3 І. Балаларды қоршаған ортамен таныстыру әдістемесінің теориялық негіздері



бет15/22
Дата31.05.2020
өлшемі59,65 Kb.
#71854
түріСабақ
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   22
Байланысты:
stud.kz-56417

Лабораториялық эксперимент.

ХІХ ғасырдың ортасынан бастап, жеке психикалық процестерді зерттеу үшін эксперимент (тәжірибе) кең түрде қолданыла бастады. Неміс ғалымы В.Вундт (1832-1920) психологияны эксперименттік жолмен зерттеудің негізін салды, тұңғыш рет лаборатория ашты (1879). Психологтар алғаш рет көру, есту, иіс түйсіктерін зерттеу үшін экспериментті пайдланды. Кейін келе олар секундтың 1/1000 үлестеріне дейін дәл өлшейтін құралдар ойлап шығарып, кейбір психикалықпроцестердің пайда болу тездігін өлшеудің жолын тапты. Сексенінші жылдары ес құбылыстарын зерттеу лабораторияда тұңғыш жүргізіле бастайды. Арнаулы әдістер қолдану арқылы жаттап алудың тездігі мен дәлдігі, ұмытудың жылдамдығы т.б. өлшенді. Орыс психологы Н.Ланге (1858-1921) эксперимент әдісімен зейін мен қабылдауға зерттеу жүргізді. Тоқсаныншы жылдарда француз психологы А.Бине (1857-1911) алғаш рет ойлау процесіне тәжірибе жасады. Осы зерттеудің нәтижелері психологтардың І дүние жүзілік конгресінде (Париж, 1889) талқыланды. ХХ ғасырдың басында психология ғылымының қарамағында бірнеше ондаған лабораториялар болды. осындай жақсы жабдықталған психологиялық лабораториялардың бірін ХХ ғасырдың басында орыс психологы Г.И.Челпанов (1862-1936) ұйымдастырды. Қазірде СССР Педагогикалық Ғылымдар академиясына қарасты Психология ғылыми-зерттеу институты (Москва) жоғарыда аталған лабораторияның негізінде құралған. Осы күндері институт лабораториялары ең жоғары техникамен жабдықталған үлкен ғылыми-зерттеу мекемесі болып отыр. Киев, Тбилиси қалаларындағы психология институттарында да осындай лабораториялар бар. [6.26 б.]

Топсаяхат кезіндегі бақылау. Бақылау педагогикалық мәселелерді зерттеуде жиі қолданып жүрген әдістердің бірі. Бақылауға дайындық және оны ұйымдастыру.



Сонымен, аталған талаптарға сай бақылауды өткізу тәрбиешінің арнайы дайындығы болған жағдайда жүзеге асады.Дайындық келесі жұмыстардан тұрады:

    • Бақылау мазмұны және ұйымдастыру.

    • Бақылауды өткізу орны және уақыты.

    • Бақылаудың әр бөлімінде пайдаланатын әдіс-тәсілдері болады.

    • Бақылау барысында шешілетін міндеттердің де маңызы зор.

    • Балаларды топырақпен және оның қасиеттерімен таныстыру.

    • Ылғалды және құрғақ топырақты ажырата білуге үйрету.

    • Тастардың әр түрлі болатынына назар аудару және оны топырақпен салыстыру.

    • Балаларды екі табиғи компонент: саз бен топырақты ажыратуға үйрету.

    • Топырақтың қасиеттерін атап айтуға үйрету.

Әр бақылаудың өз мазмұны, мақсаты бар, басқаларын қайталамайды, бірақ бір-бірімен байланысты болып келеді. Айналадағы әлемді ойын,еңбек,серуен,тәрбиешімен,ересектермен,құрдастарымен қарым - қатынас кезінде танып біледі. Сондай-ақ 3-4 жастағы балалар заттарды түсіне,түріне,көлеміне қарап ажырата бастап,олардың құрылысын,пайдалану тәсілдерін білгісі келеді.Күнделікті өмір барысында бала шындық дүниенің құбылыстары мен заттарын анықтай білуге,адам баласының жинақтаған бай тәжірибесін үйренуге талаптанады және тілі дами түседі.Балалардың бір нәрсені құмартып білуге талаптануын таным ынтасы дейді.Балалар өте байқағыш,еліктегіш,әр нәрсеге үңіле қарайды,көп нәрселер оларды ойлантады.Ойларын айтып жеткізгісі келеді. Сондықтан ересек адамдар бала сұрағын жауапсыз қалдырмауға тырысқан жөн. Себебі сұрағына жауап ала алмаған бала келешекте сұрақ қоюдан жасқаншақтайды және бұл баланың дүниені тануына кері әсер етуі мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет