1.5. Кәсіби қызметтің типтік міндеттері
Білуі қажет:
- - тұлғаның дене шынықтыруы мен салауатты өмір салтын қалыптастыруы саласында ағарту жұмыстарын жүргізу;
- - дене дамуын жан-жақты оңтайландыру мен жарасылымдылығын, рухани байлығын, ҚР азаматтарына, Отанға деген сүйіспеншілігі мен беріктігін тәрбиелеуді қалыптастыру;
- - дене күші, ерік қасиеттерін, дене жұмысына қабілеттілігі деңгейін, дене жетілдіру мен жоғары спорт нәтижесіне қол жеткізу мақсатында қозғалу қабілетінің жеке қорын, біліктілігі мен дағдысын арттыру;
- - тиімді бейімдену арқылы ағзаның қор мүмкіндіктерін, сыртқы орта факторларын (температураның жоғарылауы мен төмендеуі, орта, жоғары тау жағдайлары және т.б), өмір сүрудің жеке тәртібін талапқа сай оңтайландыру мүмкіндіктерін арттыру:
- - спортшыларды дайындауды басқару және ағза бейімділігінің тетіктерін спорттық нәтижелер арқылы үзіп алмай, жоспарлау, мақсатты түрде ғылыми негіздеу;
- - денсаулықты көп жыл бойы сақтау және нығайту, тұрғындарды дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға, жұмылдыру, еңбек пен күнделікті өмірде қажетті қозғалыс дағдыларын дамыту.
Достарыңызбен бөлісу: |