2.Соққы толқыны. Соққы толқыны – ауа қысылысынан пайда
болады. Және дыбыс жылдамдығынан да жоғары
жылдамдықпен тарайды. Соққы толқынының пайда
болу көзі жарылыстың ортасында өте жоғары
қысымның пайда болуынан. Соққы толқын өзінің
жойқын күшіне байланысты жолындағылардың
бәрін қирата талқандап өтеді. Соққы толқынның
күші эпицентрінен қашықтаған сайын бәсеңдей
береді. Адамдар соққы толқыннан тек арнайы
панаханаларға, шұңқырларға т.с.с. таса жерлерге
жасырынып сақтанады
3.Радиациядан қорғану жолдары, алғашқы көмек.
Алдымен халықты радиациялық қауіп жөнінде құлақтандыру; ұжымдық
және жеке қорғаныс құралдарын пайдалану туралы хабарлау, радиактивті
заттармен ластанған аймақтың тұрғындарын өздерін қалай ұстау
керектігін мүмкіншілігінше түсіндіру қажет, радиацияның деңгейін
анықтаудың маңызы зор, дозиметрлік бақылау тұрақты түрде жүргізілуі
тиіс, су мен тамақты радиоактивті ластануға зерттеу жасау керек.
1. «Феникс» Капюшоны -
ғимараттан шығару кезінде
химиялық заттардан, газдан,
түтіннен, будан көзді, бет терісін,
тыныс алу мүшелерін қорғауға
колданылады.
2. Оқшаулап қорғайтын СПИ-20
(самоспасатель изолирующий) –
қоршаған ортадағы қауіпті
химиялық заттардың буынан,
газдан, түтіннен тыныс алу
мүшелерін қорғауға колданылады.
Мұндай қорғағыш құралы
жағымсыз жағдайдан 20 минуттан
50 минутқа дейін қорғайды.
3. ГДЗК (газодымовой защитный комплект) ересек адамдар мен 12 жастан асқан балаларға
қолдануға болатын қорғаныс құралы. Тыныс алу мүшесін, көзді, басты жанып жатқан заттың
токсиндік өнімдерінен, техногендік авария аймағынан жедел көшіру кезінде , өртте,
түтіндегенде, ТЖ кезіндегі улағыш заттардан, радиоактивті шаңнан, биологиялық қауіпті
заттардан қорғану үшін пайдаланады. Бір рет ғана қолданылатын құрал. Қорғау дәрежесі 30
минут барысында ғана жоғары.
4. Газқағар ГП-7 (противогаз) 6 сағатқа дейін уландырғыш заттардан жоғары дәрежеде
қорғайды (зарин, зоман, хлорциан және т.б. улар типінен), бактериялық аэрозольдерден,
радиоактивті заттардан (йодтың радионуклидтерінен, оның органикалық қосылыстарынан) және
көптеген многих АХҚЗ (авариялық химиялық қауіпті заттардан).