Байланысты: 3 дәріс Өзара қатынас интерфейсінің сипаттамалары
Интерфейстің иілгіштігі. Интерфейстің иілгіштігі – бұл пайдаланушының дайындық деңгейі мен өнімділік еңбегін ескеру қасиеті. Иілгіштік қасиет – енгізілген мәліметтердің немесе сұхбаттың құрылымын өзгертуді болжайды. Иілгіш интерфейс тұжырымдамасы қазіргі кездегі адам мен компьютер арасындағы негізгі зерттеу аумағы болып саналады. Негізгі мәселе - сұхбатты өзгертуді ұйымдастыруда емес, ал оған өзгерту енгізуде қандай белгілерді қолдануында. Бейімделудің үш түрі белгілі: нақты, толық және косметикалық.
Нақты бейімделу кезінде пайдаланушы сұхбаттық қолдау деңгейін таңдайды. Мұндай бейімделудің қарапайым нұсқасы екі деңгей ережесін қолдануға негізделген. Оған сәйкес жүйе сұхбаттың екі түрін қамтамасыз етеді:
- толығымен, егжей-тегжейлі (бастауыш пайдаланушылар үшін);
- қысқаша (дайындалған пайдаланушылар үшін);
Екі деңгей ережесі N-деңгейлі сұхбат ережесіне дейін ұлғаюы мүмкін.
Бірақ оның бірнеше кемшілігі бар:
- дағдының біртіндеп жиналатыны туралы факт ескерілмейді;
- пайдаланушы жүйенің бір бөлігін жақсы біліп, бір бөлігін білмеуі мүмкін;
- пайдаланушы өзінің дайындық деңгейін өзі айқындауы, баға берудің нысанивтілігін төмендетеді.
Толық бейімделу кезінде сұхбаттық жүйе пайдаланушының моделін соңғы оқыту барысында болған өзгертулер нәтижесіне байланысты құрастырады. Өз кезегінде пайдаланушының сипаттамасын анықтау мәселесі негізгі мәселе болып табылады. Оны шешу үшін сипаттама үшін нені пайдалану керектігін анықтау керек: пайдаланушының жауап беруге кеткен уақыты, оның қанша рет көмекке жүгінгенін немесе қате сипаты және сұралған көмек түрі.
Косметикалық бейімделу пайдаланушының жүрісін ескермей, сұхбаттың иілгіштігін қамтамасыз етуі, бірақ сұхбаттың нақты стилін таңдамауы керек.
Мұндай бейімделуге келесі әдістерді қолдану арқылы жетуге болады:
- алдын ала келісім бойынша қабылданғандықты қолдану;
- қысқартуларды қолдану;
- жауаптарды озық енгізу;
- көпдеңгейлік көмек;
- көптілділік.
Алдын ала келісім бойынша қабылданғандықты қолдану. Оның мәні – пайдаланушы өзгертпегенше жүйе қандай да бір параметрдің бастапқы мәнін қолданады. Бұл жағдайда жүйе бейімделуінің екі аспектісі орындалады:
1) бастаушы пайдаланушы жүйенің үндеместік түрде көптеген параметрлерін қолдануға мүмкіндігі бар;
2) жүйе көп қолданылатын немесе соңғы берілген мәндерді есте сақтай алады.
Бастаушы пайдаланушылар жеңілдігі үшін үндеместік түрде қолданылатын мәндер экранға жүйенің сәйкесінше сұрағымен экранға шығарылуы мүмкін. Мысалы: “құжатты тіркеу күні [ағымдағы]”. Үндеместік түрде мән қабылдаудың ең тараған түрі – нөлдік енгізу, яғни жүйе сұрағына жауап ретінде “Енгізу” батырмасын басу. Егер командалық тіл қолданылса, онда пайдаланушы үндеместік түрде қолданылатын параметрді өткізіп жібереді.
Қысқартуды қолдану команданың толық атының орнына оның кезкелген мүмкін қысқартуларын, белгіленуін қарастырады. Жауаптарды озық енгізу идеясының негізі, пайдаланушы сұхбаттың кезекті жүрісінде бір ғана жауап емес, тізбектелген жауапты енгізуге мүмкіндігі бар.
Көпдеңгейлі көмек әдіс идеясында экранға басында бастапқы деңгей туралы ақпарат шығады, сонан соң пайдаланушы кілттік сөздің көмегімен төмен деңгейге өту арқылы алынған ақпаратты нақтылай алады. Осындай қағидада гипермәтіндік жүйеге оқытатын қазіргі Help-жүйелердің көбі жұмыс істейді.
Көптілділік интерфейстің мағынасы мынада: пайдаланушы қолданып отырған құрылғыларына байланысты емес, ал пайдаланушы берген және алған ақпараттар оның ана тілінің нормаларына сәйкес болуы қажет. Көптілділікті жүзеге асырудың мүмкін жолы – пайдаланушының қозғалысына жүйенің құралдар реакциясын құру (сұраныс-ақпараттар, көмек-ақпараттар, қателер туралы ақпарат). Ол бағдарламалау тілінің (құралдық құрылғылар) синтаксисінен жеке құрылады.
Интерфейстің эстетикалық тартымдылығы, көзбен шолу компоненттерді жобалау бағдарламалық интерфейсті өңдеудің ең маңызды құраушы бөлігі болып табылады. Пайдаланатын нысандарды мүлтіксіз көзбен шолу түрінде көрсету, әртүрлі нысандардың өзара қатынасы мен жүрісі туралы өте маңызды қосымша ақпаратты жеткізуді қамтамасыз етеді. Әрбір экранға шыққан көзбен шолуды элементке пайдаланушы көңіл бөлуі қажет. Экранда берілген ақпаратты пайдаланушы түсініп қана қоймай, сонымен қатар оның маңызды аспектілеріне көңіл бөлетіндей графикалық ортаны қалыптастыру қажет.
Жоғарыда айтылғандарды қорыта келе, тиімді пайдаланушы интерфейсін құруға мүмкіндік беретін төмендегідей негізгі ережелерді қалыптастыруға болады:
- пайдаланушы интерфейсін жобалауды, қосымшаны құруда жеке кезең ретінде қарастыруға болады. Оның орындалуы мүмкін болғанша ерте басталғаны жөн;
- интерфейсті іске асыратын аппаратты-бағдарламалық құрылғылардың мүмкіндіктерін және ерекшеліктерін ескеру қажет;
- құрастырылып отырған қосымша кіретін пәндік облыстың ерекшеліктері мен дәстүрлерін ескеру қажет;
- интерфейсті құрастыру үдерісі итерациялық түрде болуы қажет. Оның негізгі элементі болып алынған нәтиженің мүмкін пайдаланушымен келісуі болып табылады;
- интерфейсті іске асыру әдістері мен құрылғылары, оның пайдаланушының қажеттілігі мен сипаттамаларына бейімделу мүмкіндігін қамтамасыз етуі керек.
Бақылау сұрақтары: 1) Пайдаланушының ”жақсы” интерфейсінің қасиеттері қандай?
2) Пайдаланушы интерфейсін жобалаудағы нақтыланған, толық және косметикалық бейімделулерге түсініктеме беріңіз.
3) Пайдаланушы интерфейстердегі үндемеу қағидасы қалай қолданылады?
4) Пайдаланушы интерфейстердегі эстетикалық тартымдылық қалай іске асырылады?