Қалыптасқан қозғалыс деп ағынның қай нүктесіндегі болсын, сұйықтың тереңдігі, жылдамдығы және қысым уақыт аралығындағы өзгермеуін айтады, яғни және уақытқа байланысты болмайды.
Мысалы, тұрақты қозғалысқа бензин багінен аққан жанармайды жатқызуға болады, егер оның деңгейі өзгермей аққан кездегі күйі, сонымен қатар тоғандағы су қозғалысы, сондықтан оның геометриялық көрсеткіштері көлденең қимасы мен тереңдігі тұрақты болуы керек.
Қалыптаспаған сұйық ағыны деп ағынның кеңістіктегі қай нүктесінде болсадағы сұйықтың жылдамдығы мен қысым уақыт аралығында өзгеріп отыратын қозғалысын айтады.
Кейбір, жалпы жағдайда қалыптасқан ағынның тереңдігі қысым және жылдамдығының координатасы уақытына байланысты болады.
Қалыптаспаған қозғалыста ағыс сызығы уақыт ішінде өзгеріп отырады. Ағынның барлық нүктелерінде бір сәтте жүргізілген жылдамдық векторлары орталық сызыққа жанама болып бағытталуын қисық сызықты ағыс сызығы деп атайды (3.15-сурет).
3.15-сурет. Ағын нүктелерінде бір сәтте жүргізілген жанама вектор жылдамдығы.
Егер ағын қозғалысы белгіленген нүктелердегі ағынның жылдамдығы бағыты уақыт аралығында өзгереді.
Ағыс ішіндегі нүктенің x, y, z координатасының құраушы жергілікті жылдамдығы координата осінің бойымен болады. Ағыс сызығы бойымен ауысқандағы арақашықтығын ds деп, нүктелерінің координатасын x+dx, y+dy және z+dz болса:
бұл теңдеу ағыс сызығының теңдеуідеп аталады.
Қозғалыстағы сұйық ағыны тұйық контур жүргізін, ондағы шексіз элементарлы кішкене алаңшаның жазықтықпен шектелген жеріндегі нүктелеріне ток сызығын жүргізсек, түтікті көрінбейтін жазықтық ток түтігі деп атайды.
Ток түтігі мен шектелген сұйық бөлшектерінің массасын элементарлы сұйық ағыншасы деп атайды. Барлық элементарлы сұйық ағыншаларының әр түрлі жылдамдықта болып ағуын сұйық тасқыны (ағыны) дейді.