3 дәріс Дәріс тақырыбы: Ортағасырдағы Физика



бет1/7
Дата15.12.2023
өлшемі34,68 Kb.
#197210
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
3-4 дәріс (копия)


3 дәріс
Дәріс тақырыбы: Ортағасырдағы Физика


Дәріс жоспары

  1. Тарихи ескертпелер

  2. Ортағасырдағы Шығыс ғылымының жетістіктері

  3. Еуропалық ортағасырдағы ғылым




  1. Тарихи ескертпелер

Батыс Еуропадағы феодалдыққа көшу және Рим мемлекетіндегі құл иеленушіліктің ыдырау процесі қиын ахуалдағы соғыс қақтығысында және таптар мен халықтардың қозғалысында өтті. «Варварлық» таптардың қысымынан құлаған Рим империясы христиандық шіркеудің берік және мықты ұйымынан сақталған осы таптарға идеологиялық ықпал көрсетті. Кейінірек шіркеу феодализмнің идеологиялық қорғанына айналды. Феодалдыққа көшу Батыс Еуропаға қарағанда Шығыста, Қытайда және Үндістанда ертерек болды. Бұл мемлекеттер экономиканың, мәдениеттің дамуы жағынан Еуропаны басып озды және ғылымның дамуына әсер етті.
VII ғасырдың басында Араб түбегінде өте маңызды тарихи оқиға болды. Ондағы көшпелі және жартылай көшпелі таптар жаңа ислам діні атауымен берікті. Олар Мұхаммедтің басқаруымен аз уақыттың ішінде қуатты жауынгерлік мемлекет құрып, Иранды, Орталық Шығыс елдерін, Египетті және Периней түбегіне енген Еуропаны жаулап алды. Арабтар ғылым тарихында маңызды рөл ойнады. Олар шығыс пен батыс арасындағы мәдениетті, антикалық және ортағасырлық ғылымды жалғаушы буын болды. Нәтижесінде ерте ортағасырлық (VII-XI ғ.ғ.) кезеңде ғылымның дамуында жетекші рөлді Шығыс атқарды. XI ғасырда ғана еуропалық ғылым жандана бастайды, университеттер пайда болып, ірі ғалымдар шыға бастады. Дамыған феодализмнің дәуірі (XI-XVғ.ғ.) қарқынды өскен өнімділік күшінің, сауда мен қолөнердің дамуымен, жаңа экономикалық тұрпат – капитализмге көшу үшін дайындалған негізбен сипатталады.
Феодализмнің ыдырауы және жаңа экономикалық формаға көшу XV ғасырдың аяғынан бастап шамамен XVII ғасырдың бірінші жартысына дейін болады. Бұл кезең ғылым тарихында маңызды мәнге ие болды – бұл кезеңде жаңа тәжірибелі жаратылыстану пайда болды. Сонымен қоғам тарихына сәйкес ортағасырдағы ғылым тарихы, сонымен қатар физика тарихы үш хронологиялық кезеңге бөлінеді:

  1. Шығыстағы ғылымның даму кезеңі (VII-XI ғ.ғ).

  2. Еуропалық феодалдық ғылымның даму кезеңі (XI-XVғ.ғ.).

  3. Тәжірибелі жаратылыстанудың пайда болу кезеңі (XV ғасырдың соңы- XVIIғасырдың бірінші жартысы).

Осы кезеңдерге қысқаша тоқталсақ.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет