3 Дәріс. Гидродинамика. Ағын сипаттамалары Сұйықтық ағынының түрлері Гидродинамика


Сұйықтық қозғалысының режімдері мен түрлерінің классификациясы



бет2/8
Дата20.04.2022
өлшемі176,84 Kb.
#140182
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
3 дарис пахт 22 (2)

2. Сұйықтық қозғалысының режімдері мен түрлерінің классификациясы:
Сұйықтық ағысының екі режимі бар: ламинарлы, өтпелі және турбелентті.
Ламинарлы ағыс (қабаттық, реттелген) -сұйықтықтың жеке қабаттары бір-біріне қатысты араласпай жылжығандағы қозғалыс. Тұтқыр сұйықтықтар (майлар) көбінесе реттеліп қозғалады.




Турбуленттік ағыс (реттелмеген) – сұйықтық бөлшектерінің әрдайым траекториясы өзгеріп тұратын және қарқынды араласу жүретін күрделі қозғалыс. Көбінесе тұтқырлығы аз сұйықтықтар (су, ауа) ретсіз қозғалады.
Құбырдағы сұйықтық ағынының күйі (режимі) тұтқырлық күшін сипаттайтын  шексіз Рейнольдс санына тәуелді, ол қозғалысты анықтайтын негізгі факторларды ескереді.
Рейнольдс саны келесі формуламен анықталады:
, (3.1)
мұндағы - ағынның сипаттық сызықтық өлшемі, м;
- сұйықтықтың кинематикалық тұтқырлығы, м2/с;
- сұйықтық қозғалысының жылдамдығы, м/с.
Рейнольдс критикалық саны– қозғалыс ламинарлық режимнен турбуленттікке өтетін Рейнольдс санының мәні. Рейнольдс санының критикалық мәні сығылғын құбырларда артады және ұлғайған құбырда азаяды.
> - қозғалыстың турбуленттік режимі.
< - қозғалыстың ламинарлық режимі.
Дөңгелек ағысты құбырлар үшін 2000…2400; барлық көлденең ағыстар үшін  =500…600;ашық арналар үшін  =800…900.
Дөңгелек ағысты құбырлар үшін Рейнольдс саны келесі формуламен анықталады:
. (3.2)
Барлық басқа көлденең ағыстар үшін (сонымен қатар ашық арналар үшін) Рейнольдс саны келесі формуламен анықталады:
немесе , (3.3)
мұндағы - эквивалентті (гидравликалық) диаметр, м.
Сұйықтық қозғалысының бірнеше түрін атауға болады: орныққан және орнықпаған; бірқалыпты және бірқалыпсыз; арынды және арынсыз.
Орныққан қозғалыс -уақыт өтуіне байланысты кез келген нүктедегі ағын жылдамдығы мен гидродинамикалық қысым өзгермей, ал тек қана сұйықтық ағынындағы қарастырылып отырған нүкте орнына тәуелді, яғни оның координаталарының функциясы болып табылатын сұйықтық қозғалысы.
Мысалы, тұрақты арындағы резервуар саңылауынан сұйықтықтың ағуы, каналдағы өзгермейтін көлденең қималы және тұрақты тереңдіктегі су ағыны.
Орнықпаған қозғалыс -уақыт өтуіне байланысты әр нүктедегі ағын жылдамдығы мен қысымы өзгеретін сұйықтық қозғалысы.
Мысалы, айнымалы арын кезінде резервуар саңылауынан сұйықтық ағуы.
Бірқалыпты қозғалыс -ұзындығы бойынша нақты ағыстар мен ағын жылдамдығы өзгермейтін сұйықтықтың орныққан қозғалысы.
Мысалы, өзгермейтін қималы және тұрақты тереңдіктегі құбыр немесе каналдағы сұйықтық қозғалысы.
Бірқалыпсыз қозғалыс -ұзындығы бойынша нақты ағыстар мен ағын жылдамдығы өзгеретін сұйықтықтың орныққан қозғалысы.
Мысалы, конустық құбырда және табиғи арнадағы сұйықтықтың қозғалысы.
Арынды қозғалыс -құбыр өткізгіштің барлық көлденең қимасы атмосфералықтан жоғары қысыммен толтырылатын сұйықтық қозғалысы: сұйықтық қозғалысы қысым күштері арқасында жүзеге асады, яғни қосымша энергия шығынын тудырытын арын арқасында.
Арынсыз қозғалыс -атмосфералық қысымның астында орналасқан бос беті бар ағындағы сұйықтық қозғалысы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет