3 дәрістің тақырыбы: Орман ресурстары


-СОӨЖ тақырыбы:Орман ресурстары және сәндік өсімдіктер



бет15/17
Дата10.12.2021
өлшемі1,2 Mb.
#78885
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
Биоресурсы Казахстана лекция^Mпрактика (1)

2-СОӨЖ тақырыбы:Орман ресурстары және сәндік өсімдіктер

  1. БҚО орман ресурстары

Бүгінгі таңда өңірде мемлекеттік орман қорының аумағы 214319 гектарды құрайды. Оның 102841 гектары орман жамылғысымен көмкерілген. Жалпы алғанда, өңірдің орманмен қамтылуы 0,6 пайыз деңгейінде.


Ормандар, негізінен, Жайық пен Елек өзендерінің қойнауларында, Шыңғырлау ауданындағы жыра-сайларда, Бөкей ордасы ауданындағы құмда орналасқан. Орманның көп бөлігін қара терек пен тал, ағаш-бұталар құрайды. Сондай-ақ емен, қайың, көктерек жақсы өсуде. Мемлекеттік орман қорында 615 гектар самырсын тұқымды қарағай да кездеседі. Олар, негізінен, Январцев пен Орда орман шаруашылықтарында өсуде. -Облысымыздағы қорық бұрыштары (заповедный уголок) туралы сөз қоз­ғағанда, ауызға бірінші болып әдемі сағасы, қоймаларында орманы бар Жайық өзені түседі. Өңірімізде табиғат қорығының он нысаны жұмыс істеп тұр. Кирсанов, Бударин, Жылтыркөл зоологиялық қаумалдары республика­лық мәртебеге ие. Ал жергілікті мәртебе Аққұм, Орда, Дубрава, Миргород, Садовское көлі, Үлкен ешкі тауы, Селекционный қаумалдарына берілді. Есентай Қалиев жетекшілік жасайтын басқармамыз облыс әкімдігінің атқару­шы органы болып табылады. Басқарма қарамағында Ақжайық, Бөрлі, Орал, Орда, Тайпақ, Чапаев, Шыңғырлау, Январцев орман және жануарлар дүниесін қорғау бойынша мемлекеттік мекемелері бар. Осы мекемелердің қызметкерлері 2010-2014 жылдарға арналған «Жасыл даму» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында жыл сайын 500 гектар жерге орман ағаштарын егеді. Мекемелердің бәрі орман алқабына қажет көшеттер мен ағаштар өсірілетін тәлімбақтармен (питомник) қамтылған. Бұл жерде Бөрлі (директоры Қайрат Ермекбаев), Ақжайық (Еплан Үмбетов), Шыңғырлау (Нұрлан Садықов), орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесіндегі тәлімбақтардың жұмысын атап өту керек. Олар алуан түрлі теректерді сапасы түрде өсірумен айналысуда. Елді мекендерді көгалдандыруға жыл сайын 150 мың, ормандарды қалпына келтіру жұмыстары үшін 2 745 мың дана көшет өсіріледі. Ал ағаш-бұта тектес өсімдіктер үшін 3,7 келі шамасында тұқым дайындалады. Елді мекендерді көгалдандыру демекші, осы бағытта соң­ғы жылдары «Жасыл жапырақ» акциясы қолға алынды. Шара өткен жылы бір күн болса, биыл бір айға белгіленді. Соған орай акцияға 70 мыңға жуық жерлесіміз қатысты. Оның жартысы жастар екендігін айтып өткім келеді. Акцияның мақсаты да жас ұрпақты табиғатты, соның ішінде орманды қорғауға, өсіруге баулу еді. Жалпы алғанда, тұрғындар биыл 107 мың түптей терек екті, - дейді облыстық табиғат ресурстары және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының орман шаруашылығы бөлімінің бастығы Әлібек Биялиев. Сымбатына көз тоймайтын, сипаттауға тіл жетпейтін орман-тоғайдағы әр теректі сәбидей мәпелеп өсіріп, аң-құсын аялап, қорғап отырған орманшының еңбегін қалай мадақтасақ та артық емес. Бүгінде Батыс Қазақстандағы орман шаруашылықтарында төрт жүзден аса қызметкер бел жазбастан еңбек етуде. Әсіресе, Ғұбайдолла Берікқалиев (Ақжайық орман және жануарлар дүниесін қорғау бойынша мемлекеттік мекемесінің инженері), қорықшы Тимур Ғұсманов (Бөрлі), орманшы Николай Маркин (Янайкин), тұқым бағының шебері Михаил Завгородный (Шыңғырлау), мекеме бастығының орынбасары Талғат Тұрсынов (Чапаев), орманшы Николай Чернышков (Январцев), орманшы Тимур Бекназаровтар (Тайпақ) өздерінің адал еңбектерімен көпшілікке үлгі болып жүр. Кәсіби мерекелері қарсаңында орманшылар қауымы кезінде өздеріне осы кәсіптің қыр-сырын үйреткен ардагерлерін де сағынышпен еске алады. Олардың арасында жоғарыда аты аталған басқармада уақытпен санаспай жұмыс істеген Күлсара Сисенова, Орал орман шаруашылығынан зейнетке шық­қан Александр Коржуков пен Надежда Койнова сынды мамандар бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет