Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстырудың әдістері.
бақылау әдісі (жекеше және топпен бірге бақылау)
бейнелі көрнекіліктерді пайдалану әдісі
модельдеу әдісі (модельді пайдаланумен байланыстыру)
Табиғат жайындағы білім негізінде баланың іс - әрекетінің, біліктілігінің даму принципі.
Іріктеу принципі – табиғат жайында берілетін білім мазмұнын іріктеу принципі. Балалараға берлетін білімнің нақтылығы, жыл мезгілдері, өсімдіктер мен жануарлар туралы білімнің нақты ғылыми деректерге негізделуі.
Түсініктілік принципі – табиғат объектілері мен құбылыстарының балалардың сезінуіне, қабылдауына қолайлылығы.
Дамытушылық принципі – білімінің тәрбиелік, дамытушылық принципі. Табиғатпен таныстыруда бағдарламалық талаптарды ескере отырып, балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес материалдарды іріктеу.
Өлкетану принципі – жергілікті жер жағдайына байланысты бағдарламалық материалға өзгеріс енгізу, нақтылау. [2]
Қорытынды
Қорыта айтқанда мектепке дейінгі жастағы балаларды қоршаған ортаның, табиғаттың сұлулығына, байлығына тамсану, қызығу, оған мейірімділікпен қарауға, сақтауға, қорғауға тәрбиелеуге байланысты жұмыстар осылайша жыл бойы үзіліссіз жүргізіле береді. Туған елін, табиғатын қадірлейтін, аялайтын жас ұрпақтың қалыптасуында қоршаған ортамен таныстыру жұмысы мен экологиялық тәрбие рөлі зор демекпіз. Табиғат – адамның өмір сүретін ортасы. Сондықтан да адам сол табиғатты таза сақтап, қоршаған ортаны ластамауға, кең байлықтарын барынша мұқият пайдаланып, табиғатқа зиян келтірмеуге тырысуда. Балалар үшін табиғат - әртүрлі табиғат құбылыстарды танудың бірден бір жолы. Табиғаттың сұлулығы, кереметтігі барлық адам баласына өте қажетті дүние. Бұл – дүниежүзілік мәселе. Қазақстанның өзін алып қарасақ, экологиялық жағынан көп зардап шеккен жерлер өте көп. Осылардың бірі, Арал теңізі, Балқаш өзені, Семей палигонының салдары сияқты т.б. шешімі табылмаған мәселелер көп. Табиғаттық қорғаудың керек екенін біз балаларға мектеп жасынан бастап түсіндіруіміз қажет. Табиғатты қорғауға, аялауға, балаларда үйрету керек.
Жер – біздің ортақ үйміз, ғаламшарымыз. Сондықтан табиғатты тепе – теңдікте сақтауымыз қажет.
Табиғатқа қамқорлық, ұқыптылық, табиғатқа деген мейірімділік топсаяхат кезінде іс жүзінде орындалады. Табиғатқа қамқорлықтың пайдасын дәлелді түрде түсінген бала әр табиғи объектіні қоғаудың маңызын біліп, ол білімдерін іс жүзінде қолдануға тырысады.
Іздену жұмысын жүргізуде (СӨЖ) өз жұмысымды бақылай отырып «мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстыру.Топсаяхат» тақырыбына қызығушылығымды ғылыми жоба ретінде көрсетуді жөн көрдім.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Ж.Б.Қоянбаев «Педагогика», Алматы 2000 ж
С.Бабаев, Ж.Оңалбек «Жазғы педагогика». Алматы 2005 ж
Қ.Аймағамбетова «Дүниетануды оқыту теориясы мен технологиясы». Алматы 2006 ж.
Ж.А.Қасымбеков, М.Б.Жаздықбаева «Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тəрбиесінің теориясы мен əдістемесі». Түркістан 2012 ж.
С.А.Веретиникова «Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстыру» Алматы «Мектеп»
www.google.кz
Достарыңызбен бөлісу: |