3 дәріс Химияның негізгі заңдары



бет3/5
Дата20.09.2022
өлшемі37,66 Kb.
#150068
түріҚұрамы
1   2   3   4   5
Байланысты:
3 лекция Химияның негізгі заңдары

3. Эквиваленттер заңы
Эквиваленттер заңы-химиялық заңдардың ең бір негізгісі .Олар химиялық элементтер бір-бірімен өздерінің химиялық эквиваленттеріне сай ,белгілі сандық қатынаста әрекеттесетінін белгілейді.Эквивалент дегеніміз бағалары тең деген сөз. (И. Рихтер 1791 ж)
Эквивалент деп берілген қышқылдық негіздік реакцияда сутектің 1 катионына ,немесе берілген тотығу-тотықсыздану реакциясында 1 электронға сәйкес шартты немесе нақты бөлшекті айтады.Зттың эквивалентінің 1 моль мөлшерінің массасын оның эквивалентінің молярлық массасы деп атайды.оның өлшем бірлігі-г/моль.
“ Эквивалентті ” дегеніміз “тең құнды” “тең бағалы” дегеніміз.
Элемент эквиваленті деп оның моль сутегі атомдарына тең құнды болған (эквивалент болған ) мөлшерін айтамыз.
НСl Н2О NH3 СH4
Эcl = 1моль Эо=1/2 моль ЭN=1/3 моль Эс=1/4 моль
Эквивалент моляр массасы (г/моль). Эквивалент көлем (көлем бірлігі).Эквиваленттік факторы.
Әсерлесуші заттар массаларының бір-біріне қатынасын олардың эквиваленттерінің моляр массаларының қатынасындай қабылдаса болады.
m1 = Мэ (1)
m2 Мэ (2)
m1, және m2 -әсерлесуші заттар массалары, Мэ (1) және Мэ (2) олардың эквиваленттерінің моляр массалары.
 Мысалдар:
m(1):m(2)=mэкв(1):mэкв(2) 2NaOH+H2SO4=Na2SO4+2H2O
v ,моль 2 1 1 2
Мr 40 98 142 18
M,г/моль 40 98 142 18
m,г 80 98 142 36
m(NaOH):m(H2SO4)=mэкв(NaOH):mэкв(H2SO4)
mэкв(NaOH)=40г


4. Авогадро заңы
Авогадро заңы. (А. Авогадро ,1811ж.). Бірдей температура мен қысымда әртүрлі газдардың бірдей көлемдеріндегі молекулалар саны бірдей болады.
Бұл заң ғылымға молекула заттардың кіші бөлшегі туралы қағида енгізді. Сонымен қатар атом элементтің ең кіші бөлшегі ретінде көзқарас та сақталды. Авогадро газ тәрізді жай заттардың молекулалары екі атомнан тұрады деп көрсетті.
Авогадро заңынан мынадай салдар шығады: бірдей жағдайда әртүрлі газдардың бірдей молекулалары бірдей көлем алады.
Әртүрлі газдар молекулалары мөлшерлерінің бір – бірінен үлкен айырмасы бола тұрса да (мысалы, Н2 мен С5Н12) бірдей сандары неге бірдей көлем алады? Оның себебі қалыпты температура мен қысымда газдар молекулаларының арақашықтығы молекулалар мөлшерінен бірнеше есе үлкен болады. Сондықтан газдар көлемі бірдей жағдайда молекулалар мөлшеріне емес, олардың арақашықтығына ғана байланысты болады. Газдар қысымын арттырып, температурасын өте төмендеткенде олардың молекулалары бір – біріне шегіне жете жақындасады. Мұндай жағдайларда газдар сұйық немесе қатты күйге айналуы мүмкін. Бұл сұйық немесе қатты заттардың көлемдері молекулалардың өздерінің алатын көлемдеріне байланысты болады.
Авогадро заңынан келесі өте маңызды салдар шығады: барлық заттардың моліндегі молекулалар саны бірдей, олай болса әртүрлі газдардың моліндегі молекулалар саны бірдей болғандықтан олар бірдей жағдайда бірдей көлем алады.
Мысалы, әртүрлі газдардың қалыпты жағдайда алатын көлемін есептейік. Тәжірибе бойынша қалыпты жағдайда 1 л сутектің массасы 0,09 г, 1 л оттектің массасы 1,43 г, 1 л азоттың массасы 1,25 г. Газдардың әрқайсысының молінің массасын бір литр массасына бөліп, қалыпты жағдайда олардың бірдей көлем алатынын табамыз:
Vн2 = 2 г / моль / 0,09 г / л = 22,4 л / моль
Vо2 = 32 г / моль / 1,43 г / л = 22,4 л / моль
VN2= 28 г / моль / 1,25 г / л = 22,4 л / моль
Сонымен кез – келген газ молі қалыпты жағдайда 22,4 л көлем алады. Бұл көлемді газдардың молдік көлемі деп атйды, оның есеп шығаруда маңызы зор.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет