3 І – тарау. Бастауыш сыныпта оқытуды ұйымдастырудың түрлі формаларын пайдаланудың ғылыми -теориялық негіздері


Бастауыш сыныпта бірқатар пәндерді оқытудың ерекшеліктері



бет4/4
Дата02.02.2017
өлшемі0,67 Mb.
#8466
1   2   3   4

2.2. Бастауыш сыныпта бірқатар пәндерді оқытудың ерекшеліктері

(табиғаттану, математика)

Жалпыға бірдей міндетті орта білім беру жүйесіне көшу ісін жүзеге асыруда бүкіл арнаулы білім беретін мектептердің оқу сапасын одан әрі жақсарту, оқушылардың сауаттылығын арттыру мақсаты және мұғалім қауымына оқыту барысында ізденушілікті күшейту міндеттері жүктелді. Бұл салада әсіресе ауыл мектептерінің оқу – тәрбие жұмысын жақсарту, оқушылардың білім деңгейін көтеру назарда тұрған негізгі мәселелердің бірі болатын.

Жалпы білім беретін мектеп жағдайында оқушылардың өздігінен атқаратын жұмыстарының түрін, мазмұнын, көлемін, оны ұйымдастыру әдістерін байқаудан өткізу негізгі мақсат ретінде қойылды. Өйткені оқушылардың өзіндік жұмыстарының нәтижелі болуы мұғалімнің шебер ұйымдастырған басшылығына байланысты.

Сонымен бірге оқушылардың өзіндік жұмысы тек сабақ барысында ғана емес, үй тапсырмасын орындау кезінде де жүзеге асатыны ескерілді.

Табиғаттанудан ұйымдастырылатын сабақ түрлерін әр автор әртүрлі қарастырады.

Л.Ф.Мельчаков бұл пән бойынша заттық сабақтарды ерекше бөліп, жеке сабақ типі ретінде көрсетеді. Табиғаттанудан заттық сабақтарды жиі ұйымдастыру білім берудің ең тиімді формасы деп есептеледі.

Бастауыш сыныпта оқыту әдістерін қолданғанда негізгі көңіл оқушылардың өздігінен жұмыс істеуін қамтамасыз етуге көңіл бөлінеді. Оқушылардың табиғаттан бақылағандарын тақырыптың мазмұнымен байланыстыру кезінде де өздігінен жұмысқа сүйенуге тура келеді.

Мысалы, 2- сыныпта «Күз түсті» тақырыбын оқыту кезінде сабақтың кіріспе бөлімінде -ақ оқушыларға күз табиғатын бейнелейтін суреттер мен карточкалар таратылып беріледі. Мұндағы мақсат – оқушылардың өздігінен табиғатқа жүргізген бақылауларына сүйене отырып, оларға табиғат ерекшелігін ұғындыру және табиғатты онан әрі де бақылауға жұмылдыру. Карточка мазмұндарынан мысал келтірейік:

Алтын сары, қызыл көк,

Алуан – алуан жапырақ.

Бақша іші күлімдеп,

Көз тартады атырап.

(Қ.Шаңғытбаев)

- Бұл қай кезде болады? Өз жеріңнен күздің қандай белгісін байқадың? Бұл бір карточкадағы тапсырма болса, екінші карточкада,

Самал қозғап қалғанда,

Үзіледі сары алма.

Шолып едім бақшаны,

Қауын біткен сап – сары.

(Қ.Баянбаев)

Бұл қай кезде болады? Өз жеріңде қандай жемістер пісті?

Ағаш жапырақтары қашан түсе бастады, неге? Шөптерден қандай өзгерісті байқадың? Таратып берілген карточкалардағы өлеңдердің бірі күзгі ауа райын суреттесе, екіншісі өсімдіктер көрінісін, жеміс-жидектердің күзгі қалпын суреттейді. Ал, сұрақтар мен тапсырмалар оқушылардың күз туралы ұғымдарын жергілікті табиғатпен байланыстыруға бағытталады. Мұндай тапсырмалар арқылы әңгімелесуге дайындық барысында оқушылардың қиялы, бейнелеу, елестеу қабілеттері дамиды, қоршаған ортадан байқағаңдары мен жаңа тақырып мазмұнын байланыстыру шеберліктері артады.

Бастауыш сыныпта топ саяхатты ұйымдастырудың өзіндік ерекшелігі бар. Топсаяхатқа бірнеше сынып оқушылары қосылып, бірге шығуға болады. Бірақ әр сыныптың топсаяхатта атқаратын жұмысы мен бақылайтын объектілерінің мазмұны әртүрлі. Сынып оқушыларына жеке-жеке тапсырма беріліп, әртүрлі мақсат қойылады. Соған сәйкес оқушылардың зейінін тек өздеріне керекті объектілерді бақылауға ғана жұмылдыру міндеті қойылады. Сондықтан да мұғалім сынып бойынша бақылауға тиісті құбылыстарды, не заттарды, жинауға тиісті материалдарды алдын-ала ойластырады. Бастауыш сыныпта нәтижелі білім беруді жүзеге асыруда практикалық әдісті кеңінен қолдануға тура келеді. Бұл әдісті қолданғанда оқушылар тікелей өздігінен сабақта және үй тапсырмасын орындау кезінде де, топсаяхат барысында да пайдаланылды. Сөйтіп, практикалық әдіс оқушылардың сабақта алған теориялық білімін іс жүзіне қолдануды жүзеге асырады. Мысалы, мұғалімнің басшылығымен сабақта сұлба туралы ұғым алып, шағын, үлкен заттардың сұлбасын салып жаттыққан оқушылар кейін топ­саяхат кезінде өз жерінің сұлбасын салып үйренеді. Сұлбаның шартты белгілерін орынды жеріне қолдана білу шеберліктері артып қана қоймай, кез келген жердің сұлбасын оқи білуге де жаттығады. Сондықтан да жоғарыда келтіргендей, топсаяхат кезінде жүрген жолдарының сұлбасын салу үнемі назарда ұсталады.

Практикалық жұмыстың кейбір түрлері — мектеп үлескісіндегі сабақ арқылы жүзеге асады. Көктемдегі жер өңдеу жұмысымең танысқан оқушылар онда отырғызылған көкөністерді танып, оны күту әдістерін, өніп-өсу ерекшеліктерін біліп, өсімдікке керекті жағдайды өздері қатыса отырып түсінеді. Осы арқылы олар өсімдіктің өсуі жайында ой қорытады, ғылыми ұғым алады. Ұғымға жетудің екі жолы бары белгілі: ол баланың күнделікті өмірден алатын өз тәжірибесі және оқыту арқылы берілетін ғылыми ұғым. Табиғаттануды оқыту барысында оқушылардың дүниетанымы кеңейіп, осы екеуінің де байланысы күшейеді.

Бастауыш сыныпта пәндерді оқыту барысында оқушылардың өзбетінше жұмысын ұйымдастыратын қосымша оқу құралдарының мәні зор. Соның бері оқушыларға сабақ үстінде таратылып берілетін карточкалар. Оларды мазмұнды жағынан бірнеше топқа бөлуге болады.

1. Оқушылардың табиғаттан күнделікті өмірден байқағандарын оқылатын жаңа тақырыптық мазмұнымен байланыстыруға арналған карточкалар.

2. Оқушылардың пәнге байланысты алған білімін қорытуға, пысықтауға, тексеруге арналған карточкалар.

3. Түрлі жұмбақ, жаңылтпаштар беру арқылы оқушылардың ойлау қабілетін, тапқырлығын, сезімталдығын дамытуға арналған карточкалар.

4. Оқушылардың тілін дамытуға, сөз байлығын молайтуға арналған карточкалар.

5. Көркем әдебиет үлгілерін пайдаланып, оқушылардың эстетикалық талғамын дамытып, сабақты әсерлі өткізуге, оқушылардың дүниетанымдық қызығушылығын арттыруға арналған карточкалар.

Бастауыш сыныпта (3-сынып) математика сабағын оқытудың әдістемелік ерекшеліктеріне тоқталайық.



Сабақтың тақырыбы: Периметрді есептеу.

Мақсаты:

а) Периметрді есептей білу, оқушылардың дәл өлшей білу дағдысын қалыптастыру.

ә) Өздері қорытынды жасай білуге үйрету.

б) Ұқыптылыққа тәрбиелей отырып, үйренгендерін өмірде қолдана білуге баулу.



Сабақтың түрі: Сарамандық жұмыс.

Көрнекілігі: геометриялық фигуралар салынған плакат, сигналды карта.

Сабаққа керекті құрал – жабдықтар:

Жіп, желім, сызғыш, қаламсап, қарындаш, дәптер.


І Ұйымдастыру кезеңі.

а) Оқушыларды түгелдеу;

ә) Тақтаның тазалығын, сыныптың жалпы тазалығын, дайындығын тексеру.

б) Оқушы зейінін сабаққа аудару.



ІІ Өтілген тақырыпты пысықтау.

(есте сақтау қабілетін арттыру).

а) Геометриялық фигураларды атату, еске түсіру.

ә) Периметрді калай табатындарын қайталау.

ІІІ. Жаңа сабақ: Периметрді табу (оқушының өз бетінше жұмыс істеу дағдысын қалыптастырып, ойлау қабілетін арттыру).

І. Тапсырманың орындалуы туралы мына төмендегі нұсқауды таратып беру

* Берілген жіптің ұзындығын өлшеп, дәптерге жаз.

* Сол жіптен желімдеу аркылы геометриялық фигура (дөңгелек, шенберден басқа) сыз.

* Пайда болған фигураның қабырғаларының ұзындығын өлше, жаз.

* Геометриялық фигураның периметрін тап, есепте, жаз.

* Қорытынды жаса (берілген жіп ұзындығы мен содан жасалған геометриялық дененің периметрін салыстыр).

Қауіпсіздік ережесі сұралып, оны сақтау ескертіледі.

Жұмысты әр оқушы өз бетінше жеке-жеке таратылып берілген жұмыс нұсқауы бойынша орындайды.

IV. Сабақты бекіту, қорытындылау (білімі мен біліктілігін тексеру).

Әрбір оқушы жұмысын өздері окытушының алдына әкеліп тапсырады, яғни қорғайды. Жасаған қорытындысын өздері дәлелдеп шығады.



V. Оқушыларды бағалау.

а) Сарамандық жұмысты орындау барысына байланысты.

ә) Сарамандық жұмыс қорытындысы бойынша.

б) Тақырыпқа байланысты сұраққа жауап алу арқылы.



VI. Үйге: Периметрді есептеу тақырыбын қайталау.

Енді оқушылардың өздері жасаған сарамандық жұмыстарының бірнешеуін салыстыра көрсетсек:

1- оқушы.

Сарамандық жұмыс: геометриялық фигураның периметрін есептеу.

Керекті құрал-жабдықтар: жіп, желім, сызғыш, қалам, қалам сап.

1) 12 см 5 мм

2)
1 2
3

3) 1 – қабырғасы: 4 см

2-қабырғасы; 4 см

3-қабырғасы: 4 см 5 мм

4) Р= 4 см + 4 см + 4 см 5 мм = 12 см 5мм

5) Қорытынды. Берілген жіптің ұзындығы мен геометриялық фигураның периметрі өзара тең, яғни 12 см 5 мм=ІІ см 5 мм

2 - оқушы

Сарамандық жұмыс: геометриялық фигураның периметрін есептеу. Керекті құрал-жабдықтар: жіп, желім, сызғыш, қалам, қалам сап.

1) 16 см 4 мм

2) 1



2 3
3) 1-қабырғасы: 5 см

2-қабырғасы: 5 см 4мм

3-қабырғасы: 6см 5

4) Р- 5см + 5см 4мм + 6см - 16см

4мм


5) Қорытынды: Берілген жіптен жасалынған үшбұрыштың периметрі мен жіптің ұзындығы өзара тең, яғни

16 см 4мм = 16 см 4мм

Бұдан шығатын қорытынды оқушылар өз бетінше жұмысты әр түрлі жағдайда орындап, қорытындыны да әр түрлі жасағанын көреміз.

IV. Қорытынды.

Бастауыш сыныптарда көрнекіліктерді ойын түрінде қолданып отырса, бала ойнай отырып, ойлауға, ой - өрісін дамытуға үйренеді екен. Сондай-ақ өзім сабақ беретін 3 «в» сыныбында дифференциалды оқытуды ұйымдастырдық. Сыныптағы оқушыларды 2 топқа бөліп оқыттық Мұнда авторлық қосымша бағдарламам бойынша жұмыс істедік. «Бейнесөз», «Сөзжұмбақ», «Сандысөз» математикалық жұмбақ есептерді шештіріп, оқушылардың ой - өрісін арттырумен қатар, есеп шығару дағдысын қалыптастырып, сауатын аша білуге де үйреттік. Соның нәтижесін мына төмендегі графиктік сызбалардан байқауға болады.

Осындай жүргізілген жұмыстар нәтижесінде бастауыш сыныпта бірқатар пәндерді оқытудың өзіндік ерекшеліктеріне байланысты мына төмендегідей ой тұжырымын жасауға мүмкіндік берді:

- Бастауыш сыныпта табиғаттану пәнін оқыту арқылы оқушылардың дүниетанымын кеңейтетін ұғымдар беріліп келді. Оқушылар жеке объектілерді ғана емес, табиғи құбылыстарды, заңдылықтарды, қоршаған дүниеде болатын өзгерістерді ұғыну нәтижесінде табиғаттың біртұтастығын, оның бір түрінің өзгерісі екіншісінің өзгеруіне әсер ететінін меңгерді.

- Табиғаттану пәнін оқыту арқылы оқушылар тек табиғатты оқып үйренумен шектелмей, адам еңбегі, оның жыл мезгіліне қарай өзгеретіні және табиғат өзгерістерінің шаруашылық түрлеріне әсері туралы да өздерінің күнделікті бақылағандарын оқулықтағы мәтін мазмұнымен байланыстыра отырып, білім алды.

- Бастауыш сынып оқушыларына өздігінен атқаратын жұмыстар нәтижесінде берілген ұғым олардың білімнің тиянақты болуына және оқушыларды дамыта оқытуға негіз салды.

- Өздігінен атқаратын жұмыстардың түрі мен мазмұны мұғалімнің қолданған әдісіне байланысты өзгеріп отырды. Соның нәтижесінде оқушылардың білімі ғана қалыптасып қоймай, оқуға ынтасы артып, іскерліктері шыңдала түсті.

Оқушылар алған білімдерін іс жүзінде, әртүрлі тапсырмаларды орындау кезінде қолдануға төселді.

Ана тілі, математика пәндерін оқыту арқылы оқушыларды сауаттылыққа, өз пікірін айта білуге, есеп шығаруға, төрт амалды өмірде қолдана білуге үйрету көзделеді,

- Ана тілі, математика пәндерін оқытуда оқушылардың дара ерекшеліктерін есепке ала отырып, деңгейлік тапсырмалар беру арқылы оқыту оңтайлы. Сонда ғана, қабілеті басым оқушылар жалықпайды, қабілеті төмен оқушылар бағдарлама бойынша артта қалып кетпейді.

- Ана тілі, математика пәндерінен тереңірек, жан – жақты оқыту үшін оқушылардың өзбетінше жұмысын және үйдегі оқу жұмысын ұйымдастырумен қадағалау, бақылау тікелей мұғалімнің басты назарында болуы тиіс екендігін байқатты.

Қорытынды.

Егеменді еліміздің елу мемлекеттің қатарына қосылуға табандылықпен жылжу қоғамымыздың барлық саласында түбегейлі өзгерістер енгізіп, жаңа талаптар қойылып отыр. Соның ішінде болашақ ұрпаққа әлеуметтік деңгейде білім беру мазмұнына жаңаша қарау- басты міндеттердің бірі. Қазіргі кезде жалпы білім беретін мектептерде оқытудың түрлі формаларының пайдалануы оқытудың әдіс -тәсілдерінің жаңаруы бәсекелестікке қабілеті мол, шығармашылық бағытта еңбектенетін, ой қабілетімен ерекшеленетін азаматты тәрбиелеуді көздейді.

Қазақстан Республикасының 2015 жыға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында «Қазіргі жалпы білі беретін мектептегі оқытудың мазмұны фактологиялық күйінде қалып отыр, пәндік тәсілге негізделген мемлекеттік стандарттар моральдық тұрғыдан ескірген. Мектепте оқушының өмірлік жолын, мүдделері мен болашағын таңдауға нақты дәлелдемелер берілмейді. Орта білім берудің мақсаты- жылдағы өзгеріп отыратын дүние жағдай қатарына алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардыңнегізінде еркін бағдарлай білуге, өзін -өзі іске асыруға, өзін -өзі дамытуға. өздігімен дұрыс адамгершілік тұрғыда шешім қабылдауда білуге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру»- делінген. Сондықтан, бастауыш сыныпта оқытылатын пәндер мазмұнына жаңаша көзқараспен қарауды талап етеді. Соңғы педагогикалық психологиялық әдістермен еңбектерге талдау жасау бізге мынадай бағыттардың мәнін айқындауға мүмкіндік береді:


  • оқытуда білім мазмұнының көлемі баланың психологиялық және дене дамуына және шамасына сай келуі;

  • бастауыш білім беру сатысындағы балалардың жас ерекшелігі даму заңдылықтарына, ерекшелігіне, мүмкәіндігіне сай келуі;

  • білім беру және оқытудың нәтжесі өмір сұраныстарына сәйкес келуі;

Сабақты оқу -танымдық, коммунакативтік, практикалық, шығармашылық әрекеттік сипатта жүргізу арқылы оқушыларға білік, дағдыны меңгерту:

  • бастауыш сыныптарда оқытудың түрлі формаларын (саяхат, оқушылардың өз бетінше жұмысы, факультатив сабақтар және т.б.) тиімді етіп таңдай білу;

  • бастауыш сыныптарда оқытудың түрлі формаларын тиімді етіп таңдай білу- оқушылардың танымдық, шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту факторы екендігін білу қажет.

Жұмыстың бірінші тарауында «бастауыш сыныпта оқытуды ұйымдастырудың түрлі формаларын пайдаланудың ғылыми- теориялық негіздері туралы» мәселелер қамтыған. Онда:

- оқытуды ұйымдастырудың формаларының мәні, мазмұны, және түрлер;



  • оқытуды ұйымдастырудың түрлі формалары-бастауыш сынып оқушыларының танымдық әрекетін дамытудың кейінгі факторы;

  • Оқу- тәрбие процесінде бастауыш сынып оқушыларының жас және дара ерекшеліктерін есепке алу мүмкіндіктері жан- жақты қарастырылған

Ал жұмыстың ІІ тарауы- бастауыш сыныпта оқытуды ұйымдастырудың түрлі формаларын пайдаланудың әдістемелік негіздері мәселесіне арналады. Онда:

  • бүгінгі таңда бастауыш сыныпта оқытудың формаларын пайдаланудың ерекшеліктері;

Бастауыш сыныпта ана тілі, математика, табиғаттану пәндерін оқытуда саяхат, үйдегі оқу жұмысы, өз бетінше оқу жұмысы сабақтарын ұйымдастырудың әдістемелік ерекшеліктері озық педагогикалық тәжірибелерге сүйене отырып, сабақтар талдамасын ұсынған.

Сонымен, жалпы білім беретін мектептің бастауыш буынында оқытуды ұйымдастыруды түрлі формаларын оңтайлы пайдалана білу- мұғалімнің дидактикалық қабілетін одан әрі шыңдай түсері анық.



Пайдаланылған әдебиеттер

1. Қазақстан Республикасының Білім беру туралы заңы. А., 1998.

2. Қазақстан Республикасының Орта білімді дамыту тұжырымдамасы. - А., 1997.

3. Қазақстан Республикасының гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы. А., 2004.

4. Жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатысындағы білім мазмұнының тұжырымдамасы. — А., 1997.

5. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Педагогика жән психология. А., 2002.

6. Әбілқасымова А.Е. Қазіргі заманғы сабақ. - А., 2004. -218 6.

7. Ситаров В. А. Дидактика. / Под ред. В.А. Сластенина М.: Изд. Центр, «Академия», 2002. - 368 с.

8. Хуторской А.В. Современнная дидактика. Спб., 2001. - 544 с.

9. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. - А., 1998.

10. Педагогика. Дәріс курсы. Алматы: «Нұрлы әлем», 2003.

11. Подласый И.П. Педагогика. М., 1996.

12. Дидактика средней школы. / Под ред. М.Н. Скаткина. - М., 1982.

13. М. Мұқанов Педагогикалық жэне жас ерекшелігі психологиясы. -А., 1982.

14. Немов Р.С. Психология. 2-том. - М., 1998.

15. Педагогикалық және жас ерекшелік психологиясы. / Ред. басқарған. А. Петровский. - А., Мектеп, 1987.

16. А.А. Люблинская. Бастауыш мектеп оқушысының психологиясы жөнінде. - А., 1981. - 238 б.

17. М.И. Махмудов. Мектепте порлемалық оқытуды ұйымдастыру. -А., 1981.-247 6.

18. А.Асқарбаева., Г.М. Хрепченков. Шағын комплектілі мектептегі оқытудың мазмұны мен әдістері. - А., 1961.

19. Т.Сабыров. Оқыту теориясының негіздері. - Алматы: Мектеп, 1993.-94 6.

20. Аймағанбетова Қ. Бастауыш сыныптарда дүниетануды оқытудың теориялық негізі. - А., 2003.

21. Көмекбаев Н. Оқыту теориясы. - А., 1976.

22. Сабақ беру тиімділігін арттыру. / Құрастырған Б.Сманов. - А., 1989.

23. Нұрмағанбетов С, Овчинникова Р. Мектептегі кластан тыс жұмыстар. А., 1969.

24. С.Н. Жиенбаева. Бастауыш сыныпта технологиялық білім беру мәселелері. / Бастауыш мектеп, №2, 2007.

25. О.Мұсабеков. Оқушыларға арналған үйірме жұмыстары. / Бастауыш мектеп, №2, 2007.

26. Оқыту мен тәрбиелеудің негізгі формасы. А. Айнақұлова. / Бастауыш мектеп, №1, 2007.

27. Г. Сисенғалиева. Панорамалық сабақ. / Бастауыш мектеп. №1, 2005.

28. Концепция развития образования в Республике Казахстан до 2015. Астана, 2004.

Қосымша

Жарыс -ойын сабағы

(Брейн – ринг)

Сабақтың мақсаттары: Оқушылардың білімдерін тереңдете түсуі, логикалық ойлауды, тапқырлықты дамыту, қабілетті және дарынды балаларды көрсете білу және ұйымшылдыққа жеңімпаз, озық болуға тәрбиелеу.

Түрі: Ойын.

Көрнекілігі: Тірек сызбалар, сұрақтар жинағы, сигналдық белгілер, сағат.

Барысы: Жарыс сабақ болған соң сыныптағы оқушылардан 6 оқушыдан

3 топ құрдық. Қалғандары көрермен болды. Олар сұраққа жауап бере

отырып, өз тобына ұпай қосуға мүмкіндіктері бар.

Топтарды ортаға шақыру:

І топ «Азамат»

ІІ топ «Әділет»

ІІІ топ «Бірлік»

Топтар өздерінің қысқаша сәлемдемелерін жолдайды:

І топ. Бастары компьютердей

Бойлары бәрі бірдей,

Жастықты бірге өткізген

Құрбыларға өрімдей бір сәлем.



ІІ топ. Келешекте үмітіміз талапты

Атақ -дңққа бөленеміз қарап тұр,

Сегіз қырлы ойшылдар боп туғандар

Оза шауып, бәйге атындай шауып тұр.


ІІІ топ. Бабамыз әл -Фараби өзің қолда

Жеңіс тек өзі болар осы жолда

Достар- ау сендер де бір қолпаштаңдар

Отырған оңмен солда



Әр топты өз орындарына отырғызып, енді ойынның бөлімдерімен

таныстыру

1- Блиц турнир (сұраққа – жауап)

2- «Брейн линг ойыны»

3- Көрнекі бейнелеп ойлау (шапшаңдық)

4- Қисынды ойлау

5- Блиц турнир (Сұраққа – жауап )



Бірінші бөлім бойынша сұрақтарға дұрыс, тез жауап беру, балдық жүйемен бағаланады.

І топ:

1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. (Қазақ тілі)

2) Жаңа әнұран қай кезде шырқалады? (11 қаңтар 2006)

3) Қазақстан Республикасының ақшасы (тенге қашан енгізілді, 2003 15

қараша)

4) «Кел балалар оқылық» өлеңінің авторы? Ы.Алтынсарин

5) Басты байлық. (Денсаулық)

6) 12 ай. (жыл)

7) Күйді орындаушы адам (Күйші)

8) Ұя салмайтын құс (көкек)

9) Заттың атын білдіретін сөз табы. (Зат есім)

10) Қазақша жылдың басы не? (Тышқан)

11) 25 қазан қандай күн. (Республика күні)

12) Абылайдың шын аты кім? (Әбілмансұр)


ІІ топ.

1.Қазақстанның мемлекеттік рәміздерін ата (еліміздің байрағы, елтаңбасы,

әнұраны )

2. Жаңа әнұранның сөзін кім жазған? (Ж. Нәжімеденнов, Н. Назарбаев)

3. Қазақстан Республикасының тұңғыш ғарышкері кім? (Т.Әубакиров)

4. «Көксерек » кімнің әңгімесі.

5. Көру мүшесі (көз)

6. 100 жыл (Ғасыр)

7. Екі ақынның өлең жарысы (Айтыс)

8. Күндіз көрмейтін құс (жапалақ)

9. Заттың қимылын білдіретін сөз табы (етістік)

10. Жылдан қалған жануар (түйе)

11. 9 мамыр қандай күн? (Жеңіс күні)

12. Үш биді ата ( Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би)



ІІІ топ.

1) Қазақстан Республикасының Президентін соңғы рет қай жылы

сайладық? (04. 12.05)

2) Жаңа әнұранның әнін жазған кім? Ш.Қалдаяқов

3) Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі қашан жарияланды. (16.12.91)

4) «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінің авторы (Абай)

5) Есіту мүшесі (құлақ)

6) Жеті күн (апта)

7) Біржанмен айтысқан қыз (Сара)

8) Орман дәрігері (Тоқылдақ)

9) Заттың сыны білдіретін сөз табы. (Сын есім)

10) Өткен жыл қай жыл? ( Ит)

11) 30 тамыз қандай скүн? (Конституция)

12) «Қоңыр қозы » деген мәтін кім туралы? (М.Әуезов)



ІІ «БРЕЙН -РИНГ ойыны»

Мұнда әр топ көрермендерінің бейнетаспа арқылы берген сұрақтарына

жауап береді. (Әр топқа 3 сұрақтан беріледі)

1- сұрақ - тез ойланбай жауап беру

2- сұрақ- 0,5 минут ойлану

3- сұрақ- 2 минут ойлану



ІІІ Көрнекі бейнелеп ойлау (шапшаңдық)

Берілген үлестірмелі суреттің әрқайсысында 4 суреттен салынған, 3- сурет жалпы, бір тақырыпқа жатады, ал 1 сурет басқа мағына береді.Осы суреттердің ортақ тақырыбын анықтап, артығын қарындашпен сызып тастау крек.



ІҮ Көрнекі әрекеттік ойлау (тақтамен жұмыс)

1. Жарты айды екі түзу сызықпен 5 бөлікке бөліңіздер.

2. Қолыңызды қағаздан алмай отырып, 3 жұлдызша салыңыз.

3. Әр қабырғаға 2 орындықтан қойып, 5 орындықты бөлмеге орналастыр



Ү. Қисынды ойлау (3 бөлімнен)

1- бөлім. Сөздік қисынды ойлауға мысал келтіру.

Дәптер сурет дәптері

Қалам өшіргіш, қарындаш

майлы бояу, суретші.

Мұнда дәптерге қаламмен жазатын болсақ, осыған ұқсас сурет дәптеріне қарындашпен саламыз)



І топқа

1. жылқы


құлын

сиыр, мүйіз, сүт, бұзау, өгіз, жайылым

2. аяқ

етік


қол, қолғап, жұдырық, саусақ, буын

3. нан

наубайшы


үй, вагон, қала, баспана, құрылысшы

ІІ топқа




1.балық

ау


шыбын тор, маса, бөлме, ызың, шаң,

2. коньки

қыс


қайық, мұз, сырғанақ, жаз, ескек, өзен

3. мектеп

білім беру



аурухана, дәрігер, мекеме, емдеу, ауру адам.

ІІІ топқа

1. құс


ұя

адам, жұмысшы, балапан, үй, аң



2. жаңбыр

қолшатыр



аяз

таяқ, тон, салқын, қыс, мұз



3. су

шөлдеу


тамақ

ішу, қарын ашу, нан, ауыз, ас



2- бөлім: Құрама сөздердің жауабын табу.

Бірінші буыны- жылға кірмей қалады,

Екінші буыны- әуелеп ұша алады.

Таптың ба кәне балақай,

Сонда бұл қай құс болады? (Түйеқұс)
Алғашқы буыны заттың түсі,

«Жылпос» деп ұқ екіншісі

Көлдің сәні – сымбатты құс

Атын тауып айқындай түс. (Аққу)
Ат -әбзелі басқы буын

Соңғы буынның сырын ұғын:

Ауызда егер болмаса -

Ас қорытылуы болар қиын.

Біліп ал өзен екенін. (Ертіс)
3- бөлім.

Сыйлықтар. Кімге не тиесілі?

Мына суретке көз салыңдаршы. Суретші сыйлықтарды шатастырып алыпты. Қане қателерді түзетуге көмектесіңдерші. (суреттері беріледі).

Бүгінгі жарыс ойын сабағын қорытындылай келе, қай топтың алға шыққандығын анықтау.

Қорытынды сөз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет