3 І. Балаларды қоршаған ортамен таныстыру әдістемесінің теориялық негіздері



бет20/22
Дата31.05.2020
өлшемі59,65 Kb.
#71854
түріСабақ
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Байланысты:
stud.kz-56417

Сәбилер үшін – 1-2 зат

Естиярлар үшін – 2-3 зат

Ересектер үшін – 3-4 зат

Кішкене баланың зейінін аудару үшін затты жақындату және қуанышты сәттермен біріктіру арқылы аударуға болады – 2-4 жастағы Естиярлар және Ересек топтарда баланың зейінін аударудағы негізгі әдіс – тәрбиешінің бақылап жүрген объект жөніндегі сұрақтары. Баланың сұрақтарын тәрбиеші түсініктемелермен жалғастырып отырады.



Топсаяхат кезіндегі бақылаулар. Топсаяхаттарда ауа-райын, аспанды (бұлттардың қозғалысын, кемпірқосақты, күннің батуын, т.б.), өсімдіктер мен жануарлар тіршілігіндегі маусымдық өзгерістерді (жапырақтар мен гүлдердің ерекшеліктерін, құстардың келуі мен қайтуын) бақылауға болады. Әдетте серуендегі бақылау ұзақ болмайды. Бірақ, бір ерекшелігі күнделікті өзгерістерін бірнеше рет бақылауға болады.

Жоспарды басшылыққа ала отырып, адамның белгілі бір кезеңдегі еңбегі, өлі табиғат, өсімдіктер мен жануарлар тіршілігі жөнінде балалардың алуға тиісті білім көлемін анықтаған жөн. Серуендерде бақылауды ұйымдастыра отырып, тәрбиеші бұл білімдерді қалыптастырады.

Күн сайынғы серуендерде өсімдіктер мен жануарлар тіршілігінде болатын маусымдық өзгерістердің сипатына көңіл аударту керек және сұрақтардың көмегімен балаларға тірі табиғат пен өлі табиғаттағы өзгерістер арасындағы байланысты анықтауға көмектесу.

Бақылауда көркем сөзбен ұштастыру – ерекше, анық, тұрақты образдардың пайда болуына ықпал етеді, сонымен, баланың сөздік қорымен байытады.

Балалардың өз бетімен бақылауларына басшылық жасау. Бұл әдісті ересек және мектепке даярлық топтарда пайдалануға болады. Бұл топтарды балалар заттар мен табиғаттағы құбылыстардың өзгеретіндігін өздері көріп қорытындылай алады. Бұл – тәрбиешімен бірге бақылаудан балалардың өз беттерімен тәрбиешінің күні бұрын берілген тапсырмалары бойынша, оның басшылығы арқылы орындалған бақылауларға көшуге мүмкіндік береді.

Жер учаскесіне топсаяхаттағы бақылау. Жер учаскесінде жұмыс жасаған кезде, жерді суарған, қопсытқан кезде балалар топырақтың әр түрлі қасиеттерімен (құрғақ, ылғал) танысады, өсімдіктің суарғанға, қопсытқанға дейінгі және одан кейінгі сыртқы түріндегі өзгерістерді қадағалайды, көктей бастайды. Жапырақтардың, гүлдердің ұрықтарын жетілулерін бақылайды.

Тәрбиеші өз жұмысын бастамас бұрын арнайы міндеттер жас ерекшелгіне қарай құрады, екінші кіші топта (үштен-төрт жасқа дейін) тәрбиешінің алдында мына міндттер болуы қажет:


  1. Айналадағы әлем туралы бастапқы түсінік беру, алғашқы ойлау мәдениетін қалыптастыру, қоршаған өмір құбылыстарының қарапайым өзара байланыстары мен заңдылықтарын сезіне білу, алған білімін өз бетінше қол жетімді практикалық қызметте қолдана біле отрып, үлкендердің еңбегімен таныстыруды жалғастыру.

  2. Балалардың танымдық белсенділігін заттардың қызметі арқылы қалыптастыра отырып, балалардың қарапайым еңбек операцияларын өз бетінше меңгеруіне көмектесу

  3. Үлкендер еңбегінің нәтижелеріне құрметпен қарау, балалардың игілігі үшін еңбек ететін адамға деген алғыс сезімін тәрбиелеу.

Міндеттерді іске асыру үшін тәрбиеші топсаяхаттарда мына мазмұндарға назар аударуға тиісті.



  1. Топтық бөлмедегі заттарды дұрыс пайдалану. Ойыншықтарды, кітаптарды, ыдыстарды сақтау ережесі. Затардың негізгі бөлшектері. Ұқсас заттарды пішініне, қолданысына және атына қарап айыру. Заттарды түсі, пішіні, материалы, қолданысы бойынша топтау. Заттың қолданысы мен оның құрылысы және ол жасалған материалдың арасындағы байланыс.

  2. Үлкендердің негізгі кәсіптері (күтуші, аула сыпырушы, аспаз, шофер, дәрігер, медбике).

  3. Негізгі еңбек процестері. Еңбек қимылдары және олардың үлкендер жұмысындағы дәйектілігі.

Ортаңғы топта (төрттен бес жасқа дейін) тәрбиешінің алдында мына міндеттер болуы қажет:



  1. Балалардың айналадағы әлем туралы білімін бекіту.

  2. Үлкендердің еңбегі туралы, оның қоғамдық мәні, еңбек процесі туралы түсінік қалыптастыру.

  3. Адамдардың әлеуметтік қарым-қатынас әлемі туралы алғашқы түсініктер беру.

  4. Балалардың қозғалыс және байланыс, кейбір қоғамдық құбылыстар мен оқиғалар туралы білімін кеңейту.

  5. Заттарды салыстыруға, оларды топтауға және жіктеуге үйрету.

Міндеттерді іске асыру үшін тәрбиеші топсаяхаттарда мына мазмұндарға назар аударуға тиісті.




  1. Айналадағы заттардың сапасы (түсі, көлемі, пішіні). Кеңестегі жағдай. Материалдардың (ағаш, метал, қағаз, мата) қасиеттері. Заттардың қолданысына қарай пайдалану. Жалпы түсініктер, заттарды қызметтік бегілері бойынша топтау. Жіктеу.

  2. Үйдің ішінде және балабақша учаскесінде, таяу ортада (дүкен, емхана, балабақша, мектеп) бағдар ұстау.

  3. Қоғамдық көлік (автомашиналар, пойыз, ұшақ, пароход). Жүк көлігінің әр түрі. Әр түрлі жүк тасу үшін машина қорабын ынғайлау. Әуе, су және үсті көлігі.

  4. Жол қозғалысының негізгі ережелері, бағдаршам сигналдары, жүргіншілердің көшедегі мінез-құлқы.

  5. Адамдар арасындағы байланыстарының негізгі нысандары (телефон, пошта).

Ересектер тобында (бестен алты жасқа дейін) тәрбиешінің алдында мына міндеттер болуы қажет:




  1. Балалардың заттық-орта заттары мен материалдарының сапасы мен қасиеттері туралы білімін жүйеге түсіру;

  2. Балаларды еңбек процестерін қорытуға, үлкендердің еңбегіне құрметпен қарауға үйрету.

  3. Заттардың, құбылыстар мен оқиғалардың арасындағы байланыстар мен тәуелділікті орнықтыра білуді қалыптастыру.

Міндеттерді іске асыру үшін тәрбиеші топсаяхаттарда мына мазмұндарға назар аударуға тиісті.




  1. Айналадағы заттардың өзіне тән белгілері мен ерекшеліктері. Қорытынды сөз. Материалдар (әйнек, тері, резина) және олардың қасиеттері (мөлдір, қатты, жұмсақ, суық, тегіс).

  2. Тұрмыс техникасы, қолданысы, пайдалану ережесі. Үй-жайды безендіру. Тұрмыс заттары, киім-кешек, ұлттық ерекшеліктеріне қарай айыру.

  3. Арнайы көліктің әр түрлілігі. Көлік және қозғалыс ортасы. Қоғамдық көлікті пайдалану ережесі. Көше қозғалысынаң ережелері. Кейбір жол белгілері.

  4. Үлкендердің өнеркәсіптегі еңбегі. Құрылыс кәсіптері. Мәдени-тұрмыстық қызмет үйымдары қызметкерлерінің еңбегі. Ауыл шаруашылығындағы жұмыс. Астық өсірудің кезеңдері. Ауыл шаруашылығы машиналарының рөлі. Ауыл мен қаланың өзара байланысы. Үлкендердің еңбегіне құрметпен қарау.

  5. Туған өлкенің табиғаты. Туған қала, ауыл. Қазақстан өңірлерінің кейбір ерекшеліктері.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет