3 І – тарау. Бастауыш сыныпта оқытуды ұйымдастырудың түрлі формаларын пайдаланудың ғылыми -теориялық негіздері



бет1/4
Дата02.02.2017
өлшемі0,67 Mb.
#8466
  1   2   3   4
Мазмұны
Кіріспе ...........................................................................................................3

І – тарау. Бастауыш сыныпта оқытуды ұйымдастырудың түрлі формаларын пайдаланудың ғылыми -теориялық негіздері

1.1. Оқытуды ұйымдастырудың формаларының мәні, мазмұны және түрлері .....................................................................................................................7

1.2. Оқытуды ұйымдастырудың түрлі формалары – бастауыш сынып оқушыларының танымдық әрекетін дамытудың негізгі факторы...................16

1.3. Оқу – тәрбие процесінде бастауыш сынып оқушыларының жас және дара ерекшеліктерін есепке алу мүмкіндіктері.........................................26


ІІ – тарау. Бастауыш сыныпта оқытуды ұйымдастырудың түрлі формаларын пайдаланудың әдістемелік негіздері.

2.1. Бастауыш сыныпта оқытудың түрлі формаларын пайдаланудың бүгінгі күнгі ерекшеліктері..................................................................................37

2.2. Бастауыш сыныпта бірқатар пәндерді (табиғаттану, математика) пәндерді оқытудың ерекшеліктері......................................................................46
Қорытынды...............................................................................................54

Пайдаланылған әдебиеттер....................................................................56

Қосымша

Кіріспе

Дидактикалық жүйелер өткен кезеңге із-түссіз кетпейді. Олар қазіргі кезеңнің талаптарына сай жаңа жүйеге трансформацияланып, бүгінгі күнмен үндеседі. Гербарт дидактикасын, Коменскийдің дидактикасы элементтерін пайдаланды, Ушинский түрлендіріп пайдаланды, Алтынсарин оны лайықтады, ал қазір халықаралық талаптар деңгейіне, бәсекеліктікке бағыттап, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы, Қазақстан Республикасының жалпыға міндетті орта білім беру стандарты талаптарға қатысты нақты сапалы жетілдіруде, үдеріс дамуда.

Оқытуды ұйымдастыруды формалары – ол оқыту мазмұнына қатысты мұғалім мен оқушының қызметтерінің сыртқы келісімдерінің өрнектелуі. Олар дидактикалық жүйелердің пайда болуы және жетілдіруіне сай дамуда. Оқытудың формалары түрлі шама-шарықтарға қатысты жіктеледі. Оқушыларды оқытуға қамту санына қатысты:


  • жеке;

  • топтық;

  • жаппай болып бөлінеді.

Оқушыларды оқыту жайына қатысты:

  • мектептік;

  • мектептен тыс;

  • экстернат формада болып аталады.

Оқытудың ұзақтығына байланысты:

  • классикалық сабақ – 45-50 минөт;

  • қысқартылған сабақ – 30-35 минөт;

  • «Қоңыраусыз» сабақтар – еркін қызметтердегі сабақтар регламентінде болады.

Мектептің даму тарихы түрлі оқыту жүйелерге бөледі:

  • жекелей (ертедегі антика елдерінде);

  • жеке-топтық (Орта ғасырдағы мектептер);

  • өзара оқыту (Англиядағы белль – ланкастерлік жүйе);

  • саралап оқыту – дифференциялы – оқушылардың қабілетіне қатысты (мангеймдік жүйе);

  • бригадалық оқыту (кеңес мектептерінде ХХ ғасырдың 20-шы жылдары);

  • американдық «Трамп жоспары» - оқушылар үлкен топтарда (100-150 оқушылармен) жалпы уақыттың 40 % бірге болуы;

  • ал 20 % - аз оқушылар өзіндік жұмыстарға арнаған.

Бастауыш мектептің мұғалімдері үшін «Дальтон – жоспары» Дальтон қаласындағы бастауыш сынып мұғалімі ХХ ғасырдың басында Э. Паркхерст (1887-1973) ұсынған қызықты. Оның ерекшелігі:

  • оқыту мазмұнын еркін таңдау оқушыларға беріледі;

  • мәндерді оқыту ретін өзгерту;

  • өзінің жұмыс уақытын пайдалану;

  • белгілі пәндерді оқыту келісімдерін жасау.

Дальтон – планы негізінен жеке кабинет-зертханаларда ұйымдастырылады.

Қазіргі кезеңде уақыт сынынан өткен, ХҮІІ ғасырға пайда болған, 300 жылдан астам уақыт жетіліп келе жатқан сыныптық – сабақтық жүйенің басты элементі – сабақ, оқыту маңыздылығы үлкен.

Бастауыш сыныпта оқытуды ұйымдастырудың түрлі формаларын пайдалану маңыздылықты анықтауда, жалғасуда. Оқытудың алғашқы жобасын голландия педагогы Д. Сил, неміс профессоры И. Штурм, жүйені жобалаған И. Лойологт, ал теориялық негіздемені Я. А. Коменский жасаған.

Сонымен білім берудің, оқытудың басты формасы сыныптық сабақтық жүйе. Қазіргі кезеңде

а) – қосымша;

ә) – сыныптан тыс;

б) – сабақтан тыс;

в) – жұмыстары;

г) - өзіндік;

д) - өзін-өзі тану; деп аталатын формалары қолданылады.

Сыныптың - сабақтық формасы келесі ерекшеліктер айғақтайды:


  • жастары шамалас және дайындық деңгейі жуық бірдей жастағы тұрақты құрамдағы оқушылар.

  • әрбір сыныпта жылдық жоспарға – оқу жоспарына қатысты жұмыс оқу- тәрбие жұмысында (оытуды жоспарлау)

  • оқу процесі өзара байланысқан, бірінен кейін бірі өтілетін бөліктерден, сабақтардан тұратын өтетін үрдіс.

  • әрбір сабақ тек бір пәнге арналады (монизм);

  • сабақтардың тұрақты алмасуы (сабақ кестесі);

  • мұғалімнің басқарушылық ролі (педагогикалық басқару);

  • оқушылардың танымдық қызметтерінің түрі мен формасының әртүрлілігі;

Сыныптық – сабақ форманың басқа формалармен салыстырғанда бірқатар артықшылықтары бар:

  • қатаң ұйымдастырушылық құрылымы бар.

  • оқушылармен бір мезгілде жұмыс істеуі;

  • оқушыларды өзара білім алуына ыңғайлы;

  • ұжымдық қызмет, біріне -бірі көмектеседі;

  • тәрбиелеу, білім алу, дамытылуда жарысушылық.

Тәрбиелі, білімді, өзін -өзі жетілдіруге, бірін -бірі тануға, өзін -өзі тануға салыстыру, қарама -қайшылықтар қозғаушы күш туындатады.

Зерттеудің мақсаты: бастауыш сыныпта оқытуды ұйымдастырудың формаларын пайдалану әдістемесіне талдама жасау;

Зерттеу міндеттері:

  • Бастауыш сыныпта оқытуды ұйымдастырудың түрлі формаларын пайдалануы арқылы оқу-тәрбие жұмыстарын жетілдірудің мәнін анықтау;

  • Педагогикалық жағдайларды анықтау;

  • Технологиясына талдама жасау.

Зерттеу нысаны: бастауыш сыныптағы оқу-тәрбие үдерісі;

Зерттеу пәні: бастауыш сыныпты оқытуды ұйымдастырудың түрлі формаларын пайдаланулар нәтижесін анықтау.

Зерттеу әдістері:

  • педагогикалық зерделеу;

  • педагогикалық бақылау;

  • педагогикалық талдау, салыстыру;

  • мұғалімдермен әңгімелесу;

  • оқушылармен пікірлесу;

  • ата-аналармен кеңесу;

  • озық педагогикалық тәжірибені зерделеу және қорытындылау;

  • педагогикалық эксперимент.

Диплом жұмысы: кіріспеден; екі тараудан; қорытындыдан; пайдаланған әдебиеттерден; қосымшадан тұрады.

Жұмыста психология, педагогика, этнопедагогика, педагогика тарихы, Қазақстан Республикасындағы білім берудің негізгі тұжырымдамалар жайлы әдебиеттер пайдаланылды.



І - тарау. Бастауыш сынып оқытуды ұйымдастырудың түрлі формаларын пайдаланудың ғылыми теориялық негіздері.

1.1. Оқытуды ұйымдастырудың формаларының мәні, мазмұны және түрлері.

Әлемдік педагогикалық ойдың тарихы мен мектепте оқытудың практикасында оқытуды ұйымдастыру формалары жүйесіне берік көзқарас қалыптасты. Оқытуды жүзеге асыруда білім мен оқытуды ұйымдастыруда оны модернизациялау көзделеді. «Түрлері» деген ұғым латын тілінен аударғанда «Forma» сыртқы көрініс дегенді білдіреді, Сыртқы сызық белгілі орныққан тәртіп. Философиялық сөздікте: «Түрлері» ішкі мазмұнды ұйымдастыру деген анықтама береді. Яғни «Түрлері» ішкі байланысты білдіреді және ұйымдастыру тәсілдері, өзара құбылыс, сыртқы жағдайлармен сабақтастықта. Жоғарыда «Түрлері» ұғымының мәнін басшылыққа отырып, оқытудың формасына былай анықтама беруге болады: «Оқыту формасы – оқу материалын меңгеруден оқушылардың өзара әрекеті». Оқыту формасы әдіспен, амалдарға, құралдарға, оқушылардың іс- әрекетіне тәуелді болады. Ресей педагогы Чередов И.М. бойынша: «Педагогикалық іс- әрекетті бұл бірімен – бірі, өзара байланысты ықпалдасық, әсер етушілік белгілі бір тапсырманы орындау кезіндегі оқушылар мен мұғалімнің қарым -қатынасы» деп түсіндіріледі. Оқытудың формасы – оқыту үрдісінің белгілі бір оқу материалын игеру барысындағы оқушының оқу іс- әрекетін басқару мен оқу тәсілдерін меңгерумен сабақтас. болып саналады. Сабақтың сыртқы көрінісі оқу материалының ішкі бөліктерінің басын біріктіріп және дидактикалық категория ретінде оқу үрдісін ұйымдастырудың сыртқы пішімін белгілейді, мұның өөзі оқушылардың білім сапасының көрсеткішімен өтетін уақыты және орны, оның жүзеге асырылу тәртібі секілді жағдайлармен байланысты.

Педагогикалық сөздікте: «Оқуды ұйымдастыру формасы- оудың -әдіс тәсілдерін тиімді қолдануды жүзеге асыру үшін оқушыларды топтастыру» деп анықтама берілген.

Г.Усмановтың «Педагогика» атты оқулығында: «Оқытуды ұйымдастырудың формасы- бұл мұғалім мен оқушылардың оқу әрекетіне қолайлы жағдай жасау үшін арнайы ұйымдастырылған? белгілі бір тәртіппен өтілетін жұмыс» деп қарастырылады.

Оқытуды ұйымдастырудың формалары-белгілі бір тәртіп пен режим негізінде жүзеге асырылатын оқыту процесін ұйымдатыру тәсілі.

Мектептердің даму тарихыда ұлы педагогтардың тұжырымдамалары және оқуды ұйымдастырудың әртүрлі формалары белгілі. Оның дамып жетілуі, қоғамның қажеттілігі мен сұранысының талап- мүдесіне қатысты.

Оқытуды тиімді ұйымдастыру мәселелерімен педагогиканың «дидактика» деп аталатын арнаулы саласы шұғылданады. Дидактика бұл - білім мен оқытудың теориясын жасап шығаратын, педагогика саласы. Дидактиканың негізгі проблемалары оқыту процесінің заңдылығын ашу, білімнің мазмұнын анықтау, оқытудың барынша тиімді әдістері мен ұйымдастыру формаларын жасап шығару болып табылады.

«Оқытуды ұйымдастыру формасы» ұғымының мәнін ашу үшін оқыту ұғымының педагогикалық анықтамасы на тоқтала кетейік:

Оқыту- жеке адамның қалыптасуының және бірінші кезекте, ақыл -ойы мен жалпы білімін дамытудың маңызды құралы. Оқытудың білім алудың қалған барлық басқа түрлерінен және өздігінше білім алудан мынадай айырмашылығы бар. Ол белгілі бір жүйеде және жоспар бойынша, мұғалімнің басшылығымен өтіп жатқан бағдарлы мақсатқа бағытталған процесс болып табылады. Әрбір пәнді оқыған кезде оқушылар білімнің кейбір жиынтығын меңгереді және сол саламен байланысты белгілі іскерлік пен дағдыға ие болды. Іскерлік – деп іс жүзіндегі қимыл шәкірт алған білімнің негізінде жүзеге асырылатын және жаңа білім алуға алдағы уақытта ықпал жасай алатын әрекет деп айтуға болады.

Сонымен оқытуды ұйымдастырудың формасы ұғымының мәні «Оқыту» және «Ұйымдастыру формалары» деген категориялардың жиынтығы ғана емес, олардың синтезі болып табылады.

Педагогика тарихында ұлы педагогтардың тұжырымдары және оқытуды ұйымдастырудың әртүрлі тәсілдері белгілі. Оның дамып, жетілуі қоғамның қажеттілігімен сұраныстың талап- мүддесіне қатысты. Оқытуды ұйымдастырудың формалары бойынша жәктеледі:


  • оқушыың саны мен құрамы

  • жұмыс орны

  • оқу жұмысының ұзақтығы

Оқушылар санына байланысты оқытуды ұйымдастырудың формасының жіктелуі мынадай:

Сызба №2


Оқытуды ұйымдастыру формасы (оқушының саны мен құрамы)

бойынша






Көпшілік Топтық Жеке -дара

1. Пәндік олимпиада 1. Сабақ 1. Үй жұмысы

2. Оқу конференциясы 2. Cаяхат 2. Қосымша жұмыс

3. Өндірістік тәжірибе 3. Экскурция 3. Консультация

4. Зертханалық жұмыс 4. Сұхбаттасу

5. Факультатив 5. Сынақ

6. Практикум 6. Емтихан.


Оқыту процесінің әрқашанда мұғалімнің басшылығымен өтеді. Сын көзімен қарамаушылықтың нәтижесінде оқытудың әртүрлі формалары шетел педагогикасынан ауысып, мектептерде қолданылады. Біріншіден, мұғалім ролінің төмендеуі; екіншіден оқушылардың ғылым негіздерінен терең білім алуына зиянды әсер етті.

Шетел мектептерінен ауысып келген оқытуды ұйымдастырудың көптеген формалары қатты сынға алынды.

Ғалым -педагогтардың тәжірибелері бойынша оқытуды ұйымдастырудың формаларын былайша топтастырылады:


  • жеке (бір ғана оқушымен жұмыс істейді);

  • жеке жұптық (оқушы- оқушымен, мұғалімнің оқушымен қарым- қатынасы, жеке оқушының әзірлік үрдісіндегі қызметімен) айқындалады.

  • жеке топтық: топ мектепте жұмысістейді, бірақ бір мектепте оқытылатын оқушылардың жасы әр шаманы құрайтын топ болады. (оқытудың бұл түрлі орта ғасыр мектептерінде қолданылған).

  • Өзара бірлескен оқыту (аталған оқыту жүйесі Англяда пайда болған, атауы Балланкастер жүйесі).

  • Саралап оқыту, оқытудың бұл түрі – оқушылардың қабілетіне қарай өтіледі. (Мангейм жүйесі).

  • Бригадалық оқыту, тапсырманы бригада алады: бір сыныпта 5-6 оқушы ұйымдасады, есеп беруші – бригадир (оқытудың бұл түрі ХХ- ғасырдың 20- жылдарына тән).

  • Американдық «Винетка- жоспар» , «Грамле жоспар» және т.б.

  • Оқытудың микротоптық жүйесі (фронтальдық, ұжымдық жұмыс және т.б)

Мектеп практикасының тарихында оқытуды ұйымдастырудың сыныптық оқу жүйесін зерделеу және қорытынды, сабақтың орнықты ғылыми теориясын жасауды алғаш рет қолға алған А.Я. Коменскии болды.

Я.А. Коменский «Ұлы дидактика» (1632) атты әйгілі еңбегінде сабақтың бір мезгілде басталуы; сабақтың белгілі бір уақыттағы; сабақ арасындағы үзіліс; топтағы балалардың саны мен жас шамасының біркелкілігі; материалды оқыту қарқынының бірдейлігі; сабақты белгілі бір ұйымдастырылған түрде өткізу мұғалімнің түсіндіруіне оқушылардың назарын аудару; оқушыларға сұрақтар қою, тақырыпты игеруін бақылау сияқты талаптарды қанағаттандыратын оқу сабақтарын өткізетін топтың түрінің тиімділігін және қажетті теория жүзінде негіздеді. Сыныптық оқу аталған топтық оқытудың осындай түрі кеңіннен таралып, нығая бастады және қазірдің өзінде жетілдіру үстінде.

А.Әбілқасымованың «Қазіргі заманғы сабақ» атты еңбегінде «Оқытуды ұйымдасырудың негіәзгі формасы » сыныптық – сабақтық жүйесінің өзіне тән ерекшеліктерін көрсетеді:


  • жастары және дайындық деңгейлері біркелкі оқушылар бір сыныпты құрайды және мектептегі оқыту кезеңінде негізінен тұрақты құрамын сақтап қалады.

  • Сынып тұрақты кестеге сәйкес, бірыңғай жылдық жоспармен және бағдарламамен жұмыс істейді.

  • Сабақ оқудың негізгі бірлігі болып саналады.

  • Сабақ оқу пәніне, тақырыпқа арналады, Сондықтан сынып оқушылары сол материалмен жұмыс істейді.

  • Сабақта оқушылардың жұмысына мұғалім басшылық жасайды, ол аз пән бойынша оқу нәтижесін, әрбір оқушының мегеру деңгейін жекеше бағалайды және оқу жылының соңында оқушыны келесі сыныпқа көшіру туралы шешім қабылданды.

Жоғарыда қарастырылған ерекшеліктерге сүйене отырып, сыныптық- сабақтық жүйенің негізгі белгілерін мына №2 сызба арқылы көрсетуге болады.

2 Сызба


Сабақтар кестесі



Оқу жылы Сыныптық – сабақтық Оқу демалыстар,

жүйенің негізгі белгілері үзілістер

Оқу күні


Оқудың сыныптық – сабақтық жүйесі осы кезге дейін әлем педагогтарын ойландырып келеді. Оның жетістіктері мен кемшіліктері дидактика жөніндегі көптеген оқу пәндерін оқыту әдістері жөніндегі көптеген іргелі еңбектерде сондай -ақ педагогикалық психологиялық өнімдегі еңбектерде жан -жақты талданған және сипатталған. Бұл еңбектердің авторлары оқытудың сыныптық сабақтық жүйесінің даралап оқытумен салыатырғанда бірқатар артықылықтарын және кемшіліктерін атап көрсетеді.

Сыныптық сабақтық жүйесінің артықшылықтары:

  • оқу- тәрбие процессін түгелдей тәртіпке келтіруді қамтамасыз ететін ұйымдастыру құрылымының айқындығы;

  • Басқарудың қарапайымдылығы;

  • Балалардың проблемаларды ұжымдық талқылауда міндеттерге ұжымдық шешіміздестіруде бір біріне өзара әсер ету мүмкіндігі;

  • Оқыту процесіндегі оқушыларды тәрбиелеу ісінде мұғалімнің оларға ұдайы эмиционалдық әсерінің болуы;

  • Оқытудың үнемділігі және оқушылардың жеткілікті дәрежедегі үлкен тобымен жұмыс істеуі

Сыныптық - сабақтық жүйенің кейбір кемшіліктері:

  • Қабілеті орташа оқушыға биімділік, және нашар оқушыға қиындықтар туғызса, жақсы оқушының қабілетінің дамуын тежейді.

  • Мұғалім оқытудың мазмұны, жылдамдығы, және әдістері бойынша жеке ұйымдастыру жұмыстарында оқушылардың даралық ерекшеліктерін ескеруге қиындық туғызуы;

  • Ересек балалар мен жасы кіші оқушылардың ұйымдсқан түрде араласуын қамтамасыз етпеуі және т.б;

Оқыту теориясын дамытуда К.Д. Ушинскийдің ролі ерекше. Ол сабақта барлық негізгі жақтарын, «сабақтың әрір құрамдас мағынаға толы қызметке сай болуын, өйткені онсыз оқушының көптеген жақсы қасиеттерін дамыту мүмкін еместігін» талап ете отырып, талдау жасады және шығармашылықпен жұмыс істеді.

(К.Д. Ушинский. Собр. соч., 6т, с.25)

Сабақта және оны жетілдіруге қатысты проблемаларды Ушинскиймен қатар және одан кейін де белгілі орыс педагогтары Д.А. Семенов, Н.А. Корор, М.И. Демков, Н.Ф. Каптерев және т.б. зерттеді.

1960 жылдары дидакттар және әдіскерлер сабақты ұйымдастыруды жетілдіре отырып, топтарын үлгіден бірте – бірте бас тарта бастады. Олар тақырыбы, бағдарламалардың бөлімдері бойынша өзара байланысты сабақтар жүйесін дайындауды қолға алды. Эксперименттер мен оқытудың жалпылама тәжірибесі сабақтың бұрыннан қалыптасқан теориясы мен практикасының жаңа міндеттерге сай еместігін көрсетті. Психологтар В.В. Давыдов, Л.В. Заньков., Н.А. Менчинская., Д.Б. Элкониннің зерттеулерінің арқасында балалардың психологиялық ерекшеліктері мен балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға құрылған, осы процесте теориялық білімі мен жалпылау ролін көтеретін оқытуға көшуге мүмкіндік беретіні түсінікті болды. Осы уақыттарда В.В. Давыдов, Л.В.Заньков, Н.А.Менчинский, И.А. Маркушевич К.И. Нешков, А.М. Пышколо П.М.Эрдиев және т.б. төменгі сынып оқушыларын математикадан тәжірибелі оқытуда нәтиже берген идеалары кеңінен тарай бастады.

Сабақ теориясы мен практикасының жағдайын дәлірек анықтау үшін қазіргі бастауыш мектептің өзіндік келбеті бәрінен бұрын оқушыларды оқыту толыққанды қызметін және оқуға сұранысы мен ынтасын топтастыруға бағытталуы тиіс бұрынғыша тек қана пәнді білімді, оқу, жазу және есептеу білімі мен дағдысын меңгерумен шектелмеуі тиіс. Осыған орай, оқытудың барлық мазмұны, әдістері, құралдары сабақты оқыту процесін ұйымдастыру осы мақсаттарға жетуге ғана бағытталуы тиіс.

Оқытудың әдістемелік жүйесін жетілдіру процесінде оқытудың мазмұнын, әдістерін және құралдарын дамытуға бағытты күшейтудің әсерінен сабақ әдістерінің проблемасы өткір тұрды. Осы уақыттарда педагогтардың, психологтардың жүргізген белгілі эксперименттік зерттеулерінің арқасында бұрын қалыптасқан сабақ әдістемесі, оның мазмұны және ұйымдастыруы оқушыларды оқытудың жаңа талаптары мен міндеттеріне сай еместігі анықталады.

Сонымен жоғарыда аталған оқыту жұмысын ұйымдастырудың формаларының артықшылықтары мен кемшіліктерін келесі 3- сызбанұсқа арқылы көрсетуге болады.

Жоғарыда көрсетілген оқу жұмысын ұйымдастыру формаларын оқу процесінде пайдалану бастауыш сыныптарда өте тиімді. Сондай -ақ бастауыш сыныпта оқушылардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруда және танымдық іс -әрекетін дамытуда оқытудың басқа да формаларын пайдалану ерекше мәнге ие болып саналады. Осыған байланысты келесмі тақырыпта оқу -тәрбие процесінде оқытудың түрлі формаларын пайдалану бастауыш сынып оқушыларының танымдық әрекетін дамыту факторы ретінде қарастырылады.



1.2 Оқытуды ұйымдастырудың түрлі формалары - бастауыш сынып оқушыларының танымдық әрекетін дамытудың негізгі факторы.

Біздің елімізде жеті жылдық жалпы білім беруді (1949) енгізгенге дейін бастауыш мектеп өз бетінше тұйықталған, оқшауланған күйде болды. Көптеген балалар бастауыш сыныпты бітірісімен білім алуды аяқтап, алған білімдерімен шынайы өмірге араласты. Тек аз ғана бөлігі білім алуды немесе кәсіптік оқуды жалғастырды. Ол кезде бастауыш мектеп өзінің әлеуметтік міндетін атқарды – балаларды практикалық өмірге дайындады. Оның өз түлектерін қажетті практикалық біліммен, оқу, жазу және есептеу дағдысымен, машықтарымен қаруландыруы өте орынды еді.

Бастауыш білім берудің бір кездердегі мұндай жалпы мақсатты әлеуметтік сұранысқа толығымен сәйкес келді және оқытудың өзіндік мазмұнын, әдістерін және ұйымдастыру формаларын талап етті. Ол кездегі оқу бағдарламалары мен жоспарларына географиялық, математикалық және бастауыш мектепті бітірісімен бірден өндіріске баратын оқушыларға қажетті басқа шарттарды пропедевтикалық таныстыру енгізілген. Бұл фактілерді оқушылар саналы игеруі мүмкін. Сондықтан да сабақтар, қолданылатын оқыту әдістері тапсырманы белгілі үлгі бойынша орындауға бағытталды және оқушының атқарушылық, өндірушілік (репродуктивті) қызметінің басымдығын анықтады. Бұл кезеңдерде бастауыш сыныптарда оқытудың түрлі формаларын пайдалану білімді дайын түрде игеруге бағытталды.


Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2013 -> Мазмұны Кіріспе–––––––––––––––––––––––– 3-9
2013 -> Мазмұны Кіріспе Тарау -I. Кеңестік шығармашылық интеллигенциясы калыптасуының бастапқы кезеңІ
2013 -> Жанғабыл Қабақбаев, Қазақстан Республикасы журналистер Одағының
2013 -> Әл Фараби дүние жүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы атанған. Ол данышпан философ, энциклопедист ғалым, әдебиетші ақын, математик. Әл Фараби 870 ж
2013 -> Өмірбаяны ІІ негізгі бөлім
2013 -> Ф 15-07 Қазақстан Республикасының білім ЖӘне ғылым министрлігі
2013 -> Кіріспе. Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмысының өзектілігі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет