Сұйық ағыншасы үшке бөлінеді:
а) еркін ағыс деп үш жағынан ағын арнасына тірелген, ашық бетті су қозғалысын айтады. Мұндағы ағын тек салмақ күштерінің жанама (τ) әсерінен қозғалады;
ә) тегеурінді ағын деп жан-жағынан арнаға тірелген ағысты қысымды айтады. Ағынның қозғалысы қысым күшінің әсерінен болады (құбырдағы ағын);
б) арнасыз ағын деп жан-жағы газбен немесе сұйықпен қоршалған ортада ағуын айтады. Кейде оны гидравликалыұ ағынша деп те атайды.
Сұйық тасқынының гидравликалық элементтері:
Сұйық шығыны және орташа жылдамдығы.
Сұйық қозғалысының гидравликалық көрсеткіштеріне траектория туралы ұғымнан басқа ток сызықтары, элементарлы ағыншалар, тасқын, ағынның көлденең қимасы, тоғанның ылғалданған периметрі, гидравликалық радиус, сұйықтың шығыны мен орташа жылдамдығы жатады.
Көлденең қимасы (ω) деп ағын бағыты мен барлығ ток сызықтарында перпендикуляры көлденең қима ауданын айтады. Мысалы, дөңгелек құбырдың диаметрі d суға толы барлық қимасының дөңгелек ауданында тең болады, яғни
Ағын қимасының ауданы мен жылдамдығының көбейтіндісін сұйықтың немесе газдың элементарлы шығыны деп атайды.
(3.62),
мұндағы, U – сұйықтың жергілікті жылдамдығы, м с; -элементарлы көлем.
Белгілі уақыт ішінде сұйық қимасынан ағып өтетін сұйық массасын:
(3.63)
формуласымен есептейді.
Ал қима ауданы ω ағыншалардың қимасының жиынтығына тең болады:
(3.64)
Достарыңызбен бөлісу: |