3 І. Қатығыстың басталу себептері


Қақтығыс кезіндегі басты оқиғалар



бет5/7
Дата16.11.2022
өлшемі128 Kb.
#158621
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
augan sogysy algasharttary barysy 0
Pedagogika KAZ TEST SPETsIFIKATsIYaSY, Pedagogika KAZ TEST SPETsIFIKATsIYaSY, Pedagogika KAZ TEST SPETsIFIKATsIYaSY, тест жинағы қазақ тілі 50сұрақ, 2 кун 1,2 сабак, 8 блок Шығанақ орта мектебі, МЕК сұрақтары Қазақ тарихы 22.11.2022
2.2.Қақтығыс кезіндегі басты оқиғалар
Ауғанстанға әскер енгізу туралы шешім 1979 жылдың 12 желтоқсанында, КОКП ОК Саяси бюросының отырысында түбегейлі қабылданып, аса құпия қаулымен бекітілген екен. Бұдан бес ай бұрын 105-ші әуе десанты дивизия­сының 111-ші парашютті десант полкі Баграм қаласына барып жайғасып алған болатын. Бұл Кеңес Армиясының Ауғанстанға кірген алғашқы бөлімі еді. 12 желтоқсан күні Қазақстан мен Орта Азия республикаларында жасақ­талған «мұсылман батальоны», артынша екі күннен кейін Баграмға тағы бір батальон кірді. Осы үш батальонның көмегімен Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің (КГБ) жекелеген кішігірім отрядтары «Шторм» операциясына кірісе­тін болып жоспарланды. Осылайша 27 желтоқсан күні Аминнің сарайына шабуыл жасалды.
1980 жылдың 10-11 қаңтарда Кабулда үкімет қарсы көтеріліс бұрқ ете түсті. Ұрыс кезінде 100 көтерілісші қаза тапты. Ал Кеңес әскерлерінің қатарынан екі адам қаза тауып, екеуі жараланды. 23 ақпанда Саланг өткелінде Кеңес әскері құрамы үлкен шығынға ұшырады. 16 адам қаза тапты. Наурызда моджахедтерге қарсы алғашқы әскери жорық басталды — Кунарға шабуыл.
Сәуірде АҚШ Конгрессі ауғанс оппозициясына 15 миллионов доллар көлемінде өз көмегін береді. Осы айда Панджшерге алғашқы жорық ұйымдастырылады. 11 маусымда Құнар провинциясында Хара кишлагының түбінде Кеңес әскерінің ірі шығынға ұшырады. Онда 1 батальон толығымен қаза тапты. 19 маусымда КОКП ОК Саяси бюросы бірнеше танкылық, ракеталық бөлімщелерін Ауғаныстан аумағынан қайтаруды ұйғарады. 3 тамызда Кішім аумағы, Файзабад қаласының маңында 783 Жеке (Құндыз) Барлау батальоні қоршауда қалады нәтижесінде 47 әскери қызметші қаза ауып, 28-і жарақатталады. Бұл Ауған соғысындағы аса бір қан төгіс соғысы болып табылды. 12 тамызда елге КСРО-ң МҚК-ң арнай жасағы (спецназ) «Карпаттар» арнайы жасағы (спецназ) енгізіледі. 23 қыркүйекте 40-шы армиияның қолбасшысы болып генерал-лейтенант Борис Ткач тағайындалады.
1981 қыркүйек Фарах провинциясының Луркох таулы аумағында шайқас болды. Басты оқиға генерал-майор Хахаловтың қаза табуы. 29 қазанда майор Керімбаев басшылығымен екінші «мұсылман батальонының» енгізілуі. Желтоқсанда Дарзаб аумағында (Жауызжан провинциясы) оппозицияның базалық пунктін жойылуы.
1982 3 қараша Саланг өткелінде үлкен қайғылы жағдай болды, онда бензовоздың жарылуынан 176 адам қаза тапты.15 қарашада Мәскеуде Ю.Андропов пен Зия уль-Хака кездесуі болып өтті.
1983 сәуірде Ниджраб (Капис провонциясы) түбінде оппозиция оппозиция әскеріне қарсы әскери стратегиялық шабуыл жасалды. Кеңес әскерінің құрамындағы шығын 14 адам қаза тауып, 63 жараланды. Шілде моджахедтердің Хостқа шабуылы болды. Қаланы сақтап қалу сәтсіз аяқталды. Қыс Сароби және Джелалабад аудандарында әскери қозғалыстар серпіліс тапты. Қарулы оппозиция әскері Ауғаныстан аумағында алғаш рет қыс бойы орнығады. Ел аумағында қорғаныс шептері мен аумақтары құрыла бастады.
1984 30 сәуірде Панджшер өткелінде 682-мотоатқыштар полкының 1-ші батальоны қоршауда қалды.
1985 21 сәуірде Маравар ротасының қазасы. 26 сәуір Пәкістандағы Бадабера түрмесінде кеңес ауған тұтқындарының көтерілісі болды. 25 мамыр Құнар әскери жорығы басталады. 4-ші Ротаның Құнар тауының Печдар өткелінде шайқасы болып өтті. Моджахедтер мен Пәкістан жасақтарының қоршауында қалған кеңес әскері 23 адамынан айырылып, 28 жарақтанғандар. Маусым Панджшердегі әскери операция болды.
1986 Джавара, Герат, Гардезе аумағында әскери қимыдар жүрді. 16 маусымда Тахар провиециясында "Маневр" әскери жоспары өтеді. Тамызда Масуд әскері үкімет әскерін Тахар ровинциясының Фархар деген жерінде талқандайды. 1987 ақпан Құндыз провинциясында «Соққы» операциясы жүргізіледі. Ақпан-наурыз айыларында Кандагар провинциясында «Шквал» операциясын жүргізеді. 8 наурызда моджахедтер Тәжік ССР-ң Пяндж қаласына оқ жаудырады. Наурыз Газни провинциясыеда «Найзағай» операциясы жүргізілді. 29 наурызда 1986 жылы 15-ші бригада Карерде моджахедтердің ірі базасына соққы берді. 9 сәуірде моджахедтер Кеңес шекаралық станциясына шабуыл жасайды. 12 сәуірде Миловтың Нангархар провинциясында жау қолын талқандайды. Мамыр Логар, Пактия, Кабул провинцияларында «Залп» операциясы жүргізіледі. Көктемде Кеңес әскерлері шығыс және оңтүстік-шыңыс шекараны қорғауға көшеді бұл жоспар атауы «Қорған».
1988 7-8 қаңтарда 3234 биіктіктегі қақтығыс болады. 24 маусымда оппозиция отрядтары Вардак провинция орталығы – Майданшахр қаласын басып алады. 10 тамызда моджахедтер Құндызды басып алады.[2,206]



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет