3 І. Қатығыстың басталу себептері


ІІІ Тарау. Соғыс нәтижелері



бет6/7
Дата16.11.2022
өлшемі128 Kb.
#158621
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
augan sogysy algasharttary barysy 0

ІІІ Тарау. Соғыс нәтижелері
3.1. Кеңес әскерінің Ауғаныстан аумағынан шығарылуы
Жаңа билік ауған жерінің барлығына үстемдігін жүргізе алған жоқ. Соғыстың ұзаққа созылуына бір жағынан осы себеп болды. Бұл соғыстың абырой әпермейтінін Кеңес үкіметінің басшылары арада 3-4 жыл өткеннен кейін түсіне бастады. Бірақ бұл кезде «болары болып, бояуы сіңген» еді. 1983 жылдың 19 мамырында Пәкстандағы елші В.Смирнов КСРО-ның Ауғанстандағы әскер­лер контингентін алып шығуға мүдделі екендігін ресми түрде жариялады.
Саяси Бюро осылайша балшыққа кіріп алып, енді былғанбай шығудың жолдарын іздестіре бастады. 1986 жылдың ақпанында болған КОКП XXVІІ съезінде М.Горбачев әскерді кезеңге бөліп, ауған жерінен шығару жоспарын жасау керектігін мәлімдеді. Ал 13 қарашадағы Саяси бюроның отырысында Михаил Горбачев: «Біздің Ауғанстанда соғысып жатқанымызға алты жыл болды. Егер бұл іске басқаша келмесек, әлі 20-30 жыл соғысатын боламыз» деп мәселені көлденеңінен қойды. Оның сөзін Бас штабтың бастығы, маршал Ахромеев те қолдады: «Біз Кабулды, провинциалдық орталықтарды бақылауға алдық, бірақ басып алған жерлерімізге билік орната алмадық. Біз ауған халқы үшін күресте жеңіліс таптық» деп ағынан жарылды. Сөйтіп, осы отырыста Ауғанстандағы барлық әскерді екі жылдың ішінде алып шығу туралы келісілді.[4,47]
1989 жылдың 23-26 ақпандағы «Тайфун» операциясы кеңес әскерлерінің ауған жеріндегі он жылға созылған соғыстағы ең ақырғы шайқасы болды. Ақпанның 4-і күні Кеңес Армиясының соңғы бөлімі Кабулдан шықты, ал 15 ақпанда 40-шы Армияның қолбасшысы генерал-лейтенант Б.Громов Термез қаласында «Кеңес әскерлері Ауғанстан жерінен толықтай шықты» деп басшы­лыққа баяндады. Қаншама қазақ отбасына қасірет әкелген айдаладағы Ауғанстан соғысы біз үшін осылай аяқталған болатын.[2,38]
3.2. Соғыс зардаптары
Ауған соғысы аяқталған жылы «Правда» газетіне соғыстағы адам шы­ғынының жалпы саны жарияланды. Онда қаза тапқандар - 13 833 адам деп көрсетілген. Бірақ бұл көрсеткіш жыл өте көбейе түсті. 1999 жылдың 1 қаңта­рындағы дерек бойынша, майданда өлгендер, жарадан, аурудан, оқыс жағ­дайлардан қайтыс болғандар, хабар-ошарсыз кеткендер бар, барлық қаза тапқандардың саны - Кеңес Одағы Армиясынан - 14 427 адам, Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінен (КГБ) - 576 офицер, Ішкі істер министрлігінен - 28 адам. Барлығы - 15 051 адам. Жараланған, контузия алғандар - 54 мыңға жуық, ауырғандар - 416 мың адам. Кеңес Одағының ауған соғысынан көрген зияны осындай қасіретті болды.
Әр жылда қаза тапқандар
1979 жыл 86 адам 1980 жыл 1484 адам 1981 жыл 1298 адам
1982 жыл 1948 адам 1983 жыл 1446 адам 1984 жыл 2343 адам
1985 жыл 1868 адам 1986 жыл 1333 адам 1987 жыл 1215 адам
1988 жыл 759 адам 1989 жыл 53 адам [3,432]




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет