3-билет Азаматтық қорғаныс туралы заң қашан қабылданды?


билет Геологиялық төтенше жағдайға жататындарды ата



бет5/11
Дата04.11.2023
өлшемі38,33 Kb.
#189622
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
обж рк

16 билет



  1. Геологиялық төтенше жағдайға жататындарды ата

Геологиялық сипаттағы құбылыстың әсерінен болған стихиялық апаттарға жер сілкінісі, вулканның атқылауы, опырмалар, қар көшкіні, сел және т.б. жатады.
Жер сілкінісі кенеттен, ойламаған жерден пайда болатын және ең қауіпті табиғи аппаттардың бірі.


  1. Өткір радиация

Өткір радиация – гамма сәулесінің және нейтрондардың ағымы.
Ядролық жарылыстың нәтижесінде, оның айналасына жоғары
көтеріліп бұлт құраған радиоактивті заттар жерге түсіп, айналаны,
суды, ауаны ласатайды.
Радиоактивті заттар адамдарға екі жолмен әсер етеді:
1. гамма сәуленің бетта-бөлшектермен бөлініп адамның
ашық жеріне, терісіне қонады,
2. адамның ішіне түсіп, адамдар сәуле ауруына шалдығады.
Егер теріге радиоактивті заттар көп қонса, адамдар радиоактивті
күйік алуы мүмкін. Ішке түскен радиоактивті заттар қан арқылы
адам бойына толық тарайды. Радиоактивті заттардан панаханалар
ғана сақтайды.


  1. Дауыл

Дауыл — теңізде күшті толқындар көтеретін, құрлықта бірталай апаттарға себеп болатын өте күшті жел (жылдамдығы >20 м/с). Әдетте, дауыл қарқынды циклондардың өтуімен тығыз байланыста дамиды.
Дауылды жел — күшті, кенеттен соғатын, жылдамдығы 20—30 м/с-ке жететін, кейде найзағай мен нөсер қатар жүретін жел. Орта ендіктердегі циклондарды суық ауа шебінің өтуі барысында және өте күшті ауа конвекциясы кезінде байқалады
Оның пайда болуына ауа айналымының ерекше жағдайында атмосферадағы тепе-теңдіктің өте жоғары жылдамдықпен аяқ астынан бұзылуы әсер етеді. Кейде дауыл үлкен бүліншілікке ұшыратып, адам құрбандықтарына алып келеді, малдар шетінеп, материалдық залал келеді. Шаңдық дауыл – бұл күшті жел салдарынан шаңның, құмның, топырақтың, тұздың және көлемі 1 мм аз басқа да нәрселердің ауаға көтерілуі. Қазақстан аумағында бұл дауыл – сәуір, мамыр және қыркүйек айларында жиі байқалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет