Жеке қасиеттерін дамыту, айқын потенциалдық мотивация, шығармашылық белсенділік, оқушылардың өзін-өзі айқындауы және өзін-өзі жетілдіруі
.
Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана
шәкірт жанына нұр ұялата алады.
Ахмет Байтұрсынұлы
Қазіргі білім берудің басты мақсаты — шығармашыл тұлға қалыптастыру. Оқушының шығармашылық қабілетін ашу, оны алға қарай дамыту үшін жоспарлы істің мақсаты мен міндетін айқындап алу қажет.
Мақсат — оқушылардың іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыра отырып, шығармашылық жұмысқа баулу, ой-өрісінің дамуына мүмкіндік тудыру.
Міндет- оқушылардың шығармашылылық қабілетін дамыту, жан-жақты дамуына көңіл бөлу, ғылыми- зерттеу дағдыларын қалыптастыру. Алға қойған мақсат пен міндетті орындау үшін оқушы жастардың танымдық, шығармашылық әлеуетін жан-жақты өсіруге, дамытуға ден қою қажет.
Шығармашылық дегеніміз — оқушының белсенділігі мен дербес іс-әрекетінің ең жоғарғы түрі. Бұл мәслені шешуде шығармашылық тапсырмалардың орны ерекше. Шығармашылық бағыттағы тапсырмалар оқушының білім деңгейін — оқушылық деңгейден шығармашылық деңгейге көтеруге жол ашады.
1. Логикалық ойын дамытатын тапсырмалар (сөзжұмбақ, ребус шешу, жұмбақ, мақал-мәтел, қанатты сөздер құрастыру).
2. Берілен тапсырманы түрлендіру бағытындағы жұмыс түрлері (мәтінді өңдеу, берілген мәтіннен диалог құрастыру).
3. Өз ойынан еркін тақырып құрастыруға берілген жұмыс түрлері (өлең, ертегі, әңгіме, шығарма жазу).
Әдіскер-ғалым Қ.Тасболатов «Проблемалық ситуация тудыру — оқушыларға сұрақ қойып, оны шешу ғана емес, мұндағы сұрақ оқушыға бейтаныс, өздігінен ізденіп, өзінше қорытынды жасай білетіндей сұрақ болуға тиіс» дейді. Бұл орайда оқушыларға танымдық сұрақтар қоюдың маңызы зор.
Шығармашылық сабақтардың оқушылар үшін мынадай маңызды жақтары бар:
*оқушының танымдық іздемпаздығы қалыптасады;
*сұрақтарды, мәселелерді терең талдауға үйренеді;
*шығармашылық ой — өрісі артады;
*кітаппен жұмыс, көркем және ғылыми әдебиеттер, баспа материалдарымен жұмыс істеу біліктерін қалыптастырады;
*ұжымдық ой — пікірлері жетіледі, топ мүшелерінің пікірлерімен ортақ тұжырым жасауға үйренеді;
*мұғаліммен оқушылардың қарым — қатынасы ынтымақтастықта болып, сенімділіктері артады;
*оқушы өз ойын еркін айтуға, сөз мәдениетіне үйренеді;
* білімін жүйелі түрде толықтыруға үйренеді;
*өз әрекетіне сын тұрғысынан қарауға үйренеді;
*тұжырым жасап қорытындылауға үйренеді;
*оқу міндеттерін тиімді шешу мүмкіндігін таниды;
*дүниетанымы кеңейіп, рухани дамиды;
*дарынды тұлға ретінде “мен” деген пікірі қалыптасады;
* бәсекелестік қабілеттері дамиды;
*мұғалімге тәуелділіктен арылып, шығармашылық жұмыстарға белсене араласуға үйренеді.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні– оқушыға өмірге араласқанда оның қоғамдағы қызметіне көмегін тигізетін, күнделікті өмірінде қажетіне жарайтындай білім бере алатын аса білікті пәндердің бірі.
Оқушылардың танымдық қабілетін арттыру, оларды білуге ынталандыру, шығармашылыққа ұмтылдыру, ойлана, іздене білім алуға, өз ойын дәлелдеп, тиянақты айтып беруге дағдылану сияқты сапаларды оқушы бойына дарыту — білім саласының өзекті мәселесі.
«Оқыту үрдісінің үш түрлі құрамды бөлігі бар, ол — ғылым, шеберлік, өнер» дейді белгілі педагог В. А. Сухомлинский. Осы қасиеттер мұғалім бойынан табылса, сонда ғана ол сабақ үстінде білімділік пен тәрбиелік мақсаттарды жүзеге асыра алады.
Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыруда мына жолдарды есте ұстанған жөн:
1. Сабақты халық педагогикасымен ұштастыра отырып оқыту
2. Өнермен байланыстыра оқыту
3. Пікірталас түрлерін пайдалана отырып оқыту (пікір алмасу, ойталқы, ойкөкпар, пікірсайыс, т.б)
Пікірсайыс сабақтарын өткізу үшін алдымен жақсы жағдаят бола алатын тақырып таңдалғаны жөн.
*Шағын әңгіме құру
*Сөзжұмбақ құру, шешу
*Қиялдау арқылы сурет салу.
*Сұрақ құру
* мәтінді мазмұндау
Осындай жұмыстарды үнемі жүргізу шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы талант көзін ашып тілін байыту қиялын ұштаумен өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді.
. Ол үшін мен мынадай жолдарды атап өтер едім:
*Өтілетін тақырып бойынша оқушыға тірек сөздер беріледі де, шығарма немесе ойтолғау жаздыруға болады;
*Тақырып мазмұнына орай сурет салдыру;
*Өтіп отырған тақырыбымызға байланысты қосымша мақал-мәтел, нақыл сөздер жинастырып келу;
Ұстаз еңбегі оқушы білімімен өлшенеді десек, ұстаз еңбегінің күрделілігі — әрбір оқушы жүрегіне жол таба білуінде. Әрбір баланың бойындағы қабілетті дамыту арқылы өзін, өмірді, әлемді танып білуге, қоғам алдындағы жауапкершілік қасиеттерін сезіндіре білуінде жатыр.
Осы орайда өзімнің ұстаздық тәжірибеме сүйене отырып, шығармашылық жұмыс нәтижелерінің жемісін көрсете кетейін.
1. НИО Ұлттық интернет олимпиадаға 3- сынып оқушысы - Артем Антоненко Бастауыш сынып қазақ тілі пәнінен өткен Республикалық олимпиаданың жеңімпазы атанып, І дәрежелі дипломмен марапатталды.
2. НИО Ұлттық интернет олимпиадаға 3- сынып оқушысы – Илья Крестинин Бастауыш сынып қазақ тілі пәнінен өткен Республикалық олимпиаданың жеңімпазы атанып, І дәрежелі дипломмен марапатталды.
3. НИО Ұлттық интернет олимпиадаға 3- сынып оқушысы – Максим Филимоненко Бастауыш сынып қазақ тілі пәнінен өткен Республикалық олимпиаданың жеңімпазы атанып, І дәрежелі дипломмен марапатталды
4. 8- сынып оқушысы - Тимченко Юлия «Қыркүйек» Республикалық Блиц- Турниріне үздік қатысқаны үшін ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Достарыңызбен бөлісу: |