• Психологиялық - педагогикалық қызмет бағыттары:
- педагогикалық үдерісті, педагогикалық үдеріс субъектілерін дамыту бағдарламасы бойынша өзіндік кәсіби қызметті жобалау; ғылыми-зерттеу, ұйымдастыру-тәрбиелік; түзетуші-дамытушылық, мәдени-ағартушылық; тұлға аралық және іскерлік қарым-қатынас құруды қамтамасыз етуші әлеуметтік-мәдени және кәсіби орта бойынша кеңес берушілік және т.б.;
• Жаттықтырушылық қызметтің байланысы:
- ғылыми негізделген іріктеумен, жоспарлаумен, бақылаумен, спортшылар дайындығының функциональді, дене, әдіс-тәсілдік, психологиялық, интеллектуалдық тұстарын түзетумен, жоғары спорттық нәтижелерге жетуге бағытталған оқу-жаттығу жұмыстарымен, ерік-күш сапаларын, шұғылданушылардың денсаулығына зиян келтірмей жоғары спорттық нәтижелерге жету мақсатында түрлі жас пен жыныстағы тұлғаларға отансүйгісштік сапаларын тәрбиелеумен;
- барлық тұрғын халықтарды сауықтыру үшін спорт түрлерін пайдалану арқылы салауатты өмір салтын насихаттау, денсаулығында ақауы бар жандарды әлеуметтік және спорт бағытына қарай бейімдеу.
• Спорттық-төрешілік ұйымдастыру қызметі сипатталады:
- дене шынықтыру және спорт бойынша жарыстар өткізу мен төрешілік жасау, оқу орындары мен басқа да мекемелерде, клубтарда спорт мерекелерін өткізу;
- спорт түрлері бойынша жарыстар ұйымдастыру мен өткізу.
Достарыңызбен бөлісу: |