3 І. Қатығыстың басталу себептері


Кеңес әскерінің кіргізілуі



бет3/7
Дата16.11.2022
өлшемі128 Kb.
#158621
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
augan sogysy algasharttary barysy 0
Pedagogika KAZ TEST SPETsIFIKATsIYaSY, Pedagogika KAZ TEST SPETsIFIKATsIYaSY, Pedagogika KAZ TEST SPETsIFIKATsIYaSY, тест жинағы қазақ тілі 50сұрақ, 2 кун 1,2 сабак, 8 блок Шығанақ орта мектебі, МЕК сұрақтары Қазақ тарихы 22.11.2022
1.2. Кеңес әскерінің кіргізілуі
Ауғанстандағы және оның айналасындағы шиеліністі жағдайлардың өршуіне байланысты ауғандық жетекшілер тарапынан АДР-ға өз әскерлерімен көмек беру жөнінде Кеңес Одағына өтініштер түсе бастады. Мұндай өтініштер Кабулдағы кеңестік өкілдер: КСРО-ның Ауғанстандағы төтенше және өкілетті елшісі А.М Пузанов, Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитетінің өкілі генерал-лейтенант Л.Н.Горелов арқылы берілді. Ауғандық үкімет басшылары өз елінің ішіндегі жағдайды Кеңес Одағын тікелей қатыстыра отырып шешуге тырысты.
1979 жылдың 15 наурызында Гератта 20 мың адамнан тұратын тұрғындардың үкіметке қарсы бүлігі бұрқ ете түсті. Оған командирлерінің ынтасымен әскери гарнизон бөлімшелері де белсене қатысты. Мыңға жуық адам қаза болды.
Жағдай әлі түсініксіз болса да, КСРО Қорғаныс министрі Д.Ф.Устиновтың бұйрығымен Ауғанстан шекарасына жақын аудандарда кейбір шараларды жүргізу басталды. Ол КСРО Қарулы Күштерінің Бас штабына керек болған жағдайда бір әуе-десант дивизиясын уақытша әуеден түсіру үшін дайындауға, Түркістан әскери округінің танкшілер мен атқыштар полкының әскери дайындығын күшейтуге және Орта Азия әскери округінің кейбір дивизияларын Термез ауданына қарай жылжытуға бұйрық берді.
Үш күннің ішінде (17-19 наурыз) Л.И.Брежневтің ұсынысымен Гераттағы бүлікшілердің әрекетіне қарсы, сонымен бірге Гераттағы қарулы қақтығыстарды басып-жаншуға көмек беру үшін кеңес әскерлерін енгізу өтініші КОКП ОК Саяси Бюросының мәжілісінде талқыланды.
Н.М.Таракидің бастауымен ауғандық жетекшілер бірінші рет кеңестік әскерлерді жіберу туралы өтініштерін білдірді. Оны Н.Тараки 1979 жылдың 18 наурызында А.Н.Косыгинмен телефон арқылы болған әңгімесінде айтты. Осыдан кейін “ауғандық үштік” Ю.В.Андропов, А.А.Громыко және Д.Ф.Устинов жиналды. Сөйтіп, АДР басшысы Н.Тараки жасырын түрде жедел Кеңес Одағының астанасы Мәскеуге шақырылды.
Мәскеуде және Кабулда бұл істі ат төбеліндей адамдар ғана білді. Н.М.Тараки 20 наурызда Мәскеуге келді.
Н.М.Таракидің көңілі күпті болмас үшін сол күні Л.И.Брежневпен АДР басшысына кездесу ұйымдастырылды. 1979 жылғы мамырдың басында Орта Азия республикаларының түпкілікті ұлтынан жасақталған арнайы батальон құру жөнінде шешім қабылданды. 2 мамырда КСРО Қарулы Күштері Бас Штабы барлау басқармасының бастығы армия генералы П.И.Ивашутин осы басқарманың аға офицері В.В.Колесникті өзіне шақырып, мұсылман ұлты өкілдерінен құралатын батальонды жасақтауға және дайындауға басшылық етуді табыстады.
Айрықша мақсаттағы батальон үшін әскер құрамы Түркістан және Орта Азия әскери округтерінің, мұсылман ұлты өкілінен, әсіресе, барлаушылар, атқыштар және танкішілер бөлімшелерінен таңдалынып алынды. Шығыс тілін білу және қайратты болу – басты талап болды. Батальон тек жаңа техникамен және қару-жарақпен жасақталынды. Ол арнайы екі топқа бөлінген бес ротадан тұрды. Саны 500 адамнан сәл артық болды. Батальон командирі болып В.В.Колесниктің ұсынысы бойынша өзбек ұлтының өкілі, майор Хабид Тәжібайұлы Халбаев тағайындалды. Мамыр айының аяғына қарай “мұсылмандық” батальон құрылып бітті. Ол Ташкент маңындағы Шыршықта танкішілер училищесіне жақын жердегі әскери қалашыққа жайғасты. Жаз бойы әскер құрамы арнайы мамандықтар бойынша атыс тактикаларын игеруге және жалықпай дене шынықтыру ісіне (қару-жарақтың бар түрінен ату, бетпе-бет айқасу, жүгіру, мина істерін игеру және т.б.) дайындалды. Оларға қоса бірте-бірте КСРО МҚК-нің айрықша мақсаттағы бөлім­шелері дайындыққа кірісті. Кейбіреулері Кабулға ертерек апарылып тасталынды.
Ауғандық жетекшілер Кабулдағы кеңестік өкілдер арқылы өз өтініштерін жеткізу туралы сұраныстарын тоқтатпады, ал кеңестік өкілдер болса ауғандық жетекшілердің өтініштерін тізбектей жаза отырып Мәскеуге хабарлама беруден жалықпады. Ал, бұлай хабарлама жіберіп отыру, Кеңес әскерлерінің 1979 жылдың 25 желтоқсанында Ауғанстанға енгенге дейінгі күнделікті дағдысына айналды. Х.Амин өз өкілеттілігін күшейту мақсатында Ауғанстанда кеңес әскерлерінің болуын өте қатты қалады және осы мақсатқа жету үшін қолынан келгенінің бәрін істеп бақты. Ол сол уақытта кеңестік әскердің өзінің түбіне жетушілер болатынын ойламады.
Сол жылдардағы кеңестік сарапшылардың бағалауы бойынша, КСРО басшылары қорыта келе қандай революцияны қорғауға жиналғанын білмейтін, оған қоса өздері соңына дейін шеше де алмаған қиын қадамға тап болды. Бірте-бірте Аминді қызметінен шеттететін және оның орнын оған қарағанда адал істейтін қайраткермен алмастыру ойлары пайда бола бастады. Бұл уақытта Чехословакиядан жасырын түрде келіп, 1978 жылдың тамызынан бастап КСРО-да жер аударылушы құқында өмір сүріп жатқан, “Парчам” фракциясының көсемі Бабрак Кармаль Мәскеуде жүрді. Сөйтіп, ол сарапшылардың берген бағасы бойынша, Х. Аминнің көзін құртатын күреске жетекші болу ұсынылды. Бабрак Кармаль оған келісім беріп, тез арада КСРО Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитетінің бақылауына алынды.
Бұл уақытта “мұсылмандық” батальонды дайындап болған полковник В.В. Колесник Мәскеуге шақырылып, өзінің күнделікті міндетін атқаруға кірісті. Ал батальонның жеке құрамасы 10-12 қарашада Ташкент және Шыршық әуежайынан ұшырылып Ауғанстандағы Баграм авиабазасына түсірілді. Мұсылмандық батальондағы барлық офицерлер мен солдаттарға ауғандық әскери киімдер кигізілді және жергілікті әскери қызметшілерден олардың айырмашылығы аз еді. Бір ай ішінде айрықша мақсаттағы батальон Ауғанстанға келген соң өздері түсірілген әуежайда жауынгерлік және арнайы дайындықпен айналысып, Ауғанстан астанасы Кабулға жылжуға дайындалды.
Тек 1979 жылдың 10 қазаны күні Н.М.Таракидің қазасы туралы хабар ресми түрде таратылды. Осы күнге дейін екі күн бұрын Х.Аминнің бұйрығы бойынша, Н.М.Таракидің буындырылып өлтірілгеніне қарамай, оны жүрек талмасынан қаза тапты деп жариялады.
Мемлекеттік төңкеріс жасалынып, Х.Амин өкімет басына келген соң, елде қатаң рең алған оқиғалар орын ала бастады. Ол, ең алдымен, өзіне қарсы сөз айтқан немесе сәл де болса қарсылық көрсеткен, өзінің пікірімен келіспе­гендерді құрта бастады. Сонымен қатар, партияда жоғары беделге ие, болашақта өзіне иықтас болады-ау дегендердің көзін жойды. Х.Амин өлтірілгендердің жарым-жартылай тізімін жариялады. Онда 12 мың адамның аты-жөні берілген. Алайда, кейбір мәліметтерге қарағанда Сәуір төңкерісінен кейінгі алғашқы 18 айда, 1979 жылдың күзіне қарай өлтірілгендердің саны 50 мың адам, тіпті одан да асып түскен еді.
1979 жылы 8 желтоқсанда КОКП Бас хатшысы Л.И.Брежнев кабинетінде мәжіліс болып, оған КОКП ОК Саяси Бюросының шағын тобы: Ю.Андропов, А.Громыко, М.Суслов және Д.Устинов қатысты. Олар Ауғанстан төңірегіндегі қалыптасқан жағдайларды талдай келіп, екі вариантпен жұмыс істеуді шешті; Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитетінің (МҚК) арнайы қызметкерлерінің қатысуымен жаңадан үкімет басына келген Ауғанстан басшысы Х.Аминнің көзін жойып, оның орнына Бабрак Кармальды қою; бұл мақсатты орындау үшін Ауғанстан территориясына әскердің кейбір құрамаларын жіберу мәселесі қаралды.
1979 жылдың 10 желтоқсанында КСРО Қорғаныс Министрі (ҚМ) Д.Ф.Устинов Бас штабтың бастығы Н.В.Огарковты өзіне шақырып алып, оған Саяси Бюро Ауғанстанға кеңес әскерлерін уақытша енгізу үшін алдын-ала шешім қабылдағанын айтып, шамамен 75-80 мың адамды дайындау тапсырмасын берді. Н.В.Огарков бұл тапсырмаға таңдана отырып, 75 мың адам ондағы жағдайды тұрақтандыра алмайтынын, бұл, ақылға сыймайтын іс екенін және әскерді енгізуге қарсы екенін айтты. Министр оны тез тоқтатып: “Сіз не, Саяси Бюроны оқытпақшысыз ба? Сізге тек бұйрықты орындау тапсырылады” – деді.
Осы күні КСРО ҚМ-нің Бас штаб бастығы Н.В.Огарков тез Л.И.Брежневтің кабинетіне шақырылды. Онда “шағын Саяси Бюро” деп аталатындар жиналды (Ю.Андропов, А.Громыко және Д.Устинов). Бас штабтың бастығы ауғандық мәселені күш қолдану арқылы емес, саяси жолмен шешу керек екендігін қатысып отырғандарға қайта түсіндіріп бағуға тырысты. Саяси Бюроның бұл кездегі шешімі Н.В.Огарковтың ғана емес, оның бірінші орынбасары С.Ф. Ахромеевтің де және Бас оперативті басқарма бастығы В.И.Варенниковтің де кеңес әскерлерін Ауғанстанға енгізу жөніндегі ынтасын тудырмады. Олар мұндай жолға қадам жасауға тек саяси көзқараспен ғана қарап қоймай, терең ойлана қарады. Въетнамдағы АҚШ интервенциясы мысалға алынды. Бірақ Кремль көсемдері әскери маман кадр­лардың уәждерін құлақтарына да ілмеді.
Соңғы саяси шешім желтоқсанның 12-і күні түс ауа шағын ғана кеңес басшыларының тобымен шешілді. Онда: Брежнев, Суслов, Андропов, Устинов және Громыко болды. Косыгиннің кейбір естелік жазбаларына көз тастасақ, ол болмағанын, бұл уақытта сырқаттанып жатқанын жазыпты. Осылайша жағдай КОКП ОК Саяси Бюросының толық мүшелерінсіз-ақ шешілді. Соңынан Саяси Бюроның жазба түрінде қаулысы шықты, оған Саяси Бюро мүшелері толық өз қолдарын қойды.
16 желтоқсанда 40-шы армияның қолбасшылығына генерал-лейтенант Ю.В.Тухариновты тағайындау бұйырылды. 40-шы армияның далалық басқармасын толық жауынгерлік әрекетке келтіріп, Түркістан әскери округінен атқыштар және танкішілер полкын, тағы бір дивизияны толық соғыс қимылына дайындау тапсырылды. Барлығы 100-ге жуық бірлестіктер ұрысқа бағытталды. Әскерлерді жасақтау үшін резервтен 50 мыңнан аса офицерлер, сержанттар мен солдаттар шақырылды. Ауыл шаруашылығынан 8 мыңға жуық автомобильдер мен басқа техникалар бөлінді.
24 желтоқсан күні бірінші жазбаша құжат пайда болды. Оған КСРО Қорғаныс министрі Д.Ф.Устинов пен Бас штаб бастығы Н.В.Огарковтың қолы қойылды. Құжатта қабылданып жатқан шешімнің қысқаша түсініктемесі берілді. Онда: “Орталық Шығыстағы әскери-саяси жағдайға байланысты Ауғанстан үкіметінің соңғы өтініші дұрыс деп танылды. Кеңес әскерлерінің кейбір бөлімдерін енгізу, оларды елдің оңтүстігіне орналастыру, Ауғанстан Демократиялық Республикасына, достық ниеттегі Ауғанстан халқына интернационалдық көмек көрсету мақсатында, сонымен қатар, кейбір мемлекеттер тарапынан антиауғандық акцияларды жоя отырып, оларға қайырымды жағдай жасау үшін шешім қабылданды”, – деп айтылды.
1979 жылғы 25 желтоқсанда Мәскеу уақыты бойынша сағат 15.00-де КСРО Қорғаныс министрінің берген бұйры­ғымен Ауғанстанға кеңес әскерлерін енгізу басталды. Командирлер: “Бұл қысқа мерзімдік акция, тапсырманы орындаймыз да кетеміз”, деді. Ал бірақ “акция” тоғыз жылдан астам уақытқа созылды. [6,3]




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет