3 дәріс Дәріс тақырыбы: Ортағасырдағы Физика


Еуропалық ортағасырлық ғылым



бет3/7
Дата15.12.2023
өлшемі34,68 Kb.
#197210
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
3-4 дәріс (копия)

Еуропалық ортағасырлық ғылым

Шығыс мемлекеттері ерте ортағасырлық дәуірде (VII-XI ғғ.) экономикалық және мәдениет дамуы жағынан Еуропадан айтарлықтай алда болды. Егер Бируни Птолемей еңбектерін аударса, Жер радиусын анықтаса, әлемнің гелиоцентрлік жүйесі жайлы ойланып-толғанса, Еуропада Жердің жазық күлше сияқты екендігі және хрусталь қалпақпен жабылған және мұхитпен белдеуленбеген деген аңғырт ұғым үстем болды.
Бірақ X ғасырдың өзінде Еуропа мен Шығыс мемлекеттерінің экономикалық және мәдени байланыстары дами бастады. Қолөнердің және сауда-саттықтың дамуы экономика мен мәдениеттің гүлденуіне себеп болды. Алғашқы университеттер пайда бола бастады, бірінші Испанияда, одан кейін Италияда, сосын Париж бен Англияда. Ортағасырдағы Еуропа университеттері қазіргі университеттерден айтарлықтай ерекшеленеді, бірақ біздің уақытымызға дейін доктор және магистр ғылыми дәрежелері, профессор және доцент атақтары, білімді жеткізудің негізгі формасы лекциялар, университеттің бөлімшелері сияқты ұғымдар – факультеттер сақталған. Лекциялар (тура оқу) ортағасырдағы университетте білімді жеткізудің негізгі түрі болды. Кітаптар аз және олар қымбат болды, сондықтан діни және ғылыми еңбектерді оқу мен оларға түсініктеме беру ақпараттың маңызды түрі болып саналады.
Сабақ беру латын тілінде жүргізілді. Латын тілі XVII ғасырға дейін халықаралық ғылыми тіл болды, Коперник, Ньютон және Ломоносов еңбектерін осы тілде жазған. Әлі күнге дейін еуропалық университеттерде мерекелік құттықтау сөздер латын тілінде оқылып, дипломдар латын тілінде жазылуда. Салтанатты іс-шараларда профессорлар ортағасырлық докторлық мантия мен бас киімдерде келеді. Алғашқы университеттер жайлы ескерткіштерді қазіргі ғылым осылай сақтап келеді. Бұл ғылыми прогрестің алғашқыларының бірі болды.
Ғылымның кемелденуінің басқа алғы шарты техниканың дамуы болды. Механикалық сағаттар, көзілдірік, кітап басу, қағаз өндіру жаратылыстану дамуында үлкен рөл ойнады. Өркениет дамуында компас айтарлықтай көп рөл атқарды, оның тарихы ежелгі Қытайдан бастау алған. Араб теңізшілері XII ғасырдан бастап компасты пайдалана бастады. Еуропаға компас XII- XIII ғғ. келген.
Антикалық ғылыми мұрағатпен танысу – ғылыми прогрестің үшінші алғышарты болды. XII ғасырда Архимед, Птолемей және басқа да грек ғалымдарының еңбектерінің латын тіліндегі аудармалары пайда бола бастады. Сол кезде шығыс ғалымдары Хорезм мен Алхазеннің аудармалары шықты.
Университеттерде схоластикалық ғылым антикалық ұстанымға негізделген. Шындық – қасиетті кітаптарда және діни беделділердің еңбектерінде жарияланған, ғалымдардың парызы – осы шындықты зерттеу мен түсініктеме беру болды.
Мұндай жағдайда ғылымның дамуы қиын болды. Еркін, дербес ойлар аяусыз жаншылды. Бұл дәуір тарихқа «тоқырау кезеңі» деген атпен келді. Бірақ, бұл уақытта да білімнің жаңа жолдарын іздеген адамдар өмір сүрді және жұмыс жасады. Мысалы, танымал монах Роджер Бэкон (1214-1294жж.) сондай адам болған. Бэкон Англияда, Сомерсет графствосында дүниеге келген, Оксфорд және Париж университеттерінде оқыған. Оның ойынша ғылым қатал дәлелдер мен теориялық қорытындылармен дәлелденген нақты тәжірибелер негізінде құрылуы қажет. Бэкон тәжірибенің үлкен мәнін нұсқаумен шектелмеді. Ол тәжірибе жасаудан жалықпаған және өзі химиялық, физикалық, оптикалық эксперименттер жіне астрономиялық бақылаулар жасаған. Бэкон камер-обскур әдісін білген және кемпірқосақ құбылысын түсіндіруде бір қадам алға жылжыды.
Бэконның кіші замандасы поляк Вителло (шамамен 1230 ж. туылған) XIII ғасырдың 70 – жылдары жазылған оптикадан «Перспектива» кітабының авторы болған. Ол да кемпірқосақты зерттеп, оның жеке су тамшыларынан сынған сәулелерден пайда болады деген тұжырымға келген. Жаңбырлы тамшыдағы жарықтық сәуле кемпірқосақтың пайда болуына алып келетіндігін монах Дитрих Фрейбургский дұрыс сипаттаған.
XIII ғасыр рухани өмірдің жандануын сипаттайды (бейнелейді). Бұл ғасырда Бэконнан басқа белгілі дін мамандары Фома Аквинский; Вильгельм Оккам; Роберт Большеголовый; рыцарь Пъер Перегриндер өмір сүрді және жұмыс жасады.
XIV ғасырда реакция басталады. Шіркеу тарапынан «дінбұзарлық» үшін күрес басталды. Білім алу айыпты болып, Николай Коперниктің әлемде атомдардың үйлесуінен және бөлінуінен басқа ештеңе жоқ деп айтылған еңбегі өртелді. Ол өзінің ілімінен бас тартуға мәжбүр болды. Танымның – ғылыми және құдіретті деген екі түрінің мүмкіндіктерін жақтаған Вильгельм Оккамды да шіркеу айыптады. Бірақ XIV ғасырда да өмір бір орында тоқтап қалған жоқ. Техниканың дамуы жалғаса берді, Париж, Германия, Мәскеуде мұнаралардағы сағаттар пайда бола бастады. 1440 жылы Иоганн Гуттенберг (1400-1468 жж.) әріптері бөлек кітап бастырушылықты ойлап табады. Өркениет пен ғылым дамуының жаңа дәуірі келді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет