3 деңгейлі смк құжаты поәК поәК 042-18-38



бет24/51
Дата27.02.2020
өлшемі2,77 Mb.
#57456
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   51

2.Физика оқу бағдарламасының шеңберінен тыс жататын жұмыстар. Олардың физика сабақтарына тікелей қатысы бола бермейді. Бұл оқушылардың еркі бойынша ұйымдастырылуы керек. Бұл мынадай жұмыстардың түрлерінен тұрады:

  • оқушылардың арнаулы физикалық білімдерін тереңдету;

  • қолданбалы физика салаларын (электротехника, радиотехника, кинотехника, дыбыс техникасы және т.б.) оқу;

  • физикалық приборлардың модельдерін жасау және т.б.


Бұларды ұйымдастырудың формалары да әртүрлі, мысалы: қосымша әдебиеттерді оқыту, реферат жаздыру, физикалық кеш өткізу, тақырыптық көрмелер ұйымдастыру, қабырға газеттерін шығару, үйірме жұмыстарын ұйымдастыру. Сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың жеке, топ және жаппай қатыстырылуымен орындалатын болып 3-ке бөлінеді.


Сыныптан тыс жұмыстар көбіне үйірме түрінде өткізіледі. Үйірмелер физикалық және физика-техникалық болып бөлінеді. Үйірмелерге қатысатын оқушылар саны 10-15-тен аспауы керек. Үйірме жұмысы барлық пәннен мектеп бойынша жоспарлануы қажет. Физика үйірмесінің күнтізбелік (календарлық) жоспары, оған қажетті әдебиеттер тізімі физика кабинетінде ілініп тұруы тиіс.


    1. Физикалық және тақырыптық үйірмелер, мектептік олимпиадалар және физикалық кештер.

Үйірме – сыныптан тыс жұмыстың негізгі формасы.

Жалпы үйірмелер мынадай талаптарға сай ұйымдастырылады:

1.Үйірмені ұйымдастыру туралы ұсынысты оқушылардың өздері бергені дұрыс. Ол үшін мұғалім қандай үйірмелер ұйымдастыратынын, оларды кімдер жүргізетінін және әдебиеттер тізімін, үйірме кестесін жазып, кабинетке хабарландыру іліп қоюы керек.

2.Үйірмеге оқушылар өз еріктерімен қатысқаны дұрыс.

3.Төменгі және жоғарғы сыныптар үшін бөлек-бөлек топтардың болғаны дұрыс.

4. Үйірмеге қатысқан оқушылардың жұмыстарын барлық мектеп оқушыларына таныстыру үшін көрме ұйымдастырған жөн.

5. Үйірме сабақтарында оқу бағдарламасының міндеттерін орындауға болмайды.



Физикадан сыныптан тыс жұмыстарға физика апталығын, кештерді және т.с.с. мәселелер жатады. Жалпы физика кешін өткізу мынадай кезеңдерден тұрады:

      1. Дайындық кезеңі (1-1,5 ай )

а) мұғалім мен кешті өткізетін оқушылар тобының кештің жоспарын жасауы;

ә) баяндамашыларды бөлу;

б) тәжірибелер мен экспериментті таңдап алып, даярлау;

в) конкурс пен викторинаға есеп сұрақтар таңдау;

г) көрнекіліктер жасау;

е) кештің бағдарламасы көрсетілген көркем жазылған хабарландыруды күні бұрын (5-6 күн) іліп қою.

II. Кешті өткізу кезеңі (2-2,5 сағат)

а) кеш өтетін бөлмені безендіру;

ә) кешті жүргізу, өткізу;

б) кештің материалдарын жинау;

III. Кештің өтілуін талдау, қорытындылау:

а) оқушылардың сұрақтарына жауап беру;

ә) кештің негізгі бөлімдеріне жауапты оқушылардың есебін тыңдап, талдау;

б) кешті өткізудегі кемшіліктердің себептерін ашу;

в) кешті қорытындылап, баға беру.

Физика және техника бойынша үйірмелер

Физикалық үйірмелер – оқушылардың сыныптан тыс өзіндік жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы. Оқушылар үйірмеге өз тілегі бойынша жазылады. Үйірме жұмысының мазмұны оқушының ғылымға қабілетін ашуды, болашақ мамандығын сенімді таңдауына көмектесуді қамтамасыз етуі тиіс. Көптеген мектептерде тұрақты, табысты жұмыс істейтін үйірме аттары «Радиоэлектроника», «Информатика», «Техникалық моделдер» тәріздес болады.

Физика пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстардың тағы басқа сан-алуан интенсивті, қызғылықты түрлері бар: физикалық олимпиада, физикалық кеш. Викторина, шығармашылық кеш, т.с.с.


Оқушылардың физикаға деген қызығушылықтары мен шығармашылық қабілеттерін дамытудың маңызды формалары ретінде физикалық олимпиадаларды алуға болады. Олимпиадалар – сыныптан тыс жұмыстың жалпы мойындалған және көпшілік формасы болып табылады. Оларды қазіргі кезде көптеген пәндер бойынша еліміздің барлық аймақтарында ұйымдастырады. Олимпиадалар оқушылар арасында кеңінен танымал, себебі оларға өз күштерін сынауға және жарысқа қатынасуға мүмкіндік береді. Маңыздысы олимпиада мақсаттары тек дарынды оқушыларды анықтау ғана емес, сонымен қатар, оқушылардың басым көпшілігінде физиканы оқуға деген қызығушылықтарын оятуға жағдай туғызу екендігін естен шығармаған жөн. Олимпиадалар ұйымдастыру мен өткізуде келесі дидактикалық және тәрбиелік мақсаттар көзделеді:

  • пәнге деген тұрақты қызығушылықты тудыру;

  • бұрын өткен материалды жүйелендіру мен қайталау;

  • оқушыларда рационалды физикалық ойлауды дамыту;

  • табандылық, мақсатқа тырысушылық, қиындықтарды жеңу сияқты сапаларды тәрбиелеу;

  • жоғары сынып оқушыларына мамандықты таңдауда көмек көрсету.

Олимпиада нәтижелері бойыша ең қабілетті деген жастарды елдің жоғары оқу орындарына ұсынуға мүмкіндік туады.

Физика бойынша олимпиадалар қазіргі кезде бес кезеңде өткізіледі.

1-ші кезең – мектеп ішілік олимпиадалар. Олар мұғалімдердің күшімен оқу жылының бірінші жарты жылдығында өткізіледі, оған қатысуға ниет білдірген оқушылардың барлығы қатыстырылады.

2-ші кезең – қалалық, аудандық олимпиадалар. Бұл кезең өлкелік, облыстық ұйымдастыру комитеттерімен құрастырылған тапсырмалар бойынша желтоқсан-қаңтар айларында өткізіледі.

3-ші кезең – өлкелік, облыстық олимпиадалар. Бұл кезеңді облыстық комитеттер қаңтар-ақпан айларында өткізеді.

4-ші кезең – аймақтық. Ол наурыз айында өткізіледі.

5-ші кезең – қорытынды. Ол сәуір айында өткізіледі. Онда аймақтық олимпиадада жеңіске жеткендер қатынасады.
Дәрісті меңгергеннен кейін білуге қажетті негізгі ұғымдар

Сыныптан тыс жұмыстар – физиканы оқыту процесіне байланысты мұғалімнің басшылығымен оқушылардың сабақтан басқа уақытта істейтін қосымша жұмыстары.

Физикалық үйірмелер – оқушылардың сыныптан тыс өзіндік жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы.

Олимпиадалар – сыныптан тыс жұмыстың жалпы мойындалған және көпшілік формасы.
Өзін өзі бақылау сұрақтары:


  1. Физикалық үйірме деген не?

  2. Физикалық сыныптан тыс жұмыстардың маңызы мен мақсаты қандай?

  3. Сыныптан тыс жұмыстардың түрлері қандай?

  4. Физика-техникалық үйірмелер қандай талапқа сай ұйымдастырылады?

  5. Физика пәні бойынша орындалатын сыныптан тыс жұмыстардың түрлері қандай?

  6. Үйірмелер қандай талаптарға сай ұйымдастырылады?


3. Практикалық сабақтар

ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ № 1

ТАҚЫРЫБЫ: Қолданыстағы бағдарлама бойынша физиканы оқыту

Мақсаты: Орта мектеп физика оқулығы мен қолданыстағы бағдарламаларды талдау.

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР :

Бағдарлама – бұл физика курсының көлемі мен мазмұнын анықтайтын мемлекеттік іс-қағаз. Оны орындау міндетті. Бағдарлама оқушылардың қандай білім алу керектігін анықтайтын негізгі құжат. Бағдарлама барлық мектептерде бірдей білім алуға көмектеседі.

Физика ғылымының алға дамуына, оның техника мен өндірісте қолданылуына, мектептерде орта білім беруді жетілдірудің жаңа міндеттеріне байланысты бағдарламада өзгерістер болып тұрады. Физика оқулығы бағдарламаға сәйкес өзгеріске ұшырап, жазылып отырады. Бағдарламада бүкіл жыл бойына қай сыныпта қанша сағат оқытылатыны және аптасына неше сағат жүретіндігі, әр тарауға қанша сағат бөлінгені көрсетіледі.

Бағдарламада әрбір тарауға сағаттар бөлінген. Бағдарламадағы тарауларға бөлінген сағаттың саны қатып қалған, өзгертуге болмайтын нәрсе емес. Өтілетін тараулардың көлеміне, кейбір тақырыптардың күрделілігіне байланысты резервтегі уақыттан алуға болады. Тарауларға бөлінген сағаттардың ішінде оқу материалын яғни, жаңа білімді меңгерту, алған білімді есеп шығаруда қолдану, лабораториялық жұмыстарды жүргізу және т.б. міндеттер қамтылады.

7-11 сынып бағдарламасының мазмұнын, құрылымын қарап шығу. Бағдарлама бойынша оқулықты талдау.
Бақылау сұрақтары:


  1. Бағдарлама деген не?

  2. Бағдарламаның басты мақсаты қандай.


Ұсынылатын әдебиеттер мен оқулықтар

  1. Орта жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математикалық бағытындағы 10-11- сыныптарына аралаған бағдарламалар. Авторлары: Башаров Р.Б., Тоқбергенова У.Қ., Қазақбаева Д.М., Байжасарова Г.З., Кронгардт Б.А. -Алматы, 2006.-23 б.


ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ № 2

ТАҚЫРЫБЫ: Физика мұғалімінің жұмысын жоспарлау. Сабаққа дайындық

Мақсаты: Мектеп физика мұғалімінің жұмысын жоспарлау ерекшелігі. Тақырыптық және сабақ жоспарын құрып үйрену.

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР:

Мұғалімнің дайындық жұмысына мыналар кіреді:



а) жылдық жоспар жасау; ә) тақырыптық жоспар-конспектілер жасау; б) жеке сабақтарға және сыныптан тыс сабақтарға дайындық; в) арнайы ашық сабақтарға дайындалу және оларды өткізу; г) ғылыми конференцияға және педагогикалық оқуларға дайындалу және қатынасу. Осы көрсетілгендерден, бүгінгі оқып үйренетіндерің, күнтізбелік және күнделікті сабақ жоспарын жасап үйрену. Ол үшін алдымен, орта жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математикалық бағытындағы сыныптарына арналған физика пәнінің бағдарламаларын алып, мұқият қарап шығыңдар. Бағдарлама барлық мектептерде бірдей білім алуға көмектеседі.

Физика ғылымының алға дамуына, оның техника мен өндірісте қолданылуына, мектептерде орта білім беруді жетілдірудің жаңа міндеттеріне байланысты бағдарламада өзгерістер болып тұрады. Физика оқулығы бағдарламаға сәйкес өзгеріске ұшырап, жазылып отырады. Бағдарламада бүкіл жыл бойына қай сыныпта қанша сағат оқытылатыны және аптасына неше сағат жүретіндігі, әр тарауға қанша сағат бөлінгені көрсетіледі. Әрбір пән мұғалімі бағдарламаны басшылыққа ала отырып, күнтізбелік-тақырыптық жоспар жасауы қажет. Ол үшін, жыл бойына бөлінген жалпы сағатты тоқсандарға бөлеміз.

I тоқсан: 1 қыркүйек – 4 қараша (9 апта);

II тоқсан: 10 қараша – 28 желтоқсан (7апта);

III тоқсан: 11 қаңтар -23 наурыз (10 апта);

IV тоқсан: 1 сәуір- 25 мамыр (8 апта).

Бағдарламада әрбір тарауға сағаттар бөлінген. Бағдарламадағы тарауларға бөлінген сағаттың саны қатып қалған, өзгертуге болмайтын нәрсе емес. Өтілетін тараулардың көлеміне, кейбір тақырыптардың күрделілігіне байланысты резервтегі уақыттан алуға болады. Тарауларға бөлінген сағаттардың ішінде оқу материалын яғни, жаңа білімді меңгерту, алған білімді есеп шығаруда қолдану, лабораториялық жұмыстарды жүргізу және т.б. міндеттер қамтылады. 6-дәрісте 7-сыныпқа арналған күнтізбелік-тақырыптық жоспардың бір бөлігі көрсетілген. Сол мысалды басшылыққа алып 7-11 сыныптарға күнтізбелік жоспар жасаңдар.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет