3-дәріс. І-блок. Ежелгі адамдар және көшпелі өркениеттің Қалыптасуы



бет4/4
Дата20.09.2023
өлшемі1,96 Mb.
#181702
1   2   3   4
Байланысты:
ҚТ 3-1 Дәріс Рысбекова Г.Е. (2)

В.В. Радлов қазақ өлкесінің зерттелуіне үлкен үлес қосты. Атқа міну мәдениетінің қазақ жерінде дамығанын өткен ғасырлардағы зерттеушілердің еңбектерінен көре аламыз. Мысалы, Орталық Азияны, оның ішінде Қазақстанды зерттеуде академик В.В.Радловтың еңбегі маңызды. Ол өзінің қазақ жеріндегі зерттеулері жазыл­ған күнделігін «Из Сибири» еңбе­гінде жариялады. Бұл еңбектің «Тюрк­ские степные кочевники» деп аталатын бесінші тарауында қазақ этнографиясы, оның ішінде мәдениеті жайлы көп айты­лады. В.В.Радлов зерттеулерін Ал­тай қырғыздарымен, яғни қара-қызғыз­дармен салыстыра отырып зерттеп, сипат­тап жазды. Қазақтардың материал­дық мәдениетінің жай-күйі қоғамның көшпелі мал шаруашылығы әсер етті.
    • Ғалым өз зерттеулерінде қазақтың ат әбзелдеріне ерекше көңіл аударды. Оның пікірінше, ердің көп таралған түрі – қайыңнан шауып жасалған алдың­ғы қанаты кең «қазақы ер». Мұндай ерлер құрамдас бес бөліктен – алдыңғы қас пен артқы қастан, екі жақтағы қапталдан және орта ағаштан тұрды. Ердің ағаш сүйегі мұқият өңделді, ал халықтың ауқатты топтарына арналған күміс кейде алтынмен қаптап түрлі-түсті бағалы тас­тан көз салған түрлері болды.
    • Сұрақтар мен тапсырмалар:
    • Атқа міну мәдениеті.
    • Сақтар. Сақ ескерткіштері, шаруашылығы.
    • Жетісу және Тянь-Шандағы үйсіндердің этносаяси бірлестіктері.Үйсіндердің шығу тегі.
    • Қаңлылар тарихы, ерекшелігі.
    • Ғұндар тарихы.
    • Сарматтар.
    • 7. Прото және ежелгі түріктердің мәдениет генезисі.
    • 8. Прототүрік және протомонғолдық элементтердің ежелгі байланыстары.


    Достарыңызбен бөлісу:
    1   2   3   4




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет