БІЛУІ КЕРЕК:
- - ақпаратты компьютерлік әдіспен жинау, сақтау және өңдей отырып, бұл біліктіліктерді өзінің кәсіби қызметінде пайдалану;
- - шет тілдердің бірінен лексикалық минимумды меңгере отырып, диалог, әңгімені жалпы және кәсіптік сипатта жүргізуі, дене шынықтыру мен спорт саласындағы әдебиеттерді аудара алуы;
- - дене шынықтырудың жалпы және ерекшелік қызметтері, дене шынықтырудың қоғамдағы әртүрлілігі мен құрылымы, дене тәрбиесінің негізгі жақтарының мақсатқа бағытталуы;
- - дене шынықтырудың бала тәрбиесі жүйесіндегі мектепке дейінгі, мектеп жасындағы балалар, жастар, орта және егде жастағы адамдарды тәрбиелеудегі рөлі;
- - спорттың мәні, оның қызметі, түрлері, қоғамдағы қызмет ету жағдайлары, даму бағыттыры, спорттық дайындық және жарыстар жүйесінің негіздері, спортшыларды көпжылдық дайындаудың негізгі сатылары мен кезеңдері;
- - дене шынықтыру мен спорт туралы теориялық зерттеулерді қорытындылау логикасын, ғылыми - зерттеулерге деген жалпы ғылыми және бірлескен көзқарасын ;
- - дене шынықтыру сабақтарының медициналық - биологиялық және психологиялық - педагогикалық ерекшеліктері, мектептердегі көпшілік және базалық спорт түрлерін жетілдіру;
- - дене шынықтыру мен спортты басқарудың жүйелері, қызметтері, теориялық, эономикалық, құқықтық және ұйымдастыру негіздері, дене шынықтыру мен спортты ғылыми тұрғыда басқару мектептері және оның қазіргі модельдері;
- - спорт түрлеріне арналған кешендер мен дене шынықтыру қондырғыларын құру ұстанымдары, теориялық негіздері, жоспарлауды есептеу және орналастыру туралы;
- - қазіргі кәсіби спорттық құқықтық негіздері мен даму ерекшеліктерін;
- - қазақ халқы мен басқа халықтардың этнопедагогикасы мен этнопсихологиясын;
Достарыңызбен бөлісу: |