3 І. Балаларды қоршаған ортамен таныстыру әдістемесінің теориялық негіздері



бет13/22
Дата31.05.2020
өлшемі59,65 Kb.
#71854
түріСабақ
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22
Байланысты:
stud.kz-56417

Эксперимент әдісінің шығу тарихы

XIX ғасырдың ортасынан бастап, жеке психикалық процестерді зерттеу үшін тәжірибе кең түрде қолданыла бастады. Неміс ғалымы В.Вундт (1832-1920) психологияны тәжірибелік жолмен зерттеудің негізін салды, тұңғыш рет лаборатория ашты (1879).

Психологтар алғаш рет көру, есту, иіс түсініктерін зерттеу үшін тәжірибені пайдаланды. Кейін келе олар секундтың 1\1000 үлестеріне дейін дәл өлшейтін құралдар ойлап шығарып, кейбір психикалық процестердің пайда болу тездігін өлшеудің жолын тапты. Сексенінші жылдары ес құбылыстарын зерттеу лабораторияда тұңғыш жүргізіле бастайды. Арнаулы әдістер қолдану арқылы жаттап алудың тездігі мен дәлдігі, ұмытудың жылдамдығы т.б. өлшенді. Орыс психологы Н.Ланге (1858-1911) эксперимент әдісімен зейін мен қабылдауға зерттеу жүргізді. Тоқсаныншы жылдарда француз психологы А.Бине (1857-1911) алғаш рет ойлау процесіне тәжірибе жасады. Осы зерттеулердің нәтижелері психологтардың І-ші дүниежүзілік конгресінде ІІ ( Париж, 1889) талқыланды. ХХ ғасырдың басында психология ғылымының қармағында ондаған лабораториялар болды. Осындай жақсы жабдықталған психологиялық лабораториялардың бірін ХХ ғасырдың басында орыс психологы Г.И.Челпанов (1862-1936) ұйымдастырды. Бұрынғы КСРО Педагогикалық ғылымдар академиясына қарасты Психология ғылыми-зерттеу иеституты мен Ресей Ғылымы академиясына қарасты психология институтының (Мәскеу) лабораториялары жоғары техникамен жабдықталған үлкен қалаларындағы психология институттарындағы да осындай лабораториялар бар.

Ғылыми психология психикалық құбылыстардың физиологиялық негіздерін ашуды басты мәселенің бірі деп қарайды . Бұл міндетті академик И.П.Павлов ашқан әйгілі шартты рефлекстер әдісі бойынша шешуге болады. Көптеген физиологиялық және психологиялық лабораторияларда И.П.Павловтың шәкірттері бұл әдістің әр түрлі нұсқаларымен ойдағыдай жұмыс жүргізуде. Мысалы, осы әдіс арқылы профессор Н.И.Красногорский балалардың жоғары дәрежелі Жүйке қызыметінің даму жолдарының, тпроф. А.Г.Иванов-Смоленский адамдардың бірінші және екінші сигнал жүйелерінің қызыметіне зерттеген.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет