3-дәріс
Қазақ тілін оқытудың жаңа қағидалары мен бағыттары
Мақсаты: Қазақ тілін оқыту қағидаларын тану, тәжірибеде пайдалану дағдысына айналдыру.
Негізгі терминдер мен ұғымдар: тенденция, парадигма, танымдық-коммуникативтік, Антропоөзекті парадигманың, Интеграциялық білім беру, Танымдық білім беру, Аксиологиялық парадигма; Білім беруді ізгілендіру парадигмасы, мотивация.
Қарастырылатын мәселелер:
Қазақ тілін оқытудың жалпы қағидалары
Қазақ тілін оқыту қағидалары
Білім беру мазмұны арнайы түрде, білім беру министрлігінде бекітілген, төмендегідей құжаттарда нақтыланады: Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңы 1999 жылы 7 маусымда қабылданған. «Білім беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы мемлекеттік білім беру саясатын анықтайды [1].
Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы мемлекеттік саясат принциптері:
-үздіксіз білім беру;
-барлық адамдардың білім алуға тең құқықтығы;
-жалпы орта білімнің тегіндігі;
-орта білімнің міндеттілігі.
Standart (ағылшын)– норма, үлгі, мөлшер дегенді білдіреді.
Мемлекеттік білім беру стандарты – мемлекеттік нормалар деп танылған және қоғам сұраныстары мен тұлға қажеттігі мен мүмкіндіктеріне сай білім деңгейін анықтайтын негізгі көрсеткіштер жүйесі.
Оқу жоспары – оқу жылының, тоқсандардың, демалыс күндерінің мерзімін, оқытылуға тиісті оқу пәндерінің тізімін, әрбір оқу жылы /сыныптар/ бойынша оқу тәртібін және ретін, әрбір пәнге бүкіл оқу мерзімінде және апта сайын әр пәнге бөлінетін сағаттардың мөлшерін анықтайтын нормативтік құжат
Типтік оқу жоспары білім және ғылым министрлігінде жасалынып, барлық орта мектептерге ортақ болып бекітіледі. Оқу жоспары мектептердің түрлеріне орай да жасалынады. Шағын комплектілі, сегіз жылдық, ұлттық мектептерде жоспар өзінше құрылады.
Оқу бағдарламасы - оқу пәніне байланысты білім, іскерлік, дағдылардың мазмұнын ашатын нормативтік құжат. Оқу бағдарламасы оқу жоспары негізінде жасалады.
Оқулық – оқу бағдарламасына сай оқу пәнінің мазмұнын жүйелі түрде баяндайтын кітап
Оқулық оқушылар оқу материалын саналы, белсенді түрде, толық меңгеруін қамтамасыз етуі керек. Оқулыққа қойылатын талаптар күрделі болғандықтан, соңғы кезде әрбір пәннен бірнеше нұсқада оқулықтар, оқу құралдары шығуда. Дәстүрлі кітаптармен қатар аудио-, видеокассеталар және компактдискілерге жазылған, сонымен бірге электрондық оқулықтар пайдаланып жатыр.
Біртұтас педагогикалық процестегі оқыту процесін дидактика бөлімі қарастырады. Оқытудың педагогикалық, психологиялық ерекшеліктері:
оқыту – мақсатты процесс;
оқыту – таным процесі;
оқыту - даму негізі
оқыту – екі жақты процесс;
оқыту - жоспарлы процесс;
оқыту – бұл күрделі процесс.
Оқыту процесінің өзіне тән функциялары бар. Олар: оқытудың білім беру, оқытудың тәрбиелік, оқытудың дамыту функциялары [2]. Оқытудың білім беру функциясы - бұл адам баласын білім байлығымен қаруландыру, оны өз бетімен білім алуға іскерлік пен дағдыны игеруге даярлау. Қазіргі кезеңде білімді толық игеру үшін негізгі талаптарды іске асырылады. Олар: Оқытудың тәрбиелік функциясы – оқыту барысында оқушыларды теориялық білімдер жүйесімен қаруландыра отырып, жеке тұлғалық қасиеттер қалыптастырып, дамыту. Тәрбиелей отырып оқыту, ғылыми-теориялар мен ережелердің оқушылардың дүниетанымы мен сеніміне айналуын сипаттайды, моральдык нормаларды, мінез-құлықты игеруін қамтамасыз етуге әсер етеді. Оқыта отырып тәрбиелеу, оқушыларды өмірге, білім алуға тәрбиелейді, акыл-ой қабілетін дамытады, адамгершілік қасиетін қалыптастырады. Мектепте оқушыларға теориялық білім беру тәрбие процесінде тығыз байланыста өткізіледі. Сонымен, оқыту оқушыларды терең біліммен қаруландырады, ғылыми көзқарастарын дамытады және тәрбиелейді.
Оқытудың дамыту функциясы. Оқыту барысында оқушыларға білім беру, оларды тәрбиелеу негізінде тұлғаның ақыл – ойы, сана –сеземі, шығармашылық қабілеті т.б. көптеген тұлғалық қасиеттерінің дамуына, іскерліктері шыңдалып, қабілеттерінің дамуына ықпал етеді. Тұлға жан –жақты дамиды. Белгілі психологтар Л.С.Выготский мен С.Л.Рубинштейн ұсынған тұжырымдамасы бойынша жеке адам тәрбие мен оқыту процесінде жетіледі. Тәрбие мен оқыту негізінде даму іске асады.
Достарыңызбен бөлісу: |