қан тамырынан қан аққанда жгут жарадан жақынрақ салыналы. Ширақты салудың алдында оның орамдарының арасында тері қысылып қалмауы үшін қол-аяқтар орамал немесе бинтпен оралады. Ширақ тартылады және аяқ-қолдар айландырылып оралады. Бұндай ширақ орамдарының бірінің үстінен бірін бастырмай қатар жатуын бақылау қажет. Ширақтың ұштары бекітіледі. Ширақ орамдарының біреуінің астында ширақ салынған уақыты көрсетілген қағаз қыстырылады. Бұнан басқа арнаулы емдеу мекемесіне жіберілетін хатта ширақтың уақыты көрсетіледі. «Қызыл қан тамырлық» ширақ дұрыс салынса аяқ-қол ширақтан төменіректе бозарады. Ширақ салынған жерден төменде тамыр соғысы білінбейді, қан ағуы тоқтайды. Ширақ қатты тартылмаса, аяқ-қол көгере бастайды, тамыр соғуы жоғалмайды, қан ағуы күшейеді. Қатты қысылып тартылса, жүйке талшықтарының жарақаттануының салдарынан аяқ-қолдардың салдануы мүмкін. «Қызыл қан тамырлық» ширақ аяқ-қолдарда 1,5-2 сағаттан көпке қойылмайды. Егер ұзақ уақытқа қойылса, аяқ-қолдардың жансыздануы мүмкін. Егер осы уақыт арасында операция жасалынбаса, және ширақ қайтадан керегінше жоғары немесе төменірек қойылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет