3-деңгейлі смж құжаты поәК поәК 042-05-14-5-05. 01. 20. 31. 03. 2011



бет4/5
Дата04.07.2018
өлшемі442 Kb.
#46408
1   2   3   4   5

Дәріс тақырыбы. Жанұя мен мектеп арасындағы өзара әрекеттестік.

Жоспар.


1.Жанұя мен мектеп арасындағы өзара әрекеттестік.

2.Мектеп пен жанұя арасындағы байланыс.

3.Ата-аналардың мектепке баруы.

Дәрістің қысқаша мазмұны.

Мектеп пен жанұяның әрекеттестік формалары. Қазіргі уақытта мектеп пен жанұя ынтымақтастық әрекетінің келесі бағыттары айқындалған: ата-аналармен ұйымдастырушылық-педагогикалық жұмыс; ата-аналардың педагогикалық сауаттылығын дамыту; ата-аналармен баланың оқу үлгерімі мен тәрбиесін жақсарту үшін жүйелі жеке дара жұмыстарын жүргізу.
Ата-аналармен ұйымдастырушылық-педагогикалық жұмыс ата-аналар комитеті (жалпы мектептік, сыныптық), ата-аналар жиналысы және конференциялары сияқты формалар арқылы жүзеге асады. Ата-аналар комитеті – ең белсенді, ықыласты деген ата-аналардан тұратын қоғамдық орган, ол жалпы мектептік (жалпы мектептік ата-аналар комитеті) немесе сыныптық жиналыстарда (сыныптық ата-аналар комитеті) сайланады. Ол 5-6 адамнан (өзара негізгі міндеттерді бөліп алатын председательден және 4-5 мүшесінен) тұрады. Керек болған жағдайда ата-аналар комитетінің жанында кеңестер, комиссияның ынталы топтары құрылуы мүмкін.
Мектептің жанұялармен ұйымдастырушылық-педагогикалық жұмыстар жүйесінде мектеп кеңестерінің қызмет-әрекеті ерекше орын алады, олардың қызметтері сан түрлі болып келеді. Олар ата-аналардың мектеппен байланысын нығайтуға, олардың педагогикалық сауаттылығын ұйымдастыруға ықпал етіп, кейбір жанұяларға тәрбиеден көмек көрсетеді көмек көрсетеді.
Мектеп пен жанұялардың ынтымақтастық әрекеттерінің ұйымдастыру-шылық-педагогикалық формаларына, сондай-ақ, ата-аналар жиналыстары мен конференциялары жатады. Олар жалпы мектеп бойынша да, жеке сыныптар бойынша да өткізіледі. Жалпы мектептік ата-аналар жиналысы немесе конференцияларда жанұя мен мектептің оқыту-тәрбие жұмыстарын жетілдірудің өзекті мәселелері талқыланады. Мектептегі ата-аналар жиналысы, әдетте, жылына 2-3 рет өткізіледі.
Жанұямен ұйымдастырушылық-педагогикалық жұмыстың ең тікелей формасы жеке сынып оқушылары ата-аналарынын жиналыстары Жанұяға бала тәрбиесінде көмек көрсетудің ықпалды тәсілі -ата-аналардың педагогикалық сауатын дамытуды ұйымдастыру. Мектеп ата-аналардың педагогикалық сауатын дамытуды ата-аналар жиналысын, консультациялар, сұрақ-жауап кештерін, әкелер конференцияларын, т.б. өткізу арқылы ұйымдастыруға тырысады. Ата-аналарға жанұя тәрбиесін жақсарту мақсатында жеке дара көмек көрсетіп, ықпал жасай отырып, мұғалім педагогикалық әдептілік сақтау керек. Мұғалімдердің ата-аналарға оқушылардың мектептегі «жаман» тәртібіне шағымдануы әрқашанда теріс бағаға ие болады. Мұндай ағым-данулардың еш нәтижесі болмайды, керісінше олардың тигізер зияны өте зор. А.С. Макаренко мұғалімдерді ата-аналарды мектепке шақыртудан, балалар тәртібіне шағымданудан сақтандырған: «Кей ата-ана мұндай әңгіме-ден кейін қолына қамшы алады, ал кейбіреуі болса еш нәрсе істемейді де, нәтижесінде барлығы бұрыңғы қалпында қалады», -дейді А.С. Макаренко.

Мектеп - өскелең ұрпақты тәрбиелеу жүйесіндегі шешуші буын. Оның жас ұрпақты тәрбиелеудегі ролі өте зор. Еліміздің бүкіл жастары мектеп арқылы өмірге жолдама алады. Мектеп ешуақытта отбасынан, қоғамнан бөлініп, өз бетінше жеке мекеме болған емес. Сондықтан да, оның іс-әрекеті отбасымен, жұртшылықпен, еңбек ұжымдарымен табиғи байланысты. Міне, мектептің үлкен тәрбиелік функциясы осында.

Мектеп тәрбиеге байланысты барлық қоғамдық күштерді ұйымдастыру және біріктіру ролін атқарады. Ол ішкі тәрбие процесін басқарып қана қоймайды, сонымен бірге тәрбие жұмысын ұйымдастырады. Мектеп іс-әрекетінің ең бастысы – тәрбие түрлерінің (дүниетаным, еңбек, мінез-құлық, эстетикалық және дене тәрбиесі) мақсаттары және міндеттері жүзеге асырылады. Мектеп басшылығымен жүргізілетін тәрбие жұмыстары көптеп саналады. Олар: ата-аналармен жұмыс; сынып жетекшілерінің және мұғалімдердің отбасымен жұмысы; сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмыстары. Осындай жұмыстардың барлығына мектеп басшылық жасайды, көмектеседі, тиісті адамдармен бірігіп іске асыруды қамтамасыз етеді.

Отбасында басты мәселелердің бірі – баланың тіршілік әрекетін ұйымдастыру. Бұған баланың күн ырғағы, міндеттері, қойылатын талаптар, оның үй еңбегіне қатысуы, оқу-әрекеті, бос уақытын ұйымдастыру жатады.

Отбасы жағдайын және баланың жас ерекшелігін ескере отырып, оны ата-аналар түрлі еңбек іс-әрекеттеріне үйретулері қажет. Отбасы жағдайларының бірі – бұл ата-аналардың өзара махаббатына, көзқарастарының мүдделерінің, сенімділіктерінің және ұжымдық іс-әрекетерінің бірлігіне негізделген татулық. Мұндай ортада қиыншылықты жеңе білетін қабілетті, байсалды, ақжарқын адамдар өседі. Олар ұжымда жеке басының қамын ойламайды, басқа да адамдар үшін де өмір сүре алады.

Отбасында балаларға үлгі-өнеге беретін ата-аналар мен ересек адамдардың мінез-құлықтары, жүріс-тұрысы, сөйлеуі, мәнді рол атқарады. Мектеп отбасы байланысының басты формалары – ата-аналар жиналысы. Онда көптеген мәселелер: күнделікті өмір, еңбек, үй тапсырмаларын орындау, оқушылар-дың бос уақыты, кәсіптік бағдар, оқу және тәрбие жұмысы және т.б. талқыланады, оларды одан әрі жетілдірудің нақты жолдары қарастырылады.

Байланыс формаларының бірі –педагогтардың оқушылар үйіне баруы. Мақсат: оқушылардың үй жағдайымен, күнделік өмірмен, тұрмысымен танысу, оқу және тәрбиеге байланысты әр түрлі тақырыптарға байланысты ата-аналармен әңгіме өткізу, пікір алмасу.

Мектеп пен отбасы байланысының тағы бір формасы – педагогикалық насихат, яғни, ата-аналарға педагогикалық білім беру. Қазіргі кезеңде ата-аналармен бұқара халыққа педагогикалық білімді таратып, насихаттаудың аса зор маңызы бар. Ата-аналардың тәрбие процесінде жеке адамның қалыптасуына ықпалы, олардың жалпы педагогикалық мәдениетіне байланысты. Осы тұрғыдан педагогикалық-психологиялық білім негіздерімен ата-аналарды қаруландыру мектеп алдында тұрған міндеттердің бірі.

Ата-аналар борышы өскелең өмір талабына сай балаларды адамгершілік қасиеті жоғары, жақсы азамат етіп тәрбиелеу, қиындықтарды жеңе білуге, ата-аналарын түсіне біліге, еңбекті сүюге үйрету болып табылады. Өнегелі отбасы балаларды адамгершілікке, ұстамдылыққа және жақсы мінез-қүлық ережелеріне үйретеді, ересек адамдарды құрметтеуге, оларға көмектесуге және моральдық қасиеттерге тәрбиелейді.
Өзін-өзі тексеруге сұрақтар:

1.Жанұя мен мектептің өзара байланысын қарастырыңыз.

2.Мектеп ата-аналармен қандай жұмыс формаларын ұйымдастырады соған сипаттама беріңіз.

Әдебиеттер.

1.Эйдемиллер Э, Юстицкис В. Психология и психотерапия семьи. СПб.,1999.

2.Ковалев С.В. Психология семейных отношении. М., 1987

3.Гребенников И.В. Основы семейной жизни. Учебн. Пособие- М., 1991

4.Ковалев С.В. Психология современной семьи. М., 1998


Дәріс тақырыбы. Жанұяның тәрбиелік мүмкіндігінің диагностикасы.

Жоспар.


1.Жанұяның тәрбиелік мүмкіндігінің диагностикалау.

2.Ата-аналармен диагностикалау жұмыстар ұйымдастыру ерекшеліктері.


Дәрістің қысқаша мазмұны.

Психологтың отбасымен жұмыс жүргізудегі басты бағыты оның қазіргі жағдайын анықтай алуы. Біздің ұсынып отырған әдістемелер жүйесі отбасымен жұмыс жасайгын маманға диагностикалық құралдардың көп түрлілігіне көңіл бөле отырып, алдына қойған мақсат - міндеттерге сай тепе-теңдік деңгейлерде қарастыруға таңдау жасап, жүргізуіне ұсынамыз. Берілген диагностикалық шаралар клиникалық және тәжірибелік зерттеулер жүргізуге отбасы құрылымын, ерлі-зайыптылардың жүйе бөлігі жағдайына, отбасы ахуалына әсер ететін жағымды және жағымсыз факгорлар, ата-ана мен бала қатынасындағы ерекшеліктерді анықтауға мүмкіндік береді.

Э.Г. Эйдемиллер «отбасы диагнозы» деген терминді ұсынған [10]. Отбасы диангозы -отбасы өміріндегі бұзылыс деп, қиындықтың енуі мен сақталуы отбасы мүшесінің бірінің немесе бірнешеуінің жеке қызметінің бұзылуына әкеледі. Отбасы диагнозы- отбасы жоспары мен қызметінің бұзылысын анықтай отырып, отбасы татулығын сақтау жұмысына стратегиялық бағытын береді. Отбасы қатынасын анықтауға қолданылатын әлеуметтік -психологиялық диагностикалық әдістер: сұрақ-жауап, бақылау, эксперимент, социометриялық әдіс, сандық-сапалық құжаттык әдіс, тест.
Отбасы кұрылымының психологиялык ерекшеліктері
Ұсынылып отырған әдістер арқылы отбасы құрамын, шегін және құрылымын анықтауда: топтасуын (эмоционалды байланыс, жақындық және отбасы мүшелерінің бір-біріне үйренісуі), иерархия (сатылы), шекара, коммуникация сипаты, отбасының бір -біріне икемділігімен болады.
6.1. Отбасына бейімделу мен топтасу шкаласы. Ғасеs-3 сауалнамасы Отбасына бейімделу мен топтасу шкаласы қалыпқа түсірілген сауалнама, мақсаты-отбасы құрылымын бағалау. Сауалнама авторлары Д.Х. Олсон, Дж Портнер, И. Лави [3]. 1986 жылы алғаш бейімдеуге М. Перре ұсынған

Сұрақнамада отбасы мінез-құлқын үш негізгі шамада: топтасуы, бейімделуі және коммуникациясы жинастыра «дөңгелек моделі» қарастырылады.



Отбасы топтасуы: отбасы мүшелерінің эмоционалды көңіл-күйде бір- бірімен байланысуы, оған мынадай белгіде көрсеткіштер: эмоционалды байланыс, отбасылық шекара, уақыт, шешім шығару, достары, қызығуы мен демалуы қарастырылады.

Отбасы бейімделуі:(Отбасы мүшелері стрестік жағдайға қаншалықты икемді (иілгіш) немесе кертартпалық қасиеттері бойынша бейімделуі

Оның көрсеткіш белгілері: отбасында көшбасшы, бақылаушы, тәртіп, ереже және ролдері.

«Дөңгелек моделі» отбасылық топтасуды 4деңгейде қарастырады: төтенше жағдайдың төмендігінен оның жоғарылауына дейін, осыған сәйкес аталуы: бытырау, бөлектеу, байланысу және тұтасу

Сауалнама авторлары тендестікте және сонғы деңгейдегі отбасы топтасын және бейімделуін анықтауда-отбасы жүйесінде қызметтің жетістігін көрсетеді.

Отбасы суретінің интерпретациясының әрбір көрінісін толық талдайық.


  1. Бала отбасы мүшелерін толығымен салмайды. Ол жанжалдық катынаста болған отбасы мүшелерінің суретін салмайды. Отбасы мүшелерінің орналасуы олардың өзара карым қатынасын көрсетеді. Кейбір кездері отбасы мүшелерінің арасына оларға кедергі болатын бір заттар суреті салынады. Отбасы мүшелерінің бірігіп кызмет істеуі олардың жағымды карым-қатынаста екендігін көрсетеді. Кеңде бірнеше отбасы мүшесі бірігіп кызмет істейтіні бейнеленеді. Бұл отбасында ішкі топтасу бар екендігін көрсетеді.

Отбасының суретін салған кезде, кейбір балалар өзін парақтың астыңғы жағында бейнелейді. Бұл балада бір жетіспеушіліктің барын көрсетеді.

Кейбір суреттерде адамдар емесе заттар, көп жағдайда жиһаз суреттері басым болады. Бұлда баланың отбасы жағдайымен мазасыз екендігін көрсетеді.



  1. Бала суретте ең алдымен өзі жақсы көретін отбасы мүшесін бейнелейді. Егерде бала біреуді үнатпайтын болса, оны суретте толықгырмай, кейде негізгі дене мүшелерін салмай бейнелейді.

Егер бала катынасы жанжал немесе үрейлі болатын болса, ол суретте қарым-қатынасы дамымаған отбасы мүшесін штрихтап салады. Ұқсас жағдайларда өшіру және қайга салуды ангаруға болады.

Сурет салудың бірнеше түрін байқауға болады, ол жасы кіші балаларда ерекше байқалады, бір стильде әкесі мен ағасы, екінші стильде анасы мен әпкесі бейнеленеді. Әсіресе шаш пен киім бейнеленуі ерекшеленеді. Баланың өзінің бейнесін салу, өзін кімге теңейтіні көрінеді және ол баланың жынысына теңбе-тең.



  1. Сурет салу процесін талдау баланың отбасылық қарым-катынасы жөнінде ақпарат беріп қана қоймай, оның жұмыс стилін де көрсетеді. Мектеп оқушылары мен жеткіншектер сурет сала алмайгындығын айтса, оны түсінуге болады. Психолог балаға түсіндіруі тиіс, бұл тапсырмада суретті әдемі салу мақсат емес, отбасы мүшелерінің кызметін ойлап табу мақсат.

Көітгеген сылтаулар, қолмен салған суретін жабу, бұл баланың өзіне өзі сенбеуін, ересек адамнан көмек кажеттілігін көрсетеді.

Бала өзі жақсы көретін отбасы мүшесін бірінші салады. Біртүлғаны салар алдында біраз үзіліс те болады. Кейбір жағдайларда бұл баланың ол отбасы мүшесіне негативті қатынасын білдіруі мүмкін. Түсінік берген кезде баланың отбасы мүшелеріне деген қарым-қатынасы айтылуымүмкін, бірақ тестті орындау кезде психолог баламен әңгімелеспеуі жен.

ЖКС үшін сандық мағыналар жүйесі құрастырылган. 5 симптомдар айқындалады:

1) қолайлы отбасылық жағдай; 2) үрейлік; 3) жанжалдық; і) өзін толықтырылмағанын сезіну; 5) отбасы жағдайындағы дұшпандық.

Балдар сомасы қаншалықгы көп болса, соншалықгы белгінің айқын болғаны. Белгінің айкындалуы 0 ден 3 ке дейін мағаланады. Алынған

нәтижелер психолог үшін психокоррекциондық жұмысқа және бала мен отбасын ары қарай диагностикалауға негіз болады.


Өзін-өзі тексеруге сұрақтар:

  1. Жанұяның мүмкіндігін диагностикалау әдістерін топтасрыңыз.

  2. Ата-аналарға арналған жұмыс түрлеріне сипаттама беріңіз.

Әдебиеттер.

1.Алешина Ю. Индивидуальное и семейное психологическое консультирование. И.,1999.

2.Лиза Х.Макэлрит, Тони Х.Эйзенштадт. Семейная игровая психотерапия в работе с детьми, имеющими отставание в развитии. Питер., 2002.

3.Методики диагностики психических состояний и анализ деятельности человека. М.,1994.



  1. Пэпп П. Семейная терапия и ее парадоксы. М.,1998.



3. СЕМИНАР САБАҚТАРЫ

1-тәжірибелік. Жанұя психологиясына кіріспе.
Мақсаты: Жанұы психологиясы пәнін студенттердің қандай дәрежеде меңгергендіктерін тексеру.

Жоспар.


1.Жанұя психологиясы туралы түсінік.

2.Жанұядағы психологиялық климат.

3.Жанұя мүшелерінің психологиялық ерекшеліктері.

Әдістемелік нұсқау: тақырыпты қарастыру жанұя мүшелерінің ерекшеліктерін ашып көрсету.. Пән аралық байланысын мысалдар келтіре отырып, түсіндіру керек.

Әдебиеттер:

1.Ковалев С.В. Психология семейных отношении. М., 1987

2.Гребенников И.В. Основы семейной жизни. Учебн. Пособие- М., 1991

3.Ковалев С.В. Психология современной семьи. М., 1998


2-тәжірибелік. Жанұяның методологиялық негіздері.

Мақсаты: жанұяның құрылу мен ерекшелігін студенттердің қаншалықты меңгергеніне қарай бағалау.

Жоспар.


1.Жанұяның методологиялық негіздері.

2.Жанұя шағын мемлекет.

3.Жанұяның құрылу себептері мен ерекшеліктері.

Әдістемелік нұсқау: тақырыпты қарастыру жанұяның құрылу себептері мен ерекшеліктерін ашып көрсету.

Әдебиеттер:

1.Ковалев С.В. Психология семейных отношении. М., 1987

2.Гребенников И.В. Основы семейной жизни. Учебн. Пособие- М., 1991

3.Ковалев С.В. Психология современной семьи. М., 1998


3-тәжірибелік. Жанұяның құрамы және түрлері.

Сабақтың мақсаты: жанұя түрлерін студенттер қандай деңгейде меңгергендігін тексеру.

Жоспар.


1.Жанұя құрамы, түрлері.

2.Дәстүрлі жанұя.

3.Толық емес жанұя.

4.Басқарылу стиліне байланысты жанұя түрлері.

Әдістемелік нұсқау: тақырыпты қарастыру барысында жанұя түрлеріне анықтама бере отырып пәннің мазмұнын байытып, басқару стильдерін ашып көрсету керек.

Әдебиеттер:


1.Ковалев С.В. Психология семейных отношении. М., 1987

2.Гребенников И.В. Основы семейной жизни. Учебн. Пособие- М., 1991

3.Ковалев С.В. Психология современной семьи. М., 1998

4.Владин В.Е., Капустин Д.З. Гармония семейных отношений. А., 1991


4-тәжірибелік. Жанұялық қарым-қатынастардың типтері.

Сабақтың мақсаты: жанұялық қарым-қатынастың типтерін қаншалықты аңағарғаныдығын сараптау.

Жоспар.


1.Жанұялық қарым-қатынастардың типтері.

2. Қарым-қатынас ерекшеліктері.

3.Жанұядағы ересектермен балалар қатынасы.

Әдістемелік нұсқау: тақырыпты қарастыру барысында жанұялық қарым-қатынас типтерінеанықтама бере отырып, ересектер мен бала қатынасын ашып көрсету. Қарым-қатынастың адам үшін қажеттілігін және оның қоғам дамуындағы ролін ашып көрсету керек.

Әдебиеттер:

1.Ковалев С.В. Психология семейных отношении. М., 1987

2.Гребенников И.В. Основы семейной жизни. Учебн. Пособие- М., 1991

3.Ковалев С.В. Психология современной семьи. М., 1998

4.Владин В.Е., Капустин Д.З. Гармония семейных отношений. А., 1991
5-тәжірибелік. Жанұяның негізгі қызметтері мен ерекшеліктері.

Сабақтың мақсаты: жанұяның негізгі қызметтері мен ерекшеліктерін студенттердің жан-жақты меңгергендіктерін бақылау.

Жоспар.


1.Жанұяның негізгі қызметтері мен ерекшеліктері.

2.Жанұяның негізгі қызметтері.

3.Жанұя тұрмысының ерекшеліктері.

Әдістемелік нұсқау: тақырыпты қарастыру барысында жанұяның негізгі қызметтері мен ерекшеліктері. ашып көрсету.

Әдебиеттер:

1.Ковалев С.В. Психология семейных отношении. М., 1987

2.Гребенников И.В. Основы семейной жизни. Учебн. Пособие- М., 1991

3.Ковалев С.В. Психология современной семьи. М., 1998

4.Владин В.Е., Капустин Д.З. Гармония семейных отношений. А., 1991

6-тәжірибелік. Жанұядағы дағдарыстар.

Сабақтың мақсаты: жанұялық дағдарыстардың түрлерін студенттердің қаншалықты меңгергеніне қарай бағалау.

Жоспар.


1.Жанұядағы дағдарыстардың түрлері.

2.Жанұядағы дағдарыстардың себептері.

3.Жанұядағы дағдарыстардың алдын алу және жою жолдары.

Әдістемелік нұсқау: Жанұядағы дағдарыстардың алдын алу және жою жолдарын ашып көрсету.

Әдебиеттер:

1.Владин В.Е., Капустин Д.З. Гармония семейных отношений. А., 1991

2.Сысенко В.А. Супружские конфликты. М., 1989

3.Трапезникова Т.М. Этика и психология семейных отношений. Учебн. Пособие.Л., 1988

4.Рогов Е.И. Психология отношений мужчины и женщины. М., 2002
7-тәжірибелік. Ата-ана алғашқы тәрбиешілер.

Сабақтың мақсаты: ата-аналардың бала тәрбиесінде алатын орнын студенттердің қандай дәрежеде меңгергендіктерін тексеру.

Жоспар.


1.Ата-ана алғашқы тәрбиешілер.

2.Бала тәрбиесіндегі жанұя мүшелерінің әрқайсысының орны.

3.Бала тәрбиелеу жолдары.

Әдістемелік нұсқау: бала тәрбиесіндегі жанұя мүшелерінің әрқайсысының алатын орнына анықтама беру.

Әдебиеттер.

1.Ковалев С.В. Психология семейных отношении. М., 1987

2.Гребенников И.В. Основы семейной жизни. Учебн. Пособие- М., 1991

3.Ковалев С.В. Психология современной семьи. М., 1998

4.Жарикбаев К.Б., Озганбаев О., Чистов В.В. Семейная жизнь молодоженов. /Психология и этика. Учебник. А., 2001

8-тәжірибелік. Жанұялық тәрбие.

Сабақтың мақсаты: жанұя тәрбиесіндегі қателіктер оны болдырмау алдын алу жолдарын студенттер қандай деңгейде меңгергендігін тексеру.

Жоспар.


1.Жанұялық тәрбиенің маңызы мен ұйымдастырылуы.

2.Тәрбиедегі қателіктер және оларды болдырмау.

Әдістемелік нұсқау: тәрбиедегі қателіктер және оларды болдырмау мәселесіне тоқталу.

Әдебиеттер:

1.Ковалев С.В. Психология семейных отношении. М., 1987

2.Гребенников И.В. Основы семейной жизни. Учебн. Пособие- М., 1991

3.Ковалев С.В. Психология современной семьи. М., 1998

4.Владин В.Е., Капустин Д.З. Гармония семейных отношений. А., 1991


9-тәжірибелік. Жанұя мен мектеп арасындағы өзара әрекеттестік.

Сабақтың мақсаты: жанұя мен мектеп арасындағы өзара сабақтастықты студенттер қалай меңгергендігін тексеріп, бағалау.

Жоспар.


1.Жанұя мен мектеп арасындағы өзара әрекеттестік.

2.Мектеппен жанұя арасындағы байланыс.

3.Ата-аналардың мектепке баруы.

Әдістемелік нұсқау: Жанұя мен мектеп арасындағы өзара әрекеттестікке тоқталу.

Әдебиеттер.

1.Эйдемиллер Э, Юстицкис В. Психология и психотерапия семьи. СПб.,1999.

2.Ковалев С.В. Психология семейных отношении. М., 1987

3.Гребенников И.В. Основы семейной жизни. Учебн. Пособие- М., 1991

4.Ковалев С.В. Психология современной семьи. М., 1998
10-тәжірибелік. Жанұяның тәрбиелік мүмкіндігінің диагностикасы.

Сабақтың мақсаты: жанұямен диагностикалық жұмыстарды ұйымдастыруды студенттер қалай меңгергендігін тексеру.

Жоспар.


1.Жанұяның тәрбиелік мүмкіндігінің диагностикалау.

2.Ата-аналармен диагностикалық жұмыстар ұйымдастыру ерекшеліктері.


Әдістемелік нұсқау : тақырыпты қарастыру барысында ата-аналармен диагностикалық жұмыстар ұйымдастыру ерекшеліктерін ашып көрсету.

Әдебиеттер.

1.Алешина Ю. Индивидуальное и семейное психологическое консультирование. И.,1999.

2.Лиза Х.Макэлрит, Тони Х.Эйзенштадт. Семейная игровая психотерапия в работе с детьми, имеющими отставание в развитии. Питер., 2002.

3.Методики диагностики психических состояний и анализ деятельности человека. М.,1994.


  1. Пэпп П. Семейная терапия и ее парадоксы. М.,1998.

4 СТУДЕНТТІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ

4.1 Студенттің өздік жұмысын ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқау:

Берілген тақырыпты конспектілеу.


  1. Алдымен жұмыс жоспарын құру, содан кейін жоспар бойынша сұрақтарға анықтама беріңіз.

  2. Тақырыптың мазмұнын нақты ашуға талпыну.

  3. Тақырыпты ықшамдап баяндау және қажетсіз дәлелдемелерге жол бермеу.

  4. Жұмыс сауатты, тиянақта, қысқартылмай жазылуы керек.

  5. Барлық айтылған ойды жинақтап, тұжырымдап, қорытынды жасау.

Реферат жазуда не ескеріледі?

  1. Тақырып таңдау.

  2. Әдебиеттермен жұмысты, жүйелеу, саралау.

  3. Жоспар құру болжам жасау, ғылыми тұғыдан қарастыру.

  4. Фактілер, фактілік материалдарды іріктеу және жинақтау негізінде кестелер, графиктер, схемалар жасалады.

  5. Қарастырылып отырған сұрақтар бойынша психологиялық-педагогикалық қорытындылар.

  6. Қолданылған әдебиеттер тізімі. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімін беру. Сілтеме жасау.

  7. Студент рефераты аудиторияда талқыланады. Тақырыпты зерттеуші студент реферат мазмұнын талқылап, көпшілікке жеткізеді, оның ғылымилылығы, тереңділігі талқыланады.

Рефератты талқылау – шығармашылық жұмыстың бір көрінісі, яғни білімділік, қызығушылық тұрғысынан және тәрбиелік мән – мазмұны жағынан. Бұл кезде сөйлеушілер негізгі мәселені нақты, тұжырымды ойды айтуға көңіл бөлуі тиіс.

Рефератты талқылап, қорытындысын шығару – маңызы зор жауапты сәт, белгілі бір тақырып төңірегінде ғылыми дәйекті тұжырымдар жасап үйрену. Соңында оқытушы рефератын қорғаған студенттің, пікір айтушылардың сөздерін жинақтап, қажетті толықтырулар енгізіледі, қажет жағдайда түзетулер жасайды, толықтырады, өзгертеді.
ОСӨЖ.№1-3сағ.

Тақырып. Жанұяның құрамы мен түрлері..

Тапсырма:

Жанұя психикалық жарақат көзі ретінде. – конспект.

Әдістемелік нұсқау: осы берілген тақырыптқа конспект жазу.

Тапсыру түрі: жазба жұмысын тексеру.

Әдебиет.


Э.Г.Эйдемиллер., В.Юстицкис. Психология и психотерапия семьи.

С-Пб.1999. 3-4 бет.


ОСӨЖ.№2-3сағ.

Тақырып. Жанұяның негізгі қызметтері мен ерекшеліктері.

Тапсырма:

Ата-аналық позицияны қабылдау ерекшеліктері. – конспект.

Тапсыру түрі: жазба жұмысын тексеру, топпен талқылау.

//Психологическая диагностика №4, 2005.

58 бет.


ОСӨЖ.№3-3сағ.

Тақырып. Жанұядағы дағдарыстар.

Тапсырма.

Жанұядағы дағдарыс мәселесі.

Әдістемелік нұсқау: тапсырманы семинар дәптерге орындау.

Тапсыру түрі: әңгімелесу, талқылау.

Социс №11,2003. 137 бет



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет