3-билет Азаматтық қорғаныс туралы заң қашан қабылданды?


Азаматтық қорғаныс міндеттері



бет9/11
Дата04.11.2023
өлшемі38,33 Kb.
#189622
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
обж рк

Азаматтық қорғаныс міндеттері:
халықты жаппай қыру құралдарының (ядролық, химиялық, бактериялық) зардаптарынан сақтап қалу;
төтенше жағдайда өндіріс орындарының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету;
зардапқа ұшыраған адамдарды құтқару және қалпына келтіру жұмыстарын жеделдетіп жүргізу;
апат болған, қираған жерлерде барлау жұмыстарын жүргізу;
зардап шеккен адамдарды іздестіру, құтқару, оларға қажетті көмек көрсету;
төтенше жағдайда шыққан өртпен күресу, олардың өршуіне жол бермеу;
өндірістік орындардағы апаттың көрші тұрғын объектіге зиянын келтірмеуін көздеу және қалпына келтіру;
адамдарды және техникаларды басқа да объектілерді улы, бактериялық, химиялық заттардан санитарлық тазалықтан өткізу;
территорияны, техниканы, киімді, тамақты, улы радиактивті заттардан, бактериялардан қорғау.

Азаматтық қорғаныс (АҚ) күштері халықты, ұйымдар мен аумақты қорғау, бейбіт және соғыс уақытында химиялық, биологиялық, бактериологиялық зақымдану кездерінен құтқару мен шұғыл жұмыстарды жүргізуден тұратын АҚ міндеттерін атқаруға арналған.


АҚ күші келесілерден тұрады:
- ҚР АҚ әскери бөлімінен;
- АҚ аумақтық және нысандық құрылымдарынан;
- АҚ және ТЖ қызметтерінің құрылымынан;
- жедел құтқару отрядтарынан тұрады (РЖҚО, ОЖҚО).

АҚ күшін пайдалану АҚ бастығының шешімі бойынша жүзеге асырылады. Аумақтық құрылым әкімнің шешімімен құрылады.


Құрылымның құрамы мен жалпы саны бейбіт және соғыс уақытында ұйымдар мен аумақты және халықты қорғауды қамтамасыз ететін қағидалар бойынша АҚ ұйымдары анықталады:
Жер сілкінісі аймақтарында - 10 адамға 1 құтқарушы;
Су тасқынына, өртке, басқа да қауіпті қатерлерге ұшыраған өнеркәсіпті аймақтар мен аумақтар үшін – 15-20 адамға 1 құтқарушы дайындалады.


21 билет

  1. ТҚ курсының мақсаты, мазмұны.

“Тіршілік қауіпсіздігі" - адам өміріне төнетін жалпы қауіп-қатерлерді зерттейтін және одан қорғауға болатын әдістер мен шараларды ұсынатын ғылыми білімнің саласы.
“Тіршілік қауіпсіздігі" (ТҚ) курсының мақсаты –
- қауіпсіздік саласында жалпы халықтың біліктілігін көтеру;
- өмір қауіпсіздігін қамтамасыз етуге адамдардың ойлау қабілетін бағыттау;
- қауіп-қатерді тани білу: оның түрін, болып жатқан жерін, зардап шегу мүмкіндігін, зиян келтіру шамасын, қатер болу мүмкіншілігін және т.б.
- болғалы тұрған қауіп-қатердің алдын алу;
- қауіп-қатер болғанда, төтенше жағдай (ТЖ) кезінде білікті іс-әрекет жасай білу.
Осы көрсеткіштер барлық арнайы мамандықтар қауіпсіздігінің ғылыми - әдістемелік бастамасы болып саналады.

ТҚ курсын өткен адамдар өз ортасындағы қауіпті және өзі мен өзгеге зиянын тигізетін құбылыстарды танып, соған қарсы білікті әрекет жасай алады.


Қазіргі заманғы ғылым мен техниканың дамуына байланысты қауіп-қатер түрлері артуда. Кез-келген іс-әрекеттің әкелетін пайдасы мен бірге кері нәтижесі де болып жатады. Мысалы, экологияның бұзылуы, жүйке ауруы, жарақат алу, ауыру болу, тіпті қазаға ұшырау. Қауіп-қатер адам өміріне, денсаулығына зиянын тигізеді.
Сондықтан, мемлекет алдында, жалпы қоғамдағы адамдарды қорғау міндеті тұр.
Ал, қауіпсіздік – адамдар мен тіршілік ортасын, нақты іс-әрекеттен болатын қауіптен кешенді қорғау шаралары.
Іс-әрекеттің түрі күрделенген сайын, кешенді қорғану шаралары да қажет.
Кешенді қорғану шараларына жатады: құқықтық, ұйымдастырушылық, экономикалық, техникалық, санитарлық-гигиеналық және емдік.

Адам - ТҚ курсындағы өзекті объект және қоғамдық дамудың негізі болып табылады.


Ерте замандағы (490 – 420 б.ғ.д.) грек философы Протагор "Адам - барлық заттың өлшемі" деген екен. Яғни, адамды жұмыс күші ретінде, жұмыс процесінде қорғау ғана емес, сонымен қатар оны өмір бойы, қайда тұрса да, қайда жүрсе де қорғау қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет